0 дауыс
860 көрілді
Іскерлік туризм мен MICE индустриясындағы мәселелер жайында қандай салалық басылымдардан білуге болады?

1 жауап

0 дауыс

Шет мемлекеттерде іскерлік туризм мәселелері мерзімді түрде іскерлік туризм мен ұжымдық киенттер нарығында қызмет істейтін маман-практиктерге арналған кәсіби ақпараттық-сараптамалық басылымдарда (trade publications) жарық көріп тұрады. Қазіргі уақытта барлық елдерде дерлік ұжымдық сапарлар, интенсив-саяхаттар, көрмелік қызметтер, кәсіби білім беру, нормативтік актілер және т.б. жөнінде толық ақпарат тарататын басылымдар жеткілікті. Іскерлік туризмге мамандандырылған журналдар шығару – ондай туризм түрі даму үстіндегі елдердің басым көпшілігінің қалыпты өмір салтына айналды. ВТАА Ресей мен шет мемлекеттерде бұқаралық ақпарат құралдары мен салалық басыдымдарда іскерлік сапарларды ұйымдастыру, іскерлік шараларды, бизнес-білім беру және т.б. дайындау мен өткізу ерекшеліктеріне байланысты мақалалардың жазылуына аса үлкен мән береді. Әзірге Ресейде іскерлік туризм мен кездесулер индустриясы жөнінде үздіксіз жазатын (жылына 10 сан шығаратын) тек қана ресейлік жалғыз мерзімдік басылым бар, ол – «Турбизнес» АҚБ-ның ВТАА қолдауымен 2004 жылдың қарашасынан бері жарық көріп келе жатқан «Business Travel/Международный Деловой Туризм» журналы. Бұл журналда Ассоциация өз жеке айдарын шығарады – ВТАА хабаршысы, онда саланы дамытудың өзекті мәселелері мен қарқыны, салалық бірлестіктердің қызметі жайында ақпарат таратылады. Іскерлік туризм мәселелері, ВТАА-ның қазіргі қызметі жайында толық ақпаратты оның жаңартылған http://www.btaa.ru сайтынан біле аласыздар. Сондай-ақ Ресейде бірлескен ресейлік-германиялық «Events» журналы және ресейлік «Conference&Business Travel» журналы жарыққа шығады.

...