+1 дауыс
Жақсы әйел күйеуін бақытты етеді,  жаман әйел философ етеді деген пікір де шындық барма ?
22.05.2015 1.3k қаралым

1 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Өмір бойы ақиқат пен шындықты іздеген Сократтың сөзі ғой, шындық бар болар)) Әйелі өзі айтатын сөзін ғана айтып алып, күйеуінің сөзіне құлақ аспайтын біреу болса, күйеуінің "философ" болып кетуі де ғажап емес. Өмір жайлы терең ойланып-толғану - жалғызсырағанда, өзіңді ешкім түсінбегенде жиілеп кетеді емес пе?! Ондай әйелден сақтасын)) 

Салыстырып қарасаңыз, күйеуі жаман әйел философ бола алмайтын сияқты: төркініне барып жылап алады, құрбысына сырын айтады, долданып айқайлай алады, дүкен аралап шерін тарқатады, т.б. Ер адамдар дауыс көтеріп салғыласса "қатын сияқты" дейді, жыласа "еркектер жылаламайды" деген қоғамның жазылмаған заңын алға тартады. Мен осыны түсінбеймін... Ер адамда жүрек жоқ па, ер адам стресс алмай ма... Содан кейін ғой, әйелі жаман болса, не "философқа" айналады , не жүрек ауру болады, немесе бөтелкемен сырласып кетеді((( 

22.05.2015
Дурыс айтасыз ер адамды тусину ушин ер адам болып туылу керек.
Философ Қазіргі заманда болмайтын шығар  ажрасып кету оңай ғой !!!
127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,977Қолданушы