+2 дауыс
Жауын құрты немесе шылаушынның пайдасы қандай?
10.01.2015 13.9k қаралым

4 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Пайдасы  Балық аулауда  балық түсу ықтималдығын жоғарылатады! Бақшада қара топырақты тіпті сазды да құнарландырады ол үшін басқа Флора бөлшектерімен араластырсан болғаны!
11.01.2015
+2 дауыс

Бақшаңызда жүрген жауын құртының пайдасы өте көп көрінеді. Ботаниктердің айтуынша, жауын құрты топырақты жұмсартып, құнарландырады. Ал жауын құрты бақшаңызда болмаса көбейтудің жолы бар екен.

Ол үшін бақшаңызда 50х50 шұңқыр қазыңыз. Шұңқырға белгілі мөлшерде кепкен жапырақ, қағаздың қиындыларын салып, бетіне 3-5 сантиметр топырақ төгіңіз. Топырақтың бетіне сұйық тамақ қалдықтарын құйыңыз да бірнеше жауын құртын жіберіңіз. Бірнеше күннен кейін бақшаңызда жауын құрты көбейіп, топырақ құнарлана түседі.

10.01.2015
0 дауыс
Топырақты құнарландырады, балық аулауға таптырмас жемтік.
10.01.2015
0 дауыс
Жауын құрты бақшадағы топыраққа араластырған малдың қиы, шіріген жапырақтар сияқты органикалық тыңайтқыштарды өңдеп, биогумусқа айналдырады.
11.01.2015
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы