0 дауыс
982 көрілді
Құқық мәселесіне арналған салалық басылымдар?

1 жауап

0 дауыс

Сақшы– республикалық газет. 1933 ж. На страже – Сақшы алғашқы саны жарық көрген. 1935 жылға дейін Ішкі істер мин-нің органы ретінде Орынборда шығып тұрған. 1957 – 1960 ж. аралығында Казахстанская милиция болып аталды. 1990 жылдан На страже деген атпен орыс тіл«Сақшы-На страже» газеттерінің жарық көргеніне 2011 жылы 78 жыл толды. Басылым 1933 жылдан бастап орысша шығып тұрған. 50-жылдары газет «Казахстанская милиция» деген атпен аталды. 60-жылдардан бастап «Сақшы-На страже» деген атпен жарық көріп келеді. Ішкі істер министрлігінің төл газеті осы жылдар ішінде бірнеше мыңдық таралымы бар үлкен басылымға айналып, ішкі істер органдарындағы көптеген буындардың ажырамас көмекшісі бола білді. Алғашқы редакторлары С.Телешов, И.Ильченько, Г.Сармурзин газеттің басылымға айшықты жол салып берді.

«Заң және заман»-«Закон и время» -қазақжәнеорыстілдерінде ай сайын (алғашында екі айда бір рет) шығатынреспубликалыққоғамдық-саяси, ғылыми-құқықтық журнал. Алғашқы саны 1996 жылымамырайында жарық көрген. Құрылтайшысы -Қазақстан РеспубликасыныңБас прокуратурасы. Журналдың бастымақсаты- жұртшылықты еліміздегі құқықтық реформаның нәтижелерімен таныстырып отыру. Прокуратура органдарының кадағалау қызметі, сот билігі және тергеу, салық, кеден, тағы басқа. Құқық қорғау салалары жұмысына да ерекше мән беріледі. Адам құқығын, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселесі - журналдың басты тақырыбы. 2004 жылға дейінА5көлемде жарық көрсе кейінА4нұсқасына ауысты. 80 беттен тұрады, мұқабасы ішкі мұқаба жылтырақ қағазда. Журнал 1996 жылдан бастапАлматықаласында шықты, 2009 жылдың желтоқсан айынан бастапАстанақаласына көшірілді. Таралымы – 3200 -5000 дана. Журналдың бас редакторлары: 1996-2004 жылдарыСамат Бектенұлы Ибраим, 2004-2009 жылдарыШолпан Арапбайқызы Забих, 2010 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейінЖанат Қабылдаұлы Қалықов.

Заң Газеті–қазақ тіліндегіреспубликалық апталық газет. Алғашқы саны 1994 жылы 3 қарашада жарық көрді. Тұңғыш редакторы –М.Тоқашбаев. ГазеттеҚазақстан Республикасы ПрезидентініңЖарлықтары мен өкімдері, халыққаЖолдаулары,Қазақстан Парламентіқабылдаған заңдар,Үкіметқаулылары жарияланады.[1]Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтар мен өзекті мәселелер туралы мақалалары арқылы газет жұртшылықты құқықтық реформаның жүргізілу барысымен таныстырып келеді. Көлемі 4 баспа табақ. Таралымы 17000 дана.

Айғақ– республикалық газет, 1996 жылдан шығады. Республиканың барлық облыстарына тарайды. Газет жанынан «Айғақ – Оңтүстік», «Айғақ-ТВ», «Айғақ – Махаббат», «Айғақ – 18 мың ғалам» сияқты басылымдар жарық көріп келеді. Басылымның басшысыДулат Назарбекұлы ӘбішҚР Президенті жанындағы Бұқаралық ақпарат-құралдары жөніндегі кеңестің, Қазақстан Журналистер Конгресі атқару комитетінің мүшесі, «Медиа-Юг» қорының президенті, Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті.Басылымды дамыту стратегиясын дұрыс таңдау, редакция ұжымының кәсіби шеберліктері, материалдардың тәуелсіз және объективті сипатта жариялануы, Қазақстанда демократияның даму принциптерін ұстануы – «Айғақ» газетінің ақпарат тарату кеңістігіндегі орнын белгілеп, демократиялық бағыттағы басылымдардың біріне айналуына мүмкіндік туғызды. Газет Қазақстан Журналистер ОдағыныңСаттар Ерубаев,Тұрар Рысқұловатындағы сыйлықтарының, Қазақстан Журналистер Академиясының«Алтын Жұлдыз»сыйлығының лауреаты. Ал газет басшысы Қазақстан Республикасының 10 жылдығына байланысты ПрезидентН.Назарбаевтыңарнайы алғыс хатымен марапатталған. Газет журналистері жыл сайын өткізілетін Еуразиялық Медиа-форум, Қазақстан Журналистер Конгресінің, сонымен қатар, ОБСЕ, «Интерньюс», «Әділ сөз» сияқты мемлекеттік емес ұйымдардың түрлі семинар-тренингтеріне қатысып тұрады.Газет редакциясының өз баспаханасы бар, Ұлттық баспасөз клубы жұмыс істейді. Газет редакциясыШымкент қаласындаорналасқан.

«Егемен Қазақстан»—Қазақстан Республикасындажарыққа шығатын мемлекеттік ресми баспасөз құралы. Басылым негізінен ресми ақпаратты, жаңадан қабылданған құқықтық актілерді және басқа да ресми ақпаратты жариялайды. Газет1919 жылдың17 желтоқсанынанбастап аптасына 5 рет шығарылады. Алғашқы атауы "Ұшқын" болатын.

«Егемен Қазақстанның» алғашқы саны1919жылдың аяғындаОрынбордажарыққа шықты. Содан бері ұжымдастыру кезеңі де, сталиндік қуғын-сүргін кезеңі де, соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі қиын кезең де газеттің тұрақты түрде жариялануына кедергі бола алмады. Тек атауы ғана «Ұшқын», одан кейін «Еңбек Туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» және соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.

...