Меніңше, адам әлсіз болғанда зұлым болады. Оның жеткілікті білімі болмауы мүмкін, бірақ білімі барларды көре алмайды, меннен артық болып кетеді деген қауіптен саналы және бейсаналы түрде адамдарға моральдік және физикалық зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан, адамдар саналы түрде келісіп, азаматтық қылмыстық кодекске осындай әрекеттер үшін статья қосқан болуы керек.
Бұндай жағдайлар көп, соның басты себебі меніңше адам өзінде жоқ жақсы қасиет, білім немесе дүние үшін (болып тұрса да өзін кем санап үйреніп қалған болса) басқаны көре алмай, әлбетте бұл фактті мойындағысы келмей зұлым әрекеттерге барады. Қарап отырсаңыз, зұлымдықтың артында эгоизм тұрған сияқты. Қазақта сөз бар: кең болса - кем болмайсың деген. Бұл әрине эгоизмді жақтамайтын аталы сөз.
Адам ойы, жүрегі таза, ниеті ақ, айналасы жақсы адамдарға толы болса, көрген тәрбиесі мен ортасы жақсылыққа толы бола, бұл адамға әрине жақсы әсер етеді.