Шыңғыс хан қазақ па? Қазақ деген сөз қайдан шыққан?

+5 дауыс
13.1k қаралым

Шыңғыс хан қазақ па? Қазақ деген сөз қайдан шыққан?

• Санаты: Тарих сұрақтары

27 жауап

+1 дауыс
Шыңғысқан қазақ
+1 дауыс
ҒАЛЫМДАР ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ҰЛТЫН АЙҚЫНДАДЫ
Украиндық тарихшы Владимир Белинский Шыңғысханның моңғол емес, қазақ екенін мәлімдеді.
Ұлы әміршінің ғұмырын зерттеуге бар өмірін арнаған атақты ғалым дәлел ретінде Шыңғыс империясының негізін қалаған 4 тайпаның тектері түрік екенін алға тартты – қияттар, керейлер, наймандар мен меркіттер, деп жазады «Экспресс К». Шыңғысханның әкесі Есугей баһадүр қият тайпасының көсемі болатын. Шыңғысханның әйелі Бөртенің руы қоңырат.
Моңғолдардың хандық титулы жоқ, түрікке тән есімдері де жоқ. Сонымен қатар Владимир Белинскийдің айтуынша хан кезінде бәрі жаппай түрік тілінде сөйлеген. Шыңғысханның шын есімі қазақша Теміршын деп оқылады деп санайды тарихшы. Ұлы әміршінің түрік екеніне ғалымның басқа да болжамдары бар. Шығысқа жасаған ұлы жорығы алдында Шыңғысхан билігі барлық түрік тайпаларын мойындаған. Сондықтан Қазақстан аумағында Шыңғысхан әскері мен көшпенділер арасында еш шайқас болмаған. Шыңғысхан империясы құрыла бастаған кезде-ақ наймандар және басқа да тайпалар оның құрамына енген.
Бұл көзқарасты атақты ресей тарихшысы Мұрат Аджи да ұстанады. Оның ойынша, Шыңғысхан Алтайдан шыққан түркі тайпаларының өкілі. Тарихшының болжамы бойынша, Ұлы әміршінің Қытайға жасаған атақты жорығы алдында оның империясына моңғол тайпалары ба біріккен. Екі тарихшының тағы бір дәлелі: Шыңғысхан империясында айналымда жүрген тиынның бетіндегі жазулар түрікше болған. Олардың көбінде “ҚАЗАҚ” деген . СОНДЫҚТАН ОЛ ҚАЗАҚ
0 дауыс
Ол Белинский  Шыңғыс ханды  "Турк-Түрік" деп жазбаған.Дұрыстап жазыңдар біз Түркілерміз"Түркі-Тюрк" .Айналайындар осыны шатастармаңдаршы.

Жүн-жүн сасыған түріктер өз бетімен кетсін.Қоңқа мұрын дуана,сыған тектес,сасық түріктер, олар түрік те емес,олар өз ұлтын сатып түрік болып жазылып алғандар,олар шын мәнінде сасыған Күрділер,қызылбас месхетиндіктер,оларда отан жоқ.Қазір олар қазақстанда көбейіп барады әсіресе Алматыда көбейіп құтыра бастапты.Бір кавказдық қызылбас Курді айтып жүр екен:Чингизсхан оказывается турок екен,біздің бабамыз деп,көрдіңдер ма сасыған түріктерді,ол малдарға салсаң ,тарихтарына Чингисхан турок деп жаза салады оларда иман жоқ.
+1 дауыс
Шыңғыс хан ол қазақ болмаса,сонда кім??? Шыңғыс хан түркі тілінде сөйлеген,яғни қазақша,алтайша,қырғызша,өзбекше,түркіменше,татарша,башқұртша,ноғайша,бұл ұлттар ол заманда әлі болінбеген,бір болған,алтын орда империясында осы ұлттар тұтас болып,кейінірек ыдырап хандыққа бөлінген,егер ол моңғолша сөйледі десеңдер ол мүмкін емес,өйткені моңғол деген ұлт болмаған ол заманда,бірақ "мың қол"(1000 қол,мағынасы 1000 сарбаз).деген сөз болған.ол да түркі сөзі.Шындығында мына қазіргі мыңғолия халқы кіп кішкентай пони аттарын мініп кімді жаулап ала алады,миыңа да кірмейді.Негізі ол територияда қазақ тайпалары мекендеген,кейіннен олар қазақстан териториясына қарай жылжыған да,ол жаққа түсініксіз таудан түскен Тибеттік халықтар көшіп келіп қоныстанған,міне солар монғол болып аталып кеткен халықтар.

Орыс ғалымдары   Қоңыраттарды,Жалайырларды,Керей,Төрелердің түпкі аталары монғол деп атап қателесіп жүр,егер олар қателеспесе,Қазақ ұлтын жою үшін әдейі бөлшектегілері келген саясаты екенін неге түсінбейсіңдер.Шыңғыс ханның немересі Ұлы жахангер жарты әлемді билеген Темірлан да қазақша сөйлеген оның зираты Шымкенттің маңындағы 45 км.Темірлан (Темирлановка) елді мекенінің іргесінде жерленген.
0 дауыс
Шыңғыс ханның тегі қазақ екендігі дауға жатуға тиіс емес. Бұл тұжырымды бір-ақ дәлелмен кез-келген жанды мойындатуға болады. Ол Шыңғысхан қағанатының ақшасының теңге деп аталуы және онда «ҚАЗАҚ» деген ел атауының болуы. Күні бүгінде де бүткіл әлем елдері валютасы сол елдің тіілнде жазылады және онда валюта иесінің (мемлекеттің) атауы болады. Сенбегендерге қалтаңнан теңге алып тағы бір қарап шығуға кеңес беремін.

            Шыңғыс ханды Қазақтың суырып салма, ақиық ақыны Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) былайша жырлапты:

          ...Кешегі Дүиім Баян кеткен соң

          Алты жыл анық өткен соң,

          Ар-сар болып жүрегі,

          Қанға толып білегі,

          Шыңғыс туды Арқардан?.(2)

          Оның туған тұқымы

          Патша болып таралған.

          Осы бір сөздер көңіліме

          Бұрынғы өткен үлкеннен

          Қағида болып қалынған.

          Шежіре болып жазылған

          Тілімі түзу бағытты

          Көңілім зерек қалыпты.

          Аңдаған жақын, алысты,

          Болжаған қисық, шалысты,

          Бұрынғы қарт атамның сөздерін

          Құлағым естіп, көргенін

          Осындай құралы келген жерлерде

          Шығарып жүрмін жарыққа.

          Шариғат қарап, жол пәмдеп.

          Мұсылманға үмбет деп,

          Атасын анық білмеген,

         Айтса болар мүрдет? деп..(3)

          2 – Шыңғыстың тегі туралы аңызды айтып отыр. Осы бір ауыз сөзбен Шыңғыс ханның тегінің қазақ екені анық көрсетілген. Себебі, ең алғаш рет дала аңы Арқарды қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған, бүгінгі күнде қой мен қойшының пірі ретінде дәріптелетін Қазақтың атақты ұлы Шопан ата болатын. Шыңғысхан елінің ұраны «Архар» болатыны осыдан.

          3 – Кәпір деп отыр.

          Қашаған атамыз Шыңғысты Адай ұрпағы және оны білмей ұмытсаңдар кәпірсіңдер  деп анық көрсетіп тұрған жоқ па?!

          «Шын ұлындай Шыңғыстың

           Сұрасаң асыл тектері,

           Ерлігін айтып мақтасам

           Толып жатыр еткені».  Бұл Адайдың ақиық ақыны атанған Сәттіғұл Жанғабылұлының «Адайдың он жеті бай-мырзасына айтқаны» атты толғауындағы Адай ата ұрпақтарының «Ірілік жақтан озғандарының»  қатарында аталады («Аманат» Алматы-1996. 206 бет).

          Шыңғыс ханның тегінің қазақ екендігін Қазақ халқының ұлы ақыны  Қазанғап өзінің ата-тегі жайлы жырында:

                          «Төле дейді ұранын,

                          Қоғалы дейді тұрағым,

                          Бақтиярдан ажырап

                          Бәйдібек бай, Жәнібек

                          Жалғыз ұлы Жарғышақ

                          Домалақ деген ананың

                          Албан, Суан, Дулат боп,

                          Бөлініп бері шығамын

                          Жарылғамыс, Жанту боп

                          Жаныстан келіп тарады

                          Патша менен ханы көп

                          Ілгері өткен заманның

                          Ұлы Шыңғыс ханыңды

                          Алдымен баян қылайын» (Төле би. –Алматы 1991.-18 бет.)  Міне өздеріңіз көріп отырсыздар, Қазанғап атамыз Шыңғыс ханды Қазақтың ұлы ханы деп айшықтап айтып отырған жоқ па?! Егер Шыңғыс ханның тегі қазақ болмаса атамыз өз тегін баяндай  отырып Шыңғыс ханды аузына алмаған болар еді.

«Зұлқарнайын Ескендір»,

«Әзірет Әлі», «Шыңғысхан»,

«Қырық тарау ноғайлық»

Дастандарым тағы бар,

Бәрі бізден табылар.

«Бұл да болмайд» десеңіз,

Мына отырған жыршыңыз

Жан қалтасын қағынар.

