0 дауыс
Өсекші, өсек туралы қандай мақал-мәтелдер бар?
13.03.2013 16.4k қаралым

3 жауап

+8 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Итке төсек не керек,
Естіге өсек не керек.
Өсекке кірмесе, есепке кірмес.
Өтірікшінің жаны күйер, Ұрлықшының малы күйер.
Өсекші ауыз жыбырламай тұрмас.
Өсекші мен өтірікші - егіз.
Хан сарайы демесең, Қатын өсек қаптаған. Қошеметшіл қу өңшең Ханды ғана мақтаған.
Берекесі кеткен ауылдың Айтқаны өсек болар, Аңдығаны төсек болар. Берекесі кірген ауылдың Айналдырғаны шаруа болар, Еккені тары, жегені жарма болар.
13.03.2013
0 дауыс
Өсек білім бұлағы))))

Өсек айтсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей)) ахаха))
13.03.2013
Ну, енді бұл сенің "шығармаларың" ғой , :)
Өсек және оның айту жолдары..))))
+2 дауыс
*Әзілде кек жоқ, Өсекте шек жоқ.

 *Өсектен сау сонау қыз, шайқалмаған сары уыз

 *Өсекшінің тілі қышып тұрады.

 *Былш-былш еткен өсек Басты кеседі.

* Итке төсек не керек, Естіге өсек не керек.

* Өнер іздеген өсер, Өсек іздеген өшер.
13.03.2013

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы