0 дауыс
6.9k көрілді
Экземаның алдын қалай алуға болады? Кандай жолдары бар айтшндаршы? Ол калай пайда болуы мумкин?

3 жауап

+1 дауыс
Экзема

 

Тері ауруына шалдыққан адамдардың 40%-да экзема кездеседі. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Мұнда тері ұдайы қышып, әрі дымқылданып, әрі қабыршақтанып, науқасты ыңғайсыз жағдайға тап қылады.
Бұл терінің әртүрлі  сыртқы және ішкі тітіркендіргіштердің ықпал етуінен пайда болатын аллергиялық   ауруға   жатады.   Экзема      көбіне жүйкенің қатты қажуынан, күйзелістен,   сондай-ақ асқазан-ішек жолының,  мысалы,  бауырдың, өт қалтасының патологиясынан    пайда болады, сондай-ақ   ішкі   секреция   бездері   жұмысының бұзылуы да ықпалын тигізеді.
Терінің сыртқы әртүрлі тітіркендіргіштерге, мысалы, кір жуғыш ұнтаққа, бояуға, қышқылдарға, сілтілерге сезімталдығы жоғары. Теріні сабын да, щеткалар да тітіркендіруі мүмкін. Бастапқыда тері қызарады және ісінеді, бірте-бірте теріде қабығы бар дымқыл ұсақ көпіршіктер пайда болады, содан кейін жарықтар, қабыршақтар түзіледі. Қабыну үдерістері әсіресе өндірісте немесе үйде әртүрлі химиялық заттарды қолданған кезде саусақтарда, алақанда, табанда, бәшпайларда, терінің т.б. кез келген жерінде пайда болады. Бұған сыртқы ауа температурасының күрт өзгеруінің де әсері бар. Экзема ұзаққа созылады, бірақ ол жұқпалы ауруға жатпайды. Ол тұқым қуалауы да мүмкін.
Ауру кез келген жаста, бірақ бала кезде жиірек пайда болады. Көбіне үш айлығынан бастап ауырады. Олардың терісі өте нәзік болғандықтан, сыртқы ортаның кез келген тітіркендіргіштеріне өте сезімтал. Сондықтан   экземадан сақтау үшін дәрігерден ұдайы кеңес альш, баланы қаратып отырған   жөн.   Сәбилердегі   экземаның   өзіндік ерекшеліктері бар. Әдетте, олардың бетінің ұшы, иек асты және маңдайы зақымданады.  Беттегі экзема дымқыл, бетінде қабығы болады және қатты қышытады.  Кейде эрозия бүкіл денеге жайылып, біртіндеп  бітеледі   де, қатты қабыршақ түзеді. Екінші рет қайталанған кезде ол іріңдеп, бастың, мойынның, құлақтың, тұла бойдың,    аяқ-қолдардың терісіне таралуы   мүмкін.   Ауру   бірде   жақсарып,   бірде нашарлай түседі.
Емшек    жасындағы    балалар    экземаға шалдығуы   салдарынан   көптеген    аллергиялық жағдайларға  тап   болады,   бірақ   ентікпе   сирек кездеседі.     Экзема     мен     ентікпе     қатарласа кездеспейді,   екеуі   алма-кезек   пайда     болады. Кейде бұл атопиялық дерматитке ұласуы мүмкін. Экземада организм аллергендерге аса сезімтал. Өйткені     бұл     дерт     организмнің     иммундық жүйесінің жұмысын    бұзады,    яғни оның түрлі ауруларға қарсылығын нашарлатады. Міне, осы тұқым қуалауға себін тигізуі мүмкін.
Экземалар   нағыз,   себореялы,   микробты және кәсіптік болып бөлінеді.
Нағыз экзема саусақтардың сыртына және бетке орнығады. Жедел ағымды кезеңінде ол көп болады. Қабынған көпіршіктерді ашқаннан кейіи серозды сұйықтық бөліп шығаратын ұсақ нүктелі эрозиялар түзіледі. Ауру теріні қатты қышытады. Ол көбіне екінші қайталанатын жұқпамен қоса қабаттасады.
Себореялы экзема бетке, бастың шашты бөлігіне, кеудеге, жауырын арасындағы бұрышқа орнығады, көбіне майлы себореясы барларда пайда болады. Алдымен сырты майлы қабыршақпен жабылған сарғыш-қызғылт түсті түйіндер түзіледі. Кейінірек әртүрлі мөлшердегі түйіндақтар пайда болып, олар ірі ошақ түзе бірігеді.
Микробтық экземалар жиегінде қатпарланған қабаты бар анық шектеулі формаға ие болады. Зақымданған аймақ пластинка қабыршақпен жабылады. Оларды алып тастаған кезде асты тұтастай дымқыл болады. Олар сираққа, саусақтарға және бастың шашты бөлігіне орнығады.
Кәсіптік экзема химиялық, физикалық немесе механикалық тітіркендіргіштерден зақымдану нәтижесінде пайда болады. Нағыз экземадан басты айырмашылығы - онда асқыну болмайды және тез жазылады.
Варикозды түрі де бар. Ол аяқтардағы көктамырлардың кеңейген жерлеріндегі теріде зат алмасудың бұзылуы нәтижесіне пайда болады.
Осыларды нақты айыра білу үшін тері дәрігеріне қаралу керек. Ол экземаның  сыртқы  белгілеріне  қарап,  сонымен қатар ас қорыту жүйесін, қандағы қант мөлшерін, ішек құрттарының бар-жоқтығын тексеруге және басқадай талдамалар жасауға жібереді. Осылардан кейін барып, оның экзема екендігіне анық көзі жетеді.
Экземаның емі күрделі. Экземаға арналған жан-жақты   әсері   бар  дәрілер   жоқ.   Сондықтан  да, алдымен,   аурудың туындау себебін анықтап алу керек, содан кейін организмді тұтастай емдеген жөн.  Алғашқы  жәрдем  ретінде     ішке  хлорлы кальцийдің   10%-дық   ерітіндісін   тамақтанудан соң   күніне 3 қасықтан   қабылдайды,   сондай-ақ  антигистаминді   препараттарды  да,  мысалы, димедрол, супрастин, тавегил, кларитин сияқты дәрілердің бірін тамақтанудан 30 минут бұрын 1 түймедағын қабылдауға болады.
Түнге қарай валериана (жарты құты суға 40 тамшы) немесе сасықшөп (пустырник)    тұндырмасын,    новопассит және басқа да тыныштандырғыш дәрілерді қабылдауға кеңес беріледі. Қызарғанда және жарылмайтын көпіршіктер болған жағдайда тальк, мырыш, крахмал опаларының бірін, индифферетті пастаны; қатты кабынған жағдайда салқындатқыш ерітінділер (корғасын суын) қолданады. Дымқылдығы кеткеннен кейін құрамында нафталин және концентрациясы 2-3% бор қышқылын қолдануды біртіндеп арттырады. Қатты қабыну реакциялары жоғалған кезде пастаға қара май, АСД қосады. Бұлардың мөлшерін біртіндеп 2%-дан 5-10%-ға дейін көбейтеді. Созылмалы экзема ошақтарын емдеуді жақпамайларға кортикостеродты майларды косып аяқтайды. Дымқылды сатысында дәріге батырылған дымқыл дәкені, мысалы, төрт қабаттап бүктелген дәкені тиісті ерітіндіге батырып, жақсылап сығып алады да, терінің зақымданған жеріне басады. Мұндай дәкені әрбір 10-15 минут сайын алмастырып отыру керек. Оның сыртына компреске арналған қағазды жабады. Дәке әрдайым салқын болуы тиіс. Дәке үшін бор қышқылының 2% ерітіндісін (100 мл суға бор қышқылының ұнтағын 2 г-нан салып ерітеді), салқын сұйық шайды қолданады.
Теріге Лассар және Дерматол жақпамайлары жақсы әсер етеді. Қабатталған дәкенің орнына тәулігіне 1 рет «Элоком» кремін жұқа етіп жағуға болады.
Науқастардың өзі, алдымен, теріні күтуге аса мән беру керек. Ыстық суды, сусабынды, сабынды аурудың жедел ағымды және баяу өрбитін түрлерінде пайдалануға болмайды. Суға түсе бермеуі керек. Су тым ыстық емес, жылы болуы тиіс. Мұндайда бұлаудан гөрі, себіл қабылдаған дұрыс.
Егер су тітіркендіретін болса, оған бор қышқылының және марганец қышқыл калийдің әлсіз ерітіндісінің аздаған мөлшерін қосса, оның зиянды әсері бәсеңдеуі мүмкін. Крахмал және итошаған қосылған бұлау қабылдау керек, бірақ жиі және ұзақ емес.
Экземаға шалдыққан науқасқа витаминдер, кондитерлік тәтті (ара балы, тосап, шоколад т.б.), ащы, қуырылған тағамдарды және спирт ішімдіктерін шектеуге тура келеді. Кір жуғыш ұнтақтар, тұрмыстық химия заттарын пайдалануға болмайды. Пайдаланған жағдайда қолға іші мақта матамен астарланған резеңке қолғап кию керек. Киілетін киім мақта матадан болғаны жөн. Жүн мата, жасанды талшықтардан жасалған маталар теріні тітіркендіре түседі.
Тері қышыса да, шыдамды болуға тырысқан дұрыс. Қасынған сайын ол ұлғая түседі. Әрі онда түрлі жұқпалар пайда болуы мүмкін.
Терінің қатты терлеуіне жол бермеу керек. Сондықтан тым жылы киінбеңіз. Жедел ағымды кезеңінде зақымданған жерді күн сәулесінен және жарықтан корғау керек. Ал жазылу кезеңінде, керісінше, күн сәулесі пайдалы.
Аллергия тудыратын косметикалық майларды, дәрілерді және гигиеналық жабдықтарды пайдалануды доғара тұру керек. Сонымен қатар экземаға шалдыккан адамдардың ұзағырақ ұйықтағаны пайдалы.

