1 жауап

–1 –1 дауыс
Өз басым бұл жаңалықтың шын өтірігін білмеймін, дегенмен баланың өз өзін өлтіруге дейін жетуіне ешқандай да ҰБТ-ны кінәлауға болмайды дер едім.
Біріншіден, оқыған бала - өзінің тиісті бағасын алады, оқымай, тамыр-таныстықпен, жасыл қағазбен дос болсам өтем деп ойлайтындардың да күші өмірлік емес, елді алдағанымен, өзін алдай алмайды.
Екіншіден, жарайды, келісейік, ҰБТ сынақ, оқушы тек мектеп бітіруге сынақ тапсырмайды, болашаққа сынақ тапсырады, осы кезде ата-анасы қамқор болып, оқушыны шыдамға шақырып, төзімді, сабырлы қылып тәрбиелеуі керек, көбіне бұл жерде ата-аналар артынан оқушының білімінің аздығына назар аудармай, мұғалімдерді де кінәлап жатады. Бірақ, баламның жағдайын жасайын деп, қолынан қақпай, сұрағанын алып беріп үйреткен ата-ана баласының әр уақытын қалт жібермей қадағалайтынына сенімді емеспіз ғой.
Үшіншіден, ҰБт-ны енгізген жоғарыдағы аға-апаларымыз да кіналі емес, тек тест нәтижесі бойынша мектеп бітіру аттестатын берумен келіспеймін.
Жасөспірімдер арасында қазірде суицидтің бел алуы - өте өкінішті. Тым еркелетіп, бетінен қақпай үйренген бала сәл қиындық болса, сынғыш келеді, адамның иманы мықты болуы керек қой, шыдамды болуы керек. Тест тапсыра алмады деген сөзден намыстанып, басқа бағыт (қол жұмсау) таңдап жатқан жастар тек өз бастарын ғана ойлап, туған-туыс, ата-анасына салқындық танытар өзімшілдікке жол бермеуі керек. Пікірімде қатты айтылған ойлар болса, түсінулеріңізді, қабылдауларыңызды өтінем. Сайтта мектеп жасындағы оқушылар бар, оқысын, мына жерде мына апай былай жазыпты деп сынай жөнелмей, өз-өзімізді сабырлылыққа, білімділікке үйретейік!!!

Ұқсас сұрақтар

0 0 дауыс
0 0 жауап
Аноним 29.01.2024 сұрады
Жауабын кiм бiледi екен.Жұмбақ.Бір жігіт қызына ұрланып барыпты. Оны көрген қыздың шешесі жігітке бір затты лақтырып қалыпты. Ол лақтырған заттың атауы бес əріптен тұр...
1 1 дауыс
1 1 жауап
НҰР_БАЛҒАБЕК 21.01.2013 сұрады
Кеше Мәскеуде қылмыс әлемінің серкесі Хасан ата жерленді. Марқұмның денесін туған жері Грузия қабылдамай койыпты. Жетпіс бес жастағы қарияға бұдан бұрын да бірнеше рет...
2 2 дауыс
4 answers 4 жауап
Уня2002 28.10.2012 сұрады
Зульфия Чиншанло және Майя Манеза кытай еліне туыстарынына барыпты.Майя қайтып ,Зульфия сол елде қалып калған көрінеді.Қытай елінің жазушысы Зульфияны қытай азаматты...
0 0 дауыс
5 5 жауап
Akbope 10.04.2016 сұрады
Бас прокуратураның деректеріне сенсек, жыл сайын елімізде шамамен 2,5 мың адам жол апатында мерт болса, 3,7 мың адам өзіне өзі қол жұмсап, бақилық болған.Адам өмірін қ...
2 2 дауыс
2 answers 2 жауап
Abilai.96.xann 5.12.2014 сұрады
Интернет адам миын улайдыма яғни адамды суицидке шалдықтырадыма?
0 0 дауыс
1 answers 1 жауап
І♥СЖС 2.05.2012 сұрады
Музыка арқылы адамды суицидке итермелеуге болады? Осы туралы толығырақ ақпарат бар ма?