0 дауыс
497 көрілді
Әннің текстін өзгертіп, оны өз дауысымызға жаздыру қаншалықты заңды? Авторлық құқыққа қайшы емес пе?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сахнага немесе тойға өз мәтініңізбен белгілі әуен айтып шығуға болады. Тек әуенге өзіңіз фонограмма жаздыртып, оны орындауға құқыңыз болу керек.  Халық танымалына ие болмасаңыз, мұндай әнді айтудың керегі жоқ болып калатынын ескерген дұрыс. Яғни бір-екі рет орындағаныңыз жеткілікті шығар? :)
0 дауыс

Авторлық құқық дегеніміз – ең алдымен бұл құқықтық термин. 

Біз оны авторлардың өздерінің әдеби және көркем туындыларына қатысты құқығын сипаттау үшін қолданамыз. Авторлық құқық туындының біршама түрін қамтиды: кітап, музыка, сурет, мүсіндік туынды, фильмнен бастап компьютерлік бағдарлама, мәліметтер базасы, жарнама, карталар мен техникалық сызбаларға дейін.

Авторлық құқық атауларға, ұрандарға немесе логотиптерге қолданылуы да, қолданылмауы да мүмкін. Бұл көбіне авторлық туынды деңгейіне байланысты. Мәселен, атау өте қарапайым болса, авторлық құқық қолданылмайды, ал егер автор ерекше атау немесе логотип ойлап тапса, онда ол белгілі құқықтармен қорғалуы мүмкін. Әдетте атаулар авторлық құқықпен қорғалмайды.

Авторлық құқық маған не береді?

Авторлық құқықтың екі түрі бар: мүліктік және мүліктік емес.

Мүліктік құқық туынды авторына өзге біреулер қолданған кезде қаржылық табыс алуға мүмкіндік береді.

Мүліктік емес құқық деп туындыға автор болуға және сол туындыға автордың беделіне нұқсан келтіретін өзгерістерді енгізуге қарсы тұруға мүмкіндік беретін құқықты атайды. Авторлық құқық туралы заңдардың көпшілігінде осы: автор не авторлық құқықты иеленуші туындыға өзгеріс енгізуге рұқсат етуге немесе керісінше рұқсат етпеуге құқылы деп көрсетіледі.

Туынды авторы рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы:

  • туындыны әртүрлі формада қолдануға, мәселен баспа түрінде немесе дыбыстық жазба түрінде;
  • туындыны көпшілік алдында орындауға, мәселен пьеса түрінде немесе музыкалық туынды ретінде;
  • туындыны жазуға («фиксация»), мәселен компакт-дискке немесе сандық бейнедискке;
  • туындыны эфир, радио, кабель немесе спутник арқылы таратуға;
  • туындыны өзге тілдерге аударуға;
  • туындыны өңдеуге, мәселен романды фильм сценарийі етіп өзгерту.Авторлық құқық қажет пе?
  • Берн конвенциясына сәйкес, авторлық құқық автоматты түрде беріледі. Ол үшін тіркеу немесе өзге де формалды әрекеттерді орындау қажет емес. Алайда, авторлық құқық жөніндегі кейбір ұлттық мекемелер туындылардың тіркелуін талап етеді. Бұл туындының авторлығына байланысты дауды оңай шешуге мүмкіндік береді.

                                       Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

...