 

Тері дәрігері,  медицина ғылымының докторы, профессор Зейнел Батылханқызы Есенғараева

 

Дереккөзі: Денсаулық [Мәтін]: ғылыми-көпшілік журнал/ бас ред. Молдахмет Қаназ. – 2010 жыл, қыркүйек. – Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС. – 2010 жыл, қыркүйек.
+1 дауыс
Экзема ол аллергиялық ауру, алдын алу мүмкін емес. Тек сақтанып жүру керек. Көбіне тұрмыстық химиялық затардан (фейри) пайда болады. Фейридің құрамында ПАВ деген химиялық зат бар, сол көп болса майлы ыдысты тез кетіреді, Қазақшасы беткі белсенді зат деп атайтын шығар, сол белсенді зат (ПАВ) адамға өте зиян. Ыдысты сумен дұрыс шаймаса ол ыдыты келесі пайдаланғанда аспен бірге асқазанға түседі. Сол ПАВ қолдың жарылуына, тері арқылы тері асты шел қабатына өтіп аллергия тудырады, экзема пайда болады. Алдына алу, резиновый перчаткамен ыдысты жуу, фейри сияқты химиялық заттармен жуған сон жақсылап шаю.
–1 дауыс
Дайындалып аласың, экзамен болатын күні демаласың

Ұқсас сұрақтар

...