Өздеріңнен аяйтын

Жыршының не жаны бар?!. (Сұлтан Қадір «Бір тыңдауға бұл қалай?» Атамыз «Зұлқарнайын Ескендірді де», «Әзірет Әліні де», «Шыңғысханды да», «Қырық тарау ноғайлық (Қырымның қырық батырында» бәрінің тегін қазақ деп отыр. Әйтпесе, ол дастандарды жырлап не істесін, жырлағанда да оны кім тыңдар еді. Мысалы, сен өзің орыстың бірінші Петрі жайлы жыр жазып оны жырлар ма едің. Әрине, жоқ деп жауап берерің сөзсіз.

            Әділеттің ақ туын» құлатпай, биік ұстаған ел ғана мәдениетті ел болып аталуға құқылы.         

            «Дүйімбаян, Шыңғысхан –

            Нәсілің нұрдан жаралған,

            Халқына әділ қараған

            Ауыз тимей парадан,

            Пақыр-міскін, бай мен бек,

            Жарлы, жалсыз, аз бен көп

            Бәрінде бірдей санаған» (Сәттіғұл «Аманат» Алматы 1996 115 бет). Адам – Адам болғалы (70 000 жыл) бүткіл жер бетінде қазақ қағандарынан әділетті билік иелері болып көрген емес.

              Сол сияқты Адайдың Қосайы Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) өзінің «Адай тегі» атты толғауында:

              «...Он төрт қабат жер мен көк,

              Жаратылған нұрдан, - деп –

              Атамыз Сапи, Сапиолла,

              Жаралған топырақ, құмнан,-деп,

              Хазіреті Шейіш пайғамбар!

              О да жаратылған

              Бір алланың ішінен,

              Рақым еткен күшімен,

              Бір тамшы тамған судан, - деп,-

              Әр нәрсе солай болатын,

              Алланың еткен ісімен,

              Естуіңіз жоқ па еді;

              Хазіретті Айсаны

              Мариям ерсіз туған, - деп,-

              Ол күндегі пендеге

              Ғайыптан талай бала келіпті

              Мезгілсіз туған бір күннен,

             Жалтыраған сәулеге

             Жеті қабат жер астында

             Сарайдың іші толыпты

             Онан Дүйім Баян хан

             Бізге келіп жолықты

             Оның туған анасы... десе, тағы бір көне жырда:            

                «Дүйін Баян – Шыңғыс хан,

                Нәсілің нұрдан жаралған» деп, аруағын атап, бас иіп, тағзым етіп жүретін болған. Дүйім Баян дегені – Шыңғыстың арғы атасы, жазба деректерде Дубу Баян делінеді. Нұр деп Әлеуке (Алан-гуа) ананың нұрдан бала туғанын айтып отыр.

               Тура осындай деректі, яғни Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оның «нәсілінің нұрдан жаралғандығын» Адай – Тобыштың - Зорбайы Бәйімбет Телеуұлы «Замананың құлқына» атты жырында:

                «Ертеде өткен ерлерден

                 Ноғайлының Едіге,

                Шыңғыстың өткен заманы

                Асылы нұрдан жаралған,

                Таймаған жолдан табаны» деп жырлаған.

                Бүкіл әлемді мойындатқан Мұңал мен Шыңғыс ханның тегінің Қазақ, Адай екендігі Манқыстаудың өзге ақын-жырауларының шығармаларында да айқын көрініс тапқан. Мысалы, Адай-Мұңал-Жары-Тастемір ұрпағы Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966) атамыз:

                «Атамыз Адай – Мұңалдың

                Кіші жүздің ішінде

                Қарасам қатар теңі жоқ,

                Шашылған дабыл-даңқыңның

                Баяны болса кемі жоқ.

                Бүгінгі жүрген адамнан

                Дәрежесі артық жаралған,

                Адайдан Мұңал болғанда

                Тұсында озған ешкім жоқ» (Жыр-дария 252 бет).

Адай- Қосай ата ұрпағы Қалнияз жырау Шопықұлы (1816-1902):

                «Ақ ордасы Адайдың

                Үлкен үйім Мұңалсың,

                Батырда өзің, пір де өзің

               Ұлы жиын құралсың,

                Төрт мұңалым тұрғанда

                Басқасы келіп Адайдың

                Қолынан қалай ту алсын?!! (Жыр-дария. 43 бет). Өте әділ бағасы берілген, Шыңғыс ханды (мұңалдарды) әлемнің ең ұлы тұлғалары деп ЮНЕСКО да мойындаған жоқ па?!

               Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оны хан көтергендер қазақтар екендігін Маңғыстаулық Қалнияз ақын Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Хиуа ханы Мұхаммед – Рахимге:

               ... «Аржағым Алаш ұранды

               Ел едік байтақ құралды

               ...Хан көтерген қазақпыз

              Шыңғыс хан – арғы бабаңды»... деп жырлаған. «Маңғыстаудың жыр-дастандары»  (52 бет).

«Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,

Қайран саланың жатқан аңғары-ай.

Ақ шалмалы пірлердің

Мешітке жаққан шамдары-ай!

Кәпірден теңдік алуға,

Қайтып та келер деймісің,

Мұсылманның баласы,

Шыңғыстан туған хандар-ай»… Бұл Қазтуған жыраудың атынан айтылған Мұрат ақынның

зары. Біз бұдан бүкіл қазақтың 700-800 жыл бойы, Шыңғыс қағанды әулие деп қадір тұтқанын көреміз.    

«Шыңғыс, Бату хандық құрып тұрған ел,

Қарақыпшақ Қобыландылар туған ел,

Ерегескен дұшпан-жауын қуған ел

Емес пе едің – жұртым саған не болды?!».. (Ғұмар Қараш). Қазтуған да, Мұрат та, Ғұмар Қараш та Шыңғыс ханды қазақ деп анық айтып тұрған жоқ па?

 

Ал,  Шыңғыс қағанның өзі елінің амандығын ойлап, ұрпағына мынадай сөз қалдырыпты:

«Құлаш бойымнан тұтамы қалса да,

 Сен аман бол, Төре елім!

 Тұла бойымнан қайратым кетсе де,

 Сен аман бол, Ұлысым!» (С.Сыпатайұлы «Алаш, үш Жүз һәм Қазақ»).

 

Адайдың әйгілі жауынгер - ақыны Қалнияз Шопықұлы «Бұл Адайдың атасы» толғауында:

«...Бұл Адайдың атасын,

Төре сүйек, ер деген.

Нәсілім төре болғасын,

Қай жерімді кем деген...»-дейді. Бүгінгі өздерін біз жүзге жатпаймыз деп жүрген Төрелердің тегі осы. Олардың да ұраны «Архар».

 

«...Танымадың атаңды,

Қазақтың ұлы қағаны

Шыңғысхандай бабаңды.

Танымасаң атаңды

Танытайын мен саған

Атамыз Мұңал Жарыдан

Мұңалжар деген тау қалған (Ақтөбе облысы, орысша Мугаджар деп аталады).

Ұлытауым ардақтым

Сарыарқамның төсінде,

Шыңғыстау деген тау қалған.

Сол Шыңғыстың шыңында,

Мұңал деген шың қалған

Алтайдың арғы шегінде

Мұңал деген ел қалған (қазіргі Монғолия).

Тоқтамасаң оғанда,

Соншама милау болмасаң,

Айтқан сөзге көнбесең,

Ақиқат деген ауылдың

Қонағы болып «қонбасаң»

Ұрпағы оның мен қалғам.

Атамыз Жары болған соң,

Шыңғыстан әрі болған соң.

Тоқтамыс-Табай шығады,

Жошыдан бізге қалған жол» (Шыңғыс Хан ұрпағы; Жары-Тоқтамыс-Табайтегі; Аманжол

Орынбасарұлы Шеркешбай. «Адай тегі» толғауынан үзінді).

       Соңғы екі мың жылдықтың ең ұлы тұлғасы деп бүкіл әлем елдерімен толықтай мойындалған  Шыңғыс қаған атамыздың тегі қазақ екендігі ешқандай дауға жатуға тиіс емес.

       Құрметті Оқырман! Осы келтірілген деректерге тоқтай алмаған жандар, онда ол адамның  Дарвин айтқандай 100% маймылға бала болғаны. Келешекте қазақ елі арасында маймылға орын болмайды.

              Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім

                          Маңғыстаудан
0 дауыс
Жақында менде мынадай бір жағдай болды. Өз көлігіммен келе жатсам, жолда автобустың қасында жас балалар тұр екен. Ішінен бір жас әйел қол көтерді. Аға көлігіміз бұзылып қалды, мыналар менің оқушыларым деп, көлігіме сыйғанынша қалаға ала кетуімді өтінді. Сыйғанынша мінгізіп алдым. Балалармен жөн сұрастым. Сондағы әңгімемізді сол күйінде берейін:
     Сұрақ: Қай сыныпта оқисыңдар?     
     Жауап: 5-сыныпта   
     Сұрақ: Бүгінгі өткен сабақтарыңның ішінен ең ұнағаны қайсысы?
     Жауап:  Тарих.   
     Сұрақ: Неге?
     Жауап: Біз бүгін одан Адамдардың қайдан шыққанын және Атамыздың кім екенін білдік.
     Сұрақ: Бәрің бірдей шуламай, іштеріңнен тарих пәнін жақсы оқитын біреуің жауап беріңдер? Адамдар қайдан шығыпты?
     Жауап: Аға біз  маймылдан туыппыз.
     Сұрақ: Апайларың  оны қалай дәлелдеді?
     Жауап: Олар адамдар сияқты екі аяқпен жүреді және адамның маймылдан шыққанының басты дәлелі  олар банан жеген де,  адамдар сияқты қабығын аршып жейді. Және оның дәлелдері суреттерімен бірге тарих кітап та жазулы тұр.
     Сұрақ: Басқа не айтты?
     Жауап: Адамдар Адам атадан тараған, ал адамдарды Құдай жаратты деп те айтылады. Бірақ, бұл дұрыс емес. Балалар, сендер ондай әңгіме естіп жатсаңдар, ондай өтірікке сеніп қалып жүрмеңдер деді.
      Сұрақ: басқа не айтты?
      Жауап: Адамдардың мінездерінің, кескін-келбеттерінің және бойларының әр-түрлі болатын себебі, сендер де әр түрлі  маймылдан жаратылғансыңдар. Мысалы, маған сенің атаң «горилла» деді (мен өзгелерден бойшаң және ірімін),  мынаған (қасындағы қыздарды көрсетіп) біреуіне шимпанзе, біреуіне орангутанг, араларыңда мартышкадан да жаратылғандар бар деді.
      Қасында отырған бір қыз бала сөзге араласып, Ағай! Ағай! Сіз қайсысынан жаралдыңыз?
      Аузыма сөз түспей, абдырап қалып, Айналайындар! Мен маймылдан жаратылғаным жоқ, мен Адам Ата мен Ауа Анадан тараймын, ал оларды Құдай жаратты дедім. Қасындағы тағы бірі Аға сіздің арғы атаңыз Горилла ғой. Үп-үлкен болып, неге өтірік айтасыз? Бізбен бірге оқығаныңызда үнемі екі алатын оқушы сіз болар едіңіз. Әңгімеміз осы жерге келген де, қалаға да келдік, олар рахметтерін айтып, жөндеріне кетті.
      Құрметті оқырмандар? Бұл «әңгімелесу» ойдан шығарылған дүние емес. Шын сөзім. Сенбесеңдер, үйлеріңдегі 5 сыныпта оқитын балаларыңыздан сұрап көріңіздер.
0 дауыс
(m.virus2013 09.11.2014 жауап берді 2. Қазақ деген сөздің мағынсаын ешкім білмейді
•Ербол 09.11.2014 жж таңдады).  Қызық екен? Қарақтарым-ау! Біздер (Адайлар, Маңғыстаулықтар) Қазақ атамыздың моласының қайда екенінде білеміз ғой.
      ӘЗ ӘУЛИЕ ҚАЗАҚТЫҢ ТҮП АТАСЫ. Қазақтың сөз түбірі Аз (Әз). Бүгінгі қазақ атанған елдің түп атасы осы Әз әулие. Бүгінгі күнгі әлемдегі адамзат мәдениетінің бастау алған жері деп, бүкіл дүние жүзі елдерімен толықтай мойындалған,  ең үлкен құрылық атауының Аз-ия (Аз елі ме? деген сұраққа ия, дәл солай деп жауап береді) аталып жүргенінің сыры осы. Қазақтың осы сөзін бүкіл әлем елдері қолданады. Мысалы, Индия (Үнді елі ме, иә, дәл солай), Россия (Орыс па, ия дәл солай), Белоруссия, Албания, Түркмения, Англия, Франция т. т. болып жалғасып кете береді.  Ал, «Иә» өз кезегінде Қазақтың - Бекарыс - Он екі ата Байұлы-Адай-Келімберді-Мұңал-Қият руынан шығып, кейіннен  Қиян, Қият, Қидан, Қыпшақ, Қимақ атанған елдің атауы. Еске алайық, Қазақтың ұлы қағаны Шыңғысханнның тегі де осы Қият руынан болатын.  Бұл тұжырым дауға жатпауға тиіс. Егер де, бүгінгі ұрпақтың бұны түсінуге шамасы жетпей, дауға айналдырып жатса, оны да түсінуге болады. Себебі, әрбір адам өз санасының, яғни ақылы мен білімінің жеткен жерінің «қонағы» болмақ. Ана тілін білмейтін, сөз мағынасын ұқпайтын, оны сыйламайтын, қадір-қасиетін түсіне алмайтын, таза «мәңгүртке» айналған орыс тілді ұрпаққа қандай өкпе болуы мүмкін! Бірақ, саналарыңды тірілте алсаңдар, әлі де кеш емес...
Тірілте алмасаңдар, онда әлем тарихынан «құр алақан» қаласыңдар. Себебі, Адам  ата ұрпақтарының 70 000 жылғы тарихы бүгінгі біз сөйлеп жүрген қазақтың Ана тілінде жазылған. Адам Атаның қарашаңырағы Қаз Адайлар 70 000 жыл бойы осы тілде сөйлеп келеді. Біздердің күні бүгінде де бір-бірімізді адам деп атайтынымыз осыны білдіреді. Бүгінгі бүткіл жер бетіндегі ежелгі елдер мен топономикалық атаулардың барлығы қазақша атаулар. Олардың ешқайсысының өз елдері мен өздері тұрған мекендеріндегі топономикалық атауларының мағынасын білмейтіндерінің негізгі сыры да осы. Мысалы, мына көрші орыстар Орыс, Россия, Москва, Арбат, Саратов, Кемерова, Тюмень, Иркутск, Кавказ, Сібір, Урал, Астрахан, Кузбасс, Черкасск, Барышевка  сияқты өздеріне тікелей қатысты атаулардың ешқайсысының түпкі мағыналарын білмейді. Білмейтін себебі, ол атауларды сол ел мен сол жерлерге қойғандар, бүгінгі орыс атанған елдің өзі емес, оларды солай атаған біздің ұлы аталарымыз. Тура бір ата-аналарының жаңа туған баласына «азан шақырып» ат қойғаны сияқты. Атаулардың мағынасы тек қана ата мен аналарына белгілі болғаны сияқты. Балаға мағынасын айтпасаң, әрине білмейді. Бұл тұжырымның жалғыз орыстарға емес, бүкіл әлем елдеріне қатысы бар. Қазақтың ең алғашқы ел, яғни Адам атаның «қарашаңырағы» екендігі, қалған елдердің бізден «енші» алып, бөлініп тарағаны жайлы деректерді «Лев Гумиловтың пікір адал ма?» деген тарауда арнайы тоқталатын боламыз, сондықтан оның бәрін қайталап жатпаймыз. Еске ұста! Ежелгі ұлы держава, яғни бүкіл әлем елдерінің түп атасы Көшпелі Қазақ елінің тілі еш бір елдің тілімен будандаспаған. Қысқасы, біздің ана тіліміз тарих сахнасынан кетер болса бүкіл әлем тарихынан айрылады.
Аталарымыз өздерінің асыл ұлдарына олардың тегі етіп құрметтеп берген лақап (мадақ) аты осы «ӘЗ»  атамыз болып табылады. Мысалы, Әз Наурыз, Әз  Түрік,  Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әз-Захир (Бейбарыс сұлтан), Әзіреті Сұлтан (Қожа Ахмет Яссауи), Әзіреті Расул (Мұхаммед Пайғамбар), Әзіреті Әли, Әзіреті Омар, Әзіреті Оспан, Баба Түкті Шашты Әзиз, Баба Түктінің әкесі Керемет Әзіз,  Әбдул Әзиз Баб (Алаша ханның әкесі), Қарабура Әз әулие (Бурахан Әзі), Әз Елбасы (Назарбай Нұрсұлтан Әбішұлы) т. т. болып жалғасып кете береді.
Әз сөзінің әлемге әйгілі ұлы аталарымыздың есімінен бұрын айтылатынының да, жазылатынының да сыры осы. Тағы да қайталап айтамын. Бұл есім Қазақ (Аз, Азақ, Азық, Азия,  Азау (Азов), Азаулы, Қаз, Қазақ, Қазан, Қазар, Қазық, Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан) деген атпен бүгінге жеткен ұлы елдің түп атасы. Қазақ атауы түбірінің Аз болатыны тек қана осыны білдіреді. Бұл дауға жатпайтын тұжырым. Бұған дау айтып, сенімсіздік білдіргенің, сенің таза мәңгүртке айналғаныңды білдіреді.
 Тарих тағлымы: Бұл ұғымдардың барлығын дүниеге әкелгендер бүгінгі қазақ атанған елдің ата-бабалары, яғни «авторлық құқық» солардікі. Оны сен мойында, мойындама одан ештеңе өзгермейді. Сен олардың авторлық құқығын тартып ала алмайсың.
  Қазақ хандары мен қағандары бастарына киетін бас киімдерін Тәж деп атайды. Бұл  Адам атаның (Адайдың) бірінші немересі Тәзіке (Әз әке, Таз әке) атамыздың есімі. Қазақ билеушілері, соған сәйкес бүкіл қазақ халқы аталары мен әкелерін осылай сыйлаған. Атаға деген құрметтің ең биік шыңы осы болса керек-ті. Бүкіл әлем елдерімен Қас би (Каспий) деп мойындалған ұлы аталарымыз  тарихты бір ауыз сөзбен осылай жазған.  Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?
 Қазақтың сөз жасау қағидасында «З» мен «Ж» дыбысы бір  мағынада  қолданыла береді. Мұндай бір, немесе балама мағына да қолданылатын дыбыстар тек қана «З» мен «Ж» емес. Бұл қағида бастауын А мен Ә дыбыcтарынан алады. Мысалы: Ад - Әд, МАД - МӘД, Ауа - Әуе, Асыл - Әсіл, Асем - Әсем, Ажа - Әже, Ас - Әс, Ары - Әрі, Али – Әли, Ақ - Әк, Аз - Әз, Таз - Тәз, Баз – Бәз, Наз-Нәз, Қазір - Кәзір т.т. болып кете береді.
  Әз әулие атамыздың осы бүгінгі қазақ атанып жүрген ұлы елдің түп атасы екендігіне көзімізді толықтай жеткізу үшін Әз атамыздың есіміне байланысты ұғымдарды, яғни есімдер мен атауларды саралап көрелік:
  «Қарабура Әз әулие есімі Қызылорда қаласындағы көшеге берілді» (Е. Әбіл «Егемен Қазақстан». 2010.- №4-5. 11қаңтар. 6 бет).
  «Қалмады-ау Әз әулие сиынбаған» (Ертілеудің термесі).   
  «- Осы жұрттың есі ауысқан ғой деймін, сіңірі шыққан біреуді «Бекет!», «Бекет!» деп Әз әулие тұтады, бізден несі артық оның? – деп қызғаныш білдіреді» (Қабиболла Сыдиықұлының (1934-2001)  «Бекет ата» кітабынан).
  «Шыңғысхан, Әз Жәнібек, Айқарақ Керейхан, Тәуекел Хан, Абылай хандар не істеймін десе де қолдарында болды, бірақ мұндай тірлікке бармаған, олар Ел мүддесін барлық кезеңде жеке мүддеден жоғары қоя білген» (Ілесбек Байжанов. «Тектілер» – деп кімді айтады?).       
 «Атыңнан айналайын, әз Айыртау!» (Т. ЖАЛМҰРЗЕНОВ, «Қазақ жерінің хикметтері». Айыртау ауданы. «Алаш айнасы» газетінен).
   «Қысқасы, Қосай-ерекше қадірлі әз әулие. Қосай ұрпақтары Қосайдың қабірін тауып, басына мазар көтеріліп, игілікті іс істеуде» (Көпбол Демесінұлы: «Адай тарихын екімыңжылдықтан әрі іздеу керек». 19 тамыз 2012 ж).
  «Әз әулие мен Бәйті - 1980-жылдардың орта тұсында Үстірттен Бәйті кешені Үстірттің тегістігінде орналасқан үш қорғаннан тұрады» (С.Қондыбай. «Киелі Маңғыстау өңіріндегі әулиелер мен зиярат ету орындары»).
 «...Әз сахабалардың өнегеге толы өмірінен, исламның негізгі қағидаттарынан алынған дүние» (Қ.Жолдыбайұлы: «Сопылық жолы – ауыр жол, ұстансаң оны тәуір жол...»).
 «Сол өткен-кеткен әз-әулиелердің феноменін бүгінгі ғылым қаншама шарықтап дамыса да түсіндіріп бере алмай келе жатқаны және жасырын сыр емес» (Ш.Есенов ат. КМТИУ кітапханасы.  Жаңай - Саназар әулие (Санекем) (туғанына 250 жыл).
  «Азаттықпыз деп жүрген сендер цензура қолданасыңдар басқаларға не жорық, қорықсаңдар жауып тастаң, әз-әулие болмай». («Ереуілші мұнайшылар – алаңда, заңгері – Атырау түрмесінде». 13 желтоқсан 2011 ж. газеттен).
  «Каир қаласында түркі халықтарына және тікелей қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты ғажайып сәулет ескерткіші Мысыр мен Сирияның XIII ғасырдағы ұлы билеушісі Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс сұлтанның мешіті бар» (Ғаламтор діни саитінен).
  «Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, және оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – наурызнама» — деген екен. Ал, Сәбит Дөнентаев – «Бұл мейрам — дін мейрамы емес, ұлт мейрамы» — деп айтқан. Римдіктер жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен «март» деп атаған» («Айтабер! Танымдық блогтұғыры» саитінен).
   «Әз - наурыз. ...Әз сөзінің жақсы, игі деген мағынасы бар, осыған қарап, аяздың біткенін, жақсы күннің келгеніне балап әз атын қойса керек-ті. ...Осы мезгілде қазақ халқы жеті дәмнен құралған көже жасап, өзара қыдырысып, мәз болады, бұл дәстүрдің көптеген аудандарда қалпын бұзбай сақталғаны көпшілікке аян. ...Әз келгенде кір жуып, тырнақ алуға болмайды. «Әз келмей, мәз болмас, шаңқан келмей, бөз болмас, шағала келмей, жаз болмас». ...Әз дүркіреп өте шығады, әз кіргенде қой жайылмай көкке қарап тұрады. Жазғы тұрым сағым әсерінен бүкіл табиғат тұнық болып көрінеді» (Мәйек ерен базары саитінен).        
        «Жыл басы Әз-Наурыз. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» - дейді.
       «Қош келдің, мерейлі әз Наурыз! Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы - деп те атайды.
       «Елбасы қазақстандықтарды Әз-Наурыз мейрамымен құттықтады».
       «Тәуке хан, әз-Тәуке Мұхаммед Баһадүр».
       «Әз-Зубайр ибн әл-Аууам. 594 жыл. Туылған жері: Мекке, Сауд Арабиясы. Қайтыс болған уақыты: 656 жыл».
       «Әз сөзі туралы "Наурыз тойы" кітабынан оқығанымды жазайын. Ертеде көктемде қойшылар қар еріп біте бастаған кезде аспаннан көктің аздап күркірегенін байқайды екен. Ол бір қыстың бітіп көктемнің басталғанын білдіретін табиғаттың бір белгісі болса керек. Осы құбылысты "әз жүрді" деп атайды».
       «Ұстазды атаңнан да әз тұт».
       «Әз - таза деген сөз».
       «Армысың, Әз баба» (кітап).
       «Ала қалжың, ақтай күлкі Әз-шыны аралас ақ жарылған күлкі».
       «Әз – Зәлзәлә - Дірілдеу, сілкіну), «Әз – Зәйтун – Жылы жақта өсетін сарғыш өсімдік» (Құран Кәрім аудармасынан).
       «Көзі мықты: а) соқыр болды, әз болды» (Фразеологиялық сөздіктен).
       «Жүрегіне әз-ұлты үшін білім нұрды жинаған» (Әз сөзінің мағынасы саитінен).
       «Осындай пікірді әл-Мәзири, әз-Зурқани секілді және т.б. имамдар айтқан» («Мұсылман» саитінен).
       «Аллаһ әр нәрсеге кепіл» ( Құран Кәрім. Әз – Зүмәр сүресі; 62).
       «Жындар мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (Әз-Зәрият сүресі; 56).
       «Мұнымен қоса сол мәселедегі әз сахабалардың айтқан сөздері мен берген» (Имам Ағзам Әбу Ханифа).
       «Кезінде «Жеті адамға жан берген» атанған әз Мүсірәлі пірмен бірге...» (Осы жұрт Әлмеректі біле ме екен?).
    -  Әз көзі көрмейтін (соқыр) адам деген мағынада да қолданылады. Бұл адамзат санасы дамуының бастапқы кезеңінің балама атауы. Адамдардың білімсіз және аз кезі.
    -   Әз (Аз) ата есімі адам есімдерінің барлығының алдында бірінші болып аталатыны Әздің бүкіл қазақ атанған елдің түп атасы екендігін білдіреді. Ал Бурахан Әзі дегенімізде Бурахан Әз атамыздың баласы деп тұр. Себебі, қазақта «и», «й», «ы», «і» дыбыстары баласы, ұрпағы деген мағынада қолданылады. Мысалы,  Бөрте Бөрі (Шыңғысханның арғы атасы Бөрте  Бөрінің (Алшынның) баласы, Әбубәкір Кердері (Әбубәкір Кердерінің баласы), Қадыр Мырза-Әлі, Жүгінекі, Тұңғышбай Әл Таразы,  Әкім Тарази, Тоқтамыс Жары т.т. болып кете береді.
    -    Әз әулие Маңғыстаудағы 360 әулиенің ең бірінші бас әулиесі, яғни ол бүгінгі күнге Қазақ деген атпен жеткен елдің түп атасы.
    -   Әз атамыздың есімі жоғарыда көрсетілгендей жаныңа ең жақын, әзиз де аяулы, данышпан және ардақты адам деген мағынада қолданылады.
    -   Әз атамыздың есімінен төмендегідей ұғымдар дүниеге келді: а. Әз (Әз ата), Әзи (Әздің баласы), Әзиз (ең аяулы жан), Әзім (менің Әз атам), Әзір (әзір болды), Әзірет (Әзіреті Сұлтан), Әзірлеу (дайындау), Әзіл (әзілқой, әзілдеу),  Әз болу (көрмей қалу), Әзер (әрең),  Мәз (қуану), Мәзір (ас мәзірі), Уәзір (қазақ хандарының бас уәзірі және қырық ақылшы, кеңесшілері), Кәзір (уақыт), Жәзира (кең дала), Әл Жазира (Араб баспасөзі),  Әзірбайжан (ұлт атауы), Тәзіке (Әз атамыздың лақап есімі, Адай атаның бірінші немересі), Әз әке, Әз Наурыз (Әздің баласы Наурыз), Әз Жәнібек (Әздің баласы Жәнібек), Әз Тәуке, Әздер (Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі зікіршілер мен арнайы азан шақыратын азаншылар), Нәзік, Нәзира, Нәзипