Автокресло керек пе? Балалар автокреслосы

+9 дауыс
3.2k қаралым

Автокресло керек пе? Балалардың автокреслосы неге сонша шуға айналды?

• Санаты: Заң | 3.2k қаралым
6 сыныптын баласы не автокреслода отыруы тіиспе,онда оздерин отырындар

35 жауап

+5 дауыс
Жақсы жауап

Қолданысқа енген жаңа жол жүру ережесіне сәйкес, 7-қаңтардан бастап    қазақстандықтар 12 жасқа дейінгі балаларды тек алдыңғы орында ғана емес, артқы орында да автокресломен ғана алып жүруге міндетті. Аталған талап орындалмаса, 10 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Бұндай өзгерістердің тиімділігі қайсы, кемшілігі неде?

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:

– Көптеген елдерде бұл заң бұрыннан қолданыста бар. Балалардың қауіпсіздігі үшін оларды арнайы орындыққа отырғызу заң жүзінде талап етіледі. Елімізде жол-көлік оқиғалары жиі туындайтындықтан және жолда адам өлім-жітімі де көбейіп кеткендіктен еліміз осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр. Сондықтан бұл заңды қолдауға мәжбүрміз. Мен де ең алдымен адам қауіпсіздігі бірінші орында тұруы керек деп санаймын. Жол-көлік оқиғалары орын алғанда балалар көліктің терезесінен сыртқа ұшып кетіп жатады. Егер балаларға арналған арнайы автокресло болса жол-көлік оқиғасы орын алған кезде балаларды қауіпсіз жағдайда ұстап отырады. Енді бұл заңның қаншалықты тиімді болғанын алдағы уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты статистикадан байқайтын боламыз. Сондықтан заңның тиімділігіне қатысты насихат жұмыстарын көбейту қажет.

Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, Орталық Азия университеті Машина жасау және көлік институтының директоры: 

–Бұл заңға халқымыз әлі дайын емес. Сондықтан көпшілік наразылық танытып жатыр. Мәселен, жаңа заң бойынша такси қызметтерін ұсынатын көліктер де автокресломен қамтамасыз етілуі тиіс. Ал, көптеген көліктерде бұл әлі болмағандықтан ендігі жерде балалы адамдар көшеде тұрып қалуы мүмкін. Немесе көп жанұяда үш баладан бар. Мәселен, үш бала автокреслода отырса, артында бос орын болмайды. Ата-ананың біреуі алдына жайғасқан күнде де, бір бала тіпті көлікке сыймай қалуы мүмкін. Бұдан бөлек, сол автокреслоларды бір жерге салу қажет көрінеді. Арнайы жүк салғышқа бәрі бірдей сыймайды. Ал салонның өзінде ұстасаң, көлікке артық адам тағы ала алмайсың. Осы бір мәселелерді тиісті орындар дұрыстап қарастырып, халыққа түсіндіруі керек секілді. 

Ғалым БОҚАШ, шығыстанушы, саясаттану докторы:

–Балалардың автокреслосы неге сонша шуға айналды? Бұл - ең әуелі баланың қауіпсіздігі үшін керек құрал ғой, денесін көтеріп белдікті тартқанда дәл кіндік асты мен кеудеге келтіретін. Көлігімде үлкен қызыма арналған жай ғана отырғыш, кішісіне арналған арқалы орындық бар. Балалар жоқта багажникте жатады. Бағасы Еуропада сонша қымбат емес, отырғышты 10 долларға, арқалысын 50 долларға алуға болады. Ұсталғанын алсаңыз, тіпті арзан. Мына заңнан соң бұл отырғыштар Қазақстанда бір-екі айдай дүкенде қымбаттап, дефицитке айналуы мүмкін. Бірақ сосын ит жемей әр жерде арзан бағамен тұрады - көресіздер. Батыс елдерінде такси шақырсаңыз, "Бала бар ма?" деп сұрайды, баламен жүрсеңіз, таксиіне автокресло қойып жібереді. Бар болғаны сол. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан тәртіп. Либерализм мен демократия тұра тұрса да, ең құрыса балалардың қауіпсіздігі үшін осы тәртіпті қайғырмай қабылдауға болатын шығар деп ойлаймын. Таратып айтсам, біріншіден, Еуропа елдерінде балаға арналған арқалы автокреслоға көбіне 5 жасқа дейінгі балдырғандарды отырғызады. Көп орын алуы мүмкін тек сол ғана. Ал 5-12 жас арасындағы балаларға кішкентай отырғыш болса жетеді. Ол отырғыш қатар-қатар қойсаңыз, көп орын алмайды. Тинейджерлер былай да отыра береді. Екіншіден, егер балаңыз үшеуден көп болса немесе мүмкіндігі шектеулі балаңыз бар болса, еріксіз "Фольксваген-Мультивен" сияқты үлкендеу көлік алуға тура келеді. Оған бәрі сияды. Еуразия Одағына кіргелі Қазақстанда мұндай отбасылық сапалы көліктер қымбаттап кетті рас. Ал Еуропада мұндай көлікті несиеге рәсімдеу де арзан, ұсталған көліктер базарында одан да арзанға түседі. Үшіншіден, "бала артқы орындықтағы үлкеннің алдында отырса, ештеңе етпейді" деу - жауапкершілігі аз адамның сөзі. Елумен келе жатып кілт тоқтасаңыз да, өз орындығында отырмаған бала кем дегенде алдыңғы орындыққа басын соғып алады. Кішкентай баланың мойны әлсіз екенін ұмытпау керек. Төртіншіден, "балам жеке креслоға отырмайды, жылайды" деген де негізсіз сөз екен. Өз басымнан өтті. "Осы еуропалықтар баласына не беріп тәртіпті қып қояды екен?" деп ойлайтынмын. Кейін үлкен қызым сол дисциплинаға басында қыңқылдағанымен соңында тез үйренді. Әрбірден соң белдігін бекітпей жатып, көлікті орнынан қозғалтпай тұрғызып қоятын болды. Бесіншіден, қайталап айтам, автокреслоның басында бағасы қымбат болса да, бірте-бірте арзандайды. Әсіресе, Қытаймен шектесіп тұрған Қазақстанда. Ең бастысы - баланың қауіпсіздігі. Осы тараптан қарап ойласаңыздар, амал табуға болады.

Ақпарат көзі: http://zangazeti.kz/kaz/articles/8679

+3 дауыс
Керекпе жоқпа бізден сұрамайды, заң шықты орындауға міндеттіміз!
+3 дауыс
Сақтық үшін өте қажет. Құдай сақтасын көлік апаты бола қалған жағдайда 100пайыз болмаса да, өмірін сақтауға көмек көрсетері анық.
0 дауыс
Сыра алдында құшақтап отырмайды...:))))) Заңда солай. Қауіпсіздік үшін.
+7 дауыс

Әрине керек болар, бірақ түсініксіз жағдайлар бар, мысалы бір ана екі баласын алып шығып такси тоқтатты, сонда автокресло кімде болуы керек, таксистеме әлде баласы бар ана да ма, (қазіргі таксистердің барлығы бірдей ондайды ала қоймайтынына сенімдімін). Айналып келгенде зияны баламен жолға шыққан ата-аналарға тиер ме екен деп қорқып отырғаным, 

Негізі ол заңды толық оқыған жоқпын, естуім бойынша жазып отырмын

иә енді таксистер бала ерткен адамдарды отырғызбайды))
таксисттерге қиын болды
бала ерткен адамдар ше?
ия, сосын жол ақысын бір орынға алатын жолда да балаға ақсысын толық төлеу керек болатын шығар, автокресло бір орынды алып отырады ғой
+1 дауыс
сондай заң шықтығой ертең гай тоқтатқанда автокресло жоқ деп штраф салуы мүмкін,
+1 дауыс
Заң бойынша 12 жасқа дейінгі балаларға автокресло болу керек. 4 бала мінгізсең 4 автокресло болу керек)
+7 дауыс
Қисыны жоқ заңғой
шынында да еш қисыны жоқ заң, ақылға сиымсыз ешкімге де тиімді емес
–1 дауыс
Оны мұны қойш, суретiңiзге разговор жоқ екен!
+1 дауыс
Автокресло міндетті емес, балаларға арналған таңғыш белдік болса жарайды.
қайдам заңы шыққанмен, заңында автокресло деген жазуы жоқ екен, тек арнайы құрылғысы болу керек делінген,
+1 дауыс
Балаларды қорғау үшін шығарылған заңдардың бірі ғой.
+4 дауыс
егерде коп балалы ата ана балдары мен конакка баратын болса нестеу керек?машинанын артына 2ак автокресло сыяды сонда калган балдарды нестеу керек?тагы да ар балага автокресло алу онайма ар кайсысы 25тiн устiнде турад,менин 2 балам бар менiн шамам жок машинага 2 автокресло алып койыуга,неге сонын барiн есепке алып карастырылмайды зан
Машина айдайсың ақша жоқ дейсің, ол қалай?
0 дауыс

Бала қауіпсіздігі үшін керек те шығар.Бірақтан тиімсіз тұстары да баршылық.Мына жаңалықты көзім шалып қалды,сұраққа қатысы бар

Павлодарда такси жүргізушілері балаларға арналған автокресло сатып алуға асығар емес. Өйткені олар «Жол қозғалысы ережелері туралы» заңға енгізілген өзгертулерге наразы. Адам тасымалдаумен нәпақасын тауып жүрген жұрттың автоорындық сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар баласы бар жолаушыларға қызмет көрсетуден бас тартуға мәжбүр. Ал жол сақшылары жаңа заңға бағынбағандарды ертеңнен бастап жазаға тартатын болады.

–1 дауыс
енді әнә Жеңілм мәшинәларға ғо!!!!!"
Сауатты жазсай!
+2 дауыс
Менің ойымша керек жоқ. Себебі бұл қарапайым халықтан ақша алу. Ондай кресло болмағандада жап-жақсы жүріп жүрдік қой.
0 дауыс

.........................

+1 дауыс

Автокруслоның орнына мынадай қолданса да болады. 

0 дауыс
жарайды 2-3 балалары бар адамдар бір амалын қарастырар , Ал көп балалы адамдар не істейді? Бір сәбидің өзі 1 орын алса , айналып келгенде көлікке 3 адам ғана отырады ма?(жүргізушіні санамағанда) Менің бір туысым бар 7 баласы бар үлкені 15 те ал,енді 7 баланы ата-анасымен көлікке сыйдырып көріңіздер...
+1 дауыс
Менің ойымша тек алыс жолға шыққан жолаушыларға ғана қолданылуы тиіс, ауыл арасында немесе қалаларда көліктер онша қатты жүрмейді, сондықтанда оны қолдану тек алыс жолға шығушыларға ғана керек деп ойлаймын. Тек 5 жасқа дейінгі баларға ғана, 5 жастан жоғары балаларға көліктегі ремендер қолдануға болады. Ойланбай, халықпен санаспай осындай заң шығарушыларды жазалай керек, Алдымен халық пікірін біліп алып, балалар санына байланысты креслоларды көбейтіп содан кейін ғана заңды күшіне енгізу керек еді.
келісемін
0 дауыс
Автокресло арзандағанша балларды тасымай қоя тұрамыз, арзандасын содан кейін таңдап жүріп алармыз. Бірақ қазақтың менталитетіне келмейтін заң талабы деп ойлаймын. Себебі европалықтар  қазақтар сияқты үш-төрт баладан тумайды және қазақтар құсап туысқандарымен қоса бала-шағаны бірге отырғызып той тамалаққа бармайды ғой. Бұдан кейін балларды отырғызып-ап "Сіздерге орын жоқ" деп әке-шешені автокөлікке отырғызбай тастап  өз жанұяңмен ғана кете беру керек па?  Ондайлар да кездеседі ау! Қайдам...
0 дауыс
Артық кетсем кешірім сұраймын. Бірақ осы заң боққа да аспайтын заң. Қараңыздар қаншама алыстан қатынайтын оқушы сабаққа бара алмай, ата-аналар балаларын ерте алмай жүр, Такси алмай кетіп жатыр. Күн болса мынау. Халық аздап көтеріліске де шықты. Әәәййй ГАИ қызметкерлері және жоғарыдағы азаматтар. Әлі семірген жоқсыңдар ма. Қойсаңдарш болды...
0 дауыс
Таксистерге қиын, креслоның бағасы қазір шарықтап тұрған шығар және оны кез-келген көп балалы отбасылар ала алмайды. Оданда керісінше автокресло емес неге балаларға  арналған ремен шығарып машинаға орнатпайды сонда шығын аз болар еді. Халықтың көпшілігі,әсіресе машина айдаушы таксистерге бұл бір проблема болды. Бұны өршітпей қозғамауға болмайма? Сонымен қатар 12 жасқа дейінгі емес,7-8 жасқа дейінгі балаларға отыруға болмайма?
0 дауыс
Негиги автокресло керек балалардын кауипсиздиги ушин. Бирак, бул жерде коп балалы отбасылардын жагдайы ескерилмегнн. Себеби кей отбасылардын бул кресолны сатып алуга каражаттары жетпеуи мумкин, ари кетсе еки баласына алып беруи мумкин, сонда баска балалары алыс жол журетин болса коликке минбеуи тиспе осыны жогарда отырган агаларымыз ескерсе деймин. Сиздерге жай гана мысал келтире кетейн. Кун суык ерли жайыпты адамдар жас шамасы 35-40 жас. Олардын уш баласы бар олар баска бир елди мекене автокреслосы бар автоколикпен жетип калды, бир кун конак болды. Отагасыга ертен жумыс улгеру керек балаларын сабак, сабактан калмауы керек. Бирак кайтатын колик бар, бирак амал канша автокресло жок. Сонда бул отбасы не истейди барин тастап автокреслосы бар колик келгенше кутуи тейспе. Осыны жогардагы агаларымыз ойланса деймин. Казирги танда осы зан шыкканнан бери автокреслонын багасы аспанга шарыктап кетти. Бир автокреслонын багасы 25000-30000 тенге турады. Оган каласы компиган адамдар гана ала алады, сонда баскалары ше.???
0 дауыс
Әрине керек,Себебі,қазіргі кезде жолда көптеген оқиғал болып жатыр,сол себепті де өз басымыздың амандығы үшін керек.Бұл заңмен келісемін.
0 дауыс
Автокресло тек қана 12 жасқа дейінгі балалар көліктің алдына ғана отырса керек.
0 дауыс
Автокресло керек өйткені көлік 50 км мен келе жатса ішіндегі баланың салмағы 30 кг болса көлік тоқтай қалған жағдайда баланың салмағы 300 кг болып көліктің алдыңғы терезсінен ұшып кетуі мүмкін
0 дауыс

Ех бала санын көбетіңдер дейді. Президентімізбен депутаттардың дұрыс істейтін кездері қашан болады екен. қалай бала санын көбейтеді күнен күнге бала проблемма болып бара жатыр. баласы бар семияны квартираға алмайды, енді баласымен көшеде такси тоқтатса гайден қорқып алмайды таксисттар. 

0 дауыс
Сәлем достар! Негізі автокресло керек,бірақ халықтың жағдайы жете бермеиді, себебі ауылда көп балалы отбасылар көп ,олардың шамасы келетін де келмеитін де бар,ал көп балалы отбасыларға минивэн көліктері керек ,ал ондай көліктер аз және  көбісі ескі , ҚР да  автокөліктердің бағасы қымбат,ескі көлікпен жол апатына түсетін болсаң автокреслоның көмегі тимей қалады,ҚР да  европалықтар секілді дамымаған,сол үшін қарапайым халықты қинамаған дұрыс.,Егерде халықтың жағдайы жетіп тұрса автокреслоны ешқандай заңды қолданбай ақ алар еді.Сол себепті баста ескертіп жүру керек  сосын халық алар меді ақша жинап.........
0 дауыс

мынау страшна екен ози! это зан вовше куган! мен али 11 жастамын! Сонда мен де отырамын ба! акшасы жок елдер кайтеди! 

0 дауыс
Автокресло болса да ажалы жетiп тұрса, кез-келген адамның тағдыры Алланың қолында. Сондықтан шығындалып керегi жоқ. Бұл барлық жағынан халыққа тиiмсiз.
0 дауыс
4 баламен машинаға симай қалдық.Қазақтың санын көбейтіңдер деп өкімет қатырды
0 дауыс
1 байдың автокреслосын өткізу үшін ғой!Сірә!
0 дауыс

Еуропадан қалуға болмайды бірақ Еуропа елдерңнде дайын далуға 5 жыл уақыт берілген ал Қазақстанда болса заң шикі күйінше қолданысқа кіргізілді бұл асығыс қабылданған заң!!!

0 дауыс
Бала санын арттырудың болашағына кері әсер етері сөзсіз...
0 дауыс
менің  ойымша, 6  жасқа  дейінгі  бала  автокреслоға  отыруы  керек  деп  ойлаймын, бұрында да  креслосыз  жүрдік  қой

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
5 жауап
127,937 сұрақ
322,804 жауап
153,169 пікір
72,927 қолданушы