+2 дауыс
413 көрілді
Мына қолданушы қалай редактор болып алған https://surak.baribar.kz/user/agila оның жақсы жауаптары 16 ғана ал реактор болу үшін жақсы жауаптар 50 ден аз болмауы керек, тіпті маманға да жетпейді. Сонда қалай басқа қолданушылар еңбектеніп жақсы жауаптарын 50 ге жеткізіп редактор болса бұл қолданушы 16 ғана жақсы жауаппен редактор болып алған. Бұл әділетсіз ғой?
уахахааххахахахахахх)))
Белгісіз
21 ЖЖ-мен редактор болдым, 50 ЖЖ-мен модератор болдым. Сайтта қатып қалған ереже жоқ, белсенділік көрсетіп жүрген қолданушыларды админстратор өзі тағайындайды.

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Айтжан Төкенов, кейде сайттқа басқа бір сайттан жақсы редакторларды сайтты реттеу,тазалау мақсатында шақыртып алатын жағдайлар болады, және ол адам бұл сайттағы ұпайына немесе басқа іс-әрекетіне байланыссыз-ақ сол келісіп шақырған жұмысын атқара беруіне болады. Оның осылай әрекет етуін Админ ешкіммен ақылдаспай шешуге толық құкы бар, сондықтан мынандай сұрақ қою сыпайылап айтқанда майдалық болады. Модтар,редакторлар,мамандар өз іс әрекетіне қолданушылар алдында есеп беріп жатпайды деген ереже бар. Бұл қағида Админге екі есе жүреді деп есепте, ол Модтардың да,Редакторлардың да, Мамандардың да алдында есеп беріп жатуға міндетті болмағаны жақсы.

Қатты айтсам ренжімеңіздер. Жако аға модератор мен редактордың қатарына маманды қоспай ақ қойыңыз. Олардың қарапайым қолданушылардан еш айырмашылығы жоқ. Қалаған жауапты өңдеу, жазбаларды мақұлдап немесе мақұлдамай тастау дегендері өтірік мүмкіншілік. Қолданушы маман дәрежесіне көтеріліп ол жауап, пікірлерді өңдеп редактор болуға дайындалады, тәжірбие  жинайды, солай ол редактор дәрежесіне дайын екенін көрсетеді. Ал қолданушылар маман дәрежесіне көтерілгенімен ештеңе өңдей алмайды, еш тәжірбие жинамай редактор болады. Мен сайтқа көп кірмеймін, себебі уақытым жоқ.  Арасында кіріп тұрамын, сондықтан белсенділік таныта алмай жүрмін. Ал сайттан қате, кемшілік байқасам міндетті түрде айтамын, сол сияқты бүгінде бір кемшілікті айтып тұрған жайым бар, бұл айтқандарым шындыққой. Мен көре алмағандықтан айтып отырғаным жоқ Агила туралы, тек сайт ережесінде жазылған шарттарға сай келмегендіктен айтып отырмын. Сайт өте жақсы, жамандап отырғаным жоқ. Сайтымыз дами берсін!!
AITZHAN TOKENOV, Сізге рахмет! Сіз өзіңіздің ойыңызды айтуға толық құқыңыз бар деп ойлаймын.
+4 дауыс
Бұны админ көрсе жақсы болар еді. Әділ емес. Ең болмаса жақсы жауабы 20-дан асуы керек еді
+1 дауыс
Түсініңдер жақсы жауабым 50 ден асты редактор болуға болады деген сөз емес, жай ғана редакторлыққа үміткер боласыздар... редактор қылу-қылмауды Админ өзі шешеді.

Редактор болса, демек белсенділігі жоғары болғаны да!
Қосыламын!+1
Белгісіз
/ en_amor / ,өте дұрыс айтқансыз, бұл жерде ең бірінші критерий сауаттылық болуы керек. Мод,редактор,маман болғысы келетін қолданушылар біріншіден қазақ тілінде таза сауатты жаза білуі, екіншіден сұрақтарды жақсы құрастыра,қате қойылған сұрақтарды сауатты өңдей білуі, үшіншіден және ең маңыздысы да болуы керек әділетті, кектесу,өштесу сияқты жаман әдеттермен сұрақтарды бей-берекет жаба беруден сақ болуы, шамасы келгенше өңдеуге тырысуы керек. Міне осындай адамдар ғана Админге өтініш білдірсе болады, қалғанын қалай шешу Админнің құзырында.
Еen_amor сеніңде өтініш беруіңе болады. Бірақ өз еркің) Жауаптарың мен пікірлерің ұнайды. Сайтты барынша жақсы түсінесің дегенім ғой.
0 дауыс
Қазақпыз ғой. Осындайды қашан қояды екенбіз.? Ол қыздің редактор болғаны саған зиянын келтіріп жатыр ма?
+2 дауыс
өз кезінде менде 3 жақсы жауаппен маман болғам . сосын сайтқа деген белсенділік артып, маман дәрежесін ақтадым. ол кім болсада сізге келіп кетер зияны жоққой. қазақтар бір бірімізді көре алмаущылықты қояйық.
...