+1 дауыс
9.2k көрілді
Шыңғыс ханның шыққан тегі қазақ па?

13 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Шыңғысханның әкесі Есугей. Есугей Меркіттерден қазақтың әйелін ұрлап өзіне әйел қылады. Әйелі 8 ші айында Шыңғысханды туады. Сонда күмән болған. Бала қазақ немесе меркіттікі немесе  8 ші айында туылған бала. Нақты дерек ешкім білмейді. Анау әйелмен жатқан адам қайтыс болып кетті. Кімнің баласы екенін ешкім айта алмайтында шығар енді.
Сен Жошы туралы айтып тұрған жоқсын ба?
Шыңғыс туралы. Жошыдада тура осындай қайталанған,,
ол кезде қазақ ұлт болып қалыптасқан жоқ еді ғой!
нағыз қазақтың бет әлпеті: шаштары ҚОҢЫР,көздері КӨКШІЛ-Қоңыр түсті. бойлары ұзын. Мұны антрополог ғалымдар дәлелдеген. сондықтан мен ойламаймын Шыңғыс ханды ҚАЗАҚ деп
+5 дауыс
Егер Шыңғысхан қазақтан шықса ол қазақтарды жоймас еді үйір-үйірімен
Шыңғысхан моңғолдарды қырған жоқ деп кім айтты.
не деп қудың. қазірдің өзінде ҚАЗАҚ ҚАЗАҚТЫ өлтіріп жатыр, сонау заманда қырмаған дейсің ба
+1 дауыс
Шыңғыс ханның тегі қазақ па? мұндай сұрақ неліктен туындады екен деген ой туындап отыр менде... Шыңғысхан 12 ғасырда өмір сүрген т ұлға, ал тарихқа қарасақ "ҚАЗАҚ" ұғымы 15 ғасырда пайда болған. сонда Шыңғыс хана қазақ бола алады ма екен? керісінше қазақтар қазақ болып қыпшақтардың осы моңғолдармен интеграцияға түсуінен пайда болмады ма. мұнда кейбір жауаптарда Шыңғысханның анасы Қоңырат тайпасынан дейді. Қоңырат Қаңлы Дулат Қыпшақ дегендер қазақ ұғымы пайда болғанша өмір сүрген тайпалар бірақ 15 ғасыра Керей мен Жәнібек бөлініп осы тайпаларды бір тудың астында біріктірген осылайша ҚАЗАҚТАР  пайда болған. тоқ етері Шыңғысхан қазақ емес болуы да мүмкін емес.
0 дауыс
Жоқ әрине. Ол кезде қазақтар түркі тайпалас болды ғо. Осы кейбір адамдарға түсінбеймін тарихты оқымай Шыңғыс хан қазақ анау-мынауда қазақ дейтіндері нес. Тарихтағы хандардың барлығы да қазақтан таралған жо қо. Ал Шыңғыс хан қазақ делік, онда неге ол ОТырыарға шабуыл жасады. Бәрін ойланып шешейік.
0 дауыс
!Шыңғыс ханның тегi қазақ па,алде моңғолма деген сұраққа Орталық Азия елдерiмен,Ресейдiң тарих ғылымының жiлiгiн шағып майын iшiп жүрген ғалымдардың тобының пiкiрлерi екiге бөлiнулi күйiнде қалып отыр. Бұл сұраққа тұшымды, әрi нақты жауап беру мумкiн емес деп санаймын! Аталмыш сұраққа нақты жауапты қазба жұмысының натижесi шешетiнi белгiлi,ал бiздiң барлығымыз бiлетiндей археологиялык қазба жумыстары Шыңғыс ханның мүрдесiн әлi кунге дейiн таппағаны белгiлi.  Ал бiз бұл сұрақтың жауабы ретiнде әр-турлi алып-қашпа аңыз-әңгiмелермен, қанқу сөздерге сүйенбеуiмiз керек!
 Менің жеке ойымды айтар болсам, Мейлi Шыңғыс хан моңғол болсын, қазақ болсын,оның жасаған ерлiктерiн қазiргi замана талабына сай бiз де қайталауымыз керек!!!
адамды ойландырып қойдың ғой,бауырым. КЕРЕМЕТ ПІКІР...сенен түбінде мықты ғалым шыққалы отыр ))
0 дауыс
Кішкене ойланшы бауырым XII-XIII ғ қазақ деген болған ба еді? Қазақ халқы XV ғ қалыптасып пайда болды.Шыңғысхан ешқандай да қазақ емес,Шыңғысханның ұрпақтары төрелер қазақ халқына билік жүргізген. Төрелер қыз бермид қыз алады.Шыңғысханның ұрпақтары төрелер жүзге кірмейді. Уақыт өте төрелер қазақтардың ішіне сіңісіп кеткен.
Сонда қазақ хандығы құрылғанша ҚАЗАҚ деген ҰЛТ болмаған ба???
0 дауыс

Қазақ халқы төрт ұлы империяның тікелей мұрагер ұрпағы

Қазір Шыңғысханды моңғол деп Қытай мен Монғолиядан басқа ешкім айтпайды. Себебі, тарихтағы шындық бойынша Шыңғысхан да , Шыңғысханның құрған мемлекеті де таза қазақ -татар мемлекеті болған. Қазір Европа , Россия мен Түркия, Жапония мен Қазақстанның барлық тарихшылары ашық түрде Шыңғысханды таза қазақ деп жатыр. Мысалы осы жуықтарда ғана Россияда тарихшы Мұрат Аджи мен Ан. Оловинцеватің, Украйнада Влад. Белинскийдің, Англияда атақты бір ағылшын тарихшысының, алдында Қазақстанда тарихшы Мұхтар Мағауиннің Шыңғысхан таза қанды қазақ деген кітаптары шықты . Мен сол кітаптардан алып жазып отырмын. Осыдан үш — төрт жыл бұрын Қазақстанның барлық ірі деген академик, доктор мен профессорлары «Қазақстан» телеканалынан шығып тұрып барлығы Шыңғысхан таза қазақ деп мәлімдеді. Ертең ақ Шыңғысхан таза қазақ деп әлем сөйлейтін болады. Ол анық. Шыңғысханның кезінде қазіргі Моңғолияның жері Татар даласы деп аталып онда қазақтың татар тайпа — рулары тұрған болатын . Олар Кейін қазақстанға көшіп келген Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Татар және Дулат сияқты оннан аса татар – қазақ ру — тайпалары. Моңғол деген ұлттың өзі Шыңғысханның кезінде ешқандай да болмаған. Олар Қытыйдың Манжуриядағы Шығыс Ляо деген мемлекетінен Шыңғысхан өлгеннен кейін ғана көшіп келген Қидан деген халық. Монгол деген атау Шыңғысханның немересі Мөңке ханның атынан алған. Мөнке хан Оңтүстік Қытайға ылғи соғыс жорығын ашып, оны қытайлар «Монгу» деп атап, одан қазіргі моңғолдардың атауы шықты. Шыңғысханның асырап алған әкесі қазақтың қият деген руынан да , туған әкесі қазақ – меркіт. Бұл жөнінде Жапонның 2014 –ші жылы, 29—шы мамыр (май) айында Россияның « Мир» деген телеканалында көрсеткен Шыңғысхан деген фильмінде өте жақсылап көрсетті. Жапондар Кытай, Монғолдай емес тек шындықты көрсетеді. Ол фильмде Шыңғысхан өзін алты — жеті рет қазақ меркітпін деп атады да, оны Шыңғысханның қоңырат руынан шыққан туған шешесі де айтты. Меркіт қазақ руы және олар қазір Қазақстанда Найман руының құрамында. Меркіт алдымен керейлерге қосылады да Шыңғысхан керейлерді жеңгенде Меркіт ханы Кетебек Ертістің бойына көшіп кеткен найман ханы Күшілікке қосылады. Оны Қытайдың Шыңғысхан фильмінде көтсетеді.

Шыңғыс ханның кезінде татарлар, яғни қазіргі қазақтар Шыңғысханның армиясы ретінде батысқа соғыс бастағанда Қазақстан жеріне көшіп келді. Олардың басшысы және артынан хандары болып Шыңғысханның үш ұлы Жошы , Шағатай және Төле бастап келді де сол жерде тұратын оларға жақын туыс қыпшақ — қазақтармен бірікті. Ал қазақтың Алтын Орда мемлекетінде ешқашан да бір бір моңғол тұрып көрген жоқ. Оның бірінші ханы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы да, да бірінші астанасы Қазақстанның орталығындағы Ұлытау болды. Ол Ұлытауда сол Жошының, тағы да Алтын Орда хандары Едіге мен Тоқтамысхан жерленген. Енді белгілі болған жайыт Жошының жанындағы Алашханның зиратында Шыңғысханның өзі жатыр дейді. «Алаш» атауы Шыңғысханның империясының тағы бір атауы. Шыңғысханның төрт әйелі де қазақ болды. Діні көне қазақ діні тәңірге табынушылық. Шыңғысханның ең ірі деген қолбашсыларының біріншісі Мұқылай қазақ – жалайыр, екіншісі Сүбедей татар — тувинец, ал енді біреуі Жебенің аты таза қазақша. Шыңғысхан деген ат қазақтың « Таудың қарлы биік шыңы» – деген сөзі. Ал Шыңғысханның империясының аты « Қарақорым» таза қазақша, бар қазаққа түсінікті сөз. Шыңғысханның татар империясынан да Шыңғысханның өзінен де, Алтын Ордадан да бізге жеткен барлық тарихи құжаттар, хаттар мен ақша монеталардың ішінде бір де бірінде моңғол тілінде жазылғандары жоқ, барық жеткен тарихи құжаттар мен тыйындардағы жазу тек қана татар тілінде де, Алтын Ордадан жеткендердің барлықтары Қыпшақ тілінде. Яғни, қазіргі қазақ тілінде. Себебі Шыңғысханның татар империясының мемлекеттік тілі татар тілі , ал Алтын Ордада қыпшақ тілі болды. Яғни, қазіргі қазақ тілі. Татар империясының мемлкекттік алфавиті қазақтың көне Орхон — найман алфавиті болған. Өте көп татар - қазақтар Мұқылаймен, Құбылаймен Қытайға көшті. Ал қазақ — татарлардың негізгі көп бөлігі қазіргі Қазақстан жеріне Шыңғысханның әскері ретінде көшіп келді. Ал қазақ халқы әлемдегі ең ұлы тарихы бар ең ұлы халық. Себебі, әлемнің өткендегі ең бір ұлы деген төрт империяның тікелей мұрагер ұрпағы болып табылатын жалғыз халық қазақтар. Ол империялар өткендегі ұлы Гун империясы мен оның ұлы патшасы Аттила. Екіншісі қазақтың көне империясы Түрік Қағанаты. Үшіншісі Шыңғысханның құрған ұлы Татар — қазақ империясы мен Шыңғысханның өзі. Ал төртіншісі қазақтың ұлы империясы ол ұлы Алтын Орда. Осы ұлы деген қазақтың төрт империясының тікелей мұрагері болып табылатын қазақ әлемнің ұлы халқы болып табылады. Мысалы әйгілі Гун империясы Қытайдың армиясын бірнеше рет талқандап жеңіп Қытайды қорқынышта ұстаған . Ал Гундардың ұлы патшасы Аттила Ұлы Рим империясын тас талқан қылып талқандады. Ал қазақтың ұлы хандары Шыңғысхан мен Батухан әлемнің жартысын қыйратып жаулап алды. Ал Батухан бастаған казақтың Алтын Орданың армиясы Лигнец түбіндегі шайқаста Европаның орасан зор біріккен армиясын тас — талқан қылып жеңді. Шымкент, Тараз, ҚызылОрда. Маңғыстау жерлерін бізге жаулап алып берген Шыңғысханның өзі. Ол Алтын Орда мемлекетін құрып соның арқасында біртұтас қазақ ұлты, жері, тілі пайда болды. Сондықтан болашақта кезі келге Шымкент пен Алатауды «Шыңғысхан» деп атын өзгертетін боламыз. Онымен бірге, Астынаны «Аттила», КызылОрданы «Алтын Орда», Атыраудың атын «Хан Бату» (Жанында көне Сарайшық пен Батуханның зираты бар) Семейдің атын «Алаш Орда» деп атын өзгертеміз. Керенский, Ленин мен Сталинге жөн айтып қазіргі Қазақстанның шекарасын жасап беріп кеткен Алаш Орда үкіметі болатын ( Семей Астанасы болған.). Барлық қалаларымызда Париждегідей алдында биік стелалары бар Аттила, Күлтегін, Шаңғысхан мен Батуханның ескерткіштері бар Триумфальдық аркаларымыз тұратын болады және онда олардың Қытай, Рим, Европаны жеңген шайқастарының аттары жазылатын болады. Автор: тарихшы, ақын-композитор Ерхан Мәжік

0 дауыс
Ия, ол тарихи шындық, яғни ол біздің хан. Кеңес заманында тарихты бұрмалап жаздырды. Зиялы қауымды, соның ішінде тарихшыларды да қуғын сүргінге ұшыратты. Кеңестік орыс тарихшыларында шындықты жасыруға мәжбүрледі.

Шыңғысханды сол кезде моңғол ұлтынан деп, ол қазақтарды қырды, жаулап алды деген түсініктер қалыптастырды. Біз де орта мектепте соны оқыдық. Шыңғысхан моңғол бола алмайды, себебі моңғол деген ұлт атауы 17-18 ғасырларда пайда болған(қазақ рулары мен халхалар будандасуынан пайда болған, сенбесеңіз монғолша білетін адамнан сұраңыз қазақшаға көп сөздері ұқсас келеді).

Шындыққа тура қарасақ, ол қазақ тайпаларының басын біріктіріп үлкен мемлекет құрды. Жарты дүниені жаулады. Қазақ халқы ертеден келе жатқан ел. Қазақ деген сөз кейбір деректерде 7-8 ғасырларда кездеседі. Бұл қашанда қазіргі қазақ рулары, наймандар, керейлер, үйсіндер, арғындар, жалайырлар, меркіттер, қоңыраттар, қияттар т.б жалпы қазақтар(бірлестігі) деп аталып келеді, меніңше жалпы ол ерте кезден солай аталып келген. Шыңғысханнан бұрын да солай аталып келгеніне тарихта дәлелдер бар. Тек ол кезде Шыңғысхан кезінде "мәңгіел" құрамыз немесе соғыс жағдайында тез әскер біріктіру мақсатында 70 әскери аймақ құрып, әрқайсы "мыңқол" дан шығару керек  деген сөздер көп қолданғандығынан, монғол аталған болуы мүмкін. Бірақ қазіргі монгол мен сол кездегі монғол сөзі екі түрлі нәрсе. Бір айта кетерлік жайт, 15-16 ғасырда құрылған қазақ халқы емес, ол тағы бір қазақ хандығы. Осыны жете түсіну керек.

Шыңғысхан қазақ дегеніміз, оның әкесі қият руынан(жалайыр деген болжам да бар) және шешесі қоңыраттан екені нақты дәлел. Себебі бұл екі ру қазақ халқының құрамындағы ертеден келе жатқан ру-тайпалар. Кейін Шыңғысханнан туған ұрпақты төре деп атадық, төре деген сөзді де не мағна білдіретінін әр қазақ жақсы біледі.  Оны құрылтайда халық пен билер киізге орап хан көтеруі, қазақ халқының ғана салты. Құрылтай сөзі, хан деген сөз, Темірші де қазақ сөзі. Шыңқұз хан ұлы хан дегені.

Тағы бір айта кететін жайт, Шыңғысханның сенімді уәзірлерінің бірі найман руынан болған. Әскерлерінің бәрі де қазақ тайпаларынан құралған.Еуропа патшаларына жіберілген елшілер жеткізген хаттар да қазақша жазылып отырған. Ол хаттар қазір еуропа елдеріндегі мұражайларда сақтаулы. Мөрі де қазақша. Мөрде "қазақ" деген сөз барын зертеушілер айтып жүр. Егер моңғол болса, моңғолша жаздырар еді ғой

Қазақтарды қырғынға ұшыратты дегендер, Отырарды дәлелге келтіретіндер бар. Негізі шындығы ол кезде Отырар қаласын Парсы елі мен Хорезм билеушілері билеген. Шыңғысхан елшілерін өлтірткен Қайыр хан сол парсылардың адамы болған. Шыңғысхан тек оның жазасын беріп, Отырар қаласын өзімізге қайтарған. Тарихи шындық осы. Басқа еш жерде қазақтарды қырды деген ақпарат жоқ, себебі ол өз елі, өз ұлтын жақсы көрді. Кейбір бағынбаған басшылар болған шығар, оларды орнына қою қай мемлекетте де кездеседі.

Ұрпақтарының бәрі өзге ұлттың болашағы үшін күрескен жоқ, тек қазақ халқының болашағы үшін күресті, Абылай, Кенесарылар жалпы хандарымыздың бәрі дерлік Шыңғысхан ұрпақтары, өз еліміз үшін, қазақ үшін күресті, оның бірлігі үшін моңғол үшін не басқа ұлт үшін күрескен жоқ.

Алты алаш деген сөз, сол Шыңғысханның алты ұлы деген шындыққа жақын. Мақал бар "алтау ала болса ауыздағы кетеді". Бұл алты алаштың, хандарымыздың, еліміздің бірлігі керек деген сөз.  

Кей зерттеушілер Орхон-Енисей ескерткіштері Шыңғысхан кезінде пайда болған дейді, онда Шыңғысхан мен оның ұлдары жайлы ақпарат келтірілген деген тұжырым бар. Ол да шындыққа жақын.   

Мұхтар Мағауйннің 4 томдық(3 томы сатылымда бар) Шыңғысхан кітабын оқуға кеңес берем.

Анатолия Оловинцовтың "Түріктер ме әлде моңғолдар ма"(орысша) кітабын оқуға болады
0 дауыс
Мен өз басым қазақ деп ойлаймын Моңғолияда өмір сүрген қазақтардан шыққан адам.Онын әйелі қоңырат болған және анасы да қоңыр ат .Енді сол елден шыққан соң монғол деп кеткен шығар.
0 дауыс

Бұған дейінгі әлемдік тарих ғылымында адамзат тарихындағы ең ұлы хандардың бірі – Шыңғысханды моңғол ұлтынан шыққан деп түсіндіріліп келді. Қарапайым мектеп оқулығынан бастап, қалыңдығы кірпіштей болатын кесек монографияларда да осылай тәпсірленді. Алайда, соңғы жылдардың бедерінде бұл тоң жібіп, татар тарихшылары оның татар екенін дәлелдеуге тырысса, якуттар оның якуттық тамырын қопарып жатыр. Ал Қазақстанда Шыңғысханның қаны қазақ деген пікір аясында қоздаған тартыстар қазір бәсеңсігенімен, әлсін-әлсін өршіп тұрады. 

Бірнеше жыл бұрын өзге елдермен бірге Шыңғысханның 850 жылдығын атап өту қарсаңында қазақстандық тарихшылар мен қытай тарихшылары арасында «Ғаламды бағындырушының» этникалық тегі төңірегінде үлкен дау туды. Тіпті осыған орай Алматыда «Шыңғысхан және қазақ мемлекеттілігі» деген тақырыпта Ресей, Иран, Қытай, Моңғолия мен Қазақстанның жетекші ғалымдарының қатысуымен халықаралық конференция да өткізілді.

Бірақ бұл тақырып төңірегіндегі дау-дамайға нүкте қойылған жоқ. Біз бұған ғалымдар мен саясаткерлер секілді Шыңғысханның тарих сахнасында ойнаған зұлымдық немесе жасампаздық рөлін талқылау үшін қайта оралып отырғамыз жоқ.

Шыңғысханды ЮНЕСКО «екі мыңжылдықтың ұлы қолбасшысы» деп танығаннан бастап, Нобель сыйлығының иегері неміс Ханс-Петер Дюррдан бастаған Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов, қалмақ Давид Кугультинов, әзірбайжан Эльчин, тәжік Мумин Каноат сынды белгілі мәдениет қайраткерлерінен құрылған топтан маза кетіп, мемлекет басшылары мен қоғам қайраткерлеріне үндеу жариялады.

«Жаулаушының отанында – деп жазды олар, – халықаралық қауымдастық алдындағы беделі мен абыройын және ұлттың рухын көтеру мақсатында адамзат тарихындағы ең жауыз басқыншыны ар-ұяттың бостандығы үшін күресуші, жер бетіне бейбітшілік орнатушы ретінде ұлықтау жолға қойылуда. Шыңғысхан атындағы Моңғолияның ең үлкен мемлекеттік ордені тағайындалып, Ұлан-Батырдың орталығында Шыңғысхан мен оның тоғыз әскербасына арналған биіктігі 20 және 17 метр, құны шамамен 19 млн. АҚШ долларын құрайтын ескерткіш кешенінің іргетасының қалану рәсімі сәнді салтанатпен аталып өтті. Халықаралық конференциялар мен форумдар ұйымдастырылып, өте үлкен көлемде арнайы кітаптар шығарылды. Еуразия құрлығындағы жазықсыз құрбандардың төгілген көз жасы мен қанын елемей, билеуші-басқыншыны ашық дәріптейтін мұндай ұятсыз әрекеттер әрбір мемлекеттің халықаралық саясатын бей-жай қалдырмауы тиіс».

Хатқа қол қойғандардың бірі, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Мұхтар Шаханов та: «Егер әрбір елде басқыншы тирандарға ескерткіш қойып, тарихи санаға опасыздық жасай беретін болса, Гитлерді де ақтап алатын күн алыс емес шығар?!» — деп ызалы сарында мәлімдеме жасады. Сол кездері Шыңғыс Айтматовпен бірігіп, «Шыңғысханның қауіпті культі» деген эссе жазып, «Шыңғысхан – қазақ» деген пікірдің авторы тарихшы Қаныбек Данияровты Шыңғысханды жаулаушы, басқыншы деп емес, азат етуші, қазақ халқының перзенті деп жарияламақ болған әрекеті үшін айыптады. Ақын Шахановтың сын-садағына – Ұлан-Батыр мен Ұлан-Уде, Бейжің мен Қазан, Якутск пен Үрімші де ілінді. Бірақ бұл бергі жағы ғана. Бүгінгі таңда қазақтардың, моңғолдардың, якуттардың, қалмақтардың кейінгі ұрпақтары Шыңғысханның кім болғаны жөніндегі аяусыз тартысты жалғастыра бастады. Сөйтіп қоламтаға айнала бастаған отқа қайта май құйылып, бұл мәселе де күн тәртібіндегі даулы мәселелердің қатарына қайта енді.

«Моңғолдардың Шыңғысханға ешқандай қатысы жоқ…»

Мен өз халқымның ақтаңдақ беттері көп тарихымен айналысып келе жатқаныма он жылдан асты. Реті келгенде айта кету керек, менің қазақ тарихын үңіле зерттеуіме ҚаныбекДанияров баяндаған Шыңғысханды біздің халқымызға қайтаруда зор рөл атқарған Қазақстанның баламалы тарихы түрткі болды. Мен қазақ халқының өткені зор болғанына сенімдімін. Тарихты ұлылар жасайтынын ескерсек, әлем тарихындағы көрнекті тұлғаларының тым болмағанда үшеуінің біздің халқымызға тікелей қатысы бар деп айтуға болады. Бұлар – сақ патшайымы Тұмар, Ғұндардың көшбасшысы Еділ (Аттила) және біз сөз етіп отырған Шыңғысхан. Бұлардың бойында қазақтың қаны болды.

Айтулы Ұлы моңғол империясы 1206 жылы құрылды. Оның құрамына қазіргі қазақ ұлтын құрайтын тайпалар мен рулар кіріп, бұл мемлекетті қазақ халқының даңқты ұлы – Шыңғысхан құрды.

Қазақ іздері

Хұннулардың қағаны Мөде б.з.д. 209 жылы құрған империядан бергі 1500 жыл ішінде қазіргі Моңғолияның аймағында қазақ этносын құраған көптеген тайпалар мен рулар өмір сүріп келді. Керулен өзенінің арнасынан 25 шақырым жердегі Шыңғысханның жазғы резиденциясы Аваргада 1990 жылы қойылған ескерткіште қырыққа жуық қазақ тайпалары мен руларының таңбалары қашалған. Қазіргі уақытта барлығы 75-тей қазақ рулары бар. Бірде мен моңғолдың жетекші археолог ғалымы, ғылым докторы, профессор Довда Байардан Аварга ескерткішіндегі белгілердің нені меңзейтінін cұрағанымда, ол өзінің бір досы (өкінішке орай, аты-жөнін ұмытып қалыппын) Моңғолия территориясындағы барлық тасқа қашап жазылған жазулардың бәрін жинап, өзінің ескерткіш туралы еңбегіне пайдаланғанын айтты. Өз кезегімде, мен де Байардан мүсіншіге осы күнгі Моңғолия жерінде ол жерден Шыңғысхан кеткенге дейінгі ұзақ уақыттар бойы қазақ тайпалары мен рулары тұрғанын құжат жүзінде растағаны үшін, қазақ халқының атынан алғыс айтуды өтіндім.

Бірде мен Моңғолияның жолсыз жерімен жиырма тәулік ішінде мың шақырымнан астам жол жүрдім. Сол кездері Шыңғысхан дүниеге келген жерде, оны хан көтерген Қарақорымда болып, атақты Күлтегін ескерткішіне ат басын тіредім. Және ең бастысы, біздің ұлы бабамызға қатысы бар барлық негізгі оқиғалар жазылған Бұрхан Халдунға бардым.

Көрнекті парсы тарихшысы Рашид-ад-Дин б.з.д. ІІІ ғасырда Ергенеконнан шығып, кейінірек Бұрхан Халдунға орналасқан тайпалар мен руларды санамалайды. Олар: нүкүс, ұранқат, хұнгират, икирас, олхонут, қоралас, елжігін, күнқұлайыт, ортауыт, қонқотан, арулат, келінғұт, усун, баяут, күнджін, сулдус, елдүркін және кіншіт. Кейінірек Шыңғысхан шыққан дарликин моңғолдары деп аталатын топты осы тайпалар құрады. Олардың бір бөлігі – нирун моңғолдарының тобын құраған Алан пауалардың аталары. Мұндай жағдайда, Рашид-ад-Диннің, Жалайыридің, Әбілғазының, М.Тынышбевтың, Шәкәрімнің, Қ.Данияровтың және өзге де ғалымдардың деректерін пайдалана отырып, мен бұл тайпалар мен рулардың барлығы түркі тектес халықтарға тиісті екендігін анықтадым. Бұлардың көпшілігі қазіргі қазақ рулары мен тайпаларының да құрамына енген. Мұндай жағдайда Шыңғысхан моңғол тайпаларының емес, түрік тайпаларының ортасында дүниеге келген болып шығады. Бұл қорытындының біздің халық үшін маңызы өте зор. Өйткені, бұл – Шыңғысхан ХІІІ ғасырда Моңғолия территориясында өмір сүрген cол қазақ тайпаларының тілінде сөйледі дегенді білдіреді.

Моңғол іздері

Мен «Моңғолдардың киелі аңызы» атты Моңғолияның әдеби ескерткішін зерттеу орталығының директоры, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Дарантай Церен Сондоммен сұхбаттастым. Екеуара әңгімеден ұққаным, моңғол ғалымдарының тұжырымдамасы былай екен: ХІІІ ғасырда Моңғолия территориясында найман, керей, қоңырат, жалайыр, меркіттерге қатысы бар моңғол тайпалары өмір сүрген. Ұлан-Батырлық ғалымдардың растауынша, олардың барлығы да сол кездегі моңғол тілінде сөйлеген. 1218 жылы Шыңғысханмен бірге батысқа, Орта Азия мен Қазақстанға кетіп, бұл тайпалар сол аймақтарда тұратын этникалық топтармен ассимиляцияланып, қазіргі таңда қазақ тілінде сөйлейтін болыпты-мыс. Сонда мен Дарантай Сондомға Қазақстан территориясында найман, керей, жалайыр, қоңырат пен меркіт сияқты тайпалардың ассимиляциясы болуы мүмкін еместігін айттым. Өйткені, Шыңғысхан мен оның әскері арғын, найман, қыпшақ, қарлұқтар мекен ететін Жетісу өзенін кесіп өтіп, үйсіндер мен қаңлылардың мекені – оңтүстік Қазақстанға, одан әрі алшындардың жері –батысқа қарай жылжыған. Және бәрі қайда жүрсе де қазақ тілінде сөйлеген. Моңғол ғалымы үшін бұл – нағыз күтпеген дерек болды. Сасып қалған ол сәл кешігіп барып: «Біздер, моңғолдар өз тілімізді жоғалтып алған уақытта, сіздер, қазақтар өз тілдерінізді сақтай алдыңыздар. Сол үшін сізді құттықтаймын!» – деді. Моңғол оқымыстысының аузынан мұндай пікірді есту – аса маңызды екенін мойындаған жөн.

Бұл жерде тағы бір ескерер жайт – қазіргі моңғолдардың Моңғолия территориясында Шыңғысхан кеткенге дейін тұрған халықтарға еш қатысы жоқ. Б.Баабар сынды моңғол оқымыстыларының жазуынша, Шыңғысханның кезінде 40 моңғол, 4 ойрат түмені күн кешкен екен. Жаугершіліктің салдарынан ойраттар әуелі Шыңжаңға, одан соң ХV ғасырдың басында Қазақстанға кеткен. Сөйтіп Моңғолиядар бар болғаны 6 түмен ғана қалыпты.

Қытай іздері

Шыңғысханның немересі Құбылай 1260 жылы ұлы хан бола салысымен, Юань Қытай династиясының негізін қалай бастады. 1270 жылдарға таман оның сарайы толық «қытайландырылды». Астананы Бейжіңге көшіріп, өз кеңсесіндегі іс-қағаздарды қытай тілінде жүргізіп, сарай маңына қытай әдебін енгізіп, өзі будда дінін қабылдап, ата-бабасының туған жерімен еш шаруасы болмады. Төрт ойрат түменімен бетпе-бет қалған моңғолдар маньчжурлардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Сөйтіп, Юань сарайының үнсіз келісімінен соң, Шыңғысханның атажұртына жер қайысқан тұңғыс тектес маньчжур тайпалары сау ете түсті. Юань династиясы құлаған соң, жағдай одан әрі нашарлай түсті. Ал, ХVІІ ғасырдың басында Қытайдағы билік басына маньчжурлік Цин династиясы келген уақытта Моңғолия тұтастай маньчжурлардың қол астында қалды. Міне, осы кезде 6 түрік тектес моңғол түмендері саны көп тұңғыс тайпаларына сіңісіп кетті. Қазіргі моңғол тіліндегі түркизмдер осы жерден келіп шығады. Бұл айтылғанды дәлелдейтін деректі мен моңғол ғалымдары Тайжиуд Очир мен Бэсуда Сэржээнің «Монгол чуудын овгийн лавлах» атты 1998 жылы жарық көрген еңбегінен алдым. Бұл кітапта қазіргі моңғол халқының санағының нәтижелері келтірілген. Оған жүгінер болсақ, қазіргі моңғолдар 700-ден астам руға бөлінеді екен. Егер, Шыңғысханның тұсында рулардың саны 60-тан сәл ғана асқанын ескерсек, өздерін халқа-моңғолдармыз деп атайтын қазіргі моңғолдардың ахуалының қандай екенін ұғыну қиын емес. Сондықтан, мен қазіргі моңғолдардың біздің ұлы бабамызға, түркілерге, қазақтарға еш қатысы жоқ деп батыл тұжыра аламын. Ал біз, қазақтар, осы көзге көрініп тұрған әділетсіздікті түзеуге тиіспіз!

Киевке дейінгі із

Әрбір қазақ руының өзінің рулық белгісі – таңбасы болғаны мәлім. Әйгілі шығыстанушы Аристовтың пікірінше, таңба – тұрақты, қанша уақыт өтсе де, өзгермейтін рулық меншіктің түрі болып табылады. Белгілі бір ру Еуразияның шетсіз-шексіз даласында көшіп-қонып жүріп, өзге бір ірі тайпаға немесе руға қосылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның таңбасында қосымша белгі пайда болады. Мысалы, алдындағы таңбасы домалақ болса, кейіннен оған сызықша, не болмаса шарғы қосылуы мүмкін. Алайда, бұл – мәселенің түп негізін өзгертпейтін. Көшпенділер өзі танымайтын өзге бір көшпендінің руын – сол таңба бойынша анықтайтын. Яғни, таңба – көшпендінің жеке куәлігі іспеттес болды. Міне, сол секілді Шыңғысханның да таңбасы – істік жағы жоғары қараған үш тісті айыр немесе тарақ болған. Мен оны Моңғолиядан, Шыңғысханның туған жерінен көрдім. Қазақ руларының арасында мұндай таңба бағаналы, сіргелі, жалайыр, тарақты, тама және табын руларында бар. Империя бөлінгеннен кейін 1223 жылғы қазіргі Жамбыл облысының территориясында өткен құрылтайда Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошыға қазіргі Қазақстан жері мен көп руларға қоса Найман тайпасының ішіндегі Ергенекті аталығының ағайынды екі руы – Балталы мен Бағаналыны береді. Бұл екі рудың тарихы тереңде жатыр. Бұл екеуі Аттиламен бірігіп, балтық жағалауы және скандинав елдерін құруға ат салысып, оларға өз есімдерінің Балта деген түбірін береді (Балта – Балтық). Сондай-ақ, олар Аттиланың жиені Одоакрдың әскері құрамында 476 жылы Батыс Рим империясын құлатты. Киевтің Рюриковичтер әулетінен тұратын княздерінің жылнамаларында оларды түрік тұқымынан тараған делінген. Рюриковичтердің өздері 862 жылы таққа отырса, ХІІІ ғасырдың ортасында билік бірте-бірте Мәскеу княздігіне өте бастады. Содан бері 1991 жылғы атышулы «егеменді елдер шеруіне» дейін Киев тәуелсіз ел болмапты. Осыған орай, азаттығына қол жеткізген сәттен бастап, не үшін украиндықтар елтаңбаларындағы Бағаналы руыныкіндей өз таңбаларын (үш тісті айыр) қайта қалпына келтіргені түсінікті болады…

«Қасым АМАНЖОЛОВ»

+1 дауыс
Шынғысханның шын есімі Темір (Теміршін,Тэмучин лақап аты)
Нақтырақ айтқанда- Темірдің (Шыңғыс ханның) руы "Жалайыр"(Жалайырдың шын есімі Мерке(меркіт емес),Мерке тайпасынан шыққан.Жалайырдан Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-Тұрымтай(атақты шешен болған)-Тұмағұл-Дін-Баян-Есугей-Темір(Шыңғысхан).Ол кезде Моңғол,Қазақ атауы әлі қалыптаспаған(болмаған).Әр тайпаларды ру атымен атаған.

Темірдің(Теміршін)(Шыңғыс ханның) Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле есімді төрт балалары болған.Темірді(Шынғысханды) алғаш ақ киізге салып төбелеріне Хан көтерген де Найман тауында(кейінірек Шыңғыс тау атанған)Дегелең төңірегіндегі Арғын,Алшын,Үйсін,Найман,Жалайырлар болатын.Бұл Хижра күнтізбесі бойынша 605-ші жыл еді.

Темірдің (Шыңғысханның) 500 000 әскері болды,әскерді бастағандарыдың көбі біздің түркілер қазақтар еді.Темірдің(Шыңғысханның) қолында Моңғолдар да болды,олар бары-жоғы 4500 адам ғана.32 000 татарлар да бар еді.Шыңғыс ханның жарты миллион соғыс қолы тегіс Түркі тілінде сөйлейтін,450 мыңдайы Арыстың бес баласының үрім-бұтақтары болатын.Шыңғыс сауаты жоқ адам болған,оның барлық шешімі,өкілі Ұран-Майқы мен Тоқы бидің құптауынсыз жүзеге аспады. Шыңғысхан өте әділдікті ғана қолдайтын адам болды,әділетсіздікке жаны қас болды,әділетсіз шешім қабылдағандарды аяусыз жазалап отырған.Шыңғыс жер бетіне әділдік орнатуды көксеген,осы қазақ териториясының тұтастығын сақтаған.Ол жастайынан қара қытай басқыншыларына жаны қас болып өскен.Сондықтан қазақ даласындағы қалаларға қытайдың жымысқы тыңшылары барын естісе жермен жексен етіп қиратып тастайтын болған,бұның бәрі елін,жерін аман сақтау мақсатында іске асырған.

Темірдің(Шыңғыс ханның) арғы аталары:

1.Үйсін-Бай-Шора-Алым-Есен-Асау-Жүз-Дәу-Елсау-Нулы-Абыл-Қайыр-Бақ-Таң-Пәр-Мән-Майқы(Майқы би)-Ұзын-Сақ-Ал-Иба-Райым-Бармақ-Он-Тағар-Озбай-Оңбай-Егін-Азбан-Әшеке-Үйсіл-Сақал-Жан-Мерке(ЖАЛАЙЫР)-Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-тұрымтай(атақты шешен болған)-Тұмағұл-Діл-Баян-ЕСУГЕЙ-ТЕМІР(Теміршін),(Шыңғысхан)-Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле(бұлар ұлдары,тағы екі қызы болған).Шынғысханды біреулер орта жүз тайпасына жатқызғылары келеді,бірақ ол өтірік.Шыңғысхан негізі Ұлы жүздің арғы атасы,Оның ұрпақтары қазіргі Үйсін жеріндегі Ұлы жүз Жалайырлар.

Темір ( Шыңғыс хан) шын негізінде Моңғол да емес,Қытай да емес.Адай да емес,Керей де емес,Найман да емес,Темір(Шынғысхан)Ұлы жүздің ҮЙСІН тайпасының ұрпағына жатады.(Тарихшы В.Белинский де сәл қателеседі,ол мұнда ғана Шыңғысханың қазақ екеніне дәлелдер келтірген екен).

Ал мен бұл нағыз тарихты "Түп-тұқияннан өзіме шейін" атты 18 ғасырда өмір сүрген Шапырашты Қазбек бек Тауасар ұлының кітабын оқып,содан жазып отырмын.Бұл кітаптің түп нұсқасы қаншама жылдар бойы жер астына көміліп жасырынып жатқан,арабшадан қазақшаға аударылған.Кеңес өкіметінің кезінде бұл кітапты ашық жариялай алмаған көрінеді,Қазақтың тарихын ұмытқызу саясаты солай болған.

Осы өңделіп 1993 жылы басылып шыққан"Түп-Тұқияннан өзіме шейін"атты кітапты тауып оқысаңыздар жалғыз Шыңғысханды ғана емес,бүкіл қазақтың батырлары,хандары,билері жайлы білесіздер,жалпы Қазақ тарихын егжей-тегжейлі білетін боласыңдар.Бұл кітапты оқымаған адам,тарихты білем деп көкірегін қақпай ақ қойсын.
0 дауыс

ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ҚАҒАНЫ 

Қазақтың Ата салты (Ата заңы) бойынша ұлттан ұлттың айырмасы төмендегідей:
1. Мемлекеттің (ұлттың) тілі.
2. Діні.
3. Ұлттың рулық (тайпалық) құрамы.
4. Жерінің (территориясы) жалпы атауы және сол жердегі өзге де топономикалық (жер, су) атаулар. Жер бетінде мұндай айғаққа тоқтамайтын жан жоқ.
5. Таңбасы (Гербі).
6. Билеушінің мөрі.
7. Ұраны (бүгінде ол «Ән ұран» деп аталады).
8. Жалауы (туы).
9. Салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы.
10. Ел (мемлекет) билеушілерінің шыққан тегі.
11. Ел басшылары мен адамдарының есімі.
12. Мемлекеттің ақшасы. Сонау Атам заманнан бері кез-келген елдің ақшасында (валютасында) ұлттық мемлекеттің атауы міндетті түрде жазылады. Шындығын айтқанда осы бір ақшаның өзі-ақ, ежелгі ұлттардың (мемлекеттің) бүгінгі ұрпақтарының кімдер екенін айқын ажыратып бере алады. Ақшаға жазылған мемлекет атауының жалғыз өзі-ақ сол ақшаларды шығарған елдің кім екенін айғақтап береді және  қалған айғақтардың бәріне соңғы нүктені қоя алады. 

Шыңғыс қаған құрған қағанаттың (мемлекеттің) тегі қазақ екендігі дауға жатуға тиіс емес:
1. Шыңғыс қаған қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Оның өзге елдердің мемлекет басшыларын

жазған хаттары осы тілде жазылған. «Құпия шежіре де» қазақ тілінде жазылған. Тіл ұлттың тұғыры. Атам қазақтың «Тіл тұғырың, дін діңгегің» дейтіні осыдан. Қазақтың Ана тілі дегені менің шешемнің тілі дегені емес. Шеше жұрттың бәрінде де бар. Бізден және бізге ең жақын елдерден басқа ешбір ел өз тілдерін Ана тілі деп атамайды. Олар тілдерін туысқан (родной), немесе орыс тілі, қытай тілы, ағылшын тілі т.т. деп атайды. Демек, қазақтың Ана тілі  бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз.
2. Шыңғыс қаған Тәңірге (Құдайға) табынған. Бұл сол замандарда жазылған барлық тарихи еңбектерде айқын көрсетілген.  Біздің «О, Құдайым!» және сонымен қатар «О, Тәңірім!» дейтіндеріміздің сыры осы. Оларда дәл біздегідей әулиеге түнейді, туыстарының басына барып садақа жасайды. «Құпия шежіреде» Шыңғыс ханның үш рет жаны қиналғанда «Мойына бұршақ салып» Тәңірден тілек тілегені жазылған. Үш тілегі де қабыл болған.
3. Шыңғысхан құрған хандықтың құрамы қазақ руларынан болды. Сол рулар күні бүгінде де қазақ халқының құрамында. Күн қағаны Мөде б.з.д. 209 жылы құрған империядан бергі 1500 жыл ішінде қазіргі Мұңалия (Моңғолия) аймағында қазақ этносын құраған көптеген тайпа мен рулар өмір сүрген. Бүгінгі күні Керілген (Керулен) өзенінің арнасынан 25 шақырым жердегі Шыңғыс ханның жазғы жайлауы Аваргада 1990 жылы қойылған ескерткіште қырыққа жуық қазақ тайпасы мен руының таңбасы қашалған.  Олар: арғын, бағаналы, балталы, шапырашты, беріш, ошақты, жалайыр, тарақты, тама, табын, жаппас, шекті, қаңлы, телеу, керей, алаша, таз, ысты, адай, сарыүйсін, дулат, уақ, қоңырат, рамадан, алтын, кете, төртқара, қарасақал, жағалбайлы, шеркеш, сиқым, албан, ботбай, шымыр, матай және терістаңбалы. Қазіргі қазақта  барлығы 105 таңбалы қазақ руы бар делінеді.
4. Шыңғысханды «еншілеп» жүрген бүгінгі моңғолдардың жері 1921 жылға дейін Түркістан деп аталған. Моңғолиядағы жер-су атауларының бәрі «әсем әннің қайырмасындай» болып қазақ даласындағы атауларды түгелдей қайталайды. Мысалы, бала кезімізден бәрімізге жақсы таныс, мектеп қабырғасынан жаттап өскен «Әй, Тайқарбай дегенде, Әй Тайқарбай,
Қойыңды Тайқартасқа жай Тайқарбай», - деген жаңылтпашқа арқау болған Тайқар өзені де, Тайқар жазығы да, Тайқар тасы да осы Мұңалия (Моңғолия) жерінде. Тайқартас Қаңға үстіртіндегі Тарбағатай мен Ұлытаудан бастау алатын Тайқар өзенінің бойындағы көк жазықтың ортасында орналасқан. Қаңға үстірті демекші, осы Қаңға бабаның жерленген жері Маңғыстаудың Түпқараған ауданы жерінде. Күні бүгінде де Қаңға баба деп аталады.
5. Шыңғыс қағанның бас таңбасы (гербі) «Тіл таңба» болған. Оны «Қас би» таңба деп те атаған. Мысалы, «Алтан Тобыш (Алтан Тобши)» атты еңбекте осылай көрсетілген. Бүгінгі Каспий теңізінің дұрыс атауы осы. Бүгінгі Маңғыстаулық Адайларда екі таңба бар. Біріншісі «Тіл», екіншісі «Жебе». Екеуі де Адайдың лақап аты. Себебі, олар бүгінгіше айтқанда осы ұғымдардың «авторы». Адайлар күні бүгінде де «Тіл таңбалы Адайлар» деп аталады. Бұл таңба Моңғолиядағы Шыңғысханның туған жері Аваргада да Шыңғысханға арнап орнатылған обелискіге салынған.
6. Шыңғыс қағанның «1206 жылғы мөрінде «Көкте тәңір, жерде қаған бар. Әлем иесінің таңба мөрі» деп жазылған (Эренжен Хара-Даван, Чиргис – хаан как полководец и его наследие. Алматы 1991, 19 бет). Қаған таза қазақ сөзі, негізі ман, хан, қазан (қазақ елі) деген сөзден шыққан. Бізге жеткен ұлы шежіреде тек қана қазақтан шығып әлемді билеген ұлы көсемдер ғана қаған атын иемденген.  Бүкіл әлем тарихының бірде-бір елінде, қазақтан басқа билеушісін қаған деп атаған мемлекет болып көрген емес. Мысалы, Қазақ қаған, Ұлы Алаш қаған, Өгіз (Оғыз) қаған, Тоны көк Білге қаған, Бұмын каған, Күлтегін қаған, Шыңғыс қаған т.т. Яғни қаған деген сөз бүкіл әлемге билік жүргізетін ұлы хан, хандардың ағасы, яғни ең жоғарғы әмірші дегенді білдірген. Бұл жөнінде Әбілғазы: «Қағанның мәнісі мынау. Кім де кімнің ғиззаты және дәулеті хандық мәртебесінен артық болса, әмірлер мен халық оны қақан  дер және кімнің мәртебесі қақаннан  жоғары болса оны қаған дер. Қағаннан жоғары мәртебе, құрмет болмас» дейді. (Түрік шежіресі 110 бет).
Шыңғысханның Мөрі қазақша жазылған. Оны ешкім теріске шығара алмайды. Ал енді ойлап қараңыз, Орыс мемлекетінің мөрі ағылшын тілінде, француз тілінде болуы мүмкін бе? Англия корольдігінің мөрі неміс тілінде болуы мүмкін бе? Қазақ мемлекеті – қазақ тілінде.
Түсініктеме: Мен бұл жерде «Түрік» деген сөзді әдейі қолданбай отырмын. Себебі, Түрік Қазақтың баласы екендігі ежелгі шежірелерде айтылған. Біздің (қазақтың) сөздік қорымыздағы «Әз Түрік» деген сөз,  Түрік Қазақтың баласы дегенді білдіреді. Әз Наурыз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әз Елбасы т.т. дейтініміз осыдан. Қазақтың түп атасы Әз Әулие.  Бұл Маңғыстаулық 360 әулиенің ең біріншісі, ең ұлысы, ең ардақтысы деген сөз. «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Ол Әз әулие емес қой», «Тасташы, әрі Әз әулие қылмай» дейтініміз осыдан. Еске ұстағанымыз жөн, Әз (Аз) бүгінгі күнге қазақ деген атпен жеткен ұлы елдің түп атасы осы. Бүткіл жер бетіндегі ең ұлы құрылықтың Азия атанып жүргенінің де сыры осы. Әз әулиенің де моласы Маңғыстау да (Үстіртте).
7. Шыңғысхан қағанатының ұраны «Алаш» болған. Оның сарбаздарын Аландар (Алаштар) деп атаған. Қазақтың да ұраны Алаш емес пе? Шыңғыс қағанатының ақшаларында «Алаш» деген жазбалар болған. Оның кейінгі ұрпақтары бәріміз білетіндей, Алаш Орда хандығын құрды. Кейінгі «Алашордашылар» қозғалысының көсемдері Әлихан Бөкейханов пен Санжар Аспендияровтың ұлы Шыңғысхан бабамыздың тікелей ұрпағы екендігін біле жүргеніміз абзал. Сол сияқты, сонау Керей мен Жәнібектен бастап, Қасым, Есім, Тәуке, Тәуекел, Абылай, Әбілқайыр сынды, қазақ хандарының барлығы да, тіпті қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановтың да Шыңғыс қағанның тікелей ұрпағы екендігін зерделей жүргеніміз дұрыс. Егер біз Шыңғысханды және қазаққа 650 жыл бойы қаған (хан) болған оның ұрпақтарының қазақ екенін мойындай алмасақ, онда біздердің де өзімізді қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ. Бұл бүгінгі Қазақ Елбасын қазақ емес дегенмен бірдей.
8. Шыңғыс ханның туы-тоғыз шашақты үшкіл ақ мата. Ол тудың сабына үш жерден байланатын болған. Ал тудың дәл ортасында бауырына аулап алған жемтігін қысып, қанатын жайып, ұшып келе жатқан көк қаршығаның суреті салынған.
Түсініктеме: Ақ түс – ақиқатты, адалдықты және осы ұғымдарды дүниеге әкелген аталарымыз бен ағаларымызды білдіреді. Адамның (Адайдың)  сөз түбірі Ад (Ат), Ада (Ата), ал ағаның сөз түбірі Ағ (Ақ) болатыны осыдан. Еске ұстайық. Атам қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) ешқашан жаңылысқан емес.  Ананың ақ сүті, ақ неке, ақ ниет,  ақ тілек, ақ адал мал, ақ орамал, ақ жаулық т.т. осы айтқанымның айдай айғағы болмақ. Тоғыз шашақ, мұңалдың алдындағы тоғыз буын аталары мен ағалары.
Олар, бірінші буын Адайдың екі баласы, яғни ағалы-інілі Құдайке мен Келімберді. Немерелері: екінші буын Тәзіке, үшінші буын Қосай, төртінші буын Құнанорыс (Рысқұл), бесінші буын Ақпан, алтыншы Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ), жетінші Жеменей (Бұзау), сегізінші Семит, тоғызыншы Тобыш, оныншы буын Моңғол (Мұңал). Моңғол Мұңалдың сандық атауы, яғни лақап аты.
Үш бұрыш – Үш Жүз (Үш аналы қазақ) және Нұқ пайғамбар шыққан ру (Қосай мен Қоңыратты) білдіреді. Үш саны Қосайдың сандық атауы. Ал, Қосай мен Қоңыратқа келсек, Қосай Адайдың (Атасының) қарашаңырағында қалғаны, Қоңыраттар бөлініп шыққаны.  Үш бұрышты тудың сырыққа үш жерден байланатын себебі осы. Нұқ пайғамбардың үш ұлының (Қам, Сам және Иапес) елі.
«Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын солтүстік жаққа жіберді. ...Иафес атасының әмірімен Жуды (қазіргі атауы Қазығұрт (Қазық жұрт)) тауынан кетіп Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті. Иафестің Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих  атты сегіз ұлы болды. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», - деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы деген лақап ат қойды. (Әбілғазы «Түрік шежіресі» 12-13 беттер).

Көк – көк аспан елінің ұрпағы деген сөз.

Қаршыға – сөз түбірі «қар», бұл ақ, аға және ақиқаттың балама атауы. Ақша қарды Қар дейтініміз осыдан. Ал, Қардың түбірі «Ар», бұл Шыңғысханның арғы аталары Жарының сөз түбірі. Араптар да (Ар апалар) бізден тарайды. Олар өздерін ерте заманда Тәзіке елі (Адайдың бірінші немересі)  деп атаған.
Ата сыйласаң, аға сыйласаң осылай сыйла. Ту жасасаң осылай жаса. Бір тудың өзі-ақ бүкіл Ата тарихты сайратып тұрған жоқ па? Нағыз даналық деп осыны айт. Сол үшінде оларды Қас би деп атаған. Каспий теңізі атауының негізгі мағынасы осы.
9. Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының да қазақтан еш айырмасы жоқ. 100% cәйкес келеді. Мысалы, Шыңғысхан еліндегі келіндер жұбайларының жасы үлкендеріне иіліп сәлем етеді. Бұндай салт қазақтан басқа ешбір елде жоқ. Шыңғысты хан боларда да, қаған боларда да халық сайлаған. Хан сайлау қазақ дәстүрі. Моңғолдар да хан, қаған деген ұғымдар жоқ. Олар билеушілерін Қонтайшы деп атайды.
10. Ешбір ел өзге елдің, өзге ұлттың ұрпағын хан сайламайды. Темірді (Шыңғысты) хан боларда да, қаған боларда да, оның бүкіл ұрпақтарын да қазақтар өздеріне «ақ киізге салып көтеріп» хан сайлап отырған. 1986 жылғы Д.Қонаевты орнынан алып, орнына орыс Колбинді тағайындағанда не болғанын еске алайық.
11. Х11 ғасырда Мұңал даласында (қазіргі Монғолия) өмір сүрген Шыңғыс қағанның айналасындағы адамдардың да, ру-тайпа  аттарының бәрі де тек қана қазаққа тән. Олар, Есекей, Алтан, Құшар, Сағабек, Темір, Тастемір, Шыңғыс, Өлең, Бөрте, Жібек, Марал, Жамұқа, Белгітай, Қасар, Нақу-Баян, Бауыршы, Тарғытай, Желме, Алтан, Мұқалы, Жеменей, Есен, Бөкен, Жанай батыр, Үгедей, Жолшы (Жошы), Төле, Дәрітай, Шағатай, Тайшар Қарасақал, Жебе т.б. Оның үстіне Қият, Жадыран, Жары, Адай, Байұлы, Маңғыт, Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Ұйғыр, Жабал т. б. ел, ру, тайпа атауларын қосыңыз. Сол кездегі жоғарыда көрсетілген ру-тайпалардың барлығы да қазіргі қазақ халқының құрамында.
Шыңғысханның айналасындағы адамдардың  көпшілігінің аттарының қасына  «Ад», «Дай», «Адай», «Жары» деген тегі (қазіргіше айтқанда фамилиясы) қосылып отырады. Мысалы, «Жажир-Адай», «Туху-Адай», «Бөрі-Адай»(186 бет),  «Нояқ-Адай», «Қаран-Дай», «Буда-Ад», «Дахал-Адай», «Арул-Ад» (187 бет), «Дай-сешен» (190 бет), «Жаршы-Адай» (200 бет), «Шырғы-Адай Батыр», «Жажир – Адайлық Жамұқа» (220  бет), «Жырғы Адай (Жебе)» (223 бет), «Жүрме Адай» (234 бет), «Жары Адайлық Қарыдар» (239 бет), «Жүрше Адай»(240 бет), «Бары Адайлық Наяан» (251 бет), «Жүрже Дай», «Долы Адай» (259 бет), «Идік Адай», «Қынкия Адай» (260 бет), «Жары Адай-Еген» (265 бет), «Алшы Адай» (271 бет). (Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз» Моңғолдың кәдімгі жинағы. Алматы, 2002 «Көшпенділер баспасы).
Дүбун-Баянның (Дүйім-Баян М.Қ.) екі баласының аты Білге-Адай, Бекже-Адай. (Әбілғазы.«Түрік шежіресі» 46 бет).
Бұл жағдай ескі тарихи жазбаларда көптеп кездесетін «Ад», «Дай» тайпаларының Адайлармен бір тектен шыққанын және қазіргі Адайлардың сол «Ад», «Дай»-лардың заңды жалғасы, яғни бүгінгі ұрпағы екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, Шыңғыс ханның ата-бабаларының және оның айналасындағы адамдардың есіміне қазақ халқында күні бүгінде де қолданыста жүрген «батыр», «мерген», «шешен», «бек, бегі, бекі», «хан», «қаған»  деген елден ерек, бүкіл халық мойындаған құрметті атақтары мен лауазымдары қосылып жазылған. Мысалы, «Нашын-батыр», «Бұлтегі-батыр», «Бартан-батыр» (187 бет), «Есугей-батыр»(«189 бет), «Сүбетей-батыр» (210 бет), «Аушы-батыр» (220 бет), «Тақой-батыр» (225 бет), «Гүрі-батыр) (229 бет), «Қадақ-батыр (241 бет), «Мұқалы Шылайын-батыр» (264 бет), «Хорышар-мерген», «Боржығытай-мерген», «Добун-мерген», «Барқұдай-мерген», «Қорылартай-мерген» (183 бет), «Дүмбілай–шешен» (187 бет), (Дай-шешен» (190 бет), «Құйылдыр-шешен» (241 бет), «Тоқта-бекі», «Құдық-бекі», «Белгі-бекі» (220 бет), «Алақ-бекі» (276 бет), «Ван-хан» (202 бет), «Торуыл-хан» (204 бет), «Далдұр-хан» (212 бет), «Бұйрық-хан» (220 бет), «Таян-хан», «Күшлік-хан» (246 бет), «Алтан хан» (282 бет), «Қабыл-қаған», «Құтыла-қаған» (187 бет), «Амбағай-қаған» (192 бет). Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз».
12. Сөз түсінетін ақыл-есі түзу жандарды бірден мойындататын жағдай, Шыңғысхан қағанаты ақшасының теңге деп аталуы және онда «Қазақ», «Алаш» және «Аға хан» деген жазбалардың болуы.
«Аға хан» демекші, «Аға хан» мен «Қаған» синоним сөздер. Айырмасы, Қ-аға-н дегенімізде, Хан сыртында қалып, Аға сөзі ортаға ауысады. Маңғыстауда Қанға баба деген әулие-қорым бар. Бұл алғашқы хандық құрылған жер. Қанғаның толық мағынасы Хан аға. Ал «Қаған (Аға хан)» дегеніміз, бүткіл жер бетіндегі барлық хандардың ағасы деген сөз.
Бас таңбасы «тіл», өзгелер Қас би (Каспий) деп атаған Қазақ қағанатының сөздік қорында  дәл осындай «құпия» мағынасы бар сөздер баршылық. Олар:  Садақ (С-ада-қ) – Сақ ата (Сақтардың атасы), Санақ – Сақ ана, Сабақ  - Сақ апа, Сенек – Сақ ене, Сағақ – Сақ аға (Су ақпайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан) т.т. болып жалғасып кете береді. Бұл жерде авторлық құқық сақталып тұр. Сөз жасасаң осылай жаса. Тарих жазсаң осылай жаз. Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?
Қорытынды: Соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы болып бүкіл әлем елдерімен (ЮНЕСКО) мойындалған Шыңғыс қағанның тегі қазақ екендігі дауға да, күмәнға да жатпайды. Егер біз осыны мойындай алмасақ, біздерге өзімізді де қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
Ақтау қаласы

Адайды қайдан шығарып алдың ?  Мен қазақ шежірелерін және тарихтарын қанша оқысам да Адай деген атау атымен жоқ екен. Ол қай жылы пайда болған?
 
 Оған тағы бір көзіңді жеткіз міне факт:
Что было дальше – уже известно. Армии Чингисхана завоевали Китай, Хорезм, Иран, создав величайшую в мире империю. И теперь уже внук великого полководца Батый отправляется походом на Русь во главе своей объединенной армии, состоящей из казахских племен: найман, кереев, конрат, меркит, аргын, жалаир, кыпшак, дулат, алшын, ошакты, ысты, шапырашты, барлас, поддерживаемых татарами. Поэтому и поход Батыя на Русь нужно рассматривать, как сугубо тюркское вторжение на русские земли, но никак не монгольское. Если быть честными до конца.
0 дауыс
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім сіздің "Алаш" туралы пікіріңізбен келісемін!!!

 Орхон-Енесей жазуында(1219-1220)  6 "ҚазаҒынымсыр" оны  "Аға Қан"(Төрхан) билегенқұрғанын жазған және де Шыңғысханның тиын ақшасында  "Аңа Қан",  "Мыңқол Алош" сөзінің және белгізсіз жазумен"Х!Ш!Х" сөзі ҚазаҚ  деген жазу екенін байқауға болады. Ондай жазу Қыргыз жеріндегі тасқа жазылған жазудан көруге болады! Алты Хандықты бидеген 6 Ханның  атын тұсінуге болады, олар: Жоғшы,Шағатшы, ........., Төлеш, Жапалақ(ШигуХутуху), Желме(БұғыХан -екінші атауы , менің ойымша ол КетБұғы) !!!!
...