0 дауыс
6.8k көрілді
Шыңғыс хан Адайдан тарағаны шындық па қандай дәлелмелер бар?

<img src="https://surak.baribar.kz/?qa=blob&qa_blobid=13167308166718565865" />
Сұрақтың жабылу себебі: Шыңғысхан қайда, адайың қайда?! Өз руларыңды жарнамалауды қойыңдар!
Қарсы сұрақ: Шыңғыс ханның қазақтан шыққаны шындық па?
ЧИНГИСХАН НЕ БЫЛ МОНГОЛОМ.
НА РУСЬ НАПАЛИ ТЮРКИ

Недавно вышла из печати книга украинского историка Владимира Белинского «Украина-Русь». Большая ее часть посвящена татарскому периоду в истории Украины — от Батыева похода 1240 к битве на Синей Воде в 1362 году.

Прежде чем говорить о Батые и его завоевательном походе давайте выясним состав монгольского войска, которое напало на Русь в 1240 году.

Хочу сразу расставить все точки над «і». Чингисхан не был монголом. Не было монголов и в его войске. На Русь напали тюрки. Темиршина выбрали правителем четыре казахские роды.
 Кияты, киреиты, найманы и меркиты, (Адайды қайдан көріп тұрсың?)
 — это не монгольские, а тюркоязычные племена. Остатки племен до сих пор есть на территории современного Китая, но язык племен — казахский. При жизни Чингисхана государственным языком его империи была родственный казахскому уйгурский язык. Отец Темуджина (в казахской произношении Темиршина) Есюгей был ханом киятов. Матерью — Оян из рода меркитов . Жена Чингисхана — Борте была дочерью казахского рода кониратов. Сыны покорителя мира носили тюркские имена. Сам Чингисхан (Шингисхан) казахском означает «лучезарный хан». У монголов ни тогда, ни сейчас нет таких имен. Слово «хан» тоже исключительно тюркское, а не монгольское. Монголы своих правителей называли титулом «контайчи».

Выбирали Чингисхана на обычном казахском курултае. У монголов такого слова нет. Только казахи, исповедовавшие тенгрианство, хоронили своих покойников в тайных местах, о которых мало кто знал. Об этом обычае писал европейский посол в Золотую Орду Плано Карпини. Он видел этот обряд. В те времена монголы увозили своих умерших на кладбище и оставляли там под открытым небом.

фальсифицировали много русских летописей с одной целью: привязать земли современной России к Киевской Руси и к самому Киеву. Западные источники, куда не добрались россияне, ничего подобного не утверждают. Посол французского короля к хану Батыю Гийом де Рубрук в 1253 году говорит, что за Доном заканчивались границы Руси.

Современные генные исследования утверждают, что монголы и тюрки — совершенно разные народы. В Казахстане раскопали могилу старшего сына Чингисхана — Джучи. Генное исследование его останков подтвердил эту истину — в роду Джучи не было монголов. На всех старинных европейских картах никогда не писали «Монголия», а всегда «Татария».
Әлемді билеген Шыңғысханның ұрпақтары екенін сезінсе, қазақтардың жалы биіктеп, атқа мініп шыға келеді деп сескенген Европа мен Ресей идеологиясының жасаған жалған тарихы – тұбі түркі Шыңғысханды әдейі моңғол етіп келді. Олардың бұл әрекеті әліге дейін өз жемісін беріп келеді. Дамыған елдің бәрін, әсіресе өзіміз отары болған орысты зор тұтып, өзімізді қор тұтумен келеміз. Кезінде алтын Орда дәуірінде Шығыс Еуропа мен Ресейді өзіміз отарлағанымызды ресейлік-кеңестік идеология жадымыздан жоғалтып жіберуге шақ қалды… Қазір қытайдан бастап, тіпті орыстарға дейін Алтын Орданың ізбасарымыз деп жатқанда, біз, Шыңғысханның нағыз тікелей ұрпақтары – қазақтар ғана баяғы құлдық мінезбен, ескі кеңестік жалған идеология сарқыншағымен Шыңғысханды жауыз көріп, жат санап, әлем Мыңжылдықтың тұлғасы деп мойындаған ханымыздан да, қанымыздан… да бас тартудамыз. Енді ашық жариялайтын кез келді: Шыңғысхан біздің бабамыз, біз түркілер, оның ішінде қазақтар Шыңғысханның ұрпақтарымыз!
Ал  Шыңғысханның  руы Жалайыр, ал Жалайырдың шын есімі Меркіт (Мерке).  Орыс пен Қытай қазақты құрту үшін бізді өз ханымызды  өзімізге жауыз қылып көрсетуге тырысты, әлі де тырысып жатыр.   Міне шындық!

28 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Шыңғыс қаған атамыздың тегінің қазақ екендігі дауға жатуға тиіс емес:

1. Барлық жазба деректерде атамыздың тегі ежелгі түріктің Қият (Қиян) руынан деп көрсетілген. Қият атты ру Қазақтың қарашаңырағы Адайдың Мұңалынан өрбиді. Бұл Адай шежіресінде айқын көрсетілген. Әйгілі Мұрат ақынның "Үш Қиян" жырында еске алып қойыңыз. Дау тудырмас үшін басын ашып кетейін, Қият (Қиян) руы тек қана Адайда емес, Қоңыратта да, Өзбекте де, Қарақалпақтарда да т.б. көптеген елдердің ішінде бар. Бұлардың бәрінің тегі, яғни шыққан жері бір. Адам(й) атадан тарайды.

2. Атамыздың қаған деген лауазымы қазақтан басқа ешбір елде жоқ. Ол бүгінгі моңғол аталған елдің ұрпағы болғанда Қонтайшы деп аталуға тиіс еді. Моңғолда тіпті хан деген ұғымда жоқ.

3. Шыңғысханды қаған деп жариялаған жер бүгінгі қазақтың Сарыарқасындағы  Шыңғыс тауы. Қазақтың әйгілі он екі руынан бір-бір өкілден 12 адам атамызды сол таудың үстіне ақ киізге салып көтеріп шығып Тауға Шыңғыс деген ат беріп, атамызға Шыңғыс деген мадақ ат береді. Бұл деректерді Шәкәрімнің шежіресінен таба аламыз. Оның руының Мұңал екендігінің айғағы сол таудың ең биік шыңы күні бүгінде де Мұңал шыңы деп аталады.

4. Шыңғыс қаған империясының ақшаларын да "Қазақ", «Алаш» деген жазбалар бар. Шыңғысханның елі қазақ деп аталмаса, мұндай жазбалар болмаған болар еді. Күні бүгінгі қолыңдағы теңғеңде де «Қазақстан» еліңнің аты тұрған жоқ па?

5. Шыңғыс қаған мемлекетінің бас таңбасы (гербі) "Тіл таңба) болған. Бұл таңба бүгінгі Моңғолиядағы Шыңғысханның туған жері Аваргададағы Шыңғысханға арналған "обелискіге" салынған.  Бұл "Тіл таңбалы" Адайлардың бас таңбасы.

     "Арам менен адалды
     Айырған бізге Құранды
     Құранды берген Құдайды.
     "Тіл таңбалы" Адай ек
     Әулие Бекет ұранды" Бұл әйгілі жырау Нұрым Шыршығұлының толғауынан үзінді.
     Әйгілі "Сырым батыр" дастанында:
     "Тіл таңбалы" Адайдан
     Атағозы батыр бар" деген жолдар бар.

Осы "Тіл таңба" Маңғыстаудың ежелгі қорымдарының бәрінде де кездеседі. Шыңғыс қаған империясының бас таңбасы «Тіл таңба» болатын себебі, ең алғаш Аллатағала Адам Ата мен Ауа Ананы жаратқанда осы біздің Ана тілімізбен бірге жаратқан болатын. Бүгінгі Қаз  Адайлар сол алғашқы Адам Атаның қарашаңырағының иелері болып табылады. Адайдың Қазақ шежіресінің ең соңында тұрған себебі де осы. Мына батыс пен орыстың біздің аталарымызды «язычники» деп атап жүргендерінің де сыры осы.

6. Ол кезде Шыңғыс қағанға бағынған елдердің бәрі осы біз сөйлеп жүрген тілде сөйлеген. Оны біз сол заманда жазылған "Мұңалдың (моңғолдың) құпия шежіресі" атты еңбектен айқын көре аламыз. Себебі, ол кітаптың бірде-бір сөзін бүгінгі моңғолдар түсіне алмауда.

7. Олардың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерінің бізден еш айырмашылығы жоқ. Мысалы, сол "Құпия шежіреде" сол елдің келіндерінің үлкен кісілерге "Сәлем еткені" жазылған. Еске ұста! Қазақтан басқа ешбір елдің келіндері Сәлем етпейді. Үш жүз жылға жуық орыс бодандығы кезінде өзге өңірлердің келіндері бұл дәстүрді ұмытқан кезде, Адайдың келіндері сәлем етуді ұмытқан жоқ.

8. Олардың діні де біздің дінімізбен бірдей болды.  Жалғыз Жаратқанға сыйынып, Тәңірге табынды. «Құпия шежіренің» үш жерінде Шыңғысхан атамыздың «Мойнынан бұршақ салып, Тәңірден тілек тілегені» суреттеледі. «Мойынға бұршақ салып, Тәңірден тілек тілеу» қазақтан басқа ешбір елде жоқ. Қазіргі моңғолдар мұндайды көз алдарына елестете де алмайды.

9. Шыңғыс қағанның айналасындағы рулардың барлығы күні бүгінде де қазақ халқының құрамында

10. Қазақ аталған хандықтың (15 ғасыр) хандарының барлығы Сол Шыңғыс қаған атамыздың үлкен ұлы Жошыдан тараған ұрпақтар болды. Өзге ру-тайпадан бірде-бір адам хан сайланған жоқ. Қазақта "Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі" деп аталған. Осы бүгінгі орысша білім алған "білгіштер" қызық, баласын қазақ деп мақтанады, оның туған атасын өзгеге теліп даттайды. Сөз түсінген жанға бұдан асқан көрсоқырлық (сауатсыздық, білімсіздік) болар ма?

11. Барлық жазба да, ауызша да деректердің бәрінде қазақтың әйгілі ханы Абылайдың тегінің Шыңғыс Қаған екендігі айтылады. Бірақ, бірде-бір «білгіш» оған қарсылық білдірмейді.

12. Шыңғыс қағанның өзінің де, ата-бабалырының да, бала-шағаларының да, айналасындағы барлық қолбасшыларының да аттары (есімдері) бәрі-бәрі қазақша қойылған. Ол бүінгі моңғол болғанда, олардың аттары да, рулары да моңғол тілінде болуға тиіс емес пе?

13. Шыңғыс қағанның арғы аталары да, өзі де, үрім бұтақтары да тек қана Қоңыратпен құда болған. Ағайындар-ау, ұялсаңдаршы! Өзіміздің қоңыратты жат-жұртпен («білгіштердің» айтуынша жаумен) мәңгі бақи құда қылып қоюға.

14. Шыңғыс ханның тегінің қазақ екенін бізден басқа елдердің бәрі де біледі. Әйтпесе, украин тарихшысы Владимир Белинский,  Авар тарихшысы Мұрат Аджи, ағылшын жазушысы Гофедей Лияс және өзгелер "Шыңғыс ханның тегі Қазақ" деген тарихи еңбектерін жазбаған болар еді.

15. Шыңғыс қаған ордасы бүкіл әлем тарихында Алтын Орда деп жазылған. Негізінде Алтын Орда деген атау тек қана Шыңғыс қаған Ордасының атауы емес, ежелгі қазақ қағандарының бәрінің Ордасы солай аталған. Бүкіл әлем елдері түгелге жуық осы Ордадан басқарылды. Еске ұста! Алтын Орда деген сөз қазақтан басқа ешбір елдің сөздік қорында жоқ.

16. Қаған ордаларының Алтын Ордадан да басқа тағы бір атауы бар, ол Алаш Орда. Ежелгі деректерде осы екеуі қатар атала береді. Алтын мен Алаш синоним, екеуінің түбірі (түбі) бір.

17. Алаш пен Қазақ синоним болып табылады. Ежелгі тарихшылардың еңбектерінде осы екі атау бірінің орнына бірі қолданыла береді.

+4 дауыс
Өте күлкілі сұрақ! Қазақпызғо әр нәрсеге сенетін! Шыңғысханның әкесі нағыз моңғолғо! Шыңғыс хан-Темучин (Теміжүн!)
Бос нәрсе, өтірік! ешқандай адай тегі жоқ ода және ол моңғол! Отырарға шабуыл жасады ғо, сонда өзі тегі шыққан қазаққа шабуыл жасай ма?
[Мына сілтемені қараңыз!][1]


  [1]: https://surak.baribar.kz/48445/
Өткенде бір Адай Македонскийді адайлардың жиені деп айтысып еді (яғни Македонскийдің шешесі Адай болған дейді), тіпті Напалеонның да арғы әжесі Адай деп қоймайды )))
Оларға салса бәрібір бәрін адай қылып қойғысы келеді )))
Долларда да Адай атаның суреті тұр ғой.
Обама да Адай емес пе екен)))
Джорж Буш точно Адай, ал  Обамаңды айта алмай ойланып қалдым......
Айтпақшы  Индияны жаулап алған Дулаттардың МОҒОЛ  империясы да адайлар екен да!  ха-ха-ха  !!!!!!!!!  Бірақ Мағол империясын құрғандар үйсіндер, ал адайлар да Үйсін болып кететін шығарррррр!
  Адайлар енді Д.Қонаевты да адай қылып алатын шығар ә .......
+3 дауыс
Ешқандай дәлелдемелер жоқ, Шыңғысхан ешқандай да Адай руынан емес. Ол моңғол ұлтының өкілі.
+3 дауыс
Бұған сенген адамның тарихтан түк хабары жоғы анық. Шыңғыс хан Адай деп  Балабақшаның баласына айтсаңда сенбес. Шыңғыс хан моңғолдың Қият тайпасынан шыққаны белгілі. Қазаққа соның ішінде адайға үш қайнасада сорпасы қосылмайды.
Өте жақсы жауап. Дәл менің ойымдағыны айттыңыз.
0 дауыс
Сұрақ қоярдан бұрын кішкене іздену керек қой, болмайтын сұрақтар қоя бермей.
–2 дауыс
Адай болмаса да қазақтың бір руынан болып қалуы мүмкін. Бірақ оны ешкім біліп те болмайды, ол түгіл оның сүйегі де әлі табылған жоқ. Егер сондай қазаққа қатысы болса да таң қалуға болмайды. Отырарға болсын басқасы болсын мынау қазақ мынау түркі деп ешкімге қарамаған. Ол түгіл Моңғолияның ханы болғанда ең бірінші айналасындағы, өздеріндегі қарсы шыққан тайпаларды қырған жоқ па? Ол кездің әміршілері солай қатыгез , тасжүрек болмаса ешқашан әмірші болмаған. Сол Шыңғысханның ұрпақтары-біздің қазақтардың хандарында ондайлар аз болған ба? Қарсы шыққан жүз, руларды қала, аулымен аяусыз қырған өзіміздің хандар да. Сол үшін бәрі де мүмкін.
+2 дауыс
Адайларыңды әр жерге тықпалай берме!
+2 дауыс
Ия, ол тарихи шындық, яғни ол біздің хан. Кеңес заманында тарихты бұрмалап жаздырды. Зиялы қауымды, соның ішінде тарихшыларды да қуғын сүргінге ұшыратты. Кеңестік орыс тарихшыларында шындықты жасыруға мәжбүрледі.

Шыңғысханды сол кезде моңғол ұлтынан деп, ол қазақтарды қырды, жаулап алды деген түсініктер қалыптастырды. Біз де орта мектепте соны оқыдық. Шыңғысхан моңғол бола алмайды, себебі моңғол деген ұлт атауы 17-18 ғасырларда пайда болған(қазақ рулары мен халхалар будандасуынан пайда болған, сенбесеңіз монғолша білетін адамнан сұраңыз қазақшаға көп сөздері ұқсас келеді).

Шындыққа тура қарасақ, ол қазақ тайпаларының басын біріктіріп үлкен мемлекет құрды. Жарты дүниені жаулады. Қазақ халқы ертеден келе жатқан ел. Қазақ деген сөз кейбір деректерде 7-8 ғасырларда кездеседі. Бұл қашанда қазіргі қазақ рулары, наймандар, керейлер, үйсіндер, арғындар, жалайырлар, меркіттер, қоңыраттар, қияттар т.б жалпы қазақтар(бірлестігі) деп аталып келеді, меніңше жалпы ол ерте кезден солай аталып келген. Шыңғысханнан бұрын да солай аталып келгеніне тарихта дәлелдер бар. Тек ол кезде Шыңғысхан кезінде "мәңгіел" құрамыз немесе соғыс жағдайында тез әскер біріктіру мақсатында 70 әскери аймақ құрып, әрқайсы "мыңқол" дан шығару керек  деген сөздер көп қолданғандығынан, монғол аталған болуы мүмкін. Бірақ қазіргі монгол мен сол кездегі монғол сөзі екі түрлі нәрсе. Бір айта кетерлік жайт, 15-16 ғасырда құрылған қазақ халқы емес, ол тағы бір қазақ хандығы. Осыны жете түсіну керек.

Шыңғысхан қазақ дегеніміз, оның әкесі қият руынан(жалайыр деген болжам да бар) және шешесі қоңыраттан екені нақты дәлел. Себебі бұл екі ру қазақ халқының құрамындағы ертеден келе жатқан ру-тайпалар. Кейін Шыңғысханнан туған ұрпақты төре деп атадық, төре деген сөзді де не мағна білдіретінін әр қазақ жақсы біледі.  Оны құрылтайда халық пен билер киізге орап хан көтеруі, қазақ халқының ғана салты. Құрылтай сөзі, хан деген сөз, Темірші де қазақ сөзі. Шыңқұз хан ұлы хан дегені.

Тағы бір айта кететін жайт, Шыңғысханның сенімді уәзірлерінің бірі найман руынан болған. Әскерлерінің бәрі де қазақ тайпаларынан құралған.Еуропа патшаларына жіберілген елшілер жеткізген хаттар да қазақша жазылып отырған. Ол хаттар қазір еуропа елдеріндегі мұражайларда сақтаулы. Мөрі де қазақша. Мөрде "қазақ" деген сөз барын зертеушілер айтып жүр. Егер моңғол болса, моңғолша жаздырар еді ғой

Қазақтарды қырғынға ұшыратты дегендер, Отырарды дәлелге келтіретіндер бар. Негізі шындығы ол кезде Отырар қаласын Парсы елі мен Хорезм билеушілері билеген. Шыңғысхан елшілерін өлтірткен Қайыр хан сол парсылардың адамы болған. Шыңғысхан тек оның жазасын беріп, Отырар қаласын өзімізге қайтарған. Тарихи шындық осы. Басқа еш жерде қазақтарды қырды деген ақпарат жоқ, себебі ол өз елі, өз ұлтын жақсы көрді. Кейбір бағынбаған басшылар болған шығар, оларды орнына қою қай мемлекетте де кездеседі.

Ұрпақтарының бәрі өзге ұлттың болашағы үшін күрескен жоқ, тек қазақ халқының болашағы үшін күресті, Абылай, Кенесарылар жалпы хандарымыздың бәрі дерлік Шыңғысхан ұрпақтары, өз еліміз үшін, қазақ үшін күресті, оның бірлігі үшін моңғол үшін не басқа ұлт үшін күрескен жоқ.

Алты алаш деген сөз, сол Шыңғысханның алты ұлы деген шындыққа жақын. Мақал бар "алтау ала болса ауыздағы кетеді". Бұл алты алаштың, хандарымыздың, еліміздің бірлігі керек деген сөз.  

Кей зерттеушілер Орхон-Енисей ескерткіштері Шыңғысхан кезінде пайда болған дейді, онда Шыңғысхан мен оның ұлдары жайлы ақпарат келтірілген деген тұжырым бар. Ол да шындыққа жақын.   

Мұхтар Мағауйннің 4 томдық(3 томы сатылымда бар) Шыңғысхан кітабын оқуға кеңес берем.

Анатолия Оловинцовтың "Түріктер ме әлде моңғолдар ма"(орысша) кітабын оқуға болады
+3 дауыс
18.  Шыңғыс қаған атамыздың тегінің қазақ екенін бұрынғы аталарымыз айтып та, жазып та, жырлап та кеткен:

            Шыңғыс ханды Қазақтың суырып салма, ақиық ақыны Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) былайша жырлапты:

          ...Кешегі Дүиім Баян кеткен соң

          Алты жыл анық өткен соң,

          Ар-сар болып жүрегі,

          Қанға толып білегі,

          Шыңғыс туды Арқардан?.(2)

          Оның туған тұқымы

          Патша болып таралған.

          Осы бір сөздер көңіліме

          Бұрынғы өткен үлкеннен

          Қағида болып қалынған.

          Шежіре болып жазылған

          Тілімі түзу бағытты

          Көңілім зерек қалыпты.

          Аңдаған жақын, алысты,

          Болжаған қисық, шалысты,

          Бұрынғы қарт атамның сөздерін

          Құлағым естіп, көргенін

          Осындай құралы келген жерлерде

          Шығарып жүрмін жарыққа.

          Шариғат қарап, жол пәмдеп.

          Мұсылманға үмбет деп,

          Атасын анық білмеген,

         Айтса болар мүрдет? деп..(3)

          2 – Шыңғыстың тегі туралы аңызды айтып отыр. Осы бір ауыз сөзбен Шыңғыс ханның тегінің қазақ екені анық көрсетілген. Себебі, ең алғаш рет дала аңы Арқарды қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған, бүгінгі күнде қой мен қойшының пірі ретінде дәріптелетін Қазақтың атақты ұлы Шопан ата болатын.

          3 – Кәпір деп отыр.

          Қашаған атамыз Шыңғысты Адай ұрпағы және оны білмей ұмытсаңдар кәпірсіңдер  деп анық көрсетіп тұрған жоқ па?!

          «Шын ұлындай Шыңғыстың

           Сұрасаң асыл тектері,

           Ерлігін айтып мақтасам

           Толып жатыр еткені».  Бұл Адайдың ақиық ақыны атанған Сәттіғұл Жанғабылұлының «Адайдың он жеті бай-мырзасына айтқаны» атты толғауындағы Адай ата ұрпақтарының «Ірілік жақтан озғандарының»  қатарында аталады («Аманат» Алматы-1996. 206 бет).

          Шыңғыс ханның тегінің қазақ екендігін Қазақ халқының ұлы ақыны  Қазанғап өзінің ата-тегі жайлы жырында:

                          «Төле дейді ұранын,

                          Қоғалы дейді тұрағым,

                          Бақтиярдан ажырап

                          Бәйдібек бай, Жәнібек

                          Жалғыз ұлы Жарғышақ

                          Домалақ деген ананың

                          Албан, Суан, Дулат боп,

                          Бөлініп бері шығамын

                          Жарылғамыс, Жанту боп

                          Жаныстан келіп тарады

                          Патша менен ханы көп

                          Ілгері өткен заманның

                          Ұлы Шыңғыс ханыңды

                          Алдымен баян қылайын» (Төле би. –Алматы 1991.-18 бет.)  Міне өздеріңіз көріп отырсыздар, Қазанғап атамыз Шыңғыс ханды Қазақтың ұлы ханы деп айшықтап айтып отырған жоқ па?! Егер Шыңғыс ханның тегі қазақ болмаса атамыз өз тегін баяндай  отырып, шежіресін Шыңғысхан атамыздан бастамаған болар еді.

«Зұлқарнайын Ескендір»,

«Әзірет Әлі», «Шыңғысхан»,

«Қырық тарау ноғайлық»

Дастандарым тағы бар,

Бәрі бізден табылар.

«Бұл да болмайд» десеңіз,

Мына отырған жыршыңыз

Жан қалтасын қағынар.

Өздеріңнен аяйтын

Жыршының не жаны бар?!. (Сұлтан Қадір «Бір тыңдауға бұл қалай?» Атамыз «Зұлқарнайын Ескендірді де», «Әзірет Әліні де», «Шыңғысханды да», «Қырық тарау ноғайлық (Қырымның қырық батырында» бәрінің тегін қазақ деп отыр. Әйтпесе, ол дастандарды жырлап не істесін, жырлағанда да оны кім тыңдар еді. Мысалы, сен өзің орыстың бірінші Петрі жайлы жыр жазып оны жырлар ма едің. Әрине, жоқ деп жауап берерің сөзсіз.

            Әділеттің ақ туын» құлатпай, биік ұстаған ел ғана мәдениетті ел болып аталуға құқылы.          

            «Дүйімбаян, Шыңғысхан –

            Нәсілің нұрдан жаралған,

            Халқына әділ қараған

            Ауыз тимей парадан,

            Пақыр-міскін, бай мен бек,

            Жарлы, жалсыз, аз бен көп

            Бәрінде бірдей санаған» (Сәттіғұл «Аманат» Алматы 1996 115 бет). Адам – Адам болғалы (70 000 жыл) бүткіл жер бетінде қазақ қағандарынан әділетті билік иелері болып көрген емес.

    Жарайды. Осымен доғарайын.Әлі де мұндай деректерді ондап, жүздеп, мыңдап келтіруге болар еді. Бірақ, олар менің "Шыңғыс ханның тегі Адай" атты кітабымда көрсетілген. Сөз түсінген жандарға осы деректерде жеткілікті болса керек.

    Құрметті Оқырман! Еске ұста! Өз Атаңды танымай, Атаңнан безгенің сенің Дарвиннің ілімін басшылыққа алып "маймылға" бала болуға жақындап жүргенің. Мұның соңы құрдым. Яғни, ұлы Аталарымыздың ескертіп кеткен «Атамзаманының» ақыры «Ақырзаманымыз» сол болмақ. Ұлы Жаратушы - Алла бәріңе сана (ақыл мен білім) беріп шариғат, тарихат және ақиқат деген сатылардан өтіп, мағрипатқа жетуге жазғай.

    Тағы бір айтарым. Қазақ та «Атаға қарап ұл, Анаға қарап қыз өседі» делінеді. Дарвин ілімін басшылыққа алып, маймылға қарап бой түзеген елдің (ұлдың да, қыздың да) келешегі болмайды. Өткен тарихын білген елдің бүгіні айқын, болашағы жарқын болмақ.  Қоғамда, адамда тарихпен тәрбиеленеді. Кемелдікке қоғамда, адамда өткен тарихтан тағлым алып барып жетеді.

    Бәріңе, Алла жар болғай!
0 дауыс
ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ ӨСИЕТТЕРІ  

           Шыңғыс қаған бүкіл әлемге ежелгі әлемдік тәртіптің қайта орнағанын мойындатып, қазақтың ішіндегі мыңдаған рулардың біреуін (Мұңал) ұлт ретінде қалыптастырды. Еуразия сахарасында бытырап жүрген көшпенді түркі тектес ру-тайпаларды (найман, керей, қоңырат, жалайыр, байұлы тағы да басқалар) қазіргі Қазақстан өңіріне әкеліп, осында бұрыннан өмір сүріп жатқан үйсін, қаңлы, алшын және қыпшақ сияқты туысқан түрік тайпаларымен бастарын біріктіріп, мәңгі туыстастырып, ежелгі қазақ ұлтын, оның ежелгі мемлекеттігін қайта қалпына келтіріп, тарихи атамекенін, атажұртын отарлық езгіден, бодандықтан құтқарды. Сонымен қатар көптен бері парсыланып кеткен Орта Азия халықтарына қазақ тілін қайта енгізді. Еуропада орыстардың басын біріктіріп, оларға 240 жыл билік жүргізу арқылы орыс мемлекетінің қалыптасуына алғышарттар әзірледі. Ұлы қытайды қайтадан біртұтастандырып, Юань (бұл есім Ман атамыздың атынан алынған. М-ан, Ю-ань) патшалығын құрып, Қытай елінде 600 жыл бойы тұрақтылықты қамтамасыз етті. Шамамен, 1286 жылдары алғашқы қағаз ақшаны Шыңғыс ханның немересі Құбылайдың шығарғанын және бүгінде жұрттың бәріне таныс қытай ақшасының атауы Шыңғыстың Юань әулетімен байланысты екенін көбіміздің біле бермейтініміз де анық. Шыңғыс хан Шығыс пен Батыс өркениетінің алмасуына да кең жол ашты. Жарты әлемді бір тудың астына біріктіріп,  қатаң тәртіп орнатып, елдер мен тайпалар арасындағы қырғиқабақ соғыстардың бәріне сан ғасырлар бойына тыйым салды. ЮНЕСКО-ның Шыңғыс бабамызды бүкіл әлем бойынша соңғы екі мыңжылдықтағы ең ұлы қолбасшы деп тануының басты себебі де осы болып табылады. Себебі, Шыңғыс бабамыз сияқты,  әлемді жаулаған Александр Македонский (б.д.д. 356-323 ж.ж), Ақсақ Темір (1336-1405ж.ж.) сияқты қолбасшылар болды. Бірақ олар құрған мемлеткеттердің бірде-біреуі қазақ мемлекеті сияқты ұзақ өмір сүрген жоқ, Олардың құрған мемлекеттері өздерімен бірге кетті.    Осы жағдайды             І. Есенберлин «Алтын Орда» атты тарихи романында былайша суреттеген: «Түнімен ішкен шараптың зақымынан ба, әлде жорық үстіндегі ойдың зардабы тиді ме, әйтеуір бүкіл Азияны билеймін деген, бірақ артында Шыңғыс хандай ұлы мемлекет қалдыра алмаған, өзі өлген күнінің ертеңіне балалары тағына таласып быт-шыт болған және жыл өтпей жатып-ақ кешегі өзі жаулап алған елдері, жерлері Мауараннахрға бағынбай өз беттерімен кеткен, ұлы жиһангер Әмір-Темір, енді үш құлаш жерге еніп, мәңгі-бақи тынышталды» (507 бет).  Ал,  Шыңғыс атамыз қазақ еліне не берді дегенге келсек, әлемде ол заманда да, күні бүгінде де еш теңдесі жоқ ұлы мәдениетті бұрынғыдан да бетер дамытып, бүткіл қазақ санасына мәңгі өшпестей етіп сіңірді.

         Тарих тағлымы: Бүкіл ғаламды алсаңда, қаншама байлық жисаңда бәрі өзіңмен бірге кетеді. Артыңда өнегелі ісің мен ілім, өлмейтін сөзің, сөзің мен ісіңді өлтірмейтін саналы ұрпақ қалдыру барлық қазақ азаматының парызы болып табылады. Бұл парызға соңғы екі мыңжылдықта Шыңғыс ханнан артық адал болған адам жоқ.

         Шыңғыс хан қатал да, әділетті болды. Оның қарамағындағы бірде – бір адам өмір бойы оған сатқындық жасаған емес. Демек, атамыздың бар ойы, арман-мақсаты, атқарған іс-әрекеттері әрқашанда ел мүддесімен толықтай қабысып жатқан. Әйтпесе, Адайдың ақиық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлы:

...«Бұрын да өткен жандар бар

Дәрежелі хандар бар,

Олар да кеткен байтақтан

Бұқара жұрты жай тапқан,

Дүйімбаян, Шыңғысхан –

Нәсілі нұрдан жаралған,

Халқына әділ қараған

Ауыз тимей парадан,

Пақыр-міскін, бай мен бек,

Жарлы, жалсыз, аз бен көп

Бәрін де бірдей санаған» деп жырламаған болар еді («Аманат»  Алматы. 1996  115 бет). Билеушіге деген сатқындық, оның іс-әрекеттерінің ел мүддесінен алшақтағанын айғақтайды. Оның мырзалығы да елден ерекше. Әр түрлі діндерге де өте шыдамдылық көрсетті. Мысалы, Тынық мұхиттан Дунайға дейінгі ұлан байтақ кеңістіктегі бірде – бір елде дін аралық қақтығыстар болған емес. Ресейде Мұңал билігі кезінде орыс шіркеуі салықтан босатылған, сол сияқты салықты Қытайда дао монастыры да төлеген жоқ. Қысқасы, жер бетінде күні бүгінге дейін бірде – бір адамның әр түрлі елдер мен ұлттарға дәл Шыңғысхан бабамыздай 800 жыл бойы ұмытылмастай ықпалы болған емес. Әсіресе, қазақ халқына. Сол дәуірдің тілі де, мәдениеті де, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы да, биліктің дінге деген көзқарасы да, дипломатиясы да тіпті бәрі-бәрі де бізде толықтай сақталған. Мысалы, біздің өз еркімізбен ядролық қарудан бас тартып, бейбітшілікке  ұмтылуымыз, дін аралық қақтығыстарды болдырмау шараларын алуымыз, елбасымыздың резиденциясының Ақ Орда деп аталып, Ел орданың (астанананың) ежелгі қазақ мемлекетінің орталығы болған Ұлытауға жақын арқаға орналасуы, Атыраудан шығатын ең бір беделді үн парақтың «Алтын Орда» деп аталуы, Маңғыстаудан шыққан тағы бір сондай үн парақтың «Үш Қиян» деп аталып, Шыңғыс қағанның Қиян деген атасының аты қойылуы, «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының «Ұшқыр жебе» деп Адайдың екінші таңбасының атын иемденуі т.б. болып жалғасып кете береді.

        Ел аузынан және әртүрлі шығыс жазбаларынан теріп алынған Шыңғысхан бабамыздың төмендегі өсиеттерін қаперлеріңізге ұсынамын:

       «96. Егер әркім өз пиғылмен арамдық ойдан тазаратын болса, бүкіл ел ұры-қарыдан, зиянды әдеттен пәк болар еді (Шыңғыс хан).

        97. Арақ-шараптан ақыл да, пайда да, абырой да, қайрымды мінез-құлық та, адамнершілік те күт  пе!

       Мүлде ішпейтін адам – нағыз қадырлы адам (Шыңғыс хан)» (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына» Алматы-2000 80 бет).      

   «1. Егер ұлдары әкесінің жолын қумаса, інілері ағасының сөзін тыңдамаса, күйеуінің әйеліне сенімі болмаса, әйелі күйеуін жүре тыңдаса, енелер келіндерін ұнатпаса, келіндер енесін құрмет тұтпаса, ұлы адамдар қорғансыздарға пана болмаса, пақырлар даналар сөзін ұқпаса, басшылар қызметкерлерінің жүрегіне жол таба алмаса, айналасындағы адамдарды өз соңына ерте алмаса, игілікті басқа жандардан мол игеріп байығандар басқалардың да баюына көмектесіп, қол ұшын бермесе, басқа халықтың әдет-ғұрпы мен заңына, ақыл-парасаты мен адамгершілігіне менмендікпен қараса, мемлекет тәртібін мойындамаса – ондай елде ұрылар мен суайттар, қылмыскерлер мен басқа да бұзық жолға түскендер өз Отанының басына қара түнек орнатады, басқаша айтқанда, ол елдің байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді; жылқылары мен табындарының тыныштығы бұзылады, жорыққа мінген аттары зорығып өледі; сөйтіп, бүкіл халық түкке тұрмайтын дәрменсіз бейшараға айналады.

                2. Егер әркім өз пиғылын арамдық ойдан тазартатын болса, бүкіл ел ұры-қарыдан, зиянды әдеттен пәк болар еді.

                3. Момын халықтың арасында жүргенде қошақандай момын бол, ал шайқасқа шыққанда жемтік көрген аш бүркіттей шүйлік.

                4. Сөзді айттың ба – ол жақсы ма, жаман ба, әзіл ме, шын ба, бәрібір – оны қайтарып ала алмайсың; сондықтан әр сөзіңді безбенге өлшегендей салмақтап айт.

                5. Ер кісі бір мезгілде барлық жерді жарық етіп отыратын Күн емес. Олай болса әрі аңға немесе жорыққа кеткенде әйелі ерінің от басын көңірсітіп, үй ішін үлбіретіп отыруы керек. Келген кісіге ерінің жоқтығын білдірмей, құрметпен қарсы алып, дәмді тамағын беріп, адал пейілмен сыйлап жіберсе, өзінің абыройын арттырып қана қоймайды; ел арасында ерінің де абырой-беделін асқар шыңға шығарады. Ер кісінің абыройы әйелінің адамгершілік қасиеттеріне де тікелей байланысты. Керісінше әйелі парықсыз, жүрген жерінде абыройсыз, ар-намысын аяққа басып жүрген бәдік болса, күйеуінің де абыройы болмайды, ауыздыға сөз, аяқтыға жол болады.

                6. Арақ-шараптан ақыл да, пайда да, абырой да, қайырымды мінез-құлық та, адамгершілік те күтпе. Ішуді тастай тыюға жігерің жетпесе, шамаңды байқап, мөлшермен ішкін; мүлдем ішпейтін жан – нағыз қадірлі адам.

              «Масаң адам әрі керең, әрі соқыр, онда ақыл парасат болмайды. Оның ой білігі, дарыны түкке де тұрмайды. Ол ұятқа қалудан басқа ештеңе тындырмақ емес. Ішкілікке салынған ел билеушінің қолынан ешбір ұлы нәрсе келмейді. Ішкілікке құныққан әскер басшысы өз сарбаздарының жауынгерлік сабын өз билігінде ұстай алмақ емес. Ал, масаң ноян өз атқан садақ оғының қайда, неге тигенін білмейді» - деген. (Рашид-ад-дин «Уақиғалар жылнамасы» 1-том).

              Адам тағдырында, тіпті қоғам тағдырында да арақ-шарап белгілі орын алған. Арақ-шарапқа берілген жұрттар өзінің ұлттық қасиетінен айрылып, уақталып, құрып кеткендері тарихта белгілі. Әсіресе, бір елді жаулап алған үлкен жұрт үстемдігімен, қару-жарақты зорлығымен, мәдениет, сорақы тәлім-тәрбиесімен бірге арақ-шарабын да ала келген. Қару-жарақтың күшімен дегенін кейде істете алмаған шапқыншылар, бағынышты елін не діні арқылы, не арақ-шарабы, алдамшы ғұрып-дәстүрлері арқылы жеңген. Әсіресе, әлі мемлекет болып шынықпаған кішкентай елдерге арақ-шарап үлкен зиянын тигізген. Міне осы себепті де, орыстар қазақ елін рухани бағындыра алмағаннан кейін, олардың ақыл-ой, жан сезімдерін әлсірете түсу  үшін көбірек ішулерін жақсы көрген, соған үгіттеген. Әлі солай жалғасып келеді. Сыра спирт ішімдігіне жатпайды деп өтірік айтып, жұрттың бәрін шатыстырып, әсіресе жастарымызды күнде сыра ішуге, маскүнемдікке ашықтан-ашық уағыздаулары сол саясаттың жалғасы.    Осылайша, олар үш жүз жыл бойы осы саясатын үзбей жалғастырып келеді.  Ресейдің біздегі бүкіл телеарналардан бірде-бір мас емес, дені сау фильмдерін көрсетпейтіні де сондықтан. Әрине, үш жүз жыл аз уақыт емес. Үш жүз жыл бойы орыстың осындай идеологиялық соғысына төтеп бере білген қазақтың да осал болмағанын кім-кімнің де мойындауына тура келері сөзсіз.

              Әйткенмен де соңғы кездері, Қазақстанның орыстар көп қоныстанған солтүстік аймақтарындағы қазақ ауылдары азаматтарының  жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқаны, ащы да болса шындық. Мысалы, «Жас Алаш» газетінің 29 қазан 2008 жылғы №86 санында осы газеттің тілшісі Дилара Исаева Солтүстік Қазақстан облысының қазақ ауылдарын аралап келіп былай деп жазды: «Қазақта жаңа «дәстүр» пайда болды. Осы облысқа қарайтын Есіл ауданы «Бірлік» ауылының да берекесі қашқан. Жұмыссыздық жайлаған. Соның кесірінен, маскүнемдік жаулаған. Әсіресе, ер азаматтар ащы суға әбден беріліп, азабына түскені қынжылтады. Екі қолға бір жұмыс таба алмағандар қысқы отын-шөп дайындап алса да жарапты.

            Ауылда арақ, сыра сататындар көп, ақшасы жоқтарға «қарыз кітапшасына» жазып үлестіреді. Арақтан жанып өлген, қыстыгүні қол аяғы үсіп кеткен, мас болып қорасын өртеп жібергендер де осында. Құдай-ау, жұтып алып, бар ашуын әйелі мен баласынан алатын «батырлар» да бар. Осыдан артық сорақылық бола ма? Соңғы кезде мал төлдесе, құрмалдық жасап, ішетіндер пайда болыпты. Өйткені жуу керек.

            Маскүнемдік деген індет тек қана «Бірлікте» емес,  солтүстіктегі барлық қазақ ауылдарына тараған десек,  таңғалмаңыз. Бейне бір жұқпалы кеселдей... Бодандықтан қалған бұл таңба бір күні түбімізге жетер.

           Қазақ ауылдарына әрі қарай аяқ басқанда, қара орманға кіргендей келеңсіз көріністер көбейе берді. Жастар мен бір шаңырақтың иесі аталып отырған ағалардан бөлек, елуді алқымдаған азаматтардың бет-жүзі көгала қойдай көшеде былқ-сылқ етіп жүргенін көргенде, жүрегің сыздап қоя береді. Ұят-ай! Бөтелке көтеріп, тәлтіректеп баласын жетектеп алған асыл аналарымызды көріп қызардық. Тіпті, сексенді бағындырған кейуаналардың да араққа кет әрі емес екенін байқап қалдық. Аталардың «жүз грамын» жұтып алып дұға оқитынын да естідік. Зират басында малдас құрып отырып арақ ішетін қазақтар пайда болған. Неге? Себебі, «орыс халқында осындай дәстүр бар» дейді. Сонда қазақтың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан аруақты сыйлайтын дәстүрі еш кетіп, жаңасы пайда болғаны ма? - деген сауал қояды тілші. Бұған қосарымыз, дәл осындай араққа, ішімдікке беріліп, маскүнемдікке салыну еліміздің түгелге дерлік барлық қазақ ауылдарында жаппай орын алған десек артық айтқандық болмайды. Бұл күндері ауылдардағы бірде-бір той-мереке, арақ-шарапсыз өтпейді. Әйелі бар, ері бар, кемпірі бар, шалы бар, біріне-бірі ал да-ал, іште-іш деп, арақты бір-біріне зорлап ішкізіп, қашан мас  болып құлағанша тараспайтын жағдайға жеткен.

           «Арақ шынысынан басқаның бәрін бүлдіреді» (Бауыржан Момышұлы).

           Тарих тағлымы: Бір мүшесі ішкілікке, не нашақорлыққа  салынған отбасының да, сол ішімдік пен нашақорлыққа  жол беріп, онымен күреспейтін ұлттың да, мемлекеттің де өмір жасы ұзаққа бармайды.

           Шыңғысхан атамыздың тағы мына бір өсиетін қазақта естімеген, білмейтін адам жоқ десе де болады: «Шыңғыс хан кейін өзінің бағындырған ел – жұртын өзінің төрт ұлына бөліп бергенде, төртеуін қатар отырғызып, мынадай ақыл береді. «Төртеуің өзара тату болыңдар, бір-біріңе жаулық ойламаңдар».

            Қорамсасынан бір оқты шығарып, оны өзі сындырды, содан соң бірнешеуін алып, біріктіріп ұстап тұрып: «кім сындыра алады?» деп сұрады. Ешкім сындыра алмады. Сонда Шыңғыс хан айтты: « Міне, сендер де осы оқ сияқтысыңдар. Егер сендер орталарыңнан біреуіңді билеуші етіп сайлап, соның айтқанымен жүрсеңдер, ешкім де сендерді жеңе алмайды. Егер бірлік болмай, әрқайсың өз беттеріңше бір – біріңе жау болсаңдар, жаңағы жалғыз оқтай бәріңді де талқандайды». Бұл – тамаша ақыл, таптырмас кеңес болды». (Әбілғазы. «Түрік шежіресі», Алматы 1992 жыл, 66 бет).  Бұл өсиет «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген мақал болып тұжырымдалған. Осы мақалды басшылыққа алу қазіргі қазаққа ауадан да қажет.         

            «Кім өз үйін дұрыс басқара алса, ол мемлекетті де дұрыс басқара алар, кім он адамға өз сөзін тыңдата алса, ол үлкен әскерге де басшылық ете алар. Кім де кім өзіндегі жаман қылықтарынан арылса, мемлекет қамын ойлай алар». Бұл да сонда (93 бет).

            «Менің ұрпақтарым өздері жеңген мұңалдардан, бөтен жұрттардан алған қатындарынан туған балаларын өз тақтарына мұрагер етпеулері керек. Адам қасиеті ана сүтімен келеді. Мұндай мұрагер әке тағына отырғаннан кейін, ана еліне тартып кетуі мүмкін» деген. Қазіргі жебірейлердің, жебірей қызынан туғандардың бәрін жебірей деп есептеп бауырына тартып жүргендері сондықтан болып табылады. Шыңғыс атамыздың бұл өсиеттері өз мәнін қазақ халқы үшін мәңгі жоймақ емес.             

            Ұлы қаған әлем пендесіне жоғарыда көрсетілгендерден де басқа көптеген өсиет қалдырған еді. Сондай деректерді Филология ғылымдарының докторы, халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, турколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы 12 мамыр 2009 жылы интернетте жариялаған «Шыңғыс ханның мазары табылды» деген еңбегінен таптық:

 «• Қабылдаған шешімді өзінен бастап орындамаса,

Ол адам елбасшысы емес, бишара.

• Адам деген пендені бай, кедейлігімен, атақ-лауазымымен алалау пасықтың ісі.

• Адам туса бір дәуірлік,

Көк шықса бір мезгілдік.

• Жасаған көмегіңді көмейіңнен шығарма.

• Жайсыз қылығыңды кішкентай деп ойлама.

Жақсы да, жаман да болымсыздан басталады.

• Даңғойды тым асырма,

Даукесті мүлде тыңдама.

• Шыққан тегіңді ұмытпауды – ұрпағыңа,

Ішкен суыңды ұмытпауды – досыңа үйрет.

• Тау гүлі жаңбыр көрсе жанданады,

Тау тұлғалар сын естісе тазарады.

• Жасанды гүл жаңбыр суымен жоғалады,

Жағымпаз жандар сын естісе қуарады.

• Өзіңнің кемшілігіңді басқадан естіп білгенің жақсы,

Сезіміңнің кемшілігін өзің біліп жеңгенің жақсы.

• Бишікте отырып ұрлық қылсаң,

Өз басыңмен төлейсің.

Билікте отырып ұрлық қылсаң,

Ұрпағыңның тағдырымен төлейсің.

• Ағаш кесуге өткір балта керек,

Алтын таққа алып парасат керек.

• Мәйекті сөзін айтпаған білімді ғалымнан,

Түйсігін айтқан ақымақ артық.

• Әлемге бейбітшілік орнатып нұрыңды төк,

Әйелге сезіміңді беріп нәріңді төк».

         Мұңалдар билігі өз заманында Қазақ отбасының бірде-бір мүшесінің қарнын аштырып, көштен қалдырмаудың барлық шараларын алған. Мысалы, Үгедей қағанның мынадай жарлықтары болған: «Жүз қой сайын бір тұсақ шығартып, елдің ішіндегі құралақан кедейлерге көмек етіп беріңдер», және «Жұртшылықтың жер суын бөліп берейік, таңдап қоныстандыратын шалғыншылар, әрбір мыңдықтан шығарылсын», «Сусыз жерден құдық қаздырып, су шығартып, қалың бұқара су мен шөпке кенелтілсін», «Ел арасына елші жүргізіп қатынайтын және әр түрлі істі ақылдасу үшін өртең жол салынып, лау жұмысы жолға қойылсын». Қағанның бұл жарлығы ұлы дала төсінде сан ғасырлар бойы мүлтіксіз орындалды.

            Қорытындысы, Қазақ даласында Римдегі Спартак көтерілісі сияқты бірде-бір соғыс болған емес. Жетім мен жесірін қаңғытқан жоқ, түрме, зындан салмады. Адамгершілік қасиеттің ең биік шыңы ата-ана мен үлкенді сыйлау мүлтіксіз орындалды.  Сол қаған жарлығымен салынған өртең жол кейіннен ұлы «Жібек жолы» аталып, жалғасы бүгінгі күнге жетті.

           Сол сияқты Шыңғыс қаған: “Ханшаның үш жары болады. Алғашқы жары – адал заты, соңғы жары – алған ері. Барған еліне болаттай берілсе (тастай батып, судай сіңсе М.Қ), адалдықпен аты шығады. Адал атын сақтаса, алған жары қайда бармақ?” – деп өсиет етеді. (Құпия шеж. 164 бет)

          Шыңғысханның өз қызы Алалтынға арнаған осы өсиетін барлық қазақ қыздары мен аналары сегіз ғасырдан бері үлгі тұтып келе жатқан жоқ па?!

           Осы жерде арнайы айрықша атап өтетін жағдай Шыңғыс хан жайлы бүкіл әлем елдерінің тарихшылары түгелге жуық қалам тербеп, жүздеген, мыңдаған кітаптар, сан миллиондаған ғылыми (тарихи) еңбектер жазып, ондаған кинофильмдер түсірді. Бір қызығы осы еңбектердің барлығы дерлік Шыңғыс қағанның өз аузымен еліне, ұрпағына арналып айтылған көптеген өсиеттері мен жасысы, яғни заңдар жинағының бар екендігін көрсетеді, бірақ олардың бірде-бірін де, оның өсиеттері мен заңдарының бірде-бір бабына толық түсініктеме берілмейді, тіпті ол жайлы ауызға алынбайды да. Бұл жерде «неліктен?» деген сұрақты өзімізге-өзіміз қойып, бұған жауап іздейтін болсақ,  егер олар Шыңғыс ханның өсиеті мен оның шығарған заңдарының баптарын келтірер болса, олардың Шыңғыс ханды жабайы (варвар), жауыз, әлем мәдениетін талқандап, қиратушы деп жазып жүргендеріне ешкімде сенбес еді. Атамыздың өсиеттері мен заңдары тек қана қазақ халқының ауыз әдебиеті мен жазба деректерінде көптеп сақталған және олардың барлығы дерлік Шыңғыс ханды Алланың ерекше жаратқан, зайыры ұрпағынан-ұрпағына жалғасқан әулие деп мадақтайды.

         Жақында «Шыңғысханның өзекті толғаған өсиеттері» деген айдармен атамыздың тағы бір өсиетін (айтуынша шежірешісі Әлиасқар Байғұтұлының жазбасынан тапқан) бізге Шымкенттік Ілесбек Байжанов жариялады:

– «Зақан» жазсаң, «зарап» ішпе!

«Құлқы тұғыр» ұстасаң,

Құлыңа шарап ішкізбе!

Ілім – Гауһар! Көздің қарашығындай,

Құзғын нәсілге бұйырмас!

Алты Алаш – алтын арна!

Тартсаң теңізге айналар таусылмас!

Діннің имандысын алдым!

Сұлудың «Үржандысын» алдым!

Баһадүрлерімнің қаһарымен қазан қайнаттым!

«Батысқа» «Сары Оғландай» билік жүргіздім!

«Түстік» түбімен бағынды!

«Шығысымда» ұлыйтын бөрі жоқ!

Өкпем бауыр болды, жүрегім ауыр болды.

Жүрген жолымды Көк Тәңірі өзі қолдады!

Мен туылмай жатып «Тұман» болды…

Туған соң «Сабулай Ұран» болды,

Төрт аяқты жылан болды»!

Аузы Айдаһардың азуын қағып,

«Аққа» басын игіздім,

Айбаты Арыстанның, басын жерге тигіздім!

Данышпанды жылатқанды кебісін көрсетіп он сүйгіздім!

Анасын жылатқанды мойынына құрым кигіздім,

Отқа жақтым, күлін қарғаның ұясына салдым!

Ұл – тарақты азаптағандарды

«Кербала шөліне» жыйғыздым,

Бір көгенге сыйғыздым!

Шөлден өтсе ғұмыры дедім,

Өлсе «Ғайыптың» әмірі дедім!

Екі жол алдым: «Әділдік» пен «Имандық»!

«Екі жар» алдым, бір рет туылдым!

Жеті рет өлімнен оралдым!

«Тексіз азғындар» дұшпаным!

Тектілерден Нәр алдым!

Қаһарлы келсе «У» алдым!

Жолағы «Күрең» ту алдым!

Білегі жуанның бергені жолда қалады,

Аузы дуалының бергені төбеге шығарады!»                Қандай керемет! Атамыз тек қана екі жолды таңдаған. Ол «Әділеттілік» пен «Имандылық»! Шыңғыс қаған Атамыздың атын аңызға айналдырып, 800 жыл бойы ел аузынан түспей келе жатқанының сыры да, Атамызға бүкіл әлем елдерінің менікі деп таласып жатуының да сыры осы.

 

                                                                       Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
Шыңғыс ханның шын есімі ТЕМІР (Темірші емес)

Нақтырақ айтқанда Темірдің (Шыңғыс ханның) руы "Жалайыр"(Жалайырдың шын есімі Мерке,Ұлы жүз)Мерке тайпасынан шыққан.Жалайырдан Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-Тұрымтай(атақты шешен болған)-Тұмағұл-Дін-Баян-Есугей-Темір(Шыңғысхан).Ол кезде Моңғол,Қазақ атауы әлі қалыптаспаған(болмаған).Әр тайпаларды ру атымен атаған.

 Темірдің(Шыңғыс ханның) Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле есімді төрт балалары болған.Темірді(Шынғысханды) алғаш ақ киізге салып төбелеріне Хан көтерген де Найман тауында(кейінірек Шыңғыс тау атанған)Дегелең төңірегіндегі Арғын,Алшын,Үйсін,Найман,Жалайырлар болатын.Бұл Хижра бойынша 605-ші жыл еді.

 Темірдің (Шыңғысханның) 500 000 әскері болды,әскерді бастағандарыдың көбі біздің түркілер қазақтар еді.Темірдің(Шыңғысханның) қолында Моңғолдар да болды,олар бары-жоғы 4500 адам ғана.32 000 татарлар да бар еді.Шыңғыс ханның жарты миллион соғыс қолы тегіс Түркі тілінде сөйлейтін,450 мыңдайы Арыстың бес баласының үрім-бұтақтары болатын.Шыңғыс сауаты жоқ адам болған,оның барлық шешімі,өкілі Ұран-Майқы мен Тоқы бидің құптауынсыз жүзеге аспады.  Шыңғысхан өте әділдікті ғана қолдайтын адам болды,әділетсіздікке жаны қас болды,әділетсіз шешім қабылдағандарды аяусыз жазалап отырған.Шыңғыс жер бетіне әділдік орнатуды көксеген,осы қазақ териториясының тұтастығын сақтаған.Ол жастайынан қара қытай басқыншыларына жаны қас болып өскен.Сондықтан қазақ даласындағы қалаларға қытайдың жымысқы тыңшылары барын естісе жермен жексен етіп қиратып тастайтын болған,бұның бәрі елін,жерін аман сақтау мақсатында іске асырған.

--------------------------------------------------------------------------

Темірдің(Шығыс ханның) арғы аталары:

1.Үйсін-Бай-Шора-Алым-Есен-Асау-Жүз-Дәу-Елсау-Нулы-Абыл-Қайыр-Бақ-Таң-Пәр-Мән-Майқы(Майқы би)-Ұзын-Сақ-Ал-Иба-Райым-Бармақ-Он-Тағар-Озбай-Оңбай-Егін-Азбан-Әшеке-Үйсіл-Сақал-Жан-Мерке(ЖАЛАЙЫР)-Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-тұрымтай(атақты шешен болған)-Тұмағұл-Діл-Баян-ЕСУГЕЙ-ТЕМІР(Темірші),(Шыңғысхан)-Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле.

Темір ( Шыңғыс хан) шын негізінде Моңғол да емес,Қытай да емес.Адай да емес,Керей де емес,Найман да емес,Темір(Шынғысхан)Ұлы жүздің ҮЙСІН тайпасының ұрпағына жатады.        (Тарихшы В.Белинский де қателеседі,ол мұнда ғана Шыңғысханың қазақ екеніне дәлелдер келтірген екен).

Ал мен бұл нағыз тарихты "Түп-тұқияннан өзіме шейін" атты 18 ғасырда өмір сүрген Шапырашты Қазбек бек Тауасар ұлының кітабын  оқып,содан  жазып отырмын.Бұл кітаптің түп нұсқасы қаншама жылдар бойы жер астына көміліп жасырынып жатқан,арабшадан қазақшаға аударылған.Кеңес өкіметінің кезінде бұл кітапты ашық жариялай алмаған көрінеді,Қазақтың тарихын ұмытқызу саясаты солай болған.

Осы кітап өңделіп 1993 жылы басылып шыққан"Түп-Тұқияннан өзіме шейін"атты кітапты тауып оқысаңыздар жалғыз Ұлы Шыңғысханды ғана емес,бүкіл Қазақтың батырлары,хандары,билері жайлы білесіздер,жалпы Қазақтың нағыз шын тарихын білетін боласыздар.Бұл кітапты оқымаған адам,тарихты білем деп көкірегін қақпай ақ қойсын.
0 дауыс
ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙ РУЫНА ЖАТАДЫ? деген сұраққа жауап іздер болсақ:

Шыңғысханның тегін қазақ деп сенімді түрде айтуымыз үшін, біз міндетті түрде Шыңғыс қағанның қазақтың қай жүзіне (қай арысына) және оның қай руына жататынын білуіміз керек. Егер біз осыны жасай алмасақ, атамыздың тегінің қазақ екендігі әрқашанда күмәнді және даулы мәселе болып қала бермек.

Жалпы Шыңғысханның тегі қазақ екендігін күні кешеге дейін қазақ түгілі бүкіл әлем білген. Қазірде оны қазақтың көптеген тарихшылары айқын біледі. Бірақ, соңғы буын ұрпақты әдейі қасақана шатастырып жүрген арнайы топ бар. Бұл соңғы үш ғасырға жуық орысқа бодан болғандығымыздың және олардың маймылды адамзаттың атасы деп түсінетіндерінің  салдары.

Атамызды қазақ деп жүргендердің әрқайсысы Шыңғысханды қазақтың әртүрлі руларына:  Қоңырат, Жалайыр, Найман және Адайға телиді.

- Кейбір тарих «жазғыштардың» арасында Шыңғысханның тегін қоңырат деушілер жиі кездеседі. Бұл пікірдің қате тұжырым екенін бір-ақ сұрақпен теріске шығаруға болады. Ол қазақтың қай руы,  қай заманда өз тумаласымен құда болып еді деген.

«Шыңғысхан Құласудың жағасымен жүрді. Су бойында отырған елге тап болды, одан : «Не елсіз?» деп сұрады. Сөйтсе олар: «Қоңыратпыз» деді. Ол уақытта қоңыратқа бас болып жүрген Түрік имал еді. Шыңғыс хан оған елші жіберіп, «Осы уақытқа дейін жамандаспаған құда – анда едік. Ел болсаң, одақтасым бол, жау болсаң, өзім келіп тұрмын» деді. Мұны естіген соң барлық қоңырат хан алдына келіп, оған бағынды. (Әбілғазы. «Түрік шежіресі» Алматы. 1992. 57 бет).

