0 дауыс
мен әлі онша көп қолданбадым, мерекейдің тущы. үш мыңға сатып алып, қалай лақтырамын оны. мененен басқа адам қолданбайды, тек өзім болғасын таусылыпта болмаиды.
Жанұя 02.01.2015 511 қаралым

2 жауап

+1 дауыс

Қатып қалған тушьті төмендегі 6  тәсілдің бірі арқылы сұйылта аласыз:

1. Алдымен компоненттерін оқып көріңіз. Ішінде парафин болса, сәл қайнаған суға салыңыз да, шығарып алып сілкіңіз. 

2. Бірнеше тамшы қайнаған су құйып көріңіз. 

3. Көздегі макияжды кетіруге арналған сұйықтықты тамызып көріңіз. 

4. Көз линзаларын сақтағанда пайдаланатын сұйықтықты тамызып көріңіз. 

5. Қара шай да тушьті сұйылта алады. 

6. Жай ғана су. Бірақ нәтижесі ұзаққа созылмайды. 

Тушьті сұйылту үшін пайдалануға болмайтын нәрселер:  спирт, әтір, өсімдік майы.  Тіпті түкірік арқылы жібіткісі келетіндер де бар. Есіңізде болсын!! Қатып қалған тушьқа қарағанда, сіздің көзіңіздің амандығы әлдеқайда маңызды!! 

 

02.01.2015
0 дауыс
image
Огуречный лосьонды iшiне құясың. Құйғанда какойта 1-2 тамшы құй немесе тасып сыртқа шығып кетедi. Сосын шайқап араластырып жаға бер...
02.01.2015
127,956Сұрақ
322,864Жауап
153,167Пікір
72,967Қолданушы