0 дауыс
807 көрілді
тест жауаптарымен барма Нотариат панинен

2 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасындағы нотариат-құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге-де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқтары мен заңды мүдделнрін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

Заңмен белгіленген жағдайлармен шектерде натариаттық іс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:

  • мемлекеттік натариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотатиустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);
  • жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдар;
  • Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
  • Осы Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар;

Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.

Нотариаттық қызмет-нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы.

Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті басқа да адамдар натариаттық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нармативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті реттейтінхалықаралық шарттарды басшылыққа алады.

Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік береді.

Нотраиус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс -әрекеттерінің құпиясын сақтауға міндетті.

Натариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотаріус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жүргізілген заңды жеке тұлғаларға, не олардың уәкілетті адамдарына ғана бері леді.

Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар өздері жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша талап етуі бойыеша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әділет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға уәкілдік берілген нотаріат палаталарына бері леді.

Жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы мәліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.

Меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды нотаріус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей нотариусқа табыс етуге міндетті.

Өсиеттер туралы мәліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңдарға өзгеше белгіленсе, өсиет Беруні өлгеннен кейін ғана бері леді.

ҚР-ғы нотариат.

Жоғарғы заң білімі және әдетт заң мамандығы жөнінен кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, мемлекеттік немесе жеке натариус сынағынан өткен, Әділет білктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия бола алады.

Жекеше және мемлекеттк нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі асырған кездегі құқықтары, міндеттерітең болады. Олар ресімделген құжаттардың бірдей заң күші болады.

Осы баптың 1-тармағында көзделген лицензиясы жоқ адамдардың (осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2) және3) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) натариаттық іс-әрекеттер жасауы не нотаріат туралы заңдарының өзге де талаптардын бұзып жасауы және сол іс-әрекеттерден табыс табуы заңдарға сәйкес жауапты болуға әкеп соғады.

Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін.Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекші бола алады.

Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариусқа еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттік нотаріат кеңсесінің құрамында бола алады.

Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы.

Қазақстан Республикасының жоғарғы заң біліі бар азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустыардың сынақтан өту туралы шарт негізінде сынақтан өтеді.

Нотариустардың сынақтан өтушілердің сынақтан өтудің тәртібі, мерзімі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариустардың сынақтан өтушілері тулалы ережемен белгіленеді.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына Әділетбіліктілік алқасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген лицензия (нотаріус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік береді.

Нотариуслицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесін Әділет біліктілік алқасы, ал лицензияның берілу мерзімі мен тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.

Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін, бастр лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Нотариус лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі салық заңдарында белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізілімін жүргізеді және ведомствалық баспасөз органында нотариаттық қызмет пен айналысуға лицензия берілген адамдар туралы мәліметтер жариялайды, онда:

  • нотариустың тегі, аты әкесінің аты;
  • лицензия берілген күн мен оның нөмірі көрсетіледі.

Нотаріус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуға біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Толығырақ: baribar.kz/student/18378/notariat-tusinigi-notariat-qyzmetteri/

0 дауыс

Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл құқық пен фактілерді куәландыруға және заңмен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық әрекеттерді жасау жолымен жеке және заңды тұлғалардың заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғаудың заңмен бекітілген жүйесі. «Нотариат» термині латын сөзі «notarius», аударғанда жазу, хатшы деген мағананы береді. Біріншіден, нотариат даусыз құқықтар мен фактілерді куәландыру, құжаттарды, олардан алынған көшірмелерді куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңдық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басқа да нотариаттық әрекеттер жасау жүктелген органдар жүйесін көрсетеді. \r\n\r\nНотариат жүйесіне тек қана мемлекеттік нотариалдық конторалар мен жекеше нотариустар ғана емес, сонымен қатар нотариаттық әрекеттер жасау өкілеттілігі бар атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары кіреді; Қазақстан Республикасының консулдық ұйымдарының лауазымды тұлғалары басқа мемлекеттердің аумағында нотариаттық әрекеттер жасай алады; жекелеген нотариаттық әрекеттер жасау құқығы дәрігерлік бөлімнің бас дәрігері мен оның орынбасарына, аурухананың кезекші дәрігеріне, сонымен қатар қарттар мен мүгедектер үйінің директорлары мен бас дәрігерлеріне, әскери бөлімдердің, мекемелері мен әскери-оқу орындарының командирлеріне де берілген. Егер тұрғылықты жерде нотариус болмаса, онда нотариаттық әрекетті атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары жасай алады. Өзінің сипаты мен атқаратын функциясына байланысты нотариат мемелекеттік басқару органдарының қатарына жатады. Өйткені нотариаттық әрекеттер жасау тек белгілі бір билік өкілеттілігі бар органға жүктелген. \r\n\r\nНотариаттық қызметті реттейтін және бақылайтын мемлекеттің өкілетті органы Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі болып табылады. Екіншіден, бұл заң нормаларымен нотариаттық қызметті реттейтін заң саласы. Ең алдымен біздің елде нотариат қызметі нотариат туралы Негізгі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Нотариат реформасы мен нотариат туралы заңның мәні бойынша қазіргі экономикалық кеңістікте екі нотариус жұмыс істейді: бірі мемлекеттік конторада, екіншісі жеке конторада. Олардың арасындағы айырмашылық, біріншісі нотариаттық әрекет жасаудан алған төлемді толығымен мемлекетке береді де одан кепілденген еңбек ақысын алады. Ал екіншісі жеке тәжірибемен айналысып, төлемдерді өзінде қалтырады. Тек заңмен қарастырылған салықтар мен өзге де төлемдерді төлейді. Бүгінгі күні нотариат – мемлекет функцияларының бірін орындайтын және белгілі бір шығынсыз әрекет ететін жалғыз көпшілік-құқықтық институт. Нотариаттың алдында тұрған басты мақсат ол азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз ету. Мұндай міндет нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңынан туындайды. Ал осы мақсаттардың орындауын қамтамасыз ету үшіннотариаттық палата мен нотариустар заң талаптарын қатал орындауы керек, сонымен қатар біздің нотариат негізделген принциптердің орындалуын қамтамасыз етуі керек. Нотариаттың келесі міндеттерінің бірі превентивтік әділ сот. Заңдық бекітілген даусыз құқықтар сотқа жүгінуден қорғайды және жақтардың құқықтары мен қаражаттарын үнемедеумен қатар мемлекеттің сот жүйесіне кетіретін шығындарын да азайтады. Мысал ретінде туыстық қатынастардың болу фактісін бекіту арқылы нотариустардың соттардың үлесіндегі салмақты азайту мүмкіндігін жатқызуға болады. Бұл сұрақ мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде жиі туындайды және мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде мұрагерлердің мұраға қалдырушымен туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжаттардың болмау жағдайымен жиі қатар жүреді. Қазір бұндай жағдайда нотариус жақтарды сотқа жіберуге міндетті, ал сот нотариус жасаған сұраныстарды қайталайды да соңында туыстық қатынастарды дәлелдей алатын куәларды шақырады. Нотариаттың құқықтық табиғатын анықтайтын белгілердің қатарына юрисдикциялық және құқық қорғау функциясын жатқызуға болады. Нотариус бұл жүйедегі басты әрекеттегі тұлға ретінде, тұтынушының даусыз құқығы мен заңдық фактілерін растап қана қоймай, сонымен қатар нотариус азаматтрадың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқығы мен мүддесінің бұзылуына жол бермеуі керек. Нотариус куәландырған келісімдер мен басқа да заңдық фактілердің айғақтығы нотариаттың әрекеттерді жүргізу прцедурасының қатаң реттелген ережесімен қамтамасыз етіледі. Нотариаттық қызметтің негізгі принциптері: Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметін реттейтін нормалар заңның жеке саласын құрайды. Ол азаматтық, азаматтық іс жүргізу, отбасылық, тұрғын үй, халықаралық жеке құқық сияқты құқық салаларымен тығыз байланысты. Нотариаттың өкілеттігін құрайтын нотариаттық әрекеттер жасау кезінде тек қана нотариат туралы заң ғана емес, аталған құқық саласының көпшілігіне де жүгіну керек. Мысалы, заң немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік берген кезде нотариус азаматтық, отбасылық, тұрғын үй және жер туралы заңдарды басшылыққа ала отырып, оларға түсініктеме береді. Сондықтан аралас құқықтық қатынастарды жақсы білу нотариус қызметімен айналысатын тұлғалар үшін басты талап болып табылады.

...