Шыңғысханның тегі қоңырат болса, ол мұндай әңгімені, яғни «құда – анда едік» деген сөзді айтпай, тумаласпыз ғой деген болар еді. Енді осының үстіне, олардың өздерін ешқашан  Мұңал (Моңғол) деп атамағанын қосыңыз.

Себебі, олар Нұқ пайғамбар шыққан Қосай руынан тарайды. Қоңырат пен Қосайдың «Қо» деген бір түбірден болатыны тек қана осыны білдіреді.

Украиндіктердің өз тектерін «Ко» - Карпенко, Шевченко, Шмадко, Приходко т.т. деп жазып жүргендерінің сыры осы.  
Қосай - бұл баяғы Нұқ пайғамбар заманындағы топан суға қарық болған елдің атауы. Сол елден тек қана Нұқ пайғамбардың отбасы және Мұсылмандықты мойындаған сексен отбасы кемеге мініп аман қалған делінеді ежелгі шежірелерде. Нұқ пайғамбардың тегі Қосай. Сол ел түгелдей суға қарық болып, тек қана Нұқ пайғамбардың кемесіне мінген жандар аман қалып, сол елге Нұқ пайғамбар соңғы «Нүктені» қойды. Одан кейінгі ұрпақ Қосай Нұқ болып, ал сөйлемде Қос Нүкте болып жалғасып кетті. Қос Нүкте - Қосай Нұқтың лақап аты. Қосай руының қазақтың барлық руларының құрамында болатыны, Қосайдан жолдасың болса жолың болады делінетіні және олардың аға баласы деп құрметтелетінінің сыры да осы.
Бұл жағдай Адай шежіресінде былайша беріледі:  Адайдан екі бала: Құдайке (үлкені) және Келімберді (кішісі). Құдайкеден екі бала: Тәзіке (үлкені) және Қосай (кішісі). Келімбердіден алты бала: Құнанорыс, Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Бұзау (Жеменей), Тобыш және ең кенжесі Мұңал. Олар Адайда «Мұңал ошақ» деп те аталады.
Түсініктеме: Адам-адам болып, Ұлы Жаратушы-Алла оларға сана мен сөйлейтін тіл бергелі бері, бүткіл жер бетінде ең алғаш от жаққандар осы бүгінгі қазақтың ата-бабалары болатын. Алғашқы от жағылған жер – Маңғыстау. Топономикалық айғақтамасы, Маңғыстаудағы Қаратаудың ең биік шыңының Отпан (От ман) аталуы. Біздің бұл күндері ең көп қолданатын Отан (Нұротан) деген ұғымымыздың бастау алатын жері осы, яғни авторлық құқық Маңғыстаулықтарда жатыр. Енді осының  үстіне от жағатын қондырғының «ошақ», шай қайнататын қондырғының «мосы» аталатынын қосыңыз.  Од (От) Адтардың (Адайлардың) лақап аты болса, Ошақ пен мосы Адай атаның екінші немересі Қосайлардың лақап аты.  Үш ұғымның үшеуінің де бір түбірден болатындығы тек осыны білдіреді. Бұл жерде Адай-Қосай аталарымыздың авторлық құқығы сақталып отыр. Алғыс: «Шырағың сөнбесін!».
Қоңыраттардың рулық таңбасы да Шыңғысхан шыққан рудың таңбасымен сәйкес келмейді. Қоңыраттардың рулық таңбасы «Босаға» болса, Шыңғысханның таңбасы «Тіл таңба», «Қас би» таңба деп те аталады.
Қоңыраттың құрамында Қият руы болғанымен, сол қияттардың атасы Мұңал (Моңғол) атты ру жоқ.  Демек, ол елдің құрамында атасы жоқ болса, ол ру оларға жатпайды деген сөз. Шыңғысханның руы қоңырат еместігі ешқандай күмәнға да, дауға да жатпайды.

Шыңғыс ханды Найман деушілерге айтарымыз, Шыңғыс хан атқа мінер қарсаңда Найман хандығы Татар Даласының орталық-шығысындағы Қаңға тауларынан басталып, Хан-Алтайдың түстігінен өтіп, Көк-Ертіс пен Қара-Ертістен озып, Зайсан, Тарбағатайға дейін созылып жатқанын көреміз. Шығыста – кереймен, батыста – Дәшті-Қыпшақ жұрты қаңлымен шектескен, терістігі – тау мен тайға (батпақ), түстігі – құм мен шөл. Ұлан-байтақ жер, қисапсыз халық. Нақты саны белгісіз. Бірақ сол кездің есебімен алғанда, өте көп жұрт болғаны күмәнсіз. Кейбір деректерге қарағанда, христиан дінінің нестор тариқатына бейіл беріпті.
Найман мемлекетіндегілердің моңғолдарды «қоңырсыған иісті, қомыт-қомыт киімділер» деп атап, оларды мойындамай, қарсы көтеріліп, соңына дейін соғысқаны – барлық тарихи еңбектерде  жазылған жәйт.
       Демек, Шыңғысханның руы найман еместігі ешқандай күмәнға да, дауға да жатпайды.
       Наймандар өздерін Матай руынан таратады. Шындығында, Наймандар ежелгі МАД елінен (патшалығынан) тарайды. Матайдың түп атауы ежелгі МАД елі. Олар шығыс жазбаларында Мадай (Матай), Маадай, Манадай деп хатталған.    
          Жақында «Алаш» тарихи-зерттеулер орталығының ұжымы «Қазақ» ру-тайпаларының тарихы атты  жоба аясында үш кітаптан тұратын «Найман» атты тарихи зерттеу еңбегін жазып бітірді. Осы еңбекте Найман этнониміне байланысты алты пікір: біріншісі – «Найман» атауын жеке тарихи тұлғадан шығарады; екіншісі - бұл этнонимді өздерінің атымен байланыстырады; үшіншісі – моңғолдық сегіз сандық көрсеткіштен; төртіншісі – «найы» түбірінен көне түрік тіліндегі «дос» деген мағынадан; бесіншісі – «сегіз өзен елі» деген мағынамен туыстастырады; алтыншысы – көне түркі тіліндегі «үлкен мәлін» деген мағынаны білдіретіндігі атап көрсетіліп, «Осы көзқарастарды талдау барысында Наймандарға» осы этнонимді моңғол тілдес қидандардың бергенін мойындауға тура келеді деген пікірге тоқталдық. Сонымен бірге «найман» этнонимін талдау барысында осы моңғол тілдес тайпаға жатқызатындардың пікірлерінің қате екендігін, шын мәнінде, наймандардың о бастан-ақ түркі тілдес тайпа болғандығын нақты дәлелдей алдық деп ойлаймыз» дейді.                        
         Ежелгі Қытай жылнамаларында Нұмдардың сегіз елі туралы мәліметтер бар. Қазіргі тарихшылар одан кейінгі сегіз арыстарды, яғни оғыздар (Өгіз) бірлестігін, осы Нұм елінің жалғасы деп, ал Наймандарды солардың ұрпағы деп тұжырым жасаған. Нұх, Нұқ, Нұм,  Нау, Ной (Ноғай), Най (Найман) болып әр түрлі аталып жүрген аталарымыздың тегі бір адам, бір ел, яғни қазақ елі. Топан судан аман қалған Нұқ пайғамбардың қауымы. Най Ман, Най Манұлы немесе Манның ұрпағы болып шығады. Сол сияқты Нұқ-қа «ай» жалғауын жалғасақ Нұқай, Ной-Ноғай болып шығады да, бұлда Нұқ атамыздың баласы, ұрпағы деген мағына береді. Адам атына «н» және «и,й, ы, і» жалғауын қосқанда ұлы, баласы, ұрпағы деген мағына беретінін еске алайық.
         Демек Най Мандар өте ежелгі қазақтардың ұрпағы. Оған дәлел: Жоғарыда көрсетілгендей Най – Нұқ пайғамбар атамыздың, яғни адам аты; Най – сегіз сандық көрсеткіш (жалпы бөліну осы сегізден басталады); Най – үлкен мәлін;  Най – дос, Най – ежелгі музыкалық аспап, Найза – қару, Найзаласу, Найзабойы, Найзатас, Найзақара, Найманана сияқты ұғымдар бар.  Бұл ұғымдардың бұлай  аталу себебі, осылардың бәрі қазіргі қазақтардың Най аталған кезінде дүниеге келген. Қазақта қандай заттың, қандай ұғымның атауы болмасын, сол ұғым сол елдің, сол атаның есімімен аталады. Бұған дәлел ретінде Адайдың тіл мен жебе таңбасын еске алсақта жарап қалар. Енді осыған Қазығұрт тауының басына Нұқ пайғамбардың кемесі келіп тоқтаған күннен бастап, жыл басы болып есептеліп, тойланып келе жатқан Наурыз мерекесін қосыңыз.
         Найдың шығу тегі Аналық текке жатады. Себебі, Найдың сөз түбірі Ай – әйел, ана деген мағына береді. Айдың жерге, әйелдің ерге серік болатыны осы.
         Ал Қиданға келсек, тарихта Кидан, Қимақ, Қиян, Қыпшақ аталып жүрген алып қағандықты құрғандар Шыңғыс ханның арғы аталары, Адай - Мұңалдың Қиятынан тарайтын ұрпақтар. «Еділдің бойы – енді қиян, Жайықтың бойы – жайлы қиян, Маңғыстаудың бойы - шаңды қиянды» еске алайық. Ал, Адайдың (қазақтың) қарашаңырағының иесі мұңалдарды, қазақтан бөліп тастап «моңғол» тілдес тайпа деп атаулары түп-тамырымен қате тұжырым. Демек, қазіргі орыс (ағылшын, еврей) ілімінен дәріс алған қазіргі ұрпақтың білім деңгейінің  сиқы осы.
          Қазақтың бес қаруының бірі Найзаны жасағандар осы Найман аталарымыз. Адам игілігіне жарайтын қандай дүние болмасын, сол зат, сол адамның атымен аталған. Бүл қағида күні бүгінде сол күйінде тұр. Найза – қысқартылған сөз. Сөз түбірі – Ай, одан ары Най, Ай, Айза, Иза (ыза), Айза (айыз) деген сөздерден құралады. Енді осы сөздердің мағынасына үңіліп көрсек, осы бір ауыз сөзден, осы қаруды кімдер жасағанын, олардың руы мен атын, тіпті не үшін жасағанын да білуге болады. Ай – Адайдың екінші буыны. Түп төркіні, Ад – Ай (Ата мен Ана) Ата – й (атаның баласы), яғни Ай Адтың баласы, ұрпағы. Демек, Найдың Адтардың ұрпағы екендігіне дау жоқ. Бүгінгі Наймандар сол ежелгі Ад – Мандардың ұрпағы. Айырмасы, олар Адам Атаның қарашаңырағынан енші алып, бөлек отау тікті. Адайлар болса Адам атаның қарашаңырағында қалды. Ал, Найза деген қаруды ойлап тапқан атамыздың, дәлірек айтқанда анамыздың аты Айза. Демек, Айза апамыз жауын найзаға түйреп, кегін алып, айызы қанып тұрған мезгілінен, осы атамыздың (анамыздың) атынан «айыз», «айызы қанды» деген сөз қалды.
        Найман – сөз түбірі Ай. Ары қарай Ай, Най, Ан, Ман, Иман, Найман болып шығады. Сөз түбірі (өз түбі) мен сөз құрамы жаңылыспайды. Демек, қазақтың «Иман» деген ең қасиетті ұғымынының авторлығына Найман аталарымыздың таласы бар. Әйтпесе, Иман деген сөз тұтасымен Найман атамыздың есімінің қақ ортасында күндей жарқырап тұрмаған болар еді. Әйтпесе, ең қасиетті асымыз - Нан деген ұғым дүниеге келмеген болар еді.  
        Алладан Құран Кәрімнің түскен жері жоғарыда көрсеткенімдей, Арабтың екі қаласы Меке мен Медине екені барша халықтарға белгілі.  Осы екі қала: Меке мен Медине де  бастауын Манқыстаулық МАД патшалығынан алады. «Ар» мен «Ар қорғаушылар» (Арийлер, Араптар) деген ұғымдардың осы МАД патшалығында дүниеге келгендігі ежелгі жазбаларда көрсетілген. Мәдениет деген ұғымның авторы да осылар. Бәрінің бір түбірден болуы тек қана осыны білдіреді. Арап – Ар апа аналық текті білдіреді. Олардың Ар қорғауда шектен шыққаны соншалық, дүниеге Мұхаммед пайғамбар келер тұста олардың бәрі пұтқа табынған және өз қыздарын бес жасқа шыққан кезінде өлтіретін дәстүр болған. Алланың бұйрығы Құран Кәріммен бұларға тыйым салынған. Манқыстаудың Шежіре дерегі бойынша Араптар мен Ебрейлердің аталары бір, екеуі де өздерін Семиттен таратады. Өз кезегінде Семит пен Жеменей (Иемен) жеті мен сегіз деген лақап атқа ие болып Адайдын алтыншы немересі Бұзаудан тарайды. Бұзау да аналық текке жатады. Бұзаудың сөз түбірі Ұз (Үз, Уз). Бұл анамыздың атында кезінде Меке қаласында Әл Узза атты тас құдайдың бейнесі болып, дүниеге Ислам діні келгенге дейін барша жұрт оған құлшылық қылған.  МАД – қысқартылған сөз. Ман Адай деген мағына береді. Арабтарды ежелде Тәзікелер деп атаған. Тәзікенің әкесі Құдайке (Қу Адай әке), бұл жерде Меке дегенімізде Құдайдың орны Ман мен ауыстырылып Ман әке – Меке делініп отыр.    Сөз түбірі жаңылыспайды.
        Жалпы осы МАД патшалығынан тараған көптеген елдер күні бүгінде де осы ұғымды өздерінің ел, ру, топономикалық атаулар мен өзге де ең басты ұғымдар атауында сақтап отыр. Мысалы, Мадиян (ежелгі мемлекет), Мадина қаласы (Арабия),  Мадияр (ұлт), Мәдениет (қазақ), Матай (Мадай), Мадрид (Испания), Мадагаскар (мемлекет) т.т. болып кете береді. Әлем картасында осы МАД-тарға қатысты 150-ден астам топономикалық атаулар бар.
        Бәрінің шыққан тегі қазақ, бұл ұғымдардың бәрі қазақ даласында дүниеге келген. Адай (қазақ) шежіресі және сонымен қатар бүгінгі қазақ даласындағы ежелгі МАД (Ман Адай, Маадай, Мадай, Матай) патшалығы, осы патшалық жеріндегі Манқыстау түбегі мен оның тұрғындары Адайлар; Жем, Шылым атты өзендер; Семей мен Өскемен облыстары атауында сақталған.
        Адам баласының бүкіл әлемге үлгі болған ең ұлы мәдениеті Манқыстаулық МАД (МӘД) патшалығынан басталып, осы есім бүкіл әлемге Мәдениет деген «авторлық» құқықпен жалғасып кетті.

