0 дауыс
8.6k көрілді

Жұлдызжорамал 2015 жылға. Тоқты үшін жұлдыз жорамал керек?

Жұлдызжорамал 2015 жылға. Тоқты

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
- тоқтыларға шолпан мен күн әсер етеді.
- түстері: ашық қызыл, сарғылт, көкшіл, жүпәргүлді түс. күлгін олар үшін сәтті түс саналады.
- аптадағы сәтті күндері: - сеисенбі мен жексенбі.
- сәтсіз күндері: - жұма мен сенбі.
- сандары: 4, 7, 9
- ақпанның 1 мен 11 аралығында дүниеге келген адамдар тәкәппәр, кең пеиілді, жомарт, қайсар, басқарушылық қабылеты жоғары адал жандар. махаббат олар үшін бауыр басып кету ұғымында қалыптасқан.
- ал, ақпанның 12 мен 20 аралығында туылғандар көбіне жалынды, жұмсақ, икемді, импулсивты, музука мен өнерді жаны сүйетін адамдар болып келеді.

- тумысынан жігерлі, талантты, басқарушылық дарыны бар әйел мен ер тоқтылардың ортақ қасиеттеры: оптимизм мен атақ құмарлық.
тоқтылар үшін қиындық туғызатын ең жаман қасиет- шыдамсыздық. оларда дипломатялық талант мүлдем жоқ.
тоқтылар үшін өмірдің ең басты мәні-жұмыс. олардың батылдығы мен кез-келген нәрсеге аса мән берушілігі басым. олардан жақсы дәрігер, журналист, әкімшілік лауазым шығады.
тоқты белгісіндегі ер адамдар әрдәйім адал және еңбекқор. олардың салмақтығына қарап денсаулығы балғадай деп ойлап қаласың. әлбетте олардың денсаулықтары сын көтермеиді. жүйкелерінің жұқалығынан күйгелектікке бой алдырып, дөрекілік әрекеттерге жиы барады. сол себептен оларға отбасылық өмір ауыр тиеді. ерлер өзгелерден бірнеше қасиеттерымен ерекшеленеді. мәселен олар ашушаң, өзгенің пікіріне құлақ аспайды.
ал, осы белгідегі әйелдер ерлерге тән жұмыстарды білек сыбана істеиді. отбасында басты ролды алғысы келеді

.... Тоқты.... 10.01.2015
Тоқты ушін бугінгі кун адеттегідей, тыныш өтеді... Бұрын істейтін істі бугін істеуінізге жаксы уакыт.. Жакындарыныз сізді уй жұмыстарын беруі мумкін, сол себепті уйден шығып көше аралауыныз киынға соғады.. ешкандай катты куйзеліп, капа болудын еш кажеті жок..
+1 дауыс

Келе жатқан жыл тоқтылар үшін сәтті жыл болады. Олар бұл жылы адамдармен араласуды үйренеді. Соның арқасында жұмысы алға басады.

Жұлдыздар бұл жылы тоқтылар көп досын жоғалтатындығын баяндайды. Сондықтан, ескі достарыңыздан артық жақын адамдардың болуы екіталай екенін естен шығармаңыз.

Жыл басында демалып күш жинап алғаныңыз жөн. Себебі, жазға қарай шаруа көбейеді. Қаңтар айын демалысқа арнап, ақпаннан бастап ойға алған жоспарларыңызды іске асыруды бастаңыз.

Мансап

Тоқты табиғатынан мансапқа құмар. Ал мақсатқа жету үшін бұл жылы адамдармен түсінісуді үйренуі керек болады. 

Бұл жылы бизнес ашуға да мүмкіндік көп. Сіз - жақсы басқарушысыз. Бірақ қарамағыңыздағы адамдарға құрмет көрсетіп қарым-қатынас жасағаныңыз абзал. 

Күшіңіз жетпейтін істі мойныңызға алмаңыз.

Қаржы

Бұл жылы тоқтылардың қаржылық жағдайы жақсы болады. Сондықтан, қайырымдылық жасауды ұмытып кетпеңіз.

Жылдың басында ақшаңызды жинаңыз. Ортасына таман жеке ісіңізді ашуға мүмкіндік пайда болады. Ақшаңызды сол кезде пайдаланыңыз. 

Денсаулық

Тоқтылар жылдың басында респираторлық-вирустық ауруларға шалдығуы мүмкін. Сондықтан, жыл басынан иммунитетіңізді жақсартуға тырысыңыз.

Сәуір мен маусымның арасында денсаулығыңызға барынша көңіл бөліңіз. Таза ауаға жиі шығып демалып тұрыңыз.

Махаббат

Бұл жылы махаббатыңызды жолықтырасыз. Ол алыста емес, қасыңызда жүрген болуы мүмкін. Сондықтан, айналаңызға мұқият зер салыңыз. Жылдың басында басталған қарым-қатынас мықты болады. 

Ал егер үйленген болсаңыз, жұбыңызға көп көңіл бөлуге тырысыңыз. Бұл – бақыттың кілті.

Мәлімет МАССАГЕТ сайтынан алынды.

+1 дауыс

Жұлдызжорамал 2015

Тоқты 

Бұл белгіде туылған адамдар сырт көзге достыққа өте бейім, бауырмал көрінеді. Кез келген әділетсіздікте бар ынты-шынтысымен шындықты іздеп, бар білгенімен бөлісіп, қызу талқылаудың көркін келтіруі мүмкін. Тоқтылар өз ойын үнемі тіке айтады. Өз қажеттілігін бірінші орынға қояды және ойының бәрі сол көздегені болады, ол кезде айналасындағыларды мүлде ойламайды. Өзінің біреуге ыңғайсыз жағдай туғызып, ренжітіп алатыны жайлы ойламайды, оны сезінбейді де. Ол бөтен ойсыз, табиғатына тән бол-ғандықтан, Тоқтыларға ренжудің де қажеті жоқ. Бұл адамдарда қаталдық деген мүлде болмайды. Айналасында болып жатқан құбылыстың бәріне шын жүрегімен сенеді, өз жағдайын да жасырып қалмайды. Шағымданғанды жаны сүйеді. Өз ісінде ешқашан жоспар құрып, стратегия жасамай, мақсатына тіке бет алады. Бұл белгіде туылған адамдар көз жасын ешкімге көрсетпеуге тырысады. Қызметтік саласында көп табыстарға қол жеткізеді. Тоқтылардан шыдам мен әдептілікті аз көресіз, тіпті мүлде шыдамсыз десе де болады. Салмақты болуға тырысқанмен, жас кезінде ол мүмкін болмайды. Ашықтық пен адалдығы сияқты жақсы қасиеттерін алға тартқанмен, тұрақтылық және жауапкершілік қасиеттерінің кемшілігі көзге ұрып тұрады. Тіс ауруынан қатты қорқады, тіс дәрігеріне бас сұқпай өтуге дайын. Тоқтылардың басым бөлігі толық боп келеді. Айтарлықтай ауру болмаса, өздерін жағымсыз сезініп тұрғанның өзінде жатып, демала қоймайды.

...