0 дауыс
463 көрілді
Азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін сатып алған кезде көлік құралдары иелеріне ұсынылатын қандай да бір жеңілдіктер жүйесі бар ма?

2 жауап

0 дауыс
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде, Сақтандыру компаниясы мен Клиент арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңымен реттеледі. Заңда жеңілдіктер алу шарттары анық көрсетілген.
Заң ережелеріне сәйкес көлік құралдарының иелері – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ы және ЫЫ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер стандартты шартты жасасқан кезде осы Заңның19-бабына сәйкес есептелген, төленуге тиісті сақтандыру сыйлықақысының 50 пайыз мөлшеріндегі сақтандыру сыйлықақысын төлейді.
Егер көлік құралын осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мұндай жеңілдік берілмей жүзеге асырылады.
0 дауыс
Автокөлік өз атымда Сактандыру полисі болмаса маи кызметкері айыпұл салама
...