      - Ғалым М.Қарғабаевтың ұзақ уақыт жүргізген зерттеу жұмысында Шыңғыс хан Арыс бұтағының Жалайыр тармағынан тарайтын түркі деп нақтылайды. Тайпаның аты ағайынды Жал және Айыр аттарының біріктірілген түрімен аталады. Рудың таңбасы айыр түрінде беріледі. Мұндай таңба Шыңғыс хан заманынан да көп уақыт бұрын болған. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары ата-бабаның дәстүрін бұзбай әрқашан жалайырдың осы белгісін күні бүгінге дейін сақтап келеді деген уәж айтады автор.
         Бұл тұжырымға да бір ауыз сөзбен тойтарыс беруге болады. Оған Рашид ад-Диннің: «Наймандар, жалайырлар, онгуттар, кереиттер және басқа осы секілді тайпалар өздерінің нақты тайпалық атаулары бола тұрып, моңғолдың даңқына ортақтасу үшін өздерін «моңғолмыз» деп атады» (Рашин ад-Дин. 1952. Ч.І. стр.75), - деп ашып көрсетуі жарап жатыр.
         Жалайырдың рулық шежіресі құрамында да Мұңал (Моңғол) атты ру жоқ. Демек, Шыңғысхан Жалайырға жатпайды.
         Егерде, Шыңғысханның тегі Жалайыр болғанда осы қауымнан шығып, XVI – XVII  ғасырлар шегінде жасаған қазақтың әйгілі тарихшы ғалымы Қадырғали Жалайырдың мұны жазбай кетуі де еш мүмкін емес еді.

           Шыңғыс қағанның тегі Адай екендігі ешқандай дауға жатуға тиіс емес. Себебі,  бүткіл жер бетіндегі (ас пен көктің арасы), тіпті сонау ғарыштағы атаулардың бәрі адам (ру) аттары, яғни сол атауларды дүниеге әкелген аталарымыздың есімі. Бастауы сонау Адам атадан алынатын бұл қағиданы бүкіл әлем елдері қолданады. Аталарымыз оны «сөздің атасы» десе, бүгінгі тілде ол «авторлық құқық» делініп жүр. Авторлық құқық сөз түбірінде (өз түбінде) сақталады. Ақыл-есі дұрыс жандар үшін, бұл дауға жатуға тиісті емес. Бұл тұжырымды кез-келген адам, кез-келген ұғымнан көре алады. Сондықтан, Адай Адам атаның қарашаңырағының иесі болып табылады. Демек, Шыңғыс қағанның Адай (м) атаның ұрпағы екендігіне дауласу әділеттілікке жатпайды.
      – Адай (м) – А, Ад (Ат), Ада (Ата), Ай, Дай (Тай), Адай (Атай), Адам (Атам) болып шығады.
       А – дыбысы Алып бидің де (әліппе), сонымен бірге барлық дүниенің де бастауы.
       Ад – алғашқы Адам, соған сәйкес қауым атауы. Ат – а. алғашқы адам есімі (атың кім?); б. Қолға
үйретілген, мінетін ат. Мақал «Ат – ердің қанаты». Ад қауымы алғашқы адамның да, адамға серік болған мінетін аттың да авторы.
         Ада – а. Ата. Иә, иә кәдімгі қазақ баласының күнделікті аузынан тастамайтын Атасы, яғни әкеңнің әкесі; немесе өз атаңнан бастап сонау Адам атаға дейінгі барлық аталарың; ә. Арал. Ең алғашқы, тіпті бергі (Нұх пайғамбар кезеңі) бүткіл жер бетін су басып жатқан кезде алғашқы құрылыққа (Жуды тауына, яғни Қазығұртқа (Қазық жұртқа)) қадам басқан сол аталарымыз болатын. Қ-ада-м деген сөздің де түбірінің Ата болатыны осы; б. Ада. Ада болу – көп аталардың (Адамдардың) бір адам болып азаюы, немесе кез-келген заттың таусылуы. Қадам – Қам ата Нұх пайғамбардың үш (Қам, Сам (Шам), Иафес) ұлының үлкені. Атасынан (қазық жұрттан) бөлініп, өзге өңірге алғашқы қадам жасаған солар болатын.
        Ай – Анаң. Әйелдің сөз түбірі Әй (Ай). Әйел (Ай мен Ел) «Әй ел болайық». Әйел ердің серігі, Ай жердің серігі.
        Дай – Адам ата ұрпақтарының ру-руға, әртүрлі елдер мен мемлекеттерге бөліну кезеңін көрсетеді. Тарихтағы Дай – Массагет (Дай-Дахи) аталғандар осылар. Дай-дай болып айтысу, Дай-дай бөліну, тіпті керісу мен ұрысу да солардан қалды.
        Адай (Ада-й). «Й» дыбысы Атаның ұрпағы, баласы, яғни ең кенжесі, «қарашаңырағының» иесі деген мағына береді. Әйтпесе, ортағасырлық ғұламалардың барлығы дерлік өз тектерін Иассауи, Фердауси, Игунеки, Адайи, Сарайи, Тарази, Жалайри т.т. деп жазбаған болар еді.
        Адам (Ата-м). М – тәуелділік жалғау. Қазақтың сан миллиондаған сөздерінің бәріне де Өз атаңнан бастап сонау ең түпкірдегі Адам атаға дейінгі Аталардың (Адамдардың) барлығы менің атам. Ата – бабаларымыздың бір-бірін құрметтегені соншалық кез-келген жанды Адам, яғни Менің атам деп атап отыр. Қазақтың сан миллиондаған сөзіне «М» дыбысын қоссаң бәрі менікі деген ұғым береді. Атам, анам, көкем, балам, басым, аяғым, елім, жерім, атамекенім т.т. болып кете береді.
        Ал, Адай ма, әлде Адам ба, қайсысы бұрын дүниеге келді деген сұраққа жауап іздесек, Адам деген ұғым Адайдан кейін келген деп батыл тұжырым жасай аламыз. Себебі, Ата (Атам, Атам менің) атануың үшін міндетті түрді сені Ата деп атайтын немерең (ұрпағың) болуы шарт. Атаға жалғанған «Й» дыбысының баласы, ұрпағы деген мағына беретінін жоғары да айтқанбыз. Ата шежіренің Адам ата шежіресі делінбей Адай шежіресі делінетінінің сыры осы. Бұл тұжырым күмәнға да, дауға да жатпауға тиіс. Себебі, ең бірінші болып Атасының шежіресін жазған немересі жетінші буын Бұзау-Жеменейлер болатын.
        Өздеріңіз көріп отырғандай бар жоғы төрт-ақ дыбыстан тұратын бір ауыз сөзге Адай (м) ата, (Ман) ата ұрпақтарының 70 000 жылғы тарихы түгел сыйып кеткен. Бұдан асқан даналық болар ма? Міне біздің аталарымыз тарихты бір ауыз сөзбен осылай жазған. Тарих жазсаң, осылай жаз!
        Ад қауымы бүкіл адамзат баласының Атасы. Атам, Адам және Адайдың сөз түбірі Ат пен Ад болатыны осы. Бұл атаулардың «авторлық құқығы» Ад (Адай) атамыздікі. Сөз түбірі жаңылыспайды. Атаң да, Ат та ең жақындықты білдіретін ұғым. «Ат ердің қанаты» (мақал). «Есімің кім» дегеннің орнына да «Атың кім» дейміз. Ал «Ад»- қа келсек, ежелгі шежірелердің бәрінде, Құран Кәрімде де Ад қауымы деп жазылған. Бұл біздің бала кезімізден бәрімізге таныс «Алғашқы қауымдық құрылым» деген сөз. Осы қауымдық құрылым, адамзат қоғамының әр-түрлі даму сатыларынан өтіп барып, елге, мемлекетке айналды. Осы алғашқы елдің аты, осы елдің (рудың) атасы Әз (Аз) атамыздың атына сәйкес Аз, Азар, Азақ, Азық, Азия, Азау, Азаулы, кейіннен Қаз, Қазық, Қазар, Қазан, Қазақ, Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан деп аталды. Өздеріңіз көріп отырғандай Ад пен Ат-қа «а» әрібін жалғасаңыз, бұл күнде немереден басталатын ұрпақтың аузымен айтылатын өзіміздің Ата (Ада) деген сөзіміз шығады да, Ада-ға «й» әрібін жалғасақ, бұл керісінше жоғарыда көрсеткеніміздей баласы, ұлы, ұрпағы деген мағына береді.
          Менің бұл келтірген тұжырымыма Қытай қазақтарының «балапан», «бала», «перзент», ауыспалы мағыналары «аяулы», «ардақты» деген сөздердің орнына Адай сөзін қолданатындары толықтай дәлел бола алады.
         «Адай (ҚХР) 1.балапан, Ауыспасы, бала, перзент. 2. Аяулы, ардақты» («Диалектологиялық сөздік» Арыс баспасы. Алматы. 2007, 23 бет).
         Қазіргі Хақас тілінде Адай – Құмай Тазы.
         Ежелгі Хақас тілінде Адай – Қасқыр (Бөрі).
         Ежелгі Түрік тілінде Адай – а. Балапан, б. Бала.
         «Балапан, қазақтың ең сүйікті сөзі, бала (өз баласы) – балапан (құстың баласы). Еске сала кетейін: бен, пен, бан, пан ежелгі оғыз тілінде, есімдік мен дегенді білдіреді. Оғыз, Адай, Қыпшақ – бәрі бір адамның аты.
         …Дахтар (Дайлар), массагеттер, каспилер, аландар мен адайлар бәрі Сақ конфедерациясына кіретін бір тайпаның әртүрлі атаулары» (Т.С.Досанов «Руника құпиясы». Алматы-2009).
          Жоғарыда көрсеткенімдей Ада-ға «й» жалғауын қоссаң да Атаның ұрпағы деп көпше мағына бергені сияқты «Ад»-қа «ай» жалғауын қоссаң да сол күйінде қалады. Біздің білетініміз, аталарымызды, яғни ежелгі қазақтарды Өгіз қағанның үлкен ұлы, әрі тақ мұрагері Күн ханның атымен Күндер (Ғұн, Хұн, Хунну т.б.) деп атаған. Сонда күніміз аспандағы нұр, сәуле шашып, жарық беріп тұрған күн де, күн мен түннің алмасқан кезіндегі жарық мезгіл күндіз, немесе бір күн. Сонда біз қолданып жүрген «ай» сөзі сол күндердің (жылда ауысып отыратын 28, 29 күннен басқа 30 немесе 31 күн) жиынтығы болып шығады. Осылайша «ай» сөзі де бұл жерде көпше мағына береді. Бұл атаулардың бәрі өз тегін Ай анамыздың атынан бастау алады.
          Адай дегеніміз жоғарыда айтқанымыздай Ад пен Ай деген, ата мен анамыздың және сонымен қатар аталы, әкелі және балалы ұрпақтың жиынтық атауы. Адайдың екінші буыны «Ай» дан төмендегідей адам аттары мен ұғымдар дүниеге келді: Айбек, Айсұлтан, Айболат, Айман, Найман, Айгүл, Айнұр, Айжан, Май, Майя, Тайпа, Сынай (Синай), Мұнай, Айт, Айту, Айтпау, Бай, Байғазы, Лай, Сай, Пай-Пай, айна (әйнек), айал (әйел) т.т. Бұл ұғымдардың бәрінің авторы Адам атаның қарашаңырағы Адайлар, яғни бүгінгі Адайлардың ата-бабалары. Әйтпесе, Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі Ақтан Керейұлы (1850-1912):
«Сөйле» десең жыршыңыз
Алдарыңда жортақтар.
Туған айға ат берген,
Ақ қағазға хат берген
Екі ерін мен тіл-таңдай
Сөйлесін деп жақ берген.
Айтқан сөзге түсінбес
Адамның мыйсыз ақымағы», – деп жырламаған болар еді (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);
            Әйтпесе, Адайлардың атамекені Маңғыстау «360 әулиелі киелі Маңғыстау» деп аталмаған болар еді.
            Әйтпесе, ежелгі жырдағы:  Маңғыстау сонадайдан тоңазытқан,
                                                                Жүрегін талай ердің қобалжытқан, – деп, Маңғыстауға аяқ басқан ерлердің жүрегін қобалжытпаған болар еді.
            Әйтпесе, Маңғыстаудың ежелгі МАД (Ман Адай, Мадиан) патшалығынан бүкіл әлемге үлгі болған әдеп (әдеп сақтау), әдет (жақсы әдет), әдеби, әдебиет, мәдени, мәдениет деген ұғымдар, Мекке мен Мәдине қалаларының атауы дүниеге келмеген болар еді.
            Әйтпесе, Адайдың Жебе таңбасы (стрела, стрелка) бағыт-бағдар, жол көрсетіп бүкіл әлем елдерінің  кез-келген жерінде тұрмаған болар еді.
            Әйтпесе, ежелгі қазақтар (қытай қазақтары күні бүгінде де) періштені, сәбиді, балапанды Адай деп атамаған болар еді.
            Әйтпесе, Адайлар өздерінің Ас-садақаларында сендердің бәріңе Аға баласы деп иықтарыңа шапан жаппаған болар еді.
            Әйтпесе, Адайлар бәріңе төрінен орын ұсынып, келіндері үйіне келген жасы үлкендеріңе иіліп сәлем етпеген болар еді.
            Әйтпесе, Адайлар ежелгі шежіре-дастан, жырлардың бәрінде «Тіл таңбалы Адайлар» деп аталмаған болар еді (Ең бірінші болып адам Ата мен Ауа ананың тілі шыққанына қандай дау бар).
            Әйтпесе, олар Қас би (Қаз би) атанып, Маңғыстау өлкесі сұғына кірін тұрған теңіз Қас би (Каспий) деп аталмаған болар еді;
            Әйтпесе, олар ежелгі жазбаларда Тау би және Көп би деп аталмаған болар еді;
            Әйтпесе, Адайлар қазақтың қарашаңырағы (кенжесі) аталып, ата-тек шежіресінің ең соңында тұрмаған болар еді;
           Әйтпесе, «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі», – деп айтылмаған болар еді;
Әйтпесе, Адам Атаның атын Адай, Ман Атаның атын Маңғыстау ұстап отырмаған болар еді;
Әйтпесе, бүкіл әлем өздерін Адам Ата мен Ауа Анадан және Ман Атадан таратпаған болар еді;
Әйтпесе, Ман атаның моласы Манқыстауда жатпаған болар еді;
Әйтпесе, киелі Маңғыстауда қазақтың түп атасы Әз әулиенің моласы сақталмаған болар еді;
Әйтпесе, Маңғыстаудағы Сынды (Синай, қазіргі атауы Қыр (Үстірт) тауында Ұлы Жаратушы – Алла Мұса пайғамбармен тілге келіп, оны және оның елін дұрыс жолға (мұсылман) салу үшін Оған «Торатты» (Тауратты) бермеген болар еді;
Әйтпесе, Маңғыстаудағы қырдың халқы Үстіңгі жұрт (Үстірт) деп аталмаған болар еді.
Әйтпесе, қой менен қойшының пірі Шопан ата қорымы Маңғыстауда болмаған болар еді;
Әйтпесе, мына өмірге «пірдің соңы Бекет» делінетін құдіретті Бекет әулие дүниеге келмеген болар еді;
           Әйтпесе, ұлы Құрманғазы бабамыз Адайларға бүкіл әлемде теңдесі жоқ «Адай» күйін арнамаған болар еді;
           Әйтпесе, «Алшын, Алшын болғалы,
Адай еді қорғаны.
Адайдан қайрат кеткелі
Қалың алшын сорлады», – деп Мұрат Мөңкеұлы өзінің «Үш Қиян» атты тамаша толғауында жырламаған болар еді;
           Әйтпесе, 1930 жылы КСРО Орталық партия Комитеті (Москва) туысы Маңғыстаулық Адай ата ұрпақтарынан басшы қызметке адам алынбасын деген жасырын қаулы алмаған болар еді;
           Әйтпесе, Әйтпесе, бүкіл әлемді жақсылыққа жетелеген Шыңғыс қаған бабамыз Қазақ болмаса, мен Қаз Адай болмасам мына шежіре-тарих жазылмаған болар еді.
         Адай шежіресінде, Адайдан – Келімберді – Мұңал - Жаулы - Жары - Кеще (Мұрат) - Шортық - Бұхар - Құрым - Сүйіндік - Тұрнияз - Айытқұл – Қиян болып таратылады. Бұл дерек Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлы шежіресінен алынды.
         Қият – Шыңғыс ханның туған руы. Қазақтың шежіре бойынша, қият атауының түп төркіні – базғыдағы қасап қырғыннан аман шығып, Еркіңе-қонға жеткен екі жігіттің бірі Қиян есіміне барып тіреледі. «Қиян» сөзінің мағынасы – таудан құлаған сел, ағыны қатты, буырқанған, үлкен, күшті тасқын деп ұғындырады Рәшид-әд-Дин. Бұл – дәл осы қалпында қазақ тілінде, Алтайдан Атырауға дейін – батыста да, шығыста да қолданыста бар сөз, мәнісі – таудан аққан сел және екпінді, қуатты демек: қиян жүрді, қиян соқты немесе қиян жүйрік, қиян  мықты. Екі тарамның түйіні біреу-ақ: екпінді, ағынды, қуатты, пәрменді, қарқынды. «Қиян әулеті қайратты, қуатты, қайтпас ер болған себепті бұл тайпа қият есімімен әйгілі болды», – дейді Рәшид-әд-Дин. Қият – «қиян» сөзінің жиынтық нұсқасы.
        Әуелде Еркіңе-қоннан шыққан бүкіл Қият әулеті, оның ішінде Бөрте-Шина (Бөрте Бөрі, Бөрте Алшын М.Қ.) тұқымы түгелдей қият атанады. Алайда, Дүйім-Баян, Алан-Құбадан соңғы заманда ел өсіп-өніп, көбейіп, әрбір ата жаңа есіммен жаңа, дербес руға айналады. Қият ныспысы көмескіленіп, есептен шыға бастайды. Ақыры, Боданшар мұңалдың жетінші ұрпағы Қабыл хан кезінде қият атауы қайтадан жаңғырыпты. Қияттардың көпшілік бөлігі осы Қабыл ханнан тарайды дейді Рәшид-әд-Дин. Шыңғысханның тікелей ұрпағы Әбілғазы атамызда тура осы деректі береді. Бұған күмән келтіруге де, дау айтып теріске шығаруға да ешкімнің жоқ. Атам Қазақ ата-тегінен ешқашан жаңылысқан емес.  Ұрпақтарына «Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақалды қалдырып кеткен солар болатын.
         Қазақ ұғымы, қазақ халық әдебиетінде ежелгі қият – қыпшақпен туыстас және одақтас ру ретінде жүреді. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің тарихи шығарма, әдеби зерттеулерінде «қият-қыпшақ» елі деп жазады.
        Мұхтар атамыздың тұжырымы өте орынды. Себебі, Қият, Қиян, Қыпшақ, Қидан, Қимақ, Кимек синоним.  Бәрі бір түбірден, яғни бір атадан тарайды. Құрметті Оқырман! Еске ұстайық! Сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) және қазақтың рулық шежіресі ешқашан жаңылысқан емес.
         Жоғарыда көрсетілген деректерден шығатын қорытынды, бәрінің тегі Қиян, ал Қият оның көпше атауы. Қият руының қазақтың көптеген белді руларының құрамында болатынының сыры осы. Мысалы, Қият - Ұлы жүз (Ағарыстың)  шанышқылы руында, Орта жүз (Жанарыстың) қоңырат руында, тіпті Қарақалпақта да бар. Сол Қият руы Адайдың – Келімберді – Мұңалынан тарайтын – Бәйімбет руының ішінде де бар. Мұңалдан – Бәйімбет, Бәйімбеттен – Сабытай, Сабытайдан – Медет, Медеттен – Құл, Құлдан – Батыр, Батырдан – Қият болып таратылады («Маңғыстау энциклопедиясы»). Ал, қыпшақ руын бүкіл түркі халықтарының барлығының ішінде бар десе де болады.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім Ақтау қаласы
Недеген ұзақ )
–1 дауыс
Ол бос нәрсе дәне шыңғысхан тұсында қазақ деген ұлт жоқ  болған
Қудың     .
0 дауыс
Шыңғыс хан моңғолдық, ал моңғолдарда Адай деген жоқ.

