+1 дауыс
14.9k көрілді
Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?

4 жауап

0 дауыс
Біздің пішініміз яғни көзбен көре алатын сұлулығымыз.
0 дауыс
Бет әлпет, дене бітім, тұла бой..
0 дауыс

Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?

Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латын сөзі, аударғанда: «сыртқы түр» деген мағынаны білдіреді), келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні. Кеуде сүйектері кеңдігінің мөлшеріне сәйкес шартты түрде адамның дене құрылысы үш түрге бөлінеді. Олар:

1. Астениктер. Бұлар – тар сүйектілер.

2. Нормастениктер. Бұлар – кең сүйектілер.

3. Гиперстениктер. Бұлар – өте кең сүйектілер.

Адам бойы. Жоғарғы ақыл-парасат иесі – адамдардың бойлары зор маңызға ие. Жас жігіттер бойының тапалдығынан көп зардап шексе, қыздар бойларының сорақы ұзындығынан да кейде біраз қиындықтарға тап болып жатады. Сол себепті, мамандар адамдар денесін, бойын әртүрлі жаттығулар жасап өзгертуге, өзі қалаған сымбатқа икемдеуге болатынын ескертеді. Яғни, ауыр атлетикамен (зілтемір көтеру, ядро лақтыру тәрізді) айналысқан адамның денесі мығым, баскетбол ойнағандар ұзын бойлы болады.

Адам мүсіні. Мүсін дұрыс болмаса, оның денсаулыққа зияны мол. Адамның тынысын тарылтатын жағдай да мүсінінің дұрыс болмауынан. Адам шағын бойлы келгенімен, сымбатты да мүсінді болса, ол бойшаңдау көрінеді. Халқымызда мүсінді адамдар жөнінде «Қайыңдай сұлу, сымбатты екен» деп айтылатындай, небір жақсы теңеулер бар. Дұрыс мүсінді болудың элементтері: иықты тіктеп ұстау, іштің тартылып тұруы, бастың жоғары қарап, төменшіктемеуі, бұғақтың шығып кетпеуі, аяқтың сүйретілмеуі және тағы да басқа денені қалыпты ұстаушылық, семіріп, толыспау. Мүсінді түрлі жаттығулар жасау арқылы сымбатты етіп қалыптастыруға мүмкіндік мол. Гимнастика мүсінді болуға ерекше әсер етеді. Осы орайда ортаға салынар қызықты бір мәлімет: Шығыста жүкті төбесіне қойып тасу адам қаңқасын түзейді деген сенімнің ерте кезден-ақ қалыптасқаны. Өмірде мүсінді де, мүсінсіз де адамдар бар.

Адам салмағы. Артық салмақ, семіздік адамның сыртқы келбетін бұзып, оны мүсінсіз етеді. Біз кезінде бұқаралық ақпарат құралдарынан америкалық 42 жастағы Уолтер Хадсонның салмағы 550 келіге жеткенін естіп білгенбіз. Негізінен, өздерінің салмағына үнемі көңіл бөліп отыратындар ел алдына жиі шығатын өнер иелері, олардың ішінде артистер. Адамның салмағы шамамен алғанда оның бойына 100 бірліксіз сәйкес келуге тиісті. Яғни, адамның бойы 160 сантиметр болса, салмағы 60 келі болуы, одан аспауы қажет. Әрине, бұл орайда адамның дене бітімі де, жасы да есепке алынады.

0 дауыс
Қалай айтсам болады??? Сені фотоға түсіру керек. Содансоң соған қара. Сенің түрің бар. Сол Түр)))))))))
...