+2 дауыс
1.1k көрілді
Шаңырақ көтеріп, бақытты жұп болу үшін шынымен махаббаттың керегі жоқ па? Өмірлік серік болатын адамның текті жерден шыққаны, оқығаны, табысқа жеткені әлдеқайда маңызды ма? (Өткенде бір қолданушының сұрағына жазған жауаптарды оқып отырып осындай сұрақ туындады.) Шынайы сезім болмаса, жұбайлардың отбасын сақтап қалуы мүмкін бе? Өзің сүймейтін адамға үйленсең де/ тұрмысқа шықсаң да бақытты болу мүмкін болғаны ма?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Шаңырақ көтеріп , үй болғалы жатқан жастар арасында махаббат болуы керек. Дегенмен , көзсіз ғашық болуға болмайды. Адам өз болашағын , балаларының болашағын , отбасының болашағын ойлауы қажет.  Жігіт өз жағдайын жасап , ата-анасына ауыртпалық түсірмейтін жағдайға жеткеннен кейін ғана , асықпай  үйленуі қажет. Қыздар болса , тұрмысқа шығар алдында жігіттің жағдайына қараулары керек деп ойлаймын. Әрине , бұл ана жігіттің машинасы бар екен немесе үйі үлкен екен деп залым ойлармен тұрмысқа шығу керек деген сөз емес.  Үй-күйі жоқ адамға тұрмысқа шығып , үйде жейтін нан болмай отырған кезде адам бақытты болады деп ойламаймын. Сонымен қатар қыздар да өз жағдайларын жасауға тиіс. Сондықтан үйленер алдында материалдық жағдайларына да мән берген дұрыс. Тек қана бұл айтылғандар емес , жігіт пен қыздың арасында сыйластық , сенім болуы қажет. Жай ғана махаббатпен отбасы құру қиын. Қандай жағдай болмасын бір біріне түсіністікпен қарап , сүйеніш бола білулері керек. Кім білер, кейін бірте - бірте бауыр басып, сезім де пайда болар. Бір сөзбен айтқанда ,  махаббат болмаса да , бақытты отбасын құру мүмкін деген ойдамын. (:

+1 дауыс
ең бастысы сыйластық. Махаббат содан кейін болады
+1 дауыс
осы баяғыда атастырып-ақ ата-аналары құда түсіп-ақ , жігіт пен қыз бір-бірін онша білмей жатып-ақ үйлендірген ғой. Кейде сөйтіп үйлендіретін заман болса ғой деп аңсаймын. Сондай некемен қаншама уақыт тұрған, ұрпақ өрбіткен.
+1 дауыс
Ия текті жерден шыққаны, оқығаны, табысқа жеткені әлдеқайда маңызды, сұлулығына айран құйып iшесiң ба. Тағы да айтам махаббат қарын тойғызбайды, менiң қарным ашқанда көзiме Дженнифер Лопесте көрiнбейдi...

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
4 жауап
...