+1 дауыс
Ана - әлемдегі ең мейірімді жан. Ананың баласына деген сезімі - әлемдегі ең ұлы сезім. Ана туралы әндетпеген әнші, өлең жазбаған ақын, сурет салмаған суретші, ананы бір сәт болсын ойламаған тірі жан жоқ шығар. Осы кезеңге дейін ана туралы көптеген керемет әндерді естігенмін, әлі де ести бермекпін. Сіздерден сұрарым ана туралы кез-келген жанрдағы (эстрада, рэп, лирика, рок, поп, дәстүрлі т.б.), кез-келген тақырыптағы(ана, анашым, мама, менің анашым, сағындым ана, кешір ана, анаға сәлем, анаға арнау т.б.) өзіңізге ұнаған үш қазақша әннің атын орындаушысымен қоса жазсаңыз, сілтемесін де қосып қойсаңыз артықтық етпес... Ең ұлы әндер тізімін жасайық...
03.08.2014 5.1k қаралым

7 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Ана туралы керемет әндер жетерлiк: Өзiме ерекше ұнаған, әсерлi үш ән: Аманғали Сыпабеков- Мама Сiлтеме: http://music.nur.kz/1408280-amangali-sipabekov-mama Қайрат Нұртас- Мама Сiлтеме: http://music.nur.kz/1128817-kajrat-nyrtas-mama Диди- Мама Сiлтеме: http://newmusic.kz/load/2-1-0-418
03.08.2014
Үш ән де маған өте қатты ұнайды, рахмет.
0 дауыс
Аманғали Сыпабековтің анасына арнаған әні
03.08.2014
Сол ғана ма? Рахмет сонда да!
+1 дауыс
Ана туралы әндер көпқой. Бырақ өзіме ерекше ұнайтыны "ЕРКІН НҰРЖАНОВ - АНА ТУРАЛЫ ЖЫР" атты әні. ||сөзі || Әлемнің жарығын сыйладың сен маған Даланың әр гүлін жинадың сен маған Сен бердің құстардың қанатын самғаған Балалық қоштарың өзіңе арнаған Қайырмасы: Әлдилеп, аялап өсірген жемісің Самал жел саябақ құшағың мен үшін Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын Өтеуге борышын анашым жан сырым Іздедім сен үшін әлемнің асылын Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді Қайырмасы: Ете көр қанағат, әзірге берерім Балалық махаббат, балалық жүрегім Бол риза анашым, қолдағы осы бар Өзіңе арнаған әнімді қосып ал || басып алсаң болады>> http://muzmo.ru/info.php?252838056&alias
03.08.2014
Барлықтарыңызға ұнайды деген ойдамын !!!
Жақсы ән. Бірақ неге біреу ғана ән жаздың? Үшеу жазсаң керемет болар еді, қалаған жанрдағы.
Х.А.U.S. - Мама | осы әнде керемет. Бірақ сілтемесін таппадым
0 дауыс
Бұл әнді 3-4 жыл бұрын естігенмін.Есіме түсіп кеткенде сөзін ұмытып қалсамда айтып жүремін.Әуені құлағымда жатталып қалыпты.Интернеттен жақында ғана тауып алдым.Есет Садуақасовтың Анашым-Әкешім әні.
03.08.2014
0 дауыс
"Анаға сәлем", "Тақиялы періште" фильміндегі "Мама" әні,"Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды".
03.08.2014
0 дауыс
Кайрат нуртастын мама,сосын бекерай омир анансыз деген ан
04.08.2014
0 дауыс
Сәкен Майғазиевтін Асыл Ана дейтін әнін айта алмай бірінші куплетінде жылап қалдым , өте қатты ұнайды сол ән ,
05.08.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы