+5 дауыс
13.0k көрілді

Шыңғыс хан қазақ па? Қазақ деген сөз қайдан шыққан?

27 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Шыңғысхан - Тимуджин таза моңғол. Қазақ та емес, неміс те емес.

2. "Қазақ" деген сөздің қайдан және қалай шыққанын ешкім де білмейді. Мысалы, "сөз" деген сөздің қайдан шыққанын да ешкім білмейді ғой, сол сияқты.
Мына жерде  Абайша айтқанда-  өңкей  монғол тектестер  плюстерді басып тастапты.  Шынғысханды монғол қылып алмақшы, ол қалайша монғол бола қалады екен?
Моғолдар буддисттер ғой, қытай тибеттердің туыстары, 1000000000 қайнаса түркілерге сорпасы қосылмайдыыыыыыыыыыыы! және бүкіл әлемді басып ала алмайды пони атқа мініп алып ха-ха-ха.
+5 дауыс
http://serke.org/video/shyngys-khan-kazak-pa-kazak-degen-s%D3%A9z-kaidan-shykkan   мынаны қарап көрші
+3 дауыс
Қазақ деген сөздің қайдан шыққандығын ШЫІҢҒЫСХАН журналынан оқи аласыздар.
+4 дауыс
Қазақ сөзі "қас" және "сақ" деген екі сөзден құралған. Мағынасы "нағыз сақ" дегенді білдіреді. (Қазақстан тарихы 5-ші сынып)
0 дауыс
Темүжіннің анасы шайқас барысында  меркіт тайпасына тұтқын боп барады. Қайтып келген соң ай-күні толып Темүжінді дүниеге әкеледі. Ұлунның (анасы) құрсағындағы бала меркіттің баласы ма, әлде Есугей батырдың баласы ма деген ел аузында алып қашпа сөз пайда болған деседі. Бұл туралы шындықты Шыңғысханның өзі де білмеген деген жазбалар бар. Ал Шыңғысханды қазақ деген сөз қайдан шықты десеңіз. Жоғарыда атап өткен меркіт тайпасы қазір Орта жүздің, Керей руының құрамында. Ұлт болып қалыптасу процесі аяқталмаған , тек тайпа ұғымы үстемдік еткен кезде болған оқиғаға бола Шыңғысханның қай ұлт екенін анықтаудың қажеті жоқ сияқты. Сосын менің бір түсінбейтінім, біз "қазақ екен", "қазақтікі екен" десе, "жоқ!" деп ат тонымызды ала қашуға даяр тұрамыз. Қара жорғаны қырғыздарға бердік. Басқа ұлттар ұлттық құндылықтарының қоржынын толтырумен әлек боп жатқанда, біз неге бәрінен бас тартуға құмармыз осы? Шыңғысханды  қазақ қылайық дегенім емес. Жалпы ...көкейімде осындай сауал туындады.
0 дауыс
ол моңғолдың бүржім руынан шыққан сондықтан ол таза моңғол
+3 дауыс
Әлемді жаулаған әйгілі қолбасшы Шыңғыс хан моңғол болмаған, шын мәнінде, Шыңғыс хан - түркітілдес тайпалардан тарайтын қазақ.

[Шыңғыс ханның қа­зақ­ болғандығы дәлелденді]
Фото: proza.ru

Алтын Орда тарихын ұзақ уақыт зерттеген белгілі ғалым, "Страна Моксель", "Москва Ордынская" атты тарихи кітаптардың авторы Владимир Белинский осындай тұжырым жасады.

Кеңестік тарихшылар қаншама бұр­ма­лағанмен, Шыңғыс ханның қазақ екен­­дігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті. Шың­ғыс ханның ұрпақтары, Алтын Ор­даның хандарының барлығы Моң­ғол­станда емес, қазақ жерінде отырғанының өзі-ақ көп нәрсені аңғартпай ма? Кейбір ре­сейлік шыншыл тарихшылардың кө­мегімен осы ақиқатты жариялайтын кез келген сияқты. Ұлы қолбасшының қазақ болғандығын тарихшы Владимир Бе­линский көптеген нақты фактілермен дәлелдейді.

"Наймандар, керейлер, қияттар мен мер­кіттер моңғол емес, түркі тайпаларына жатады. Олардың ұрпақтары қазіргі Қы­тай жерінде өмір сүріп жатыр, тілдері қа­зақ­ша. Шыңғыс хан өмір сүрген тұста оның империясында қазаққа жақын ұй­ғыр тілі мемлекеттік болған. Темуджиннің әке­сі (қазақша Теміршін болып айты­лады) Есүгей қияттардың ханы болған. Шешесі Оян меркіт руынан. Шыңғыс хан­ның әйелі - Бөрте қазақтың қоңырат руынан шыққан. Оның барлық ұлдары түркі есімдерімен аталды. Шыңғыс хан­ның өзі қазақ тілінде "Шұғылалы хан" де­ген мағынаны білдіреді.

Моңғолдарда ол кезде де, қазірде де ондай есімдер бол­ған жоқ. "Хан" деген сөздің өзі моңғол емес, түркілердікі. Моңғолдар өздерінің бас­шы­ларын "қонтайшы" деп атаған. Шың­ғыс ханды әдеттегі қазақтың құрыл­тайын­да хан көтерген. Ал моңғолдарда мұндай сөз жоқ.

Тәңірге табынатын тек қа­зақтар ғана қайтыс болғандарды аз адам білетін, құпия жерге апарып жер­леген. Бұл дәстүр туралы Алтын Ордадағы еуропалық елші Плано Карпини жазған. Ол кезде моңғолдар өлген адамдарды молаға апарып ашық аспан астында қалдыратын болған" дейді тарихшы Владимир Брониславович Белинский ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

Бұл деректердің көбін Исай Калаш­ни­ковтың "Жестокий век" кітабынан да, бас­қа да тарихи шығармалардан кезде­с­тіруге болады. Оны өзіміздің тарих­шы­ларымыз да аңғарған болуы керек. Бірақ осы уақытқа дейін Шыңғыс ханнан моң­ғол жасау кімге керек болды екен? Бұл сұраққа да Белинский жауап дайындап қойыпты.

Оның пікірінше, орыс тари­хы­ның бұл фактілерді бүркемелеуінің сыры - кейіннен орыс империясына кіріп, орыс патшаларының қоластында болған қа­зақтардың бір кезде сол орыстарды ба­­ғындырғанын мойындағылары келме­гендігінде. Сондықтан әлемді жаулау­шы­лардың бүкіл даңқын алыстағы моңғол­дарға таңып берген.

"Жақын арада Шыңғыс ханның қа­зақ­тан шыққаны ресми түрде мойын­да­лады. Өзіндік көзқарасы болғанмен, Қа­зақ­стан Ресей мен Қытайға әлі жал­­­тақ­тағаны болмаса, тарихта жазылған миф­терге сенгісі жоқ" деп мәлімдеді тарихшы Владимир Белинский
Читать полностью: http://news.nur.kz/247803.html
ай, жарайсың Брат
+1 дауыс
Кадес бауырыма қосыламын

Ия, ол тарихи шындық, яғни ол біздің хан. Кеңес заманында тарихты бұрмалап жаздырды. Зиялы қауымды, соның ішінде тарихшыларды да қуғын сүргінге ұшыратты. Кеңестік орыс тарихшыларында шындықты жасыруға мәжбүрледі.

Шыңғысханды сол кезде моңғол ұлтынан деп, ол қазақтарды қырды, жаулап алды деген түсініктер қалыптастырды. Біз де орта мектепте соны оқыдық. Шыңғысхан моңғол бола алмайды, себебі моңғол деген ұлт атауы 17-18 ғасырларда пайда болған(қазақ рулары мен халхалар будандасуынан пайда болған, сенбесеңіз монғолша білетін адамнан сұраңыз қазақшаға көп сөздері ұқсас келеді).

Шындыққа тура қарасақ, ол қазақ тайпаларының басын біріктіріп үлкен мемлекет құрды. Жарты дүниені жаулады. Қазақ халқы ертеден келе жатқан ел. Қазақ деген сөз кейбір деректерде 7-8 ғасырларда кездеседі. Бұл қашанда қазіргі қазақ рулары, наймандар, керейлер, үйсіндер, арғындар, жалайырлар, меркіттер, қоңыраттар, қияттар т.б жалпы қазақтар(бірлестігі) деп аталып келеді, меніңше жалпы ол ерте кезден солай аталып келген. Шыңғысханнан бұрын да солай аталып келгеніне тарихта дәлелдер бар. Тек ол кезде Шыңғысхан кезінде "мәңгіел" құрамыз немесе соғыс жағдайында тез әскер біріктіру мақсатында 70 әскери аймақ құрып, әрқайсы "мыңқол" дан шығару керек  деген сөздер көп қолданғандығынан, монғол аталған болуы мүмкін. Бірақ қазіргі монгол мен сол кездегі монғол сөзі екі түрлі нәрсе. Бір айта кетерлік жайт, 15-16 ғасырда құрылған қазақ халқы емес, ол тағы бір қазақ хандығы. Осыны жете түсіну керек.

Шыңғысхан қазақ дегеніміз, оның әкесі қият руынан(жалайыр деген болжам да бар) және шешесі қоңыраттан екені нақты дәлел. Себебі бұл екі ру қазақ халқының құрамындағы ертеден келе жатқан ру-тайпалар. Кейін Шыңғысханнан туған ұрпақты төре деп атадық, төре деген сөзді де не мағна білдіретінін әр қазақ жақсы біледі.  Оны құрылтайда халық пен билер киізге орап хан көтеруі, қазақ халқының ғана салты. Құрылтай сөзі, хан деген сөз, Темірші де қазақ сөзі. Шыңқұз хан ұлы хан дегені.

Тағы бір айта кететін жайт, Шыңғысханның сенімді уәзірлерінің бірі найман руынан болған. Әскерлерінің бәрі де қазақ тайпаларынан құралған.Еуропа патшаларына жіберілген елшілер жеткізген хаттар да қазақша жазылып отырған. Ол хаттар қазір еуропа елдеріндегі мұражайларда сақтаулы. Мөрі де қазақша. Мөрде "қазақ" деген сөз барын зертеушілер айтып жүр. Егер моңғол болса, моңғолша жаздырар еді ғой

Қазақтарды қырғынға ұшыратты дегендер, Отырарды дәлелге келтіретіндер бар. Негізі шындығы ол кезде Отырар қаласын Парсы елі мен Хорезм билеушілері билеген. Шыңғысхан елшілерін өлтірткен Қайыр хан сол парсылардың адамы болған. Шыңғысхан тек оның жазасын беріп, Отырар қаласын өзімізге қайтарған. Тарихи шындық осы. Басқа еш жерде қазақтарды қырды деген ақпарат жоқ, себебі ол өз елі, өз ұлтын жақсы көрді. Кейбір бағынбаған басшылар болған шығар, оларды орнына қою қай мемлекетте де кездеседі.

Ұрпақтарының бәрі өзге ұлттың болашағы үшін күрескен жоқ, тек қазақ халқының болашағы үшін күресті, Абылай, Кенесарылар жалпы хандарымыздың бәрі дерлік Шыңғысхан ұрпақтары, өз еліміз үшін, қазақ үшін күресті, оның бірлігі үшін моңғол үшін не басқа ұлт үшін күрескен жоқ.

Алты алаш деген сөз, сол Шыңғысханның алты ұлы деген шындыққа жақын. Мақал бар "алтау ала болса ауыздағы кетеді". Бұл алты алаштың, хандарымыздың, еліміздің бірлігі керек деген сөз.  

Кей зерттеушілер Орхон-Енисей ескерткіштері Шыңғысхан кезінде пайда болған дейді, онда Шыңғысхан мен оның ұлдары жайлы ақпарат келтірілген деген тұжырым бар. Ол да шындыққа жақын.   

Мұхтар Мағауйннің 4 томдық(3 томы сатылымда бар) Шыңғысхан кітабын оқуға кеңес берем.

Анатолия Оловинцовтың "Түріктер ме әлде моңғолдар ма"(орысша) кітабын оқуға болады
+3 дауыс
Шыңғысқын қазақ болмаса,-онда Ақ Орда,Алтын Орда жері кімдікі болған.
маңғолдар қазіргі қазақ жерін жаулап алып, ұлдарына бөліп берген солар құрған мемлекеттер
0 дауыс
Қазақ емес.Ол монгол.Олардың тілі қазақтармен ұқсас.
+1 дауыс
Шыңғыс хан қазақ екендігі туралы дәлел аз менімше рас секілді Абылайдың арғы тұқымы Жошы ханнан емеспе Жошының өзі Шыңғыс ханның немересі емес пе
0 дауыс
Шыңғыс хан нағыз қазақ жалайыр руынан шыққан, таңбасы тарақ(Ш) таңба, ал қазақ ұлты қасиетті ұлт, қазақ сөзін қалай оқысаңызда қазақ!
0 дауыс

Қазақ халқы төрт ұлы империяның тікелей мұрагер ұрпағы

Қазір Шыңғысханды моңғол деп Қытай мен Монғолиядан басқа ешкім айтпайды. Себебі, тарихтағы шындық бойынша Шыңғысхан да , Шыңғысханның құрған мемлекеті де таза қазақ -татар мемлекеті болған. Қазір Европа , Россия мен Түркия, Жапония мен Қазақстанның барлық тарихшылары ашық түрде Шыңғысханды таза қазақ деп жатыр. Мысалы осы жуықтарда ғана Россияда тарихшы Мұрат Аджи мен Ан. Оловинцеватің, Украйнада Влад. Белинскийдің, Англияда атақты бір ағылшын тарихшысының, алдында Қазақстанда тарихшы Мұхтар Мағауиннің Шыңғысхан таза қанды қазақ деген кітаптары шықты . Мен сол кітаптардан алып жазып отырмын. Осыдан үш — төрт жыл бұрын Қазақстанның барлық ірі деген академик, доктор мен профессорлары «Қазақстан» телеканалынан шығып тұрып барлығы Шыңғысхан таза қазақ деп мәлімдеді. Ертең ақ Шыңғысхан таза қазақ деп әлем сөйлейтін болады. Ол анық. Шыңғысханның кезінде қазіргі Моңғолияның жері Татар даласы деп аталып онда қазақтың татар тайпа — рулары тұрған болатын . Олар Кейін қазақстанға көшіп келген Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Татар және Дулат сияқты оннан аса татар – қазақ ру — тайпалары. Моңғол деген ұлттың өзі Шыңғысханның кезінде ешқандай да болмаған. Олар Қытыйдың Манжуриядағы Шығыс Ляо деген мемлекетінен Шыңғысхан өлгеннен кейін ғана көшіп келген Қидан деген халық. Монгол деген атау Шыңғысханның немересі Мөңке ханның атынан алған. Мөнке хан Оңтүстік Қытайға ылғи соғыс жорығын ашып, оны қытайлар «Монгу» деп атап, одан қазіргі моңғолдардың атауы шықты. Шыңғысханның асырап алған әкесі қазақтың қият деген руынан да , туған әкесі қазақ – меркіт. Бұл жөнінде Жапонның 2014 –ші жылы, 29—шы мамыр (май) айында Россияның « Мир» деген телеканалында көрсеткен Шыңғысхан деген фильмінде өте жақсылап көрсетті. Жапондар Кытай, Монғолдай емес тек шындықты көрсетеді. Ол фильмде Шыңғысхан өзін алты — жеті рет қазақ меркітпін деп атады да, оны Шыңғысханның қоңырат руынан шыққан туған шешесі де айтты. Меркіт қазақ руы және олар қазір Қазақстанда Найман руының құрамында. Меркіт алдымен керейлерге қосылады да Шыңғысхан керейлерді жеңгенде Меркіт ханы Кетебек Ертістің бойына көшіп кеткен найман ханы Күшілікке қосылады. Оны Қытайдың Шыңғысхан фильмінде көтсетеді.

Шыңғыс ханның кезінде татарлар, яғни қазіргі қазақтар Шыңғысханның армиясы ретінде батысқа соғыс бастағанда Қазақстан жеріне көшіп келді. Олардың басшысы және артынан хандары болып Шыңғысханның үш ұлы Жошы , Шағатай және Төле бастап келді де сол жерде тұратын оларға жақын туыс қыпшақ — қазақтармен бірікті. Ал қазақтың Алтын Орда мемлекетінде ешқашан да бір бір моңғол тұрып көрген жоқ. Оның бірінші ханы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы да, да бірінші астанасы Қазақстанның орталығындағы Ұлытау болды. Ол Ұлытауда сол Жошының, тағы да Алтын Орда хандары Едіге мен Тоқтамысхан жерленген. Енді белгілі болған жайыт Жошының жанындағы Алашханның зиратында Шыңғысханның өзі жатыр дейді. «Алаш» атауы Шыңғысханның империясының тағы бір атауы. Шыңғысханның төрт әйелі де қазақ болды. Діні көне қазақ діні тәңірге табынушылық. Шыңғысханның ең ірі деген қолбашсыларының біріншісі Мұқылай қазақ – жалайыр, екіншісі Сүбедей татар — тувинец, ал енді біреуі Жебенің аты таза қазақша. Шыңғысхан деген ат қазақтың « Таудың қарлы биік шыңы» – деген сөзі. Ал Шыңғысханның империясының аты « Қарақорым» таза қазақша, бар қазаққа түсінікті сөз. Шыңғысханның татар империясынан да Шыңғысханның өзінен де, Алтын Ордадан да бізге жеткен барлық тарихи құжаттар, хаттар мен ақша монеталардың ішінде бір де бірінде моңғол тілінде жазылғандары жоқ, барық жеткен тарихи құжаттар мен тыйындардағы жазу тек қана татар тілінде де, Алтын Ордадан жеткендердің барлықтары Қыпшақ тілінде. Яғни, қазіргі қазақ тілінде. Себебі Шыңғысханның татар империясының мемлекеттік тілі татар тілі , ал Алтын Ордада қыпшақ тілі болды. Яғни, қазіргі қазақ тілі. Татар империясының мемлкекттік алфавиті қазақтың көне Орхон — найман алфавиті болған. Өте көп татар - қазақтар Мұқылаймен, Құбылаймен Қытайға көшті. Ал қазақ — татарлардың негізгі көп бөлігі қазіргі Қазақстан жеріне Шыңғысханның әскері ретінде көшіп келді. Ал қазақ халқы әлемдегі ең ұлы тарихы бар ең ұлы халық. Себебі, әлемнің өткендегі ең бір ұлы деген төрт империяның тікелей мұрагер ұрпағы болып табылатын жалғыз халық қазақтар. Ол империялар өткендегі ұлы Гун империясы мен оның ұлы патшасы Аттила. Екіншісі қазақтың көне империясы Түрік Қағанаты. Үшіншісі Шыңғысханның құрған ұлы Татар — қазақ империясы мен Шыңғысханның өзі. Ал төртіншісі қазақтың ұлы империясы ол ұлы Алтын Орда. Осы ұлы деген қазақтың төрт империясының тікелей мұрагері болып табылатын қазақ әлемнің ұлы халқы болып табылады. Мысалы әйгілі Гун империясы Қытайдың армиясын бірнеше рет талқандап жеңіп Қытайды қорқынышта ұстаған . Ал Гундардың ұлы патшасы Аттила Ұлы Рим империясын тас талқан қылып талқандады. Ал қазақтың ұлы хандары Шыңғысхан мен Батухан әлемнің жартысын қыйратып жаулап алды. Ал Батухан бастаған казақтың Алтын Орданың армиясы Лигнец түбіндегі шайқаста Европаның орасан зор біріккен армиясын тас — талқан қылып жеңді. Шымкент, Тараз, ҚызылОрда. Маңғыстау жерлерін бізге жаулап алып берген Шыңғысханның өзі. Ол Алтын Орда мемлекетін құрып соның арқасында біртұтас қазақ ұлты, жері, тілі пайда болды. Сондықтан болашақта кезі келге Шымкент пен Алатауды «Шыңғысхан» деп атын өзгертетін боламыз. Онымен бірге, Астынаны «Аттила», КызылОрданы «Алтын Орда», Атыраудың атын «Хан Бату» (Жанында көне Сарайшық пен Батуханның зираты бар) Семейдің атын «Алаш Орда» деп атын өзгертеміз. Керенский, Ленин мен Сталинге жөн айтып қазіргі Қазақстанның шекарасын жасап беріп кеткен Алаш Орда үкіметі болатын ( Семей Астанасы болған.). Барлық қалаларымызда Париждегідей алдында биік стелалары бар Аттила, Күлтегін, Шаңғысхан мен Батуханның ескерткіштері бар Триумфальдық аркаларымыз тұратын болады және онда олардың Қытай, Рим, Европаны жеңген шайқастарының аттары жазылатын болады. Автор: тарихшы, ақын-композитор Ерхан Мәжік

0 дауыс

Бұған дейінгі әлемдік тарих ғылымында адамзат тарихындағы ең ұлы хандардың бірі – Шыңғысханды моңғол ұлтынан шыққан деп түсіндіріліп келді. Қарапайым мектеп оқулығынан бастап, қалыңдығы кірпіштей болатын кесек монографияларда да осылай тәпсірленді. Алайда, соңғы жылдардың бедерінде бұл тоң жібіп, татар тарихшылары оның татар екенін дәлелдеуге тырысса, якуттар оның якуттық тамырын қопарып жатыр. Ал Қазақстанда Шыңғысханның қаны қазақ деген пікір аясында қоздаған тартыстар қазір бәсеңсігенімен, әлсін-әлсін өршіп тұрады. 

Бірнеше жыл бұрын өзге елдермен бірге Шыңғысханның 850 жылдығын атап өту қарсаңында қазақстандық тарихшылар мен қытай тарихшылары арасында «Ғаламды бағындырушының» этникалық тегі төңірегінде үлкен дау туды. Тіпті осыған орай Алматыда «Шыңғысхан және қазақ мемлекеттілігі» деген тақырыпта Ресей, Иран, Қытай, Моңғолия мен Қазақстанның жетекші ғалымдарының қатысуымен халықаралық конференция да өткізілді.

Бірақ бұл тақырып төңірегіндегі дау-дамайға нүкте қойылған жоқ. Біз бұған ғалымдар мен саясаткерлер секілді Шыңғысханның тарих сахнасында ойнаған зұлымдық немесе жасампаздық рөлін талқылау үшін қайта оралып отырғамыз жоқ.

Шыңғысханды ЮНЕСКО «екі мыңжылдықтың ұлы қолбасшысы» деп танығаннан бастап, Нобель сыйлығының иегері неміс Ханс-Петер Дюррдан бастаған Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов, қалмақ Давид Кугультинов, әзірбайжан Эльчин, тәжік Мумин Каноат сынды белгілі мәдениет қайраткерлерінен құрылған топтан маза кетіп, мемлекет басшылары мен қоғам қайраткерлеріне үндеу жариялады.

«Жаулаушының отанында – деп жазды олар, – халықаралық қауымдастық алдындағы беделі мен абыройын және ұлттың рухын көтеру мақсатында адамзат тарихындағы ең жауыз басқыншыны ар-ұяттың бостандығы үшін күресуші, жер бетіне бейбітшілік орнатушы ретінде ұлықтау жолға қойылуда. Шыңғысхан атындағы Моңғолияның ең үлкен мемлекеттік ордені тағайындалып, Ұлан-Батырдың орталығында Шыңғысхан мен оның тоғыз әскербасына арналған биіктігі 20 және 17 метр, құны шамамен 19 млн. АҚШ долларын құрайтын ескерткіш кешенінің іргетасының қалану рәсімі сәнді салтанатпен аталып өтті. Халықаралық конференциялар мен форумдар ұйымдастырылып, өте үлкен көлемде арнайы кітаптар шығарылды. Еуразия құрлығындағы жазықсыз құрбандардың төгілген көз жасы мен қанын елемей, билеуші-басқыншыны ашық дәріптейтін мұндай ұятсыз әрекеттер әрбір мемлекеттің халықаралық саясатын бей-жай қалдырмауы тиіс».

Хатқа қол қойғандардың бірі, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Мұхтар Шаханов та: «Егер әрбір елде басқыншы тирандарға ескерткіш қойып, тарихи санаға опасыздық жасай беретін болса, Гитлерді де ақтап алатын күн алыс емес шығар?!» — деп ызалы сарында мәлімдеме жасады. Сол кездері Шыңғыс Айтматовпен бірігіп, «Шыңғысханның қауіпті культі» деген эссе жазып, «Шыңғысхан – қазақ» деген пікірдің авторы тарихшы Қаныбек Данияровты Шыңғысханды жаулаушы, басқыншы деп емес, азат етуші, қазақ халқының перзенті деп жарияламақ болған әрекеті үшін айыптады. Ақын Шахановтың сын-садағына – Ұлан-Батыр мен Ұлан-Уде, Бейжің мен Қазан, Якутск пен Үрімші де ілінді. Бірақ бұл бергі жағы ғана. Бүгінгі таңда қазақтардың, моңғолдардың, якуттардың, қалмақтардың кейінгі ұрпақтары Шыңғысханның кім болғаны жөніндегі аяусыз тартысты жалғастыра бастады. Сөйтіп қоламтаға айнала бастаған отқа қайта май құйылып, бұл мәселе де күн тәртібіндегі даулы мәселелердің қатарына қайта енді.

«Моңғолдардың Шыңғысханға ешқандай қатысы жоқ…»

Мен өз халқымның ақтаңдақ беттері көп тарихымен айналысып келе жатқаныма он жылдан асты. Реті келгенде айта кету керек, менің қазақ тарихын үңіле зерттеуіме ҚаныбекДанияров баяндаған Шыңғысханды біздің халқымызға қайтаруда зор рөл атқарған Қазақстанның баламалы тарихы түрткі болды. Мен қазақ халқының өткені зор болғанына сенімдімін. Тарихты ұлылар жасайтынын ескерсек, әлем тарихындағы көрнекті тұлғаларының тым болмағанда үшеуінің біздің халқымызға тікелей қатысы бар деп айтуға болады. Бұлар – сақ патшайымы Тұмар, Ғұндардың көшбасшысы Еділ (Аттила) және біз сөз етіп отырған Шыңғысхан. Бұлардың бойында қазақтың қаны болды.

Айтулы Ұлы моңғол империясы 1206 жылы құрылды. Оның құрамына қазіргі қазақ ұлтын құрайтын тайпалар мен рулар кіріп, бұл мемлекетті қазақ халқының даңқты ұлы – Шыңғысхан құрды.

Қазақ іздері

Хұннулардың қағаны Мөде б.з.д. 209 жылы құрған империядан бергі 1500 жыл ішінде қазіргі Моңғолияның аймағында қазақ этносын құраған көптеген тайпалар мен рулар өмір сүріп келді. Керулен өзенінің арнасынан 25 шақырым жердегі Шыңғысханның жазғы резиденциясы Аваргада 1990 жылы қойылған ескерткіште қырыққа жуық қазақ тайпалары мен руларының таңбалары қашалған. Қазіргі уақытта барлығы 75-тей қазақ рулары бар. Бірде мен моңғолдың жетекші археолог ғалымы, ғылым докторы, профессор Довда Байардан Аварга ескерткішіндегі белгілердің нені меңзейтінін cұрағанымда, ол өзінің бір досы (өкінішке орай, аты-жөнін ұмытып қалыппын) Моңғолия территориясындағы барлық тасқа қашап жазылған жазулардың бәрін жинап, өзінің ескерткіш туралы еңбегіне пайдаланғанын айтты. Өз кезегімде, мен де Байардан мүсіншіге осы күнгі Моңғолия жерінде ол жерден Шыңғысхан кеткенге дейінгі ұзақ уақыттар бойы қазақ тайпалары мен рулары тұрғанын құжат жүзінде растағаны үшін, қазақ халқының атынан алғыс айтуды өтіндім.

Бірде мен Моңғолияның жолсыз жерімен жиырма тәулік ішінде мың шақырымнан астам жол жүрдім. Сол кездері Шыңғысхан дүниеге келген жерде, оны хан көтерген Қарақорымда болып, атақты Күлтегін ескерткішіне ат басын тіредім. Және ең бастысы, біздің ұлы бабамызға қатысы бар барлық негізгі оқиғалар жазылған Бұрхан Халдунға бардым.

Көрнекті парсы тарихшысы Рашид-ад-Дин б.з.д. ІІІ ғасырда Ергенеконнан шығып, кейінірек Бұрхан Халдунға орналасқан тайпалар мен руларды санамалайды. Олар: нүкүс, ұранқат, хұнгират, икирас, олхонут, қоралас, елжігін, күнқұлайыт, ортауыт, қонқотан, арулат, келінғұт, усун, баяут, күнджін, сулдус, елдүркін және кіншіт. Кейінірек Шыңғысхан шыққан дарликин моңғолдары деп аталатын топты осы тайпалар құрады. Олардың бір бөлігі – нирун моңғолдарының тобын құраған Алан пауалардың аталары. Мұндай жағдайда, Рашид-ад-Диннің, Жалайыридің, Әбілғазының, М.Тынышбевтың, Шәкәрімнің, Қ.Данияровтың және өзге де ғалымдардың деректерін пайдалана отырып, мен бұл тайпалар мен рулардың барлығы түркі тектес халықтарға тиісті екендігін анықтадым. Бұлардың көпшілігі қазіргі қазақ рулары мен тайпаларының да құрамына енген. Мұндай жағдайда Шыңғысхан моңғол тайпаларының емес, түрік тайпаларының ортасында дүниеге келген болып шығады. Бұл қорытындының біздің халық үшін маңызы өте зор. Өйткені, бұл – Шыңғысхан ХІІІ ғасырда Моңғолия территориясында өмір сүрген cол қазақ тайпаларының тілінде сөйледі дегенді білдіреді.

Моңғол іздері

Мен «Моңғолдардың киелі аңызы» атты Моңғолияның әдеби ескерткішін зерттеу орталығының директоры, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Дарантай Церен Сондоммен сұхбаттастым. Екеуара әңгімеден ұққаным, моңғол ғалымдарының тұжырымдамасы былай екен: ХІІІ ғасырда Моңғолия территориясында найман, керей, қоңырат, жалайыр, меркіттерге қатысы бар моңғол тайпалары өмір сүрген. Ұлан-Батырлық ғалымдардың растауынша, олардың барлығы да сол кездегі моңғол тілінде сөйлеген. 1218 жылы Шыңғысханмен бірге батысқа, Орта Азия мен Қазақстанға кетіп, бұл тайпалар сол аймақтарда тұратын этникалық топтармен ассимиляцияланып, қазіргі таңда қазақ тілінде сөйлейтін болыпты-мыс. Сонда мен Дарантай Сондомға Қазақстан территориясында найман, керей, жалайыр, қоңырат пен меркіт сияқты тайпалардың ассимиляциясы болуы мүмкін еместігін айттым. Өйткені, Шыңғысхан мен оның әскері арғын, найман, қыпшақ, қарлұқтар мекен ететін Жетісу өзенін кесіп өтіп, үйсіндер мен қаңлылардың мекені – оңтүстік Қазақстанға, одан әрі алшындардың жері –батысқа қарай жылжыған. Және бәрі қайда жүрсе де қазақ тілінде сөйлеген. Моңғол ғалымы үшін бұл – нағыз күтпеген дерек болды. Сасып қалған ол сәл кешігіп барып: «Біздер, моңғолдар өз тілімізді жоғалтып алған уақытта, сіздер, қазақтар өз тілдерінізді сақтай алдыңыздар. Сол үшін сізді құттықтаймын!» – деді. Моңғол оқымыстысының аузынан мұндай пікірді есту – аса маңызды екенін мойындаған жөн.

Бұл жерде тағы бір ескерер жайт – қазіргі моңғолдардың Моңғолия территориясында Шыңғысхан кеткенге дейін тұрған халықтарға еш қатысы жоқ. Б.Баабар сынды моңғол оқымыстыларының жазуынша, Шыңғысханның кезінде 40 моңғол, 4 ойрат түмені күн кешкен екен. Жаугершіліктің салдарынан ойраттар әуелі Шыңжаңға, одан соң ХV ғасырдың басында Қазақстанға кеткен. Сөйтіп Моңғолиядар бар болғаны 6 түмен ғана қалыпты.

Қытай іздері

Шыңғысханның немересі Құбылай 1260 жылы ұлы хан бола салысымен, Юань Қытай династиясының негізін қалай бастады. 1270 жылдарға таман оның сарайы толық «қытайландырылды». Астананы Бейжіңге көшіріп, өз кеңсесіндегі іс-қағаздарды қытай тілінде жүргізіп, сарай маңына қытай әдебін енгізіп, өзі будда дінін қабылдап, ата-бабасының туған жерімен еш шаруасы болмады. Төрт ойрат түменімен бетпе-бет қалған моңғолдар маньчжурлардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Сөйтіп, Юань сарайының үнсіз келісімінен соң, Шыңғысханның атажұртына жер қайысқан тұңғыс тектес маньчжур тайпалары сау ете түсті. Юань династиясы құлаған соң, жағдай одан әрі нашарлай түсті. Ал, ХVІІ ғасырдың басында Қытайдағы билік басына маньчжурлік Цин династиясы келген уақытта Моңғолия тұтастай маньчжурлардың қол астында қалды. Міне, осы кезде 6 түрік тектес моңғол түмендері саны көп тұңғыс тайпаларына сіңісіп кетті. Қазіргі моңғол тіліндегі түркизмдер осы жерден келіп шығады. Бұл айтылғанды дәлелдейтін деректі мен моңғол ғалымдары Тайжиуд Очир мен Бэсуда Сэржээнің «Монгол чуудын овгийн лавлах» атты 1998 жылы жарық көрген еңбегінен алдым. Бұл кітапта қазіргі моңғол халқының санағының нәтижелері келтірілген. Оған жүгінер болсақ, қазіргі моңғолдар 700-ден астам руға бөлінеді екен. Егер, Шыңғысханның тұсында рулардың саны 60-тан сәл ғана асқанын ескерсек, өздерін халқа-моңғолдармыз деп атайтын қазіргі моңғолдардың ахуалының қандай екенін ұғыну қиын емес. Сондықтан, мен қазіргі моңғолдардың біздің ұлы бабамызға, түркілерге, қазақтарға еш қатысы жоқ деп батыл тұжыра аламын. Ал біз, қазақтар, осы көзге көрініп тұрған әділетсіздікті түзеуге тиіспіз!

Киевке дейінгі із

Әрбір қазақ руының өзінің рулық белгісі – таңбасы болғаны мәлім. Әйгілі шығыстанушы Аристовтың пікірінше, таңба – тұрақты, қанша уақыт өтсе де, өзгермейтін рулық меншіктің түрі болып табылады. Белгілі бір ру Еуразияның шетсіз-шексіз даласында көшіп-қонып жүріп, өзге бір ірі тайпаға немесе руға қосылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның таңбасында қосымша белгі пайда болады. Мысалы, алдындағы таңбасы домалақ болса, кейіннен оған сызықша, не болмаса шарғы қосылуы мүмкін. Алайда, бұл – мәселенің түп негізін өзгертпейтін. Көшпенділер өзі танымайтын өзге бір көшпендінің руын – сол таңба бойынша анықтайтын. Яғни, таңба – көшпендінің жеке куәлігі іспеттес болды. Міне, сол секілді Шыңғысханның да таңбасы – істік жағы жоғары қараған үш тісті айыр немесе тарақ болған. Мен оны Моңғолиядан, Шыңғысханның туған жерінен көрдім. Қазақ руларының арасында мұндай таңба бағаналы, сіргелі, жалайыр, тарақты, тама және табын руларында бар. Империя бөлінгеннен кейін 1223 жылғы қазіргі Жамбыл облысының территориясында өткен құрылтайда Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошыға қазіргі Қазақстан жері мен көп руларға қоса Найман тайпасының ішіндегі Ергенекті аталығының ағайынды екі руы – Балталы мен Бағаналыны береді. Бұл екі рудың тарихы тереңде жатыр. Бұл екеуі Аттиламен бірігіп, балтық жағалауы және скандинав елдерін құруға ат салысып, оларға өз есімдерінің Балта деген түбірін береді (Балта – Балтық). Сондай-ақ, олар Аттиланың жиені Одоакрдың әскері құрамында 476 жылы Батыс Рим империясын құлатты. Киевтің Рюриковичтер әулетінен тұратын княздерінің жылнамаларында оларды түрік тұқымынан тараған делінген. Рюриковичтердің өздері 862 жылы таққа отырса, ХІІІ ғасырдың ортасында билік бірте-бірте Мәскеу княздігіне өте бастады. Содан бері 1991 жылғы атышулы «егеменді елдер шеруіне» дейін Киев тәуелсіз ел болмапты. Осыған орай, азаттығына қол жеткізген сәттен бастап, не үшін украиндықтар елтаңбаларындағы Бағаналы руыныкіндей өз таңбаларын (үш тісті айыр) қайта қалпына келтіргені түсінікті болады…

«Қасым АМАНЖОЛОВ»

+1 дауыс
Шыңғысханның шешесін емес меркіттер алып кететін, әйелін алып кетіп одан Жошы туылады. Жошыхан меркіттен туған деген сөз бар ал Шыңғысхан Есугейдің бел баласы түркі тілдес тайпадан шыққканы дәлелденді. Ол уақытта Қазақ ұлты қалыптаспаған кез болғандықтан тек түркі деп қараймыз. Кеңес үкіметі "ресей еш уақытта түркілерге бодан болған жоқ, түркілерді ел қылды"- деген ұғым қалыптастыру үшін шыңғысханды маңғол етіп тарихты қолдан жазды.
Шыңғысхан сөйлеген тіл түркі тілдер ішінде қазіргі қазақ тіліне қатты жақындығын дәлелдеген ғалымдар Шыңғысхан Қазақтың ата-бабасы деп жатыр. Отырардың өртенгені, 6 ай алалмағаны қиал болып шықты. Әрі кеткенде 1 айда басып алған және отырарды парсылардан азат еткен деп жазып жатыр. Кеңес үкіметіндегі тарихтан бас тартыңдар жалпы. Ресейді Алтын-орда ел қылған, жаудан қорғаған, шашырап жүрген орыстарды басын біріктіріп мәскеу мемлекетін құрған. Орыстың басын біріктіргенде Алтын-орда хандары  өзіне жау боларын білген жоқ, салық төлетуге ыңғайлы жағын ғана жасаған. Алтын-орданың тікелей мұрагері тек Қазақтар ғана ал қалғандары құрамында болған елдер.
Жарайсың бауырым.  Сенің де қаныңда Шынғыс ханның намысы, әділдігі бар екені көрініп тұр.
...