+1 дауыс
493 көрілді

Өз отына өзі күйген ғаріп көп,
Бәрімізді сыйдырып тұр алып Көк.
Қараңғымен алыспаймын қарайып,
Мына ғалам қалу үшін жарық боп.

(Танагөз Толқынқызы)

Қалай ойлайсыз, жоғарыдағы өлеңде айтылғандай қараңғымен алысса ізгіліктің өзі "қарайып" кете ме?  Мысалы, біреу сізге қиянат істесе, сіз де кек қайтару үшін қиянат жасасаңыз, әлемдегі қиянаттың саны көбейе бермей ме? Зұлымдықпен күресу үшін міндетті түрде дәл сондай жолмен кек қайтарудың керегі бар ма? 

Мүмкін, зұлымдықты жоюға емес, ізгілікті көбейтуге тырысу керек шығар?! 

(Антуан Де Сент-Экзюпери, "Цитадель")

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине дұрыс айтасыз Экзюпери, (қалжың Жаннара) қандай да бір нәрсеге қарсы шыққанда, ол нәрсе қайта дамып кетеді, ол заңдылық, оған
Тарихта  Тереза ананың айтқан сөзі мысал бола алады " Мен ұрысқа қарсы өткізлетін жиында қатыспаймын, бірақ тыныштық үшін өткізлетін жиынға келемін "
Егер сiз ұрысқа қарсы болсаңыз тыныштық үшін дауыс беріңіз, егер сiз аштықка қарсы болсаңыз бүкіл адамзатқа тамақ жеткілікті болуына дауыс беріңіз, егер сiз зұлымдықка қарсы болсаңыз iзгiлiктiн көп болуына дауыс беруіңіз керек !!!

Ұқсас сұрақтар

...