Футбол | 174 қаралды
174 қаралды
Бірер минут бұрын футболдан 2015-жылғы Қазақстан премьер лигасына шығу үшін Қыран(Шымкент) - Тараз(Тараз) клубтары арасында тартысты ойын болды, ол ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды, қосымша таймдарда гол соғылмай тең есеп сақталып қалды, ойын соңындағы пеналти сериясында тәжірибелі "Тараз" клубы қиыншылықпен жеңіске жетті. Осы ойында "Қыран" футбол клубы маған ерекше ұнады, бұрындары бұл клуб жайлы бір-екі рет естігенмін, Шымкенттік клуб екенін де білгенмін, бірақ қатты мән бермеген екенмін. Өз білуім бойынша, "Қыран" клубының құрылғанына енді 3-4 жыл толыпты, құрамының шамамен 95%-ы қазақтар екен, қақпашысы да таза қазақ қақпаны керемет қорғайды екен, 3-4 жылда осындай ойын көрсетсе, тағы 2-3 жылда Қазақстанның үздік клубтарының біріне айналатына күмәнім жоқ. Сіздерден сұрайын дегенім, "ҚЫРАН" клубы жайлы мәліметтер тауып берсеңіздер (құрамы, құрылғаны, жетістіктері т.б.) және ресми сайты мен Вконтакте желісінде паблигінің сілтемесін де қалдырсаңыздар..! Тез арада жауап күтемін. Рахмет!
Сұрақтың жабылу себебі: сұрақ қайталанып қойылған
@Admin, бұл сұрақ екі рет қойылып кетіпті https://surak.baribar.kz/509762/, осысын жасыра салсаңыз.

1 жауап

Тараз - Қыран арасындағы матчтың видеосы: http://kaztv.kaztrk.kz/kz/programs/viewArchive?id=69179
Жақсы Жауап
118,350 сұрақ
305,185 жауап
153,293 пікір
67,533 қолданушы