+2 дауыс
1.9k көрілді
Интернет адам миын улайдыма яғни адамды суицидке шалдықтырадыма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ақпараттық қоғамда интернеттің пайдалы жақтарымен қатар, жағымсыз әсері де жетерлік. Соның бірі психикалық ықпалы. Шектен тыс ғаламторды пайдалану, оған иек сүйеп алу, адамды өз ортасынан алыстатуы мүмкін. Бұл адамды қоғамға араласқаннан гөрі онлайн әлемде болуды қалауына әкеледі. Ақырында социофобияның белгілері байқалуы, адамның өзін қоғамнан оқшау қалғандай сезінуі, ауыр депрессияға түсуі, соның нәтижесінде өзіне қол жұмсауы да мүмкін. Бірақ интернет міндетті түрде суицидке апарады деген сөз емес. Қажетіне қарай пайдаланып, саналы түрде шешім қабылдаса интернеттің жағымсыз әсерінен арылуға болады деп ойлаймын.
+1 дауыс
Суицидке түрлі жагдайлар себеп болады.Мысалы:үйдегі ұрыс керіс н/м казіргі жағдайда жігіті тастап кету секілді себептер болады. Оған ғаламтордың кінәсі жок менің ойымша.
...