0 дауыс
55.4k көрілді
Маған "Зорлық зомбылықсыз әлемді қалай тұрғызуға болады?" тақырыбында эссе жазып бере аласыздарма тез арада!?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

ӘЛЕМДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЛАЙ ҚҰРУҒА БОЛАДЫ?

Физикалық жағынан көңіл қоймау дегеніміз дер кезінде балаға медициналық көмек көрсетпеу, баланы үйден шығармау, тамақтандырмау келеңсіздіктері жатады. Эмоционалдық көңіл қоймауға, баланың көзінше ата-аналардың ұрыс-керіс шығарып төбелесуі, ішімдік ішіп, темекі шегулері жатады. Физикалық зорлық-зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірленудің бір түрі. Осы жәбірленуде көбінесе отбасында баланы ұрып-соғу жағдайлары жиі кездеседі.

Сондай-ақ, ата-ана тарапынан балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы да зорлық көрсету белгілері білінеді. Физикалық күштеу кезеңінде ата-аналар көбінесе баланың денсаулығында ақаулық бар деген күдікте болады. Медициналық зерттеулер қорытындысына да жүгінеді. Алайда, психологиялық аурудың бұл түрі балада емес, ата-анасында деген қорытындыға келеміз. Эмоционалдық зорлық-зомбылық балаларда жеті түрлі жағдайда кездеседі: балаға деген жайсыздықты ата-ананың жоққа шығаруы; жеке қамауда ұстау; баланы бопсалау; елемеушілік; балағаттау; сөз жүзінде жүйкесіне тию; балаға қысастық көрсету; қазіргі таңда жоғарыдағы зорлық-зомбылықтардың он пайызы ғана хабарланғаны белгілі болып отыр. Бұл түрін сарапшылар баланың қорыққандығы мен үрейленгендіктен хабарланбайды деген қорытынды жасалып отыр.

Жыл сайын 25-қарашада бүкіл әлемде әйелдердің қоғамдық ұйымдары зорлық-зомбылыққа қарсы акциялар өткізеді. Міне, он жылдай болды, бұл күн зорлық-зомбылықты  жою жөніндегі  халықаралық күн деп танылған. Ал негізгі әйелдер құқығын қорғау  болып табылатын ұйымдарға әлемнің 91 елінің өкілдері қосылды. Республиканың барлық аумағында осы акцияны қолдау мақсатымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі онкүндік» акциясы өткізіледі.

Бейкүнә балаға қатыгездік жасау тек психикалық ауруға ұшырағандардың қолынан келеді. Балаға зорлық-зомбылық таныту отбасылық  жағдайларда жиі кездеседі. Бұған себеп ата-ананың  ұрыс-керісі, ішімдік, есірткінің зардаптары.  Балаларды ұрлап кетіп, оны саудалау, ауыр жұмысқа салып қою немесе дене мүшелерін сату факторлары жиі кездесіп отыр. Зорлық-зомбылық көрген баланың бойын үрей билейтіні анық, осындай қылмысты балалардың жасырып қалуынан,  зорлық-зомбылықтың алдын алу мүмкін болмай жатыр. Бала – еліміздің жарқын болашағы. Мұндай  қатыгездіктердің алдын алып, балалардың өмірін қорғауымыз керек.

Осы орайда бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны бөлек екенін ұмытпаған жөн. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей бала ата-анасынан қандай тәрбие алса болашағы да, өмірі де солай болады. Сондықтан баланың тәрбиесіне бей-жай  қарауға болмайды. Отбасындағы келеңсіз жағдайлар, айналасындағы теріс құбылыстар баланың өміріне кері әсерін тигізеді. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ананың ақыл-кеңесімен қоса, мектептегі ұстаздардың, қоғамның да тәрбиесі ауадай қажет.

Қазіргі қоғамда қатыгездіктің, зорлық-зомбылықтың күшейіп, жағдайдың ушығып бара жатқанын көз көріп, құлақ есітіп отыр. Отбасылық ұрыс-керіс, әйел мен бала саудасы,  адамдардың бір-бірін өлтіруі бәрі де әлемдегі шешімі табылмай келе жатқан мәселе. Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру үшін түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Бірақ бұл іс-шаралардан қатыгездік азаймай келеді. Әлемді зорлық-зомбылықсыз көз алдымызға елестетіп қарағанда, қандай болар еді?! Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында.

+1 дауыс

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.
Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.
Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.
Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.
Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар.
Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.
Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық.
«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.
Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.
«Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармағанымыздың нәтижесі» деп пайымдайды Н. Гладырь.
Зорлықтың түрлері:
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды.Зорлық зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді.
Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді». Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы.
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады.

