+1 дауыс
781 көрілді
Айт басталмас бұрын ел арасында осындай қауесет тарап,біраз дүрлігіп қалдық."Уахабистер бала ұрлайтын көрінеді,біз құрбандыққа мал шалсақ олар балаларды шалады екен,қара машинамен бір балаларды ұрламақ болып әрең құтылыпты" - деген секілді смс,аудиожазбалар қаптап кетті ватсапта.Кейбір ата-аналар балаларын үйінен шығармай,тіптен сабаққа да жібермей қойған.Бірақ кейін анықталғандай бұның бәрі негізсіз бос әңгіме болып шықты.Байқадыңыздарма жылда қайталанады осы жағдай.Елді құр босқа шошытып,берекесін қашырғаннан не пайда?Кім не көздеп,қандай мақсатпен таратады екен осындай жалған ақпаратты?

5 жауап

–1 дауыс
Біз естімеппіз.
–3 дауыс
Бұл рас шығар.Бірақ олар христяндарды ғана ұрлайды дейді ғой.Ал мұсылмандарды ұрламайды деп естідім.Мұсылман болайық.
Жауабыңыз қызық екен. Мәселе адам өмірі жайында. Балаларды құрбандыққа шалу деген азғындық жайында... Өзге діндегі балаларда еш хақымыз жоқ па?  Сол үшін мұсылман болайық дейсіз бе? Дінімізді осындай тұрпатта насихаттау таңғалдырады...
қазақ тілі пәнінің мұғалімісіз бе?
Ааа тек христиандарды ғана ұрлайды ма? Еее онда ештеңе емес.
0 дауыс
Ол рас жағдай.Ол туралы Жаңалықтардан да беріліп жатыр.Ақтау, Атырауда балалалр көп ұрлануда.Ақтауда ата-ана жар жылап отыр, уахабистер кішкентай баласын алып кетіп, сойып сойып жолға тыстаған.Уахабистер Мұсылмандар не істесе соған қарсы нәрсе істейді.Мұсылмандар мал сойса, уахабистер адам сояды.
Не деген айуандар...
Уахабистерден жақсылық күтуге болмайды.
Оны қайдан білдің?
Теледидардан, әлеуметтік желіде хабарлап жатыр.
Сілтеме бар ма сол оқиғалардың рас екендігін нақтылайтын?
Әлеуметтік желіні ашып, Іздеу батырмасын басып оқиға туралы іздесең шығады.
Әлеуметтік желідегі видеолар мен жазбаларды көріп,оқыдым да.Бірақ негізсіз өсек немесе қатысы жоқ әңгімелер көбі
+2 дауыс
Ия,мұндай жаңалықтарды естіп біздің де  төбе шашымыз тік тұрып, жағамызды ұстаған едік. Мектептерден, жоғарғы оқу орындарынан қыздар жоғалыпты-мыс. Оларды ұрлап,зорлық көрсетіп, кейін бауыздайды екен. Көздегендері әсіресе қыз балалар, сондықтан қыздар айт күндері үйден шықпандар  дегенді естідік. Елдер тіпті сабаққа,жұмысқа қалай барамыз деп шошып қалды.

Егер бұл рас болса, асқан айуандық. Тірі адамды-мал құсатып бауыздау,ойласаң жанын түршігеді. Әйтсе де , өз басым бұған мүлдем иланған жоқпын. Неге? Менің ойымша, бұл үлкен бір саяси "жүріс". Тұнып тұрған саясат. Қарайықшы, "Құрбан айт" -ол мұсылман қауымның ең ұлы мейрамы. Айтта құрбандық шалынып, туған-туыс,көрші-қолаң,дос-жаранның басы ақ дастарханда жиналады. Адамдар мәз-мейрам болып, үйді-үйді аралап айтшылайды, айт сыйлығын сыйлап, бірін-бірі қуантады. Балалар айттық сұрап, тәтті-дәмдіге қарық болады. Тіпті,өзге дін өкілдеріде "Айт қабыл болсын"-, деп айттық сұрап жүреді. Міне, бұл 3 күннің өзі 3 ай, 3 жылдан артық ұлаң асыр мейрам,қуаныш. Ал енді, жоғарыдағы зәреңді ұшырар жаңалықты естігенде , қу жанынды шүберекке түйіп төрт қабырғада тығылу қалады. Бағанағы қуанышымызды қорқыныш билейді. Ойлаңыз, бәрі болмаса да біршама мұсылман бұл айтты тойлай алмай, Құрбан айтқа деген сенімдерін күдік шалды. Бұл деген зор қауіп емес па? Бізді мұсылмандық жолдан тайдырып,кәпірлікке айдау саясаты деп ойлаймын. Асыл дінімізді- қатігездік діні етіп көрсету. Бұл менің жүрегіме қатты тиеді.

Мен бұл шындық немесе алып-қашпа әңгіме деп кесіп айтпаймын. Себебі,анығына көзім жеткен жоқ. Бүгінде, ақпарат, жалған ақпарат ең күшті қару. Ақпараттар тасқынында адасып қалмайық,ағайын, сақ болайық.
+1 дауыс
Мұны басқа бір топтардың ислам дінін жаман деген сияқты ақпараттарды көбейтіп елдің ислам дініне деген өшпенділігін арттыру мақсаттары бар секілді. Онсыз да қазір интернетте қажылық кезіндегі қазалар т.б. əңгіме болуда.
...