+7 дауыс
956 көрілді

Жалынды салем!

Сұрақ-Жауап сайттың қолданушылары осыдан 1 ай бұрын жариялағанымдай эксперименталды түрде әр айдың белсенді қолданушыларын марапаттау туралы ұсыныс айтып, сайысты бастап кеткен болатынбыз. Бұл сайыс өте жақсы нәтиже беріп мен ойлаған үмітті ақтап жатыр. Мен де өз уәдемде тұрып, қаңтар айының белсенді қолданушыларын анықтап қаржылай сыйлықты табыстауға ниеттімін.

Сайыс туралы толық ережені мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Алдын айтып өткенімдей Әр айдың белсендісі қолданушылары көрсеткішіне баса назар аударамын, бірақ адами факторды өзім есептеп, нақты шешімді қабылдауды өзімге қалдырған болатынмын. Блог жазу, жақсы жауаптарының саны т.б. факторлар ескеріледі.

Осы орайда Ако мен Злойдың белсенділігін ерекше атап кетсем қарсы болмассыздар деп ойлаймын.

Барлық 20-лыққа енген қолданушылар өте белсенділік танытты. Сіздерге үлкен алғыс, бірақ ережеге сайт негізгі 5 қолданушыны анықтауым керек. Сондықтан сіздерге осы айдың белсенді 5 қолданушысын төмендегідей жариялап отырмын.

1 орын: ako_O

2 орын: Злой

3 орын: Жұбатхан (Шиелі) (Блогын белсенді жүргізіп, пайдалы сұрақтар қойғаны үшін 3 орында)

4 орын: Shingis_khan

5 орын: Чичарито

Барлық қолданушыларды алғашқы жеңісімен құттықтаймын! Сыйлық қаражатты осы алдағы 1-2 күнде Банк карточкалары немесе Каспи немесе Qiwi есеп-шоттарын айтса, сонда салып жіберемін. Жеке хат арқылы белсенді қолданушылармен өзім хабарласамын.

Сайыс мұнымен тоқтап қалған жоқ, әлі кем дегенде 2 ай жалғасады. Қазірдің өзінде жалғасып жатыр. :) Егер қосымша қаражат көзін тауып жатсам, сыйлық қаражатты арттыратын боламыз.

Құдай қаласа осы айдың да, келесі айдың да белсенді қолданушысын анықтап қаржылай сыйлықты табыстаймын!

Төменде осы айдың белсенді қолданушылары жинаған балл көрсеткіші.

20 жауап

+6 дауыс
Ал жеңіске жеткен қолданушылар, жеңістерің құтты болсын!!!
+4 дауыс
5 тікке кірмей қалам деп ойлап ем. Бірақ олай емес болып шықты. Әділ бағалағаныңыз үшін рахмет сізге Админ мырза...! Жұбатхан сен 3-орынға лайықсың. Алдын айтқанымдай белсенділігің айрықша болды.
сені кірсе екен деп жүргенмін,себебі есеп шығарып көмектесіп жүресің оқушыларға және ако екеулерін
+3 дауыс
Ако жеңеді деп айтып едім :D Үздік 5-ке кірген барлық  қолданушыларды шын жүректен құттықтаймын (:
+3 дауыс
Жеңімпаздар, құтты болсын жеңістерің. Бестікке енген бес қолданушы да жақсы жағынан көріне білді. Өзім де осы бестік жеңетін шығар деп ойладым.

P.S. Сыйлықты бөлісем десеңдер ЖХ ашық :)
(с) мен ғо @Meddi
Айттым саған Админге жағымпаздана бер деп, 5-орынға iлiнiп 500-ден бiрлiк салып алар едiк ))
болмай қалды ғо сол)))))))
+4 дауыс
Негiзi 31-не қызық болды. Бiр қарасам Ако бiр қарасам Злой 1-шi орында қайсысы жеңедi деген едiм, Ако жеңiптi ғой ақыры! Мүмкiн бiреуiңнiң алғашқы табыстарың шығар, не болса да иiгiлiктерiңе жаратыңдар, iләжi болса ата-аналарыңа берiңдер, эгоист болмай!
+2 дауыс
Бестікке енген қолданушыларды құттықтаймын. Ако құтты болсын)
+2 дауыс
Барлықтарыңызды құттықтаймын! Ако достарыңыз жақсы екен, дер кезінде көмекке келген))))
+4 дауыс
Ай жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын! Сұрақ-Жауап сайтын қазақтілді сайттар арасындағы ең үздігі етуге атсалысайық!
+1 дауыс
Өте қуаныштымын.
+1 дауыс
Күштііі...
Конкурс болыпты ғой. Сайт мүлде өзгеріп кетіпті.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын!!!
+1 дауыс
Жұбатхан негізі 2 орынға лайық еді. Бірақ орындарың құтты болсын!
Рахмет. Ниеттеспін.
+1 дауыс
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын!Осы беттеріңнен таймаңдар!
+1 дауыс
Құттықтаймын!!!Мен де белсенділердің қатарындамын деп танимын,осы сайттың үздіктері болуға әбден лайықсыздар!Жалғасын таба берсін,сайтымыз көркемдей берсін!
0 дауыс
Бұл сайыстың нәтижесінде сайтта сапалы сұрақтармен жауаптар қатары арта түсті, бәріңді белсенді болуға шақырамын, құтты болсын жеңімпаздар! бәріңізге рахмет!
Құтты болсын ако ағасы))
Құтты болсын жеңісің, Акоу)))
Чичарито, сенің де модераторлығың мен бесінші орының құтты болсын)))
сендер үшін қуаныштымын)
О модератор болыппын рахмет бәріңе))
рахмет бәріңізге! •Чичарито енді мені банға саламысың?
Не үшін?             .
құтты болсын аға
+1 дауыс
Өткен айдың жеңімпаздарын құттықтаймын енді менде сол 5-тіктің қатарына ілігуге тырысамын
...