«Ана – сая болар бағың болса,
Әке – асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн.
Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанысыз» дейді халқымыз.
Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны.
Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.

Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.
Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби.
Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жариялаған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген:
«Тәрбие әсер беретін нәрсе - өскен орта, ата-ананың тәрбиесі»
«Сүтпен кірген сүйекпен кетеді», бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз.
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік дөрекілікке, қайырымдылық қатыгездікке, жомарттық тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық парасыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаттары
- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу.
- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.
- Тұрмыстық зомбылықсың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу
Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек ісі болып табылады.
Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады.
Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.
- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квилификацияланады:денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.
- Зорлықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез құлқы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды.
Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қал бермек» дейді облыстық балалардың құқықтары қорғау департаментінің бастығы Гүлбарам Наурызбаева.
Балалар құқығын қорғау.

7 тарау. Бала және қоғам.
36-бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан сақтау.
1. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттық, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.
2.СӨС насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.
3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуге тиіс.
4-тарау. Бала және отбасы
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары.
Бала отбасында Қазақстан Республикасы конституциясында, осы заңда және ҚР-ның өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтарға ие.
Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды.
Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.
Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті...

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбындағы Ғылыми жобаны былай қорытындылағым келеді.
Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.
Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?

Мен былай дегім келеді.
Әлемнің бір адамы ретінде
Ақ жүрегіммен сөз беремін
Өзіме, жанымдағыларға
Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.
Қараңғыны нұрландырамын,
Суықты жылытамын.
Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын,
Әр күні өзімнің жан дүниемді
Тазартуға тырысамын.
Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа,
Мейірімге бөленеді.
Келер күннің шұғылалы боларына сенемін,
«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын».

+1 дауыс

Зорлық – зомбылықсыз әлем құру

Бүгінгі күнгі бала өмірі мен оның болашағы мені қатты алаңдатады. Себебі, жастардың көбі оңы мен солын ажырата алмай көбіне жаман жолға түсіп кетеді. Оған кінәлі – қоғам деп есептеймін. Ал, қоғамға осындай жеткіншектер қосатын әрине, ол – отбасы. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», - деген атам сөздің түп – төркінін осыдан - ақ ұғуға болатындай. Сәби шыр етіп дүниеге келгеннен кәмелеттік жасқа толғанша – ата – анасының қамқорлығында болады. Демек, олардың өмірде өз орындарын табуларына, азамат болып қалыптасуларына тікелей ата – аналар жауапты. Олар бізге қандай соқпақ салып берсе – біз де сол бағытта жүреміз. Ал, балалық шағы тек қиындық, зорлық – зомбылықпен өткен баланың болашағы бұлыңғыр емес  пе? Өз басынан өткенін алдағы уақытта қайталамасына кім кепіл? Қазіргі қоғам балалары туа біткен бір шеберлікпен туғандай. Өйткені, өз құқықтарын өте жақсы біледі. Бәрін де үлкендерден артық түсінеді. Дегенмен, соның барлығы сақтала бермейді және балалардың көбі өз міндеттерін білгілері де келмейді. Ол да балалық күннің зардабы деп білемін. Отбасында әкелік мейірім, аналық жылу сезбеген баланың суыққанды, тасжүрек болып өсетіндігі де айдан анық. Туа салысымен қамшының дәмін, өмірдің ащысын сезетін балалар да жоқ емес. Жастайынан қара жұмыс күйттеп, күнде таяқ езгісінде болатын балаларға жаным ашиды. Олардың мұндай өмірлеріне қарсымын да. Өйткені, осындай балалардан ұрлықшы, қанішер, жауыздар шығады. Олардың болашақта адам өлтіріп немесе біреуді тонап кетпеуіне кім кепіл? Анасының күнделікті айғайы немесе туыс – туғандарының үздіксіз жұмысқа салып, еңбегін пайдаланып жататын жағдайлар да кездеседі. Ол алдыңғы толқын үшін өте пайдалы, себебі: бала еңбегі аз төленеді. Оларға көп көлемде ақша беріп қажет емес. Ол – ағаларымыздың қалталарының қалыңдауына көп мүмкіндік туғызады.  Сол үшін де ол кісілер бала еңбегін пайдалануды дұрыс деп санайды. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Себебі, жастайынан буыны қатаймаған жасөспірімдер ерте еңбекпен айналысса уақыт өте жұмысқа жарамсыз болып қалады. Сол үшін де әр нәрсенің өз уақыты бар екендігін ешқашан естен шығармаған абзал. Әр отбасы өз балаларына мейірімділік танытып, әр сәбиге мейірімділік көрсетіп, еш қинамай өсірсе – әлем де зорлық – зомбылықсыз болар еді.  Сөзімді қорыта келе айтарым: іргетасы отбасында қалай қаланса болашақ ұрпақ сондай болмақ. Сол үшін әлемді гүлдендіру – бақытты балалық шақ пен ата – ана мейірі деп санаймын.  Зорлық – зомбылықсыз әлем құру – барыс текті ұрпақтың саналы болып өсуінің кепілі.

+1 дауыс

Зорлық-зомбылықсыз әлем құрайық!

Сол үшін өмірімді қиюға дайын болған бірнеше жағдай бар,
Бірақ өзім біреудің өмірін қйятындай еш нәрсе жоқ.
(Махатма Ганди)

Үндістан тәуелсіздігіне арналған қозғалыстың басшысы және зорлық зомбылықсыздық филосфиясы мен стратегиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күні екінші қазан- Халықаралық Зорлық-зомбылықсыз күні деп атап өтіледі.
Халықаралық күннің басты мақсаты – Бас Ассамблеясының қарарында айтылғандай, бейбітшілік, шыдамдылық, түсіністік пен зорлық-зомбылықсыздық мәдениетін бекіту ынтасы болып табылады. БҰҰ қарарына сәйкес, Халықаралық күн ағартушылық және қоғамдық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы зорлық-зомбылықсыздықты насихаттауға бағытталған. Құжатта «зорлық-зомбылықсыздық мәдениеті» көрсетілген.
Зорлық-зомбылықсыз дүние -әлемнің басты тірегі. Кемсітушілікке, қорлыққа жол бермеуді әр адамның міндеті деп санаймын.Қазіргі заманда әлемде әртүрлі келеңсіз жағдайлар кобеюде. Бұның себебі, адамдардың ой-санасының өзгеруі, бұзылуы болып табылады. Әсіресе, балаларға зорлық-зомбылық көрсету де азаймай отыр. Ал балаларға бұл жағдайлар өте ауыр соққы болады, олардың ой-саналарына кері әсерін тигізеді. Сондықтан әр азамат өз балаларына дұрыс тәлім-тәрбие бере білуі керек, кіші кезінен бастап-ақ мейірімділікке, кішіпейілдікке үйрету қажет.
Халықты: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғында оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сол себепті баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірймділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттеріді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен қоршаған орта шешуші рөл атқарады.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүіспеншілік, қщғам игілігі үшін адал еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгерщіліктің өзге де формалары сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-катынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамдық-экономикалық құндылықтар жатыр.Баланың болашақта өз елін қадірлейтін,сүйетін азамат болуы,әлемдегі басқа да мемлекеттерге, ұлт пен нәсілдерге сыйластықпен, түсіністікпен қарауы ата-ананың тәрбйесіне, сонымен қатар қоршаған ортаға тікелей байланысты.
Рухани – адамгершілік тәрбисінде алдымен баланы тек жақсылыққа тәрбиелеп соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата – ананың да арманы орындалмақ. «Мен үщ қасиетімді мақтан тұтам», - депті Ақан сері. Олар: жалған айтпау, жақсылықты сатпау, ешкімнен ештенені қызғанбау. Бұл үш қасиет - әркімнің өз құдіреті. Осы құдіреттен айырылған адам бос кеуде, тірі өлікпен тең. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс - әрекетіне мақсат қоюға, оны орындауға тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.
Менің де ата-анам – адал еңбекпен күн кешкен, туған елін аялап өскен қарапайым жандар. Олардың күн сайынғы маңдай терімен атқарған еңбегін, өмірлерінің жалғасы ұл – қыздарына айтар әрбір ақыл - өсиетерін біз терең сезіммен қабыл аламыз. Әсіресе, әкемнің «Қызым, тек адал еңбек қана адамды биік мақсатыңа жеткізбек. Егер әр адам өзіне тапсырылған міндетін маңдай терімен адал атқара білсе, ол туған жерін, елін де құрмет тұтқаны» деген өздерін ешқашан ұмытпақ емеспін. Менің бұлай деуімнің мәнісі- қолы бос, істейтін жұмысы жоқ, жалқаулардың күн көру үшін зорлық пен қиянатқа бейім болатынын едім. Ең бастысы, дұрыс тәрбиесі бар азаматтар зорлықсыз, зомбылықсыз әлемді құрады және басқаларға да адами қасиеттерді үйрете алады деп ойлаймын.

...