0 дауыс

Ана туралы жүрек тебірентер өлең шумақтары қажет. 8-наурызға байланысты. Мән-мағыналы өлең болса. Әдеби өлең болса да болады. Ең бастысы таппақ емес.

06.03.2014 70.9k қаралым

3 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Тұманбай Молдағалиев Ана

Құлайын деп бара жатам құлдырап,

Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,

Сол кезде бір ән естимін жақыннан,

Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,

Тіршіліктің әуенімен тыныстап,

Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,

Кел дегендей болады бір күміс бақ..

Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,

Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,

Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,

Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.

Ойнап шығам содан кейін құрақтай,

Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,

Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,

Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.

06.03.2014
ОТЕ ЖАКСЫ
0 дауыс
Ана Сен бақыттысың, Жыламағың!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой Тірімін ғой,

Қасындамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,

Байырғы берекеңді қашырмағың.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)

Аспанға жазам сенің есіміңді!!!

Ана, Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…
06.03.2014
0 дауыс
Ана     Қадыр Мырза Əли

Бəрі де

Ана

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды

Қуандым ба өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба өзің жоқ деп жас тамды

Бəрі де

Ана

Бір өзіңнен басталды

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем тек өзіңе еркелепЖасқандымба тек өзіңнен жасқандым
24.04.2017

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы