+1 дауыс
3.4k көрілді

Адам бойындағы зұлымдық, қатыгездік қайдан пайда болады? Туада пайда бола ма? Әлде өсе келе қоғамнан үйрене ме? Кішкентай сәбилер өтірік айтуды, өз ойыншығын қызғануды, басқаның затын тартып алуды, тіпті ұрлауды қайдан үйренеді? Балаладың кісі өлтіру сияқты ауыр қылмыс жасауы тек үлкендерден "көргенін істеуі" ме?  Оларға ата-анасының ондай тәрбие бермейтіні анық. Адамның бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттер туада беріліп қоя ма? 

11 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жылылықты сезінбеген адамдар жасайды. Жанындағы адамдардың махаббатынаа бөлене алмағандар қатыгез болып келеді. Ужастик, боевик кинолар көру де адамды қатыгездікке апарады.
Үнді сериалдары ше?
Иә, иә) дұрыс айтасыз)
Үнді сериалдарын көріп қатыгез болған адамды көрмедім қуанышыма орай))
Любой телесериал тусинип карасан,корермендерине жаксы тарбие беретин пример корсетеди
0 дауыс
ол кейін келе қалыптасады деп ойлаймын.
+1 дауыс
Айналасындағы адамдарға байланысты.
0 дауыс
Меніңше туылғаннан болады. Адам бойында барлық қасиет болады. Қайсысын дамытатынын өзі таңдайды.
0 дауыс
10-сыныпқа дейін менен өткен мейірімді адам жоқ еді. Одан кейін менен қатал адам жоқ болды. Себебі, қоршаған адамдар...
0 дауыс
Зұлымдықтың бәрі көре алмаушылықтан. Ал қатал болып өсу қоршаған ортаға байланысты.
0 дауыс
Зұлымдық барлық адамның бойынан табылады деп ойлаймын. Тәрбие тал бесіктен деп бекер айтпайды,тәрбиеге көңіл болген дұрыс. Зұлымдық рухани жағынан адамның әлсіздігі десе де болады.
0 дауыс
Қоршаған ортадағы жаман адамдардың және теледидардағы жаман кинолардың әсерінен пайда болады.
+1 дауыс
Ұмытпасам 2 жасар баласын тәрбиелеуге апарғанда, әлгі дана кеш қалдыңыз деп жауап берген. Саби ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді. Анасының естігенін естіп, сезінгенін сезінеді. Жағымсыз қасиеттер алдымен ата-анадан беріледі дер едім. Әрине ешбір ата-ана баласын жаман болсын демейді. Алайда баласының боқ ауыз сөз айтқанын қызық көріп қайталап айтқызатын әке мен аналарды көргенім бар. Ата- анасының бала тәрбиесіне селқостықтығы мен қоршаған орта баланың мінезін қалыптастырушы негізгі себепшілер...
Ия айтуыңыз дұрыс сияқты, мысалы өте сараң адамдар ана сүтіне тоймай өскендер екендігі ғылыми дәлелденген
+2 дауыс
Меніңше, адам әлсіз болғанда зұлым болады. Оның жеткілікті білімі болмауы мүмкін, бірақ білімі барларды көре алмайды, меннен артық болып кетеді деген қауіптен саналы және бейсаналы түрде адамдарға моральдік және физикалық зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан, адамдар саналы түрде келісіп, азаматтық қылмыстық кодекске осындай әрекеттер үшін статья қосқан болуы керек.

Бұндай жағдайлар көп, соның басты себебі меніңше адам өзінде жоқ жақсы қасиет, білім немесе дүние үшін (болып тұрса да өзін кем санап үйреніп қалған болса) басқаны көре алмай, әлбетте бұл фактті мойындағысы келмей зұлым әрекеттерге барады. Қарап отырсаңыз, зұлымдықтың артында эгоизм тұрған сияқты. Қазақта сөз бар: кең болса - кем болмайсың деген. Бұл әрине эгоизмді жақтамайтын аталы сөз.

Адам ойы, жүрегі таза, ниеті ақ, айналасы жақсы адамдарға толы болса, көрген тәрбиесі мен ортасы жақсылыққа толы бола, бұл адамға әрине жақсы әсер етеді.
0 дауыс
Озин баскалар тусинип,аяныш корсетпегендиктен,оз озимен иштей тынып,киналып,сонында жарылып,зулым адамга айналады.
...