0 дауыс
10.6k көрілді
Жұлдызжорамал 2015 жыл. Торпақ үшін жұлдыз жорамал керек?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
.... Торпақ.... 10.01.2015
Торпак бугін сіз жана адамдармен танысуыныз мумкін.. Көзініздегі көзілдірікті алып, өмірге баска көзкараспен карап көрініз.. Бугін акылыныздын айтканымен журе берініз.. өкінбейсіз.. кездесулер, бас косып жиналулар болса, капы калманыз, катысыныз..
0 дауыс
Жұлдызжорамал 2015

Торпақ

   Бір топ адамның арасынан көп сөйлемейтін адам көрсеңіз, ол – Торпақ. Онымен жақын араласпайынша, сөзге шорқақ адам деп ойлауыңыз мүмкін. Өте салмақты, көп нәрсеге былқ ете қоймайды. Сирек ашуланады, өзіне ешкімнің жөнсіз жанасқанын қаламайды. Қазбалай берсеңіз, тым қатты ашулануы мүмкін. Ашуланғанда, жолына кезіккенді қиратуы мүмкін. Бір жақсысы, бұл – өте сирек болатын жайт. Өте тартымды болады. Сүйгенін қызғанып, артынан аңду дегенді білмейді. Торпақ қонаққа барғаннан гөрі, дастарханға барын қойып, қонақ күткенді қалайды. Танымалдылыққа ұмтылмайды. Махаббатта да, достықта да арақатынасты үзбей, әр қадамды қалай жасау керектігін жетік біледі. Өте тұрақты. Құбылысты сол қалпы қабылдауға дайын. Үй шаруашылығына өте бейім, өз үйін, таныс ортасын қатты жақсы көреді. Үнемі өзінің жеке үйі болғанын армандайды. Табиғатқа өте жақын, жасыл желек, гүл атаулыны өте жақсы көреді. Қала сыртына таза ауа жұту үшін ғана баруға ерінбейді. Денсаулығы мықты, ауыра қал-ған жағдайда сырқатынан баяу айығады. Оптимизмнің аздығынан да зардап шегеді. Өздерін қатал және өте шыдамды деп ойлайды. Шындығында да өте қатал және тік. Олар жылдар бойы физикалық та, психологиялық та ауыр жүктерді алып жүре алады, ешкімге шығымданбайды да, ешкімді кінәламайды да. Торпақтарда сәтсіздіктер орын алған сайын одан өту үшін күш жинай түседі. Армандарына аз қадамнан болса да, жол салады. Болашағын нық қалайды.
0 дауыс

Жұмыстан қатты шаршап жүрген Торпақтар үшін Қой жылының берер сыйы мол болмақ. Бірақ, жақындарыңызбен түсініспеушілік орын алуы мүмкін. Қарым-қатынасыңыз үзілген жандармен байланыс орнатудың, кәсіби ортада көшбасшылық қабілетіңізді танытып, бойыңызда жасырынып жатқан талантыңызды көрсететін уақыт туған секілді. Ойлаған дүниеңіз нәтижелі болу үшін өзіңіз қадам жасауыңыз керек. 

Мансап. Жұлдыздар кей Торпақтардың жалыққан жұмыстарын тастап, жаңа қызметке ауысу ықтималдығы барын айтса, кейбіреулерінің шекара асып, қызмет жасауы әбден мүмкін екенін айтады. Ал енді біреулері өзінің жеке кәсіпкерлігіне жол ашып, өз бетімен биік белестерді бағындыратынын баяндайды. 

Қаржы. Өз ақшаңызға мұқият болыңыз. Аса тани қоймайтын адамға қарызға үлкен көлемде ақша беріп, сан соғып қалмаңыз. Сәуір және тамыз айларында көптеп ақша шығындайсыз. Сауда жасау кезінде ойланыңыз. Жұлдыздар кейін жаңа табыс көзі ашылуы ықтималдылығын айтады. Осы орайда Торпақтардың басты міндеті – жылдың алғашқы жартыжылдығында көптеп ақша тауып, кейін қаржы жинауы тиіс. 

Денсаулық. Қой жылы Торпақтарды жыл соңына дейін үлкен күш-қуатпен жігерлендіріп отырады. Соған орай, ойлаған мақсаттар жүзеге асады. Жанұяңызбен отырып демалу сіздердің араларыңыздағы сыйластықтарыңызды арттырып қана қоймайды, энергетикалық жігеріңізді қалпына әкеледі. 

Махаббат. Ең қызығына да келдік-ау, әйтеуір. Торпақтар жылдың басында бір көргеннен ғашық болуы мүмкін. Және ол жақтан да қарсылық тумайды. Психологиялық шабуылдар болмауы және көңіліңіз қалмау үшін айналадағыларға көп сене бермеңіз. Осы жылда кезіккен жанмен отбасы құруыңыз мүмкін.

Мәліметтер Массагет сайтынан алынды.

–1 дауыс

Торпақ егер көп качка берсеңіз денеңіз шығады.
0 дауыс
Мен Торпақпын болды...
0 дауыс
торпақ жұлдыз жорамалы жақсы жазылған,
...