0 дауыс
12.2k көрілді
Экземаның(есекжем) халықтық емі қандай?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Дерматологқа көрінген дұрыс. Көріне алмаған жағдайда:

Экземаға арналған жан-жақты   әсері   бар  дәрілер   жоқ.   Сондықтан  да, алдымен,   аурудың туындау себебін анықтап алу керек, содан кейін организмді тұтастай емдеген жөн.  Алғашқы  жәрдем  ретінде     ішке  хлорлы кальцийдің   10%-дық   ерітіндісін   тамақтанудан соң   күніне 3 қасықтан   қабылдайды,   сондай-ақ  антигистаминді   препараттарды  да,  мысалы, димедрол, супрастин, тавегил, кларитин сияқты дәрілердің бірін тамақтанудан 30 минут бұрын 1 түймедағын қабылдауға болады.
Түнге қарай валериана (жарты құты суға 40 тамшы) немесе сасықшөп (пустырник)    тұндырмасын,    новопассит және басқа да тыныштандырғыш дәрілерді қабылдауға кеңес беріледі. Қызарғанда және жарылмайтын көпіршіктер болған жағдайда тальк, мырыш, крахмал опаларының бірін, индифферетті пастаны; қатты кабынған жағдайда салқындатқыш ерітінділер (корғасын суын) қолданады. Дымқылдығы кеткеннен кейін құрамында нафталин және концентрациясы 2-3% бор қышқылын қолдануды біртіндеп арттырады. Қатты қабыну реакциялары жоғалған кезде пастаға қара май, АСД қосады. Бұлардың мөлшерін біртіндеп 2%-дан 5-10%-ға дейін көбейтеді. Созылмалы экзема ошақтарын емдеуді жақпамайларға кортикостеродты майларды косып аяқтайды. Дымқылды сатысында дәріге батырылған дымқыл дәкені, мысалы, төрт қабаттап бүктелген дәкені тиісті ерітіндіге батырып, жақсылап сығып алады да, терінің зақымданған жеріне басады. Мұндай дәкені әрбір 10-15 минут сайын алмастырып отыру керек. Оның сыртына компреске арналған қағазды жабады. Дәке әрдайым салқын болуы тиіс. Дәке үшін бор қышқылының 2% ерітіндісін (100 мл суға бор қышқылының ұнтағын 2 г-нан салып ерітеді), салқын сұйық шайды қолданады.
Теріге Лассар және Дерматол жақпамайлары жақсы әсер етеді. Қабатталған дәкенің орнына тәулігіне 1 рет «Элоком» кремін жұқа етіп жағуға болады.
Науқастардың өзі, алдымен, теріні күтуге аса мән беру керек. Ыстық суды, сусабынды, сабынды аурудың жедел ағымды және баяу өрбитін түрлерінде пайдалануға болмайды. Суға түсе бермеуі керек. Су тым ыстық емес, жылы болуы тиіс. Мұндайда бұлаудан гөрі, себіл қабылдаған дұрыс.
Егер су тітіркендіретін болса, оған бор қышқылының және марганец қышқыл калийдің әлсіз ерітіндісінің аздаған мөлшерін қосса, оның зиянды әсері бәсеңдеуі мүмкін. Крахмал және итошаған қосылған бұлау қабылдау керек, бірақ жиі және ұзақ емес.
Экземаға шалдыққан науқасқа витаминдер, кондитерлік тәтті (ара балы, тосап, шоколад т.б.), ащы, қуырылған тағамдарды және спирт ішімдіктерін шектеуге тура келеді. Кір жуғыш ұнтақтар, тұрмыстық химия заттарын пайдалануға болмайды. Пайдаланған жағдайда қолға іші мақта матамен астарланған резеңке қолғап кию керек. Киілетін киім мақта матадан болғаны жөн. Жүн мата, жасанды талшықтардан жасалған маталар теріні тітіркендіре түседі.
Тері қышыса да, шыдамды болуға тырысқан дұрыс. Қасынған сайын ол ұлғая түседі. Әрі онда түрлі жұқпалар пайда болуы мүмкін.
Терінің қатты терлеуіне жол бермеу керек. Сондықтан тым жылы киінбеңіз. Жедел ағымды кезеңінде зақымданған жерді күн сәулесінен және жарықтан корғау керек. Ал жазылу кезеңінде, керісінше, күн сәулесі пайдалы.
Аллергия тудыратын косметикалық майларды, дәрілерді және гигиеналық жабдықтарды пайдалануды доғара тұру керек. Сонымен қатар экземаға шалдыккан адамдардың ұзағырақ ұйықтағаны пайдалы.
0 дауыс
Экзема-терінің жұқпайтын созылмалы ауруы. Бұл көбіне ағзадағы зат алмасу немесе жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы әсерінен пайда болатын бөртпе түрі. Кейде экзема жас балаларға да шығады.
  Егер бетке шыққан экзема жазылмаса, солидолды (техникалық жағар майдың бір түрі) жағып көріңіз. Солидол майы бірден-бір ем. Оны 2-3 қайтара жаққаннан кейін жазылып кетеді.
солидолды қалай қолданамыз,қай уақытта?күніне неше рет?
жұқалап жағыңыз  1
Белгісіз
0 дауыс
Экзема - аллергиялық дерматит қысқаша айтқанда, көбіне порошок, фейриден болып жатады. Емі хлорости кальция + натрий хлорид араластыруға да болады, если здоровье позволяет, можно и без натрия хлорида. Абайлап салу керек, тамырдан шығып кетсе күйдіріп жібереді.

Бастапқы кезде бірден супрастин, тавегил уколын қабылдамау керек, болмай бара жатырса таблетка супрастин 25 мг-дық дірісінің жартысын ішіп бастасын, ол әсерін азайтқанда 1 таблетка толық ішіп, Супрастиннен бұрын тавегилдің таблеткасынан баста, ол более жеңілдеу.
0 дауыс
менин астыма эгзема шыккан. тексерилдим эгзема болуы мумкин дейди. мен оны калай емдеймин кышынамын 5 жыл болып калды бармаган жеримжакпаган мазьым жок

Ұқсас сұрақтар

...