0 дауыс
1.1k көрілді
Бас прокуратураның деректеріне сенсек, жыл сайын елімізде шамамен 2,5 мың адам жол апатында мерт болса, 3,7 мың адам өзіне өзі қол жұмсап, бақилық болған.

Адам өмірін қиятын жол апаты көбінесе оңтүстік аймақтарда орын алса, суицидтер - солтүстік аймақтарда кең тараған сияқты.

5 жауап

0 дауыс
ҚР 2015 жылғы суицидке бару көрсеткіші бойынша әлемде 1-ші орынды еншіледі.

Тіркелген факттер бойынша, ерлер тарапы көп жағдайда асылу арқылы өмірімен қош айтысса, әйел адамдар дәрі ішу арқылы жиі суицидке барады екен.

.Балалар арсындағы суицид

Әлемдегі балалар суицидінің ең басты үш себебі мыналар: баянсыз махаббат, ата-анасымен ұрыс, болашақ үшін қорқыныш. Соның ішінде, жасөспірімдер арасындағы қол жұмсау әрекеттері Қазақстанда ең басты мәселе болып отыр.

Елімізде ең көп тіркелген суицидке бару, 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында болған.

Жастар не үшін өзіне қол жұмсайды:

- мектептегі мазақ қылу;

- өмірдің мәні болмауы немесе жоғалуы;

- әлеуметтік қатынастардың құлдырауы;

- кәмелетке толмағандарға теледидардан зорлық-өомбылық сценаларының көрсетіле беруі.
+1 дауыс
Діннің қоғамдағы рөлінің әлсіздігінен болып жатыр,егер статистикаға жүгінсек суицид кең таралған аймақтар:Ресей,Батыс Еуропа,АҚШ және Қытай сияқты аймақтар екен,ал араб елдерінде,Иранда және Пәкістан сияқты елдерде ең төменгі деңгейде екен.
–1 дауыс
Жастармен түсүнікті. Ал үлкендер- 40-тан асқан ер азаматтар неге өмірін қияды?
0 дауыс
Мәселе мынадай, "екі ортада қалу" деген нәрсе бар. Білесіздер қазақтар негізінен қаны жаны мұсылман адамдар. Діні Иманы әлсіз болып тұрған жайлары бар. Егер діндегі білімдері жоғары болса, ондай жаман нәрселер болмас еді. Жақсы адамның ішінде жаман нәрсе тұрмайды, жаны таза адамның ішіне бір бөтен зиян нәрсе кіріп кетсе, ол сезеді "кері әсер" (побочка) міндетті түрде болады. Не істерін білмегендіктен осындай қылықтарға барады. Жаны таза адамдарға күнәлар кері әсерін міндетті түрде береді. Жаны қысылады. Ал жаны лас адамдарға ешқандай әсері тимейді. Жаман бейнематериалдар( сурет, видео, теледидар) ішімдік, жаман орта, некесіз қатынастар (жастардың маxаббат деп сайрап жүргендері) ,құмар ойындар,кредит, жалпы xарам болған нәрселердің бәрі.
0 дауыс
Адам суицидке қандай да бір "сүйеніші" болмағандықтан баратын сияқты.

1. Рухани сүйеніш. Діннің көлеңкелі тұстары көп болмағанымен, халқының 90 пайыздан астамы белгілі бір діннің өкілдері болып табылатын елдер, мысалы, араб елдері, Үнді-Қытай түбегіндегі елдерінде статистика бойынша суицид көрсеткіші аса төмен. Бұл елдерде дін еркіндігі болмағанымен, адамдар дін арқылы қиындықтардан шығатын жол табады немесе тағдырына бойұсынады.

2. Психикалық сүйеніш. Меніңше, бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қоғамның экономикалық дамуы аса маңызды рөл атқарады. Көбінесе дамыған елдерде жеке адамның бостандығын, таңдауын жоғары қояды. Бұл әрине жақсы нәрсе. Алайда бұл жеке тұлғаның қоғамнан сырттап қалуына әкелуі де әбден мүмкін. Жалпақ тілмен айтатын болсақ, біреудің ісіне біреу араласпайды. Урбанизация адамдардың жалғызсырауына себепші болады. Мұндай қоғамдық қарапайым отбасылық қатынастар да ойдағыдай қалыптаспайды. Адамдар өз жақындарынан сүйеніш, жұбаныш таба алмайды.

3. Саяси  сүйеніш. Мұндағы маңызды нәрсе - идеология. Адамның санасына қандай да бір идеологияны (мейлі жақсы болсын, жаман болсын ) сіңіріп таста, ол ештеңеден үрейленбейді, ештеңе алаңдамайды. Өмір бойы сол иделогияны ақиқат деп сеніп өтетін болады. Бұл адамның адам ретінде дамуына, қоғамға аса зиянды құбылыс болғанымен, аса берік сүйеніш бола алады. Мысалы, фашистік Германия, бұрынғы КСРО, Қытай, Солтүстік Корея сияқты елдерді жатқызуға болады. Аталған елдердің де суицид деңгейі төмен дәрежеде. (Бірақ адамдар сол идеологияның құрбаны болып өліп жатады)
...