+9 дауыс
559 көрілді

Құрметті сайттың қолданушылары.

Сайтымызда шынымен де өте белсенді қолданушылар бар. Қарап отырып белсенділіктеріне қатты қызығамын. Сіздерге үлкен алғыс. Сайтты қызық қылу мақсатында сайттағы айдың үздік 3 қолданушысына қаржылай сыйлық қарастырсам қалай болады екен?

Ойлап қарасам бір жылда 12 ай бар.

Әр ай сайын:

1 орынға - 15 мың теңге.

2 орынға - 10 мың теңге.

3 орынға - 5 мың теңге.

Жалпы айына 30 мың теңге кетеді. Оны 12 айға көбейтсек 360 000 теңгені құрайды екен. Яғни егер осы айдың соңына қарсы қаражаттарымды толықтай алып болатын болсам, бір жылға 360 000 мың теңгені Сұрақ-Жауаптың бюджетіне құя аламын. Ол қаражат әр ай сайын сайттың белсендісін анықтап, Qiwi немесе байланыс операторына бірлік ретінде, болмаса карточкасына қаржы ретінде жібере аламын. Егер бәрі дұрыс болып жатса, келесі жылдың қаңтар айынан бастап кетуге болады. Егер алып қосар ойларыңыз болса, талқылап көрейік.

Қосымша тұрақты деп айта алмаймын, бірақ шын белсенділер болса қалған 4 және 5 орындағы белсенді қолданушыларға  ар-арасында қосымша қаржылай сыйлық бере аламын. Мүмкін ол 500-1000 мың ұялы телефонына бірлік болуы мүмкін.

Өзің жюри боласың ба онда? )))

12 жауап

0 дауыс
Жақсы болар еді Админ мырза.Бірақ барлығы өз қолыңызда.
+2 дауыс
Иә, Ереке, ойыңыз дұрыс екен. Бірақ, үздік үштікті және белсенділікті басқаша анықтау керек сияқты. Көп қолданушылар үздік үштікке кіру үшін өтірік жауап береді, ешкімге пайдасыз сұрақтар қояды, керек болса өз-өзіне ЖЖ таңдайды. Қазіргі үздіктердің арасындағы мтз-80, Ерасыл1995, Елтай Ахметов, Демо, www-123 деген сияқтылар, мәнсіз-мағынасыз, сауатсыз, қатемен жазылған сұрақ-жауаптарымен үздіктердің арасына қосылып отыр. Сол себепті де үздіктерді анықтауда жаңа ереже, жаңа жүйе енгізу керек сияқты. Бұл тек менің ойым ғана..
Ол кезде тәртіп сәл өзгеше болады. Мен өзім мейлінше тұрақты сайтты қадағалап, ережені бұзған қолданушыны шеттеп отырамын.
+5 дауыс
Жақсы бастама! Менің ойымша, ай сайын үздік бестікті анықтап, оларға телефондарына бірлік салып отырған дұрыс сияқты. Мысалы, 1 орынға 2000 бірлік........ 5 орынға 500 бірлік, осы аралықта деген сияқты. Менің ұсынысым осы :)
Қазір ойластырып жатырмын. Үздік бестік болғаны да дұрыс.
1-3 орынға жоғарыда аталған сыйлықтар қалып, 4 орынға 1000 бірлік, 5 орынға 500 бірлік беретін шығармыз. Сол кезде жалпы бас аяғы 5 айдың үздіктерін анықтайтын боламыз.
Жақсы вариант ) Номинациялардың көп болғаны жақсы :)
0 дауыс
Белсенді болып жүріп единицаға қарық болуға болады десей) Әрине жақсы идея))
+1 дауыс
Балл үшін қырғын болып жүргенде енді 15 мың теңге үшін ай сайын қырғын соғыс басталады десей ))

жақсы бастама екен тек ғұмыры ұзақ болсын, енді сайтқа нағыз мамандарды тартсын әумин!
+1 дауыс
Охо джақсы, джақсы! Мұрат вирус-тың, Злой-дың интернет ақшасы, единцасы шығып тұратын болыпты ғой! Құтты болсын!
+1 дауыс
Жақысы ұсыныс

Онда Сендер бір-бірлеріңмен жарысатын шығарсыңдар!
+2 дауыс
:) Қызық болайын деп тұр екен. Бірақ балл бойынша анықтаған дұрыс бола қоймас. Сайттың су құрамы артып кетпейме?
+2 дауыс
Админ ойыңызда дұрыс шығар.Бірақта бұндай көп ақша сізге ауырлық етеді, бірінші орынға 5 000 теңгеде жарайды.Ал манағы сіз ұсынған ақшаның бұл жартысы, ал қалған жартысын сайттың өркендеп, бұдан да жақсы нәтижеге жұмсасаңыз қалай болады?
Енді осы арқылы сайтты жандандырып өркендеуге жұмсап отырғой!
+1 дауыс

Керемет идея! Енді барынша белсендірек болуға тырысатын боламын !

Ақша үшін бе?!
босқа жазғанша ақша үшін болады ғой
Онда сәтілік..!!! Үздік үштіктен көріне бер.
+4 дауыс
Мен қатысудан бас тартамын) 15 000 теңге үшін соғысты сырттай бақылайын оданда..
Спектатор болып па? :))
+1 дауыс
Демек, гуглмен яндекс жақсы табыс түсіргенғой.

Жақсы бастама, сайттың хосты көбейеді.

Бірақ, бір өкінерлік жағдай: Сайт алғашқы ашылған кездегі миссиясынан өзгеріп кеткен.

Қазір сайтта басым көпшілігі мектеп оқушылары. Білмегенімді сұрай қояйын десем, нақты жауап ала алмайсың.

Арнайы әр-саланың маманын тартып, ақшаны соларға төлеген тиімдірек болама деймін.

Мысалы; Денсаулық саласы бойынша, бір жақсы білетін, орта жас шамасындағы адам - денсаулық санатында қойылған сұрақтарға жауап беріп тұрса.

Мен қаржы, банк, цифрлық техника сұрақтарына жауап беріп отыра алам.

Сео бойынша өзің

php, css бойынша Абылай

Сайт жасау саласына көп сұрақтар қойылады, Тимур Бектұр, Нұрлан Жанай, Нұржол Табиғат, Аршат Ораз, Майкл деген сияқты тұлғалар нақты жауап беріп отырса.

Сонда ғана бұл сайт құнды сайтқа айналар еді.

Мектеп оқушылары ақша үшін жарысып, бұл сайтты керексіз дүниеге айналдырмасына кім кепіл.
Дұрыс пікір Нұрберген. Сен айтып жатқан Мамандар мәселесін шешу жолын таптым. Алдағы уақытта қарастырамын. Бір шетінен сайт қолданушыларының белсенділіктерін артыру үшін осындай да жолдарды эксперименттеп көру керек.
Қаңтар айының 10-дарына қарсытолыққанды осы мәселе бойынша іске кірісемін.
иә солайда дұрыс болады... әр бір адам өз қабілетіне қарай жауап берсе екен
...