+2 дауыс
4.0k көрілді
Тiс курты неден пайда болады жане онын, алдын алу жолдары бар ма? Кариеске шалдыкпау ушiн кандай кен,естер бересiздер?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ең кең таралған ауру - кариес. 100 адамның 99-ы ол туралы жақсы біледі.Кариес – бұл тістің бұзылуы, ол тістің құрамындағы минералдық заттардың еруінен басталып, тістің қатты ұлпасының зақымдалуы мен тесіктердің пайда болуымен аяқталады. Кариес —өте көп таралған ауру. Балалар арасында ол созылмалы аурулардың тізімінде бірінші болып тұр..Кариестің алдын-алу ең алдымен дұрыс тамақтанудан, ауыз қуысының гигиеналық күтімінен, жүйелі түрде стоматологқа көрініп тұрудан басталады. Ауыз қуысын дұрыс күту үшін күніне екі рет 3-5 минут тісті тазалап  (таңғы астан соң және кешкі астан соң), ауыз шаятын құралдарды пайдалану керек. Сонымен қатар жылына 1-2 рет стоматологтың кәсіби тазарту қызметін алған жөн.Кариестің алдын алу үшін фтор қосылған тіс пастасын, фторландырылған суды (концентрациясы 1 мг/л) қолданған абзал.

...