+1 дауыс
496 көрілді
Жігіттерге сұрақ! Жігіттер қауымы, егер сіздердің алдарыңызда 2 вариант тұрса қайсысын таңдайсыздар: 1 Сүйген Жар. 2 Ана. Екеуінде қимайсыздар бірақ көп жағдайда анасын таңдайды білуімше....ал сүйген жарыңызды өзіңізденде артық жақсы көресіз...

Қазақта мынадай сөз бар ғой: "әйел затын жолдан ақ тауып алуға болады, бірақ ананы таба алмайсың"-деген. Бірақ адал жар қазіргі заманда табу қиын болып кетті ғой...Сонымен ойларыңыз..
Өтініш сайтта сұрақты жасыра салуға болмайды. Сұрақты жапқан соң, ешқандай жауап алынбайды. Сұрақты жай ғана жауып қоя салған дұрыс, бірақ жасырмағаның абзал. Себебі сайтқа кері әсерін тигізеді және де сұрағыңа жауап берген адамдардың да еңбегін бағала.
түсіндім...білмеген болатынмын жасыру кері әсерін тигізетінін...біліп жүрем.
Сонда не үшін жасыру командасын сайтқа шығардыңыдар?
Жасыру мүмкіншілігін мен 20 минут уақытқа дейін қосып қойғанмын. Егер орынсыз сұрақ қойып қалса қайта жасыруына болады.
Ал қолданушылар жауап беріп, сосын жауап алдым деп жасыра салуға болмайды. Біріншіден ерінбей жауап берген қолданушылардың еңбегін бағалау керек. Ол сұрақ болашақта басқа да қолданушыларға пайдасы болуы мүмкін. Жауап алынбасын десең, жай ғана сұрақты жауып қоюға болады, бірақ жасырған дұрыс емес.
Екіншіден әр 10 минут сайын Гуглдың боты сұрақтарды өзінің базасына алып кетеді, кейін сұраныс бойынша шығарып, ол сұрақ болмаса сайтқа кері әсері болады.

6 жауап

+2 дауыс

Меніңше риторикалық сұрақ секілді. Әрине қандай пенде болса да Ана деп жауап береді деп ойлаймын. Сұраққа тұздық болу үшін мына әнмен бөліссем деп едім. Сенің сұрағыңа әнмен жауап береді. smiley

+1 дауыс
Сұрағың орынсыз сұрақ екен. Дені дұрыс адам Анасын таңдайды емес пе.
+4 дауыс
Өмірде әр түрлі жағдайлар болады ғой, Мысалы мен мынандай жағдай көрдім, бір жігіт анасы, аяғы ауыр келіншегімен Жайықтың үстімен машинамен өтіп бара жатырғанда мұз ойылып кетіп, суға кетеді. Су астында жанталасып анасына барғанда анасы ымдап артжақта отырған келінін көрсетеді (бірінші соны құтқар дегендай қылып). Сонымен анасын құтқаруға үлгере алмапты. Жаназасында жылап отырған жігітке молда басу айтты "ол сенің қалауың емес, анаңның, аллахтың қалауы" деп
менің сұрағымды ашудың қажеті жоқ жауып тастасаңыз
+2 дауыс
Алла ондай жағдайды басқа бермесін,Әрине Анамды таңдар едім, Қыз бұл өмірде табыладығо ал Ана табылмайды ,Ананың қарғысын алып жүрме,алсаң оңбайсың ответчаю.
+1 дауыс
Әрине АНАМДЫ таңдаймын. .
+1 дауыс
Ана, оны ақылы бар қыз да айтады. Себебі ертең өзі де ана болғанда баласының қызды таңдағанын қаламайды ғой.
...