+1 дауыс
852 көрілді
Бірер минут бұрын футболдан 2015-жылғы Қазақстан премьер лигасына шығу үшін Қыран(Шымкент) - Тараз(Тараз) клубтары арасында тартысты ойын болды, ол ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды, қосымша таймдарда гол соғылмай тең есеп сақталып қалды, ойын соңындағы пеналти сериясында тәжірибелі "Тараз" клубы қиыншылықпен жеңіске жетті. Осы ойында "Қыран" футбол клубы маған ерекше ұнады, бұрындары бұл клуб жайлы бір-екі рет естігенмін, Шымкенттік клуб екенін де білгенмін, бірақ қатты мән бермеген екенмін. Өз білуім бойынша, "Қыран" клубының құрылғанына енді 3-4 жыл толыпты, құрамының шамамен 95%-ы қазақтар екен, қақпашысы да таза қазақ қақпаны керемет қорғайды екен, 3-4 жылда осындай ойын көрсетсе, тағы 2-3 жылда Қазақстанның үздік клубтарының біріне айналатына күмәнім жоқ. Сіздерден сұрайын дегенім, "ҚЫРАН" клубы жайлы мәліметтер тауып берсеңіздер (құрамы, құрылғаны, жетістіктері т.б.) және ресми сайты мен Вконтакте желісінде паблигінің сілтемесін де қалдырсаңыздар..! Тез арада жауап күтемін. Рахмет!

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%8B%D1%80%D0%B0%D0%BD

http://www.stat-football.com/c/kaz.php?i=154

https://vk.com/fckyran Шымкенттен осындай команда шыққаны мені шынында да қуантты))
Иә, мені де қуантты. Рахмет жауабыңа.
+1 дауыс
"Қыран" клубының қақпашысы Мақсат Сейдахмет ойынның үздік ойыншысы атаныпты
+1 дауыс
Тараз - Қыран арасындағы матчтың видеосы:http://kaztv.kaztrk.kz/kz/programs/viewArchive?id=69179
...