20.12.2014ж кешкі 18:00-лар шамасында жолдасымды полиция қызметкерлері үйдің жанынан тротуар бойынан малдай суйреп бөлімшеге алып кетті, себебі ол сол күні ішімдік ішкен еді, уйге көршінің баласы келіп сіздің үйдегі ағаны полициялар алып бара жатыр дегесін, жүгіріп шыктым, барсам жолдасым жерде қар үстінде жатыр бес полиция қызметкерлері жабылып, машинаға сүйреп жүр екен, көршілер біршама адамдар жиналып қалыпты, әлгілер меніде итеріп, қолымды қайырып, жолдасымды малдай сүйреп машинаға салып алып кетті. Айтқандары: бөлімшеге келіңіз! -сол жерде маған түсіндіргендері қоғамдық жерде арақ ішті, бізге қарсылық көрсетті , менің сұрақ қояын дегенім- жәй өзімен арақ ішіп жүрген адамды салып алып кете берема? сол жерде хаттама толтыртып маған қол қойдырып алды .Ішінде Ақылбек деген полицей өте дөрекі адамды жұлқып, итеріп жіберді. Осы дұрыспа?