+1 дауыс
1.7k көрілді
Куба. Кубалықтар туралы ақпарат керек?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кубада бір қызығы, автомобильдері өте ескі, 1950інші жылдары шыққан машина Кубада қаптап жүр.

Ал жаңа машина сатып алуға Кубалықтардың қалтасы көтермейді.

Америка Құрама Штаттарына Куба жабық ел болып саналады. Авиарейс жоқ.

Кубаның негізгі партнер елі ол Ресей және бұрыңғы СССР.

Біз Қазақстанда арбамен теңестіретін копейка, жигулилер Кубалықтар үшін Лексуспен, Ролс-ройспен тең.

Куба Ресейге 33миллиард доллар қарыз.

Бірақ жақында Ресей қарыздан бас тартты, оның орнына Куба территориясынан әскери база жасақтап, АҚШ-қа жақындаудың амалдарын қарастырып жатыр.

Кубада шағын бизнес дамымаған. Азық-түлік дүкендерінде тек банан мен күріш өнімдерін және ең қажетті деген заттарды сатады екен. Біздегідей толып тұрған өнім жоқ.
+1 дауыс

Кариб теңізінің солтүстігінде орналасқан Куба – жер көлемі жағынан шағын ғана мемлекет болғанымен, тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы жағынан өте бай ел. Африкалық үнділер, испандар, африкалықтар, француздар, ағылшындар бұлардың барлығы барлығы «бостандық аралығында» өмір сүрудің жаға бағытын қалыптастырған ұлттар.

Жалпы қазіргі кезде Кубада  256 мұражай, 70 театр, 315 шығармашылық үйі, 46 бейнелеу өнері мектебі тұрақты түрде жұмыс жасайды.  Бұл кубалықтардың Латын Америкасындағы ең белсенді әрі дарынды халықтардың бірі екенінің айғағы болса керек.

130-дан астам ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астына жинаған еліміз Қазақстанда да Куба халқының өкілдері өмір сүреді. Олардың барлығы да елімізде құтты қоныс, киелі мекендері деп есептейді. Себебі, Қазақстан оларға тек пана болып қоймай, асқақ армандары мен биік мақсаттарының орындалуына әсер еткен ерекше ел.

Би туралы

Би – кубалықтардың табиғатына етене жақын ерекше өнер. «Бостандық аралында» еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін мың бұрала билейді екен. Оны кубалықтар адам көңіл-күйі мен сезімінің көрсеткіші деп те атайды. Себебі, Куба тұрғындары қуаныш пен қайғыны, махаббат пен ашу-ызаны би өнері арқылы жеткізу болады деп есептейді.

Бүгінде барша әлемге кубалықтардың румба мен сальса биі кең таралған. Румба баяу қозғалыстар арқылы қос жұпты әннің ырғағына бірден елітіп әкететін, эмоцианалдық жағынан терең «махаббат биі».  Дегенмен оны тек ерадамдар немесе тек әйел заты билеуі тиіс деген нақты ереже жоқ. Бастысы румба арқылы орындаушы өзінің сүйіспеншілігін жеткізе білсе болғаны.

Сальса – музыка жылдамдығын сезіне отырып, жедел қозғалысты талап ететін ырғақты би.  Ол реггетон, бачата, меренге сынды бірнеше би бағытын біріктіреді. Сальсаның негізгі қағидасы - жағымды көңіл-күй мен таусылмас жігер. Өйткені, бұл биді орындау үшін біраз күш-қайрат керек.

Ұлттық киім

Кубада ұлттық киімді нәзік жандыларға қарағанда ер адамдар көбірек киеді. Себебі, қыз балалардың киімі еразаматтардыкіне қарапайым болып келеді. Көбіне қыз балалардың көйлектерін тік пішінді матадан тігіп, иығына түрлі-түсті орамал жамылады. Ал ер азаматтардың киімі «гуайабера» деп аталады. Ол көзге бірден көрінетін 3 бөліктен тұрады. Яғни, жеңді күртеше, арнайы оюлармен көмкерілген белдік және кең етекші сым. Бұл үшеуі де ер адамның отбасында негізгі тұлға, қамқоршы әрі қорғаушы екендігінің көрсеткіші. 

Кубалықтардың ұлттық асханасы да ерекше. Негізгі тағамдары ретінде өздері қара асбұршақ қосылған күріш, құс еті мен доңыз етін атайды. Әрі тағамдарындағы ерекшеліктің бірі – дастарханға қойылатын тамақтың көпшілігі жеміс-жидек пен доңыз етінен тұрады.  Мысалы: ең үздік ас мәзірінің бірі «креольдік ахиако» жеміс-жидек араластарылған  доңыз етінен жасалады. Ал «тасахо» майдаланған доңыз етінен, күріш қосылған "пикадильо"-ның да құрамы  осы еттен жасалады. Ал, жеміс-жидекке бай болғандықтан, әрбір тамақтан табуға болады. Түрлі салаттар, коктейлдер мен сусындар ананас, банан, кокос жаңағы елдің жеміске байлығынан хабар беріп тұрғандай.  Елдегі ерекше ас мәзірі ретінде – крокодилдың еті мен тасбақа жұмыртқасы саналады. Кубалықтардың дастарханындағы ерекшеліктің бірі – барлық сусындарға көп мөлшерде қант қосылады. Мысалы:кофе бұл елде көбіне тәп-тәтті түрде беріледі.

...