+1 дауыс
12.8k көрілді
Жұлдызжорамал 2015 жыл. Арыстан үшін жұлдыз жорамал керек?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
....Арыстан....10.01.2015
Арыстандар ушін бугін отбасынызбен жаксы өтпек.. жане де бугін суйіктінізбен армандауға, бірге болуға сатті кун.. Ерте тұрып кунді жаксы өткізуге болады.. Бугінгі кун бакытка толы.. бірак куануга алі ерте
0 дауыс
Жұлдызжорамал 2015

Арыстан

   Арайлап атқан әрбір таңға қуану, өзгелерді таңдандыру және өз-өзіңізге ғашық болу – осы жылды көңілді өткізуіңізге көп көмегін тигізеді. Отбасыңызға деген ерекше көзқарасыңыз ошағыңыздағы түсіністікті үйлестіруге деген құлшынысыңызды  арттырады. Шығармашылық қадамдарыңыз сізге үйіңізге талғаммен орналасуға мүмкіндік береді. Сауықтыру орындарына және теңізге баруға уақыт табуға тырысыңыз. Жақындарыңыз сіз оқумен, қағазбастылықпен іс сапарлармен басыңыз қатып жүрген қиын кезеңде қолдауға тырысады. Белсенділік пен оптимизм күмәндардан арылуға көмектесетін ең үздік дәрі болмақ. Өзіңіздің ішкі әлеміңізбен үздіксіз құштарлықпен жұмыс жасай отырып, сіз өзіңізді жарқын, жаңа қалыпта көрсете аласыз. Бұл жыл жылжымайтын мүлік, жөндеу жұмыстарымен байла-нысты мәселелерді шешуге таптырмас жыл болып табылады. Қаңтардан мамырға дейінгі аралықта немесе тамыз айында тұрғын үй мәселелері жақсарады. Көптен күткен қоныс аудару болады. Келін түсіріп, шаңырағыңыз кеңейе түседі. Екінші жартыжылдықта міндетті түрде ата-анаңыздың мәселелерімен шұғылданыңыз. Балаларыңыз өзінің шығармашылығымен, өзіндік іс-әрекеттерімен қуантады. Жұбайыңыз мансап жолында жоғарылауы мүмкін. Белсенді қарым-қатынас, достық шеңберіңіздің кеңеюі – сіздің жеке тұлға ретінде өсуіңіз үшін өте қажет. Ортақ қызығушылықтардың арқасында алыс туысқандарыңызбен қарым-қатынастарыңыз жалғасын табады. Қаңтар мен шілде айларында сіздің айналаңызда көптеген өзгерістер орын алады. Білім, ғылым, спорт, транспорт, ой еңбегі, БАҚ, қаржылық, халықаралық қатынастар секілді сала мамандарына бірінші жарты жылдықта бірқатар қиындықты басып өтуге тура келеді.
0 дауыс

Қой жылы арыстан белгісімен туған жандар үшін табысты әрі сәтті болғалы тұр. Жыл бойы қызу еңбек етіп, кейін керемет жерге демалысқа аттануыңыз мүмкін. Алайда сізге бұл жылы төрт қабырғадан шықпай, күні-түні жұмыс жасаудың қажеті жоқ. Іссапарлар мен кездесулерге жиі жол түседі.

Денсаулық

Жұлдыздардың жорамалы бойынша, осы жылы жүйке жүйеңіз сыр беріп, денсаулығыңызға әсер етуі мүмкін. Барлық сырқаттың бастамасы – депрессия екені ұмытпаңыз. Сондықтан өміріңіздегі барлық жайтта сабырлық танытқаныңыз дұрыс. Қыс-көктем айларында жылы киініп, денсаулығыңызға мұқият қарағаныңыз жөн. Сәуір, мамыр, қыркүйек айлары шипажайға барып, емделуге қолайлы уақыт. 

Қаржы мен мансап

Соңғы үш айда яғни, күзде сізді толағай табыстар күтіп тұр. Әр жыл сайын күзде байқалатын салғырттықтан құтыласыз. Жаңа идея сізге жаңа мүмкіндіктер туғызады. Күш-жігеріңізді жаңа жобаға немесе нәтижелі іске жұмсауға дайын болыңыз. Бұл жылы сіз «қаржы қат» адамдардың тізіміне енбейсіз! Бірақ туған-туыстарыңыз бен достарыңыздан аянып қалмауға тырысыңыз!

Махаббат

Жеке өміріңізге қатыстының барлығы 2015 жылы реттеледі. Әрине, әркімнің басында әртүрлі жағдай бар. Егер жаныңыздағы адамға мүлде көңіліңіз толмай, төзім таусылса, жалғастырудың қажеті жоқ. Мүмкін нағыз махаббатты әлі кездестірмеген боларсыз. Ал шын сүйетін адамды тапсаңыз, қарым-қатынасыңыз адал әрі шынайы сезімге ұласады. Жұбыңызға қамқор бола біліңіз. Сіздің ақыл-кеңесіңіз сүйіктіңізге аса қажет болуы мүмкін. Жаңа жылда жаңа таныстар өте көп болады. Бірақ сақ болыңыз! Арыстанды қой жылы алдау оңайға соғуы мүмкін.

Кеңес

Биыл іс-қағаздар мен құжаттарға ұқыпты болыңыз. Және қаражатты да ақылмен жұмсағаныңыз жөн. 

Сонымен, қой жылында: сіз жақсы адамдармен жолығасыз; биік мансапқа жету үшін жасалған қадамдар сәтті болады; жетістік пен табыс мол болады; жұбыңызбен қарым-қатынаста еш қиындық тумайды.

Мәлімет  МАССАГЕТ сайтынан алынды.

...