Сөздің қысқасы: "Шыңғыыс хан Адай емес".
0 дауыс
Бексұлтан інім! «Шу мен Таластың Сарыүйсіндері ішінара егіншілікпен айналысты. Негізінен қыстауларға жақын жерде кедей жатақтар қалып, егін салып, тары, бидай мен бау-бақша өсірді. Сарыүйсіндердің өмірінде бәрібір мал шаруашылығы онімдері айрықша маңыз алды. Күллі заттық мәдениеттің нышандарында, азық-түлік, киім-кешек, үй-орман, тұтынатын бұйымдарға дейін үй жануарлары ерекше орын алатын еді. Сонымен, түріктің ежелгі руларының бірі үйсіндер қазақ халқының ғана емес, басқа да түрік хальгқтарының әтникалық тарихында үлкен маңыз атқарды. Бұл жөнінде төңкеріске дейінгі де, одан кейінгі де зерттеушілер дер кезінде жазды. Мәселен, Н. Аристов қырғыз бен өзбек халықтарының құрамында үйсіндер мен сарыүйсіндердің болғанын атап өтсе, М. Тынышбаев үйсіндер қырғыздар, ңарақалпақтар, өзбектер, түрікмендер мен қырым татарлары, қашғарлар мен ауғандықтардың әтникалық құрамында да бар деп есептейді, ал С. Аманжолов үйсіндердің қырғыздар, өзбектер, қазақтар, татарлар, ноғай және тіпті монтолдар арасында болғаны туралы дерек келтіріп, В. Востров үйсіпдер мен сарыүйсіндердің қазақтардан басқа қырғыздар және өзбектердің ішінде болғанын көрсетеді. Бұл үйсіндер мен сарыүйсіндердің өзге түрік халықтарының әтникалық құрамында болғанын айғақтайтын авторлардың түгел тізімі емес, үйсіндердің ықпалын сезінген халықтар тізімі түгел деп әлі айта алмаймыз.
       Үйсін руының (Сарыүйсіндердің)   ұраны «Байтоқ». Дулаттарға алтыншы атадан барып қосылады. Сарыүйсіндердің рулық таңбасы астында айқышы бар ( ), төртбұрыш болып келеді. Сарыүйсіндердің осы рулық ұраны мен таңбасы бізге белгілі күллі деректер мен ел арасынан жинаған жазбаларда бір ауыздан мақұлданады. Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Сарыүйсін руы Іленің оң жағасындағы Күрті өзенінің сағасындағы Сарытауқұм ұшы-қиырсыз өңірін қоныстанған болатын» («Үйсін руы» энциклопедия дерегінен алынған мәлімет).
      Баршамызға белгілі  Ұлы Жүз – Үйсін, Ақарыс (Аға Арыс) деп аталады. Өздеріңіз көріп, аты айтып тұрғандай Үйсін – Ұлы Жүз (Қазақтың үш Жүзінің, сонымен қатар бүкіл әлем елдерінің  ең ұлысы) және сонымен қатар олар Қазақтың үш арысының (Жанарыс пен Бекарыстың)  Аға Арысы, яғни бәрінің ағасы деп отыр.
      Біз қазақ мал баққан елміз, ең алғаш рет даланың жабайы аңдарын қолға үйреткен, яғни жабайы қодасты сиырға, жабайы құланды жылқыға (атқа), архарды қошқарға, таутайлақты түйеге, киікті ешкіге айналдырған елміз. Қазақтың барлық ежелгі сөзінде, тіпті күні бүгінде де Шопан Атаны қой мен қойшының, Қамбар атаны жылқының, Ойсыл Қараны түйенің, Зәңгі бабаны сиырдың, Сексек атаны ешкінің пірі (ұстазы) деп атаймыз.
      Қазақтың үлкені ( ең ұлысы, үш жүзінің ағасы) осылардың бәрін ең алғашқы болып іске асырды. Қазақ мақалындағы «Ұлы жүз-Үйсінді қауға беріп малға қой» деген сөз ешқандай қорлау сөз емес, бұл бүкіл қазақтың олардың «авторлық құқығын» мойындағандық.  Бүкіл қазақ (әлем) осы бір ауыз сөзбен олардың «авторлық құқығын»  қорғап отыр.
      Екіншіден, «отан отбасыдан басталады»,  «отбасы шағын мемлекет» дейміз. Бұл жерде де «Үйсіндер» авторлық құқықтарын сақтап отыр. Себебі, отбасы мен үй синоним. Біз күні бүгінде де отбасы, ошақ басымызды қорғайтын мекен-жайымызды үй деп атаймыз. Бүкіл қазаққа, әлемге отбасын, үй салып қорғауды үйреткен солар болатын. Бұл кімде-кім «мың жерден, басын тасқа ұрса да» солай. Бұл жерде Үйсін атамыздың (Ұлы Жүздің, Аға Арысымыздың) авторлық құқығын ешкім тартып ала алмайды. Ол Ұлы Жаратушы-Алланың болмаса, адам баласының қолынан келмейді.  
      Үшіншіден, аталарымыз Ақиқатты ағадан ізде, Ақиқатты солар біледі деген. Ақиқат пен Ағаның сөз түбірілері «ақ (ағ)» болатыны осыдан. Інім! Есіңе ұста! Қазақ та сөз түбірі ешқашан жаңылысып көрген емес және ол ешқашан жаңылыспайды да. Мұны ежелде қазақтың бес жасар баласы да білетін. Ал қазіргі түсіне алмай жүргендер, Дарвиннің (адамзат маймылдан тарады деген) ілімін басшылыққа алып, маймылға бала болуға жақындап  жүргендер.  
      Ондайларға сенің бүкіл қазаққа әйгілі атаң Майқы би "Кімнен кім туады?" деген сұраққа былай деп жауап берген екен:
 Тұлпардан тұлпар туады,
 Сұңқардан сұнқар туады,
 Асылдан асыл туады,
 Жалқаудан масыл туады,
 Масылдан мал бақпас туады,
 Тілазардан қылжақбас туады,
 Таздан жарғақбас туады,
 Сараңнан бермес туады,
 Соқырдан көрмес туады,
 Мылжыңнан езбе туады,
 Қыдырмадан кезбе туады,
 Маймылдан маймыл туады.
 былай деп жауап берген екен.
       Майқы би былай деп жауап берген екен:
 Тұлпардан тұлпар туады,
 Сұңқардан сұнқар туады,
 Асылдан асыл туады,
 Жалқаудан масыл туады,
 Масылдан мал бақпас туады,
 Тілазардан қылжақбас туады,
 Таздан жарғақбас туады,
 Сараңнан бермес туады,
 Соқырдан көрмес туады,
 Мылжыңнан езбе туады,
 Қыдырмадан кезбе туады,
 Маймылдан маймыл туады.
      Бізге, яғни бүгінгі Қазаққа керегі Ағаларымыз (Ұлы Жүз-Үйсініміз, Аға Арысымыз) бүкіл Қазақтың арын сол аталарындай болып қорғап, ағалық міндеттерін атқарса екен дейміз.
       Ата-бабаларымыздан қалған, күні бүгінде де мән -  мағынасын жоймай, жалғасын тауып келе жатқан, бүкіл әлем елдеріне үлгі болған қазақ халқының жақсы қасиеттерінің бірі жас адамның жасы үлкенге деген құрметі мен ілтипаты. Жастар әліге дейін сол ізетпен, ағалап, аталап, апалап, әжелеп тұрады. Қай жерде болмасын, үлкен тұрғанда кіші отырмайды және олардың бетінен алып, олардың көзінше бейпіл сөз айтқан емес. Соған сәйкес, аға мен атаның да, ата мен әженің де, өзінен кішілерге құрметі өзгеше. «Алдымнан көкем-ау деп шығатұғын, Сендерді сағындым ғой, ағаларым» деп келетін «Ағаларым» әнінің жиі айтылып, бүкіл халықтың жүрегіне жол тауып, халық әніне айналғаны осы айтқандарымның айдай айғағы емес пе? Біз мұны батыс елдерінің бірде-біреуінде кездеспейтін ағалар институты десек шындықтан алшақ кете қоймаспыз. «Ағасы бардың жағасы бар» дейді қазақ. Алдыңда үнемі қамқор болып, жол-жоба көрсетер, қиналғанда қолтығыңнан демер жанашыр жан болса, өмірден адаспай орныңды тауып, жағаң жайлау, уайым-қайғысыз тіршілік кешіп, бақыт деген «ауылдың» тұрақты тұрғыны боларың анық. Демек, кім-кімге де қамқоршы ағаның керек екені даусыз.
       Аға деген ұғымның бұдан да басқа, тағы бір мағынасы бар. Өзінен кіші жандардың бәріне хал-кәдерінше қамқорлық жасап жүргендердің бәрі де аға. Ал, «ел ағасы» деген ұғымның мәні тіпті зор. Бұл атына заты сай, барша елдің, халықтың қамқоршы ағасы болып отырған (жасына қарамастан) үлкен тұлғаларға арнап айтылатын атау.
       Соңғы жылдары жасы үлкен болса да аға деген атқа ие бола алмай жүргендер көбейіп барады. Өзінен кішіге үлгі болар ісі болмаса оның несі аға. Сондайлардың кесірінен болар, қазіргі жастарымыздың басым көпшілігі өзінен үлкендердің бәріне (тіпті әкесінен үлкен, атасымен қатар адам болса да) «братан» дейтін болыпты. Өзімізге де обал жоқ.  Осыны және «махан», «пахан» деген сөздерді естігенімде алып Қазахстан түгелімен «орыстанып» және түрмеге айналып бара жатқандай болып көрінеді. Бізге мұны қазіргі Қазақ елінде ұлттық идеологияның мойындалмауы салдарынан болды деп батыл тұжырымдауымызға болады.
             «Ағадан кетті ағалық,
             Ініден кетті інілік.
             Інісі болды терең жар,
             Жүрмеді аға сүрініп.
             Атаның салған ақ жолы
             Тоқтап қалды кідіріп.
             Заман деген жел мая,
             Қалмасақ халқым жақсы еді
             Желмаядан жығылып» (Әбубәкір Кердері «Бес ғасыр жырлайды» Алматы-1989. 273 бет). Меніңше бұған ешқандай түсінік берудің қажеті жоқ. Ата жолын жалғастырып «Желмаядан жығылмау» қамын жасауымыз қажет.
        Ағалар демекші, мына біз көп еліктейтін орыс халқының сөздік қорында аға-іні, апа-сіңлі деген сөз, тіпті мұндай ұғым да жоқ. Сондықтан ер адамдар мен әйел адамдардың ара жастары өте алшақ болса да олардың бәрі «брат» и «сестра» делінеді. Соған сәйкес олардың жап-жас қыздары да әкесінен үлкен адамға «эй, мужчина» деп сөйлесе, соңғы жылдары соған еліктегендіктен,  осындай келеңсіз жағдайлар қазақ қыздарының арасынан да кездесіп қалып жүр. Ал, інілеріміз, інілеріміз, тіпті бірге туған бауырлар да аға сыйлаудан қалып барады. Осы, күндері інілердің бірге туған ағасына да «әй шал», немесе «мына шал» деп мен-менси сөйлейтіндерін көріп жүрміз. Еске ұста! Қазақ баласы үшін бұл  азғындықтың ең биік «шыңы» болмақ. Дүние кезек. Атаң мен Ағаңа істегенің, өз алдыңа да келеді. Оған күмәнің болмасын.
        Ал, Ұлы Жүз, Аға Арыс – Үйсін атамыздың ұрпақтарына  Шыңғысханға таласудың ешқандай қажеттігі жоқ. Себебі, бүкіл қазақ сендердікі. Бәрі сендердің інілерің.
       Ол сендердің інілеріңнің ұрпағы. Себебі, Үйсін елінің (руының) құрамында Мұңал, Қарақұрым (Шыңғысхан империясының астанасының Қарақорым деп аталған себебі осы) және барлық тарихи деректер де жазылғандай ол шыққан Қиян атты ру жоқ. Және өзің көріп отырғандай, таңбаларың да (гербің де), ұраның да сәйкес келмейді. Демек, босқа таласудың еш қажеттігі жоқ.
       Сен қазір осыған таласатын болсаң, сенің бұл әрекетің өзбектің өз аты (Өзбекістан) деп жазулы тұрған  таңбасына  (гербіне) менікі деп таласқаныңдай болып шығады.
      Інім! Атам қазақ өз тарихын бір ауыз сөзбен жазған. Әр ұғым да, әр атау да сол ұғымдарды дүниеге әкелген адамның (рудың, тайпаның) атасы тұрады, ол сөздің түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) деп аталады. Сөз де Ата да бар, Ана да бар. Сөздің атасын айттық. Енді анасына келсек, сөздің анасы тіл. Тілің болмаса, сөз дүниеге келмейді, яғни сөйлей алмайсың. Бүгінгі Адайлардың «Тіл таңбалы Адайлар» атанып жүргенінің сыры осы. Ең бірінші болып Адам Ата мен Ауа Ананың тілі шыққанына қандай дау бар. Бүгінгі Адайлар сол түпкірдегі адам Атаның «қарашаңырағының» иесі. Екеуінің де «Ада (Ата)» деген бір түбірден болатыны осыдан.  Шыңғыс қағанның да таңбасы осы «Тіл таңба», оны кей деректерде, мысалы «Алтан Тобышта» «Қас би таңба» деп те атайды. Бүгінгі Каспий теңізінің дұрыс атауы осы. Шыңғыстың ұраны «Архар». Егер тарихтан хабарың болса, Қой мен қошқардың пірі Шопан Ата екендігін білетін боларсың. Міне осы Шопан атаның да моласы  осы Маңғыстауда.
        Қазақтың барлық шежіре дерегінде, Адай барлық рулардың ең соңында тұр.  Ол Қазақтың үш Жүзінің ең кішісі Кіші Жүзінің, Кіші Жүздің ең кішісі Он екі ата Байұлының, Он екі ата Байұлының ең кішісі Адайдың барлық ұлдары мен немерелерінің ең соңында Мұңал тұр. Демек, бұл қазақтың «қарашаңырағы, яғни ең кенжесі Адай, Ал Адайдікі Мұңал деген сөз. Шежіре-тарих ең кенже ұлда ғана толықтай сақтала алады. Біле-білсеңдер Маңғыстау да (Адай да) бүкіл әлемнің тарихы сақтаулы тұр.
       Ал, енді Бексұлтан інім! Ұлы Жүз Үйсіннің құрамында сенің келтірген деректеріңдегі «Үйсін-Бай-Шора-Алым-Есен-Асау-Жүз-Дәу-Елсау-Нулы-Абыл-Қайыр-Бақ-Таң-Пәр-Мән-Майқы(Майқы би)-Ұзын-Сақ-Ал-Иба-Райым-Бармақ-Он-Тағар-Озбай-Оңбай-Егін-Азбан-Әшеке-Үйсіл-Сақал-Жан-Мерке(ЖАЛАЙЫР)-Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-Тұрымтай (атақты шешен болған)-Тұмағұл-Діл-Баян-ЕСУГЕЙ-ТЕМІР(Темірші),(Шыңғысхан)-Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле» дегеніңе келсек, бұл да ешқандай қателікке жатпайды. Себебі, ежелгі қазақтың кез-келген отбасын да (руын да) атасының інілерінің баласы, «Ағаның үйі Ақ мешіт» деп,  атасының да, оның балаларының да үйіне, бөлек отырған руына да барып тұра берген. Олар оны ешқашан жатырқамаған. Өз балалары мен інілерінен кем көрмеген. Демек, Шыңғысханның тегі үйсіннің ішінде болуы ешқандай әбестік те, жаңсақтық та емес. Өзің көріп отырғандай, Шыңғысханның тегі Үйсіннің рулық құрамында тек қана Дүйім-Баяннан-Есугей-Темір (Шыңғысхан) болып таратылады.
       Енді сізге сұрақ? Олардың арғы аталары қайда? Бүкіл әлем шежіресі Шыңғысхан шыққан руды ежелгі түріктің (қазақтың) Қиян (Қият) руынан демей ме? Олардың қазіргі ұлтқа айналған руын Мұңал (Моңғол), астанасын Қарақорым демей ме? Енді өзің ойлап қара, неге олар Үйсіннің құрамында жоқ. Жоқ болатын себебі, Дүйім-Баян-Есугей-Темірдің (Шыңғысхан) аталары Ұлы Жүз-Үйсіннің Ақарыстың (Аға Арыстың) кенже інісі Кіші Жүз-Бекарыстан тарайды. Сондықтан, Мұңал (Моңғол), Қарақұрым (Қарақорым), Қиян (Қият) рулары Қазақтың кенжесі Адайдың құрамында тұр. Егер сіз, бұған дау айтар болсаңыз, онда сізге қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен шежіре-тарихын әлі де толығырақ зерттеу түсуіңізге кеңес беремін. Дегенмен, сіздің пікіріңіз маған қатты ұнады, себебі өзгелердің ешқайсысының пікірінен мен сіздей ата-тегін түбіне дейін білетін кісіні көп кездестіре қойғаным жоқ.    
      Пікір таласына шығып тұрыңыз. Басқаға (өздері айтып жүргендей «қуатындарға» болмаса да)  мен сіздің сұрақтарыңызға әрқашанда жауап жазуға дайынмын. Мен сізге сәттілік тілеймін.
      Ерасылға, Ауанға айтарым! Пікір сайысына шыққандардың өз пікірін дәлелдеп, қорғай алмай ашуланғаны, ызаланғаны, немесе, ол "олай емес деп шорт кескені" ол адамның білімінің, мәдениетінің өте таяз жан екендігін көрсетеді. "Қудың" деген сөз осы санатқа жатады. Мен сіздерге де сәттілік тілеймін!
Қазақстан тарихын оқыса басыңды ауырпай. Шыңғысхан қайда, адайың қайда, керек болса Адай деген Қазақстанның тарихында жоқ!   Саған ең дұрысы Ұлы жүз ДУЛАТ Мұхаммед Хайдар Дулатидың кітабын тауып оқуың керек, 400 ші жылдары бәрін жазып кеткен. Басқасының бәрі далбаса. Соны оқымасаң ,өтірік,жалған пікір жазып әуре болмаяқ қоя сал.
(tanatarik-ке! 17.06.2015)
         Біріншіден, Адай да, Қазақтың ұлы қағаны Шыңғыс ханда өз орындарында тұр. Олар ешқайда кеткен жоқ, ешқайда кетпейді де. Оларды кетіретін адам санасының білім деңгейі.  
         Екіншіден, Сіз мәдениетті Адам болғаныңызда Саған (Сен)  демей Сіз деп сөйлеуіңіз керек еді. Бұл Сіздің пікір сайысына шығып отырған адамыңызды менсінбейтініңізді білдіреді. Есіңе сақтай жүр. Мәдениетті жандар танымайтын адамға ешқашан сен деп сөйлемейді.
         Үшіншіден, «Ұлы жүз ДУЛАТ Мұхаммед Хайдар Дулатидың» Тарих-и Рашиди» кітабын Сізден бұрын оқыдым деп батыл айта аламын. Себебі, ол кітапты Парсы тілінен Қазақ тіліне аударған әйгілі шығыстанушы, ғалым Ислам Жеменейдің өз қолынан алып, сол аударылған жылы оқығанмын. Ол кітаптың ішінде Шыңғысхан Адай емес деген сөз жоқ. Керісінше, ол кітапта Шыңғысханның тегі Ад (Адай) қауымынан екені айқын жазылған. Қараңыз (42-44 беттер).
         Төртіншіден, ол бұл кітапты «400 ші жылдары, яғни 4 ғасырда бәрін жазып кеткен» емес. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың ХҮ1 ғасырда өмір сүрген адам. Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.
         Бесіншіден, Cіз біліміңіз жетсе, қарсы уәж келтіргеніңіз дұрыс болар еді. Әйтпесе, ұятқа қаласыз. Ал мен Сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге дайынмын. Ақыл-ой, білім, шежіре-тарихтан менімен сайысқа түскіңіз келсе, өз аты, жөніңізбен шығыңыз.
      Атам Қазақтың Ата салтында лақап атты иемденетін тек қана бір жағдай бар. Лақап (мадақ) атты халық құрметтеп өзі қояды. Мысалы, Атамыз Манға – Адам Сафиолла; Алашқа – Ас, Алшын; Алшынға – Көкбөрі; Алып ер Тобышқа – Арыстан;  Қожа Ахмет Яссауиге – Қазіреті Сұлтан; Бұмын қағанға – Ел хан; Мұхаммед ханға – Орыс хан; Бейбарс атамызға — Ал (Алшын) Захир; Әбілмансүрге – Абылай, Мұхаммедқанапияға – Шоқан (Ш.Уәлиханов М.Қ.), Ибраһимге — Абай деген лақап ат берілгенін еске алыңыз. «Лақаб ат» — хандар мен әмірлердің және елі аса құрметтеген ұлы тұлғалардың атына қосымша қойылатын мадақтау (яғни жалған) ат. Мағынасы, сәби дүниеге келгенде, тек қана ата-ана мен жақын туыстар қуанып, сәби есімін солар қояды. Бұл жерде, енді сен тек қана ата-анаңның ұлы емес, енді сен халықтың ұлы болдың деп, екінші рет ат қояды. Лақап ат, сол азаматтың елден ерекше қасиетін айшықтау үшін беріледі. Демек, дүниеге жаңа келген сәбидің «азан шақырылып» қойылатын атын ата-анасы, ал лақап атты халық қояды.
     Ал, Сізге «tanatarik» деген лақап атты кім берді. Меніңше, Сіз бұл атты өзіңіз таңдап алдыңыз. Бұл қағида қазақтікі емес, еврейлік большевизмнен қалған жол. Олар жасырын атпен ел билігіне қарсы күресті. Ал Сіз кіммен жасырын күресіп жүрсіз, менімен бе? Мен сізге «жау» емеспін. Сондықтан ашық пікір сайысына шығыңыз!
0 дауыс

  

Шыңғысханның (Темірдің) жаулап алу нәтижесінде құрған империясы,бұл 1279 жыл.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ұлы жүздің Үйсін атамызға дейінгі аталарымыз: Мұхаммед Пайғамбар туғаннан 1900 жыл бұрын Қадыр,Қалша деген аталарымыз болған. Қадыр баласы-Алаш. Біздің ұранымыз Алаш болуы да осыдан. Алаштан-Жайыл, Жайылдан-Қазақ,Қазақтан-Жұман,Тұман екі ұл.Жұманнан екі ұл- Арыс,Сабыр. Арыс ірі,өте күшті, айбатты адам болыпты. Содан қазақта "Арыстай" екен деген осыдан қалған.Арыстың алты ұлы болған.Ақ, Пан, Жан, Бол, Бек, Бал. Пан үйленбеген, одан тұяқ қалмаған. Содан Арыстың бес баласынан тараған ұрпақтары дейді.Ақ деген атамыздың Киікбай(Кейкі) деген жалғыз ұлы болыпты. Одан Төбей, Моған екі ұл. Төбейден-Бақтияр, Бәйтерек, Жаңылық. Бәйтеректен- қазіргі Қаңлы,Шанышқылы соның тұқымы. Бақтиярдан-Қотан, Қора, Болат, Алшын.Қотаннан-Үйсін, Байсын, Исін.

Үйсін-Бай-Шора-Алым-Есен-Асау-Жүз-Дәу-Елсау-Нулы-Абыл-Қайыр-Бақ-Таң-Пәр-Мән-Майқы(Майқы би)-Ұзын-Сақ-Ал-Иба-Райым-Бармақ-Он-Тағар-Озбай-Оңбай-Егін-Азбан-Әшеке-Үйсіл-Сақал-Жан-Мерке(ЖАЛАЙЫР)-Манақ-Орақты-Андас-Ор-Онтұр-Бәкір-Ұзық-Тор-Көк-Бөгде-Қара-Бұрық-Кер-Құмыр-Бұрыл-Шамшы-Тілеуберді-Қашау-Досан-Тұрымтай(атақты шешен болған)-Тұмағұл-Діл-Баян- ЕСУГЕЙ - ТЕМІР (Шыңғысхан)-балалары Жошы,Шағатай,Үгедей,Төле.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

 

...