+2 дауыс
Өсек дегеніміз не? Сіз қалай түсінесіз?
05.12.2014 17.0k қаралым

7 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Ол сөзің негізі нақты анықтамасы жоқ. Бірақ кешелі бері зерттеп шамасы мынандай ұғымдарға келеді ғой деп ойладым:

1.Басқа адамға зияны келетін өтірік әңгіме (жалпы өтірік әңгіме деп те айтуға болатын еді, бірақ ешкімге зияны жоқ қызық үшін, кейде өз пайдасы үшін айтылатын өтіріктер де болады ғой)

2. Жеке бастың құпиясын жұртқа жаю (жеке бастың құпиясы шындық болса да өсек болып есептелетін сияқты)

3. (бар, бірақ әлі дұрыс зерттеліп біткен жоқ, болғасын жазармын)
05.12.2014
мен үшін зерттедіңіз бе ? ))))
Әрине сіз үшін зерттедім, бірақ алдағы уақытта философиядан немес психологиядан "Өсек" туралы зерттеулерім бойынша ғылыми еңбек жазсам ба деген ойға қалып отырмын ))))
Болашақтағы "Өсек" еңбегінің авторы екенсіз ғой))) Сәттілік!)
+2 дауыс
Еріккеннің ермегі ғой. Босқа пайдасы жоқ әңгімелер. Ол негізі көре алмаушылықтан туады.
05.12.2014
+3 дауыс

Өсек дегенің біреудің сыртынан айтылатын сөз.

Өсек айтпаймын десең аузыңа су толтырып жүр дейді...

05.12.2014
+4 дауыс
Өсектің де түр-түрі болады ғой. Біреу көзбен көргенін, біреу басқалардан естігенін айтады, кейбіреулер "қосымша" ақпараттарды ойынан қосып айтады. Бір адам туралы жақсырақ білгің келсе, басқалардың ол туралы емес, оның басқалар жайлы не айтатынын тыңдаған дұрыс.
05.12.2014
+1 дауыс
Өсек деген - болған оқиғаны немесе болатын оқиғаны әсірелеп, ойдан бірдеңелер қосып жұртқа тарату.
05.12.2014
0 дауыс
Өсек дегеніміз біреудін сыртынан жамандау және мақтау деп түсінемін.
05.12.2014
0 дауыс
Осек деген енен мен кыздарын арасындағы келиндерин жамандау уйинде не болып жатқанын Шешесинин жеткизип отыруы
28.03.2019

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы