+2 дауыс
984 көрілді
20.12.2014ж кешкі 18:00-лар шамасында жолдасымды полиция қызметкерлері үйдің жанынан тротуар бойынан малдай суйреп бөлімшеге алып кетті, себебі ол сол күні ішімдік ішкен еді, уйге көршінің баласы келіп сіздің үйдегі ағаны полициялар алып бара жатыр дегесін, жүгіріп шыктым, барсам жолдасым жерде қар үстінде жатыр бес полиция қызметкерлері жабылып, машинаға сүйреп жүр екен, көршілер біршама адамдар жиналып қалыпты, әлгілер меніде итеріп, қолымды қайырып, жолдасымды малдай сүйреп машинаға салып алып кетті. Айтқандары: бөлімшеге келіңіз! -сол жерде маған түсіндіргендері қоғамдық жерде арақ ішті, бізге қарсылық көрсетті , менің сұрақ қояын дегенім- жәй өзімен арақ ішіп жүрген адамды салып алып кете берема? сол жерде хаттама толтыртып маған қол қойдырып алды .Ішінде Ақылбек деген полицей өте дөрекі адамды жұлқып, итеріп жіберді. Осы дұрыспа?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
336-бап. Алкогольдiк iшiмдiктердi iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде келу

 
336-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдiк iшiмдiктердi құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдiк iшiмдiктердi iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу, -

екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-1. Жасы он сегiзге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйiнде келуi, сондай-ақ олардың қоғамдық орындарда алкоголь iшiмдiктерiн iшуi –

ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде көзделген, алкогольдiк iшiмдiктердi iшкенi немесе қоғамдық орынға мас күйiнде келгенi үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның жасаған iс-әрекеттерi, -

он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 55-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес өздерiне қатысты әкiмшiлiк қамауға алу қолданылмайтын адамдар жасаған iс-әрекеттер –

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
0 дауыс
Қоғамдық жерде арақ ішуге, темекі тартуға болмайды.Бір жағынан полицейлердің де ісі дұрыс емес.
0 дауыс
Заңды жақсы бiлетiн қолданушылар бар едi ғой, неге үнсiз отыр?
0 дауыс
Қоғамдық орындарда, көшеде, есіктің алдында мас күйінде жүруге болмайды. Олай жүрген адамды полиция қызметкерлері масханаға апарып орналастырады (қамайды).
+1 дауыс
Арақ ішіп жүрген адамды салып алып кете алады.Себебі қоғамдық жерде арақ ішуге болмайтыны заңда қарастырылған.Ал полиция қызметкеріне келер болсақ  малдай суйреуге,жабылуға,сізді итеріп қолыңызды қайыруға олардың ешқандай хақы жоқ.Егер полиция сіздің жұбайыңызды ұстап алған болса өзін таныстырып қай бап бойынша неге ұстағанын барін түсіндіру керек.Cосын барып бөлімшеге алып кету керек.
0 дауыс
Менің екі танысым (Т. және Т. есімді азаматтар) қоғамдық орында ішімдік ішкендіктен, бөлімшеге апарған және әйелдерін шақыртқан қосымша түрде ішімдік ішкендердің жеке куәліктерін алдыртқан. Әйелдері келгесін, ішімдік ішкендердің куәліктерін алып қалып, 4000 теңгедей айыппұл салған. Айыппұлды төлеген соң ғана куәліктерін берген.. Демек, қоғамдық орында ешкімге тиіспесең де ішімдік ішуге болмайды екен.
...