0 дауыс
3.2k көрілді
Шмальгаузен "Түр түзілімі туралы қазіргі көзқарас" осы туралы мағлұматтар керек еді.

1 жауап

0 дауыс

Дарвинизм органикалық дүниенің тарихи даму заңдарын зерттейді. Бұл ғылым ХІХ ғасырдың ортасында жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы жайында жүйелі ілім қалыптастырған әйгілі ағылшын ғалымы Чарлз Дарвинның атымен талады. «Дарвин хайуандар мен өсімдіктердің түрерін еш нәрсеге байланысы жоқ, кездейсоқ «құдайдың өзі жаратқан» және өзгермейтін нәрсе деген көзқарасты мүлде жойып, түрлердің өөзгеріп отыратындығы мен олардың өзара сабақтастығын ашып, биологияны толық ғылыми негізде бірінші рет салды».

Органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын дәлелелдеу үшін дарвинизм биологияның әр түрлі салаларының жәе ауыл шаруашылығының, сондай-ақ геология мен палентологияның қорланып, жиналған бай материалдарын пайдаланды. Бұдан дарвинизм курсы бүкіл биологиялық және ауыл шаруашылық ғылымдарымен өзара тығыз байланысты екенін көреміз. Эволюциялық теория өзіне қатысты пәндердің жаңа факторларынмен үнемі толықтырылып отырады. Сонымен бірге тірі табиғаттың дамуы жөніндегі жалпы заңдардың ашылуы әрбір жаратылыс зерттеушілердің нақтылы зерттеу жұмысына тікелей көмектесіп отырады. Үй жануарларының жаңа тұқымдарын және мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын жасау жөніндегі адам баласының практикалық жұмыстарының тәжірибелерін қорытып, дарвинизм, жануарлар мен өсімдіктердің осы кездегі селекциялық әдістерге сүйенетін теориялық негіздерін жасады. Бұл ауышаруашылығының жаңа міндеттеріне және талаптарына сәйкес жаңа органикалық формаларды жасау жөнінде бұрын белгісіз болып келген жолдарды табуға мүмкіншілік береді.

Орта мектептердегі биология пәнің мұғалімдерін дайындау саласында дарвинизм курсы ерекше орын алады. Себебі биология әрқашан да материализм мен идеализмнің шиеленіскен күрес алаңы болған және болып келеді. Дарвинизм курсынан осы күрестің тарихын оқу, оқушылардың  диалектикалық-материалистік дүниетану көзқарасының қалыптасуына көмектеседі.

Табиғат жайында осыдан екі жүз жыл бұрын, жаратылыстану діни көзқарастардың тұтқында болып келді. Ф.Энгельстің метафизикалық дәуір деп атаған осы кезеңдерді жаратылыс зерттеушілердің ақыл-ойын өзінше бір дүниетану көзқарасы шырмады. Олар, Жер және онда тіршлік еткен тірі табиғат құдайдың құдіретімен жаралған,  содан бері олар өзгермей келеді деген ұғымда болды.

ХVІІІ ғасырдың ортасында, кейбір озат ғалымдар, жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды деген нанымға келді. Бірақ сіңіскен діни көзқарастарды жеңуіне үлкен қиыншылық келтіреді. Органикалық дүниенің өзгеретіні жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына, биологияда жиналған материалдардың болуы, ғылыми дәлелдемелердің аздығы бөгеу болды.

1859 жылы Дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолмен түрлердің шығу тегі немесе тіршілк үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы» деген негізгі кітабы жарыққа шығумен ең алғаш эволюциялық идея тиянақты ғылыми негізгі ие болды. Бұл кітап биология ғылымына төңкеріс жасады. Ондағы органикалық табиғаттың тарихи дамуы (эволюциясы) жайында айтылған ілім дүние өзгермейді деген ескі тозығы жеткен метафизикалық ұғымды талқандалды.

Табиғат жайындағы одан кейінгі тарихи көзқарастар, органикалық дүниенің дамуын материалистік ұғымға негізденіп түсіндіреті биологияның әр түрлі салалардың өріс алуымен байланысты болды. Дарвин теориясының негізінде эволюциялық пателнтология, эволюциялық эмбриология т.б. биологиялық пәндер қалыптасып, Дарвин ілімінің дұрыстығы жайында жаңа дәлелдемелер берді. Алайда, эволюциялық идея идеалистік концепциялармен қиян-кескі күресте дамып отырды; биологиядағы реакцияшыл лагерьдің өкілдері дарвинизмнің материалистік негіздерін күйретіп биология ғылымын ескі, виталистік және метафизикалық ұғымға қайта оралту үшін талаптанады.

ХІХ ғасырдың ағымдарға қарсы күресте үлкен еңбек сіңірегн орыстың аса ірі ғалымдарының бір тобы В.О.Ковалевский, А.О. Ковалевский, И.И. Мечников, И.М. Сеченов, К.А. Тимирязевтер биология ғылымының әр түрлі салаларында Ч.Дарвин ілімін дамытып, өздерінің еңбектері арқылы дарвинизмнің іргесін берік қалады.

Жалпы алғанда, эволюциялық ілімінің осы қалыптасуы дәуірінде органикалық дүниенің тарихи даму процесінің бірсыпыра өте қажетті заңдылықтары ашылды.

Биологияның, сондай-ақ дарвинизмнің де осы кездегі жаңа даму кезеңі ХХ ғасырдың ортасын басталады. Мұнда, тіршіліктің әр түрлі құбылстарын зерттеуде жаратылыстық тарихи ғылымдарының тұтас комплекстері ене бастайды. Бірақ соңғы кезге дейін дерлік биологиялық проблемаларды шешуде химиялық және физикалық әдістерді енгізу жұмысы екінші дәрежеде келді. Алайда биолог, химик және физиктердің талаптарын тұтастырып, өзара кіріккен идеялар мен әдістер биологияға жанасымды пәндердің (биофизика, биохимия т.б.) шығуына себеп болды. Бұл биологияның жаңа саласы – молекулалық биологияның құрылуына жағдай жасап, генетика саласында үлкен табыстарға жеткізеді. Генетктер иен экологтардың бірлесе зерттеулерді дарвинизмге өте күрделі проблемалардың бірі – түр және түрдің пайда болу жайындағы мәселенің жаңаша шешілуіне мүмкіндік береді. Гадам баласының космосқа ұшуына байланысты биологияның алдына жаңа проблемалар қойылды, өзінше ғылыми пән  - космотық биология қалыптасты.

Биологиялық көлемі зерттеулер және түрлі мамандықтағы табиғат зерттеушілердің жұмысындағы комплекстік осы кездегі жаратылыстанудың философиялық негізі диалектикалық материализм болуына себепкер болды. Бұдан,орта және жоғарғы оқу орындарында биология пәндерінің үлкен тәрбиелік роль атқаратынын, онда эволюциялық ілім заңды көрнекті орын алатынын көреміз.

Дарвинизм курсы, ғылыми-атеистік тәрбиенің биологиялық іс-әрекеттрі биология ғылымының барлық салаларымен тығыз байланысты екенін дарвинизм курсы таныстырады. Дарвин жұмысынан бастап, биологияда ашылған заңдар, тірі организмдер мен тікелей байланысты шаруашылық салаларындағы (ауыл шаруашылғы, медицина, микробиологиялық технология) практикалық жұмыстарға пайдаланып келеді. Қазіргі кезде өте күрделі үнемді аппаратуралардың конструкциясын жасау үшін биологиялықструктуралар мен ондағы болып жатқан процесстерге инженерлер көңіл бөле бастады. Осы тұрғыдан қарағанда организмдердің эволюциялық процесте болатын бейімділік қасиеттерін (адаптацияны) зерттеудің ерекше практикалық мәні бар.

Қолданылған әдебиеттер:

Шмальгаузен  И.И. Проблемы дарвинизма, Л,1969 г.

Ұқсас сұрақтар

...