+1 дауыс
1.4k көрілді
Көлікті сақтандыру міндетті болып табылады ма?

2 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446-ІІ Заңының 6-бабына сәйкес:
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетінің орындалуына мемлекеттік бақылауды ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелері көлік құралдарын тіркеу және жол жүрісі ережелерінің сақталуын бақылау саласындағы өзінің өзге де өкілеттіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру кезінде жүзеге асырады.
3. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.

0 дауыс
Қарапайым сөзбен айтсам көлікпен жүріп жүрсең міндетті түрде сақтандыруың керек, бірінші қандайда бір жағадай болып соғып алғанда керек болады, екіншіден ГАЙ тоқтатып тексеріп қалса штраф салмас үшін, және сол көлікті бір неше адам мінетін болса сақтандырар кезде өзіңмен бірге солардың атына да қосып сақтандырасың міндетті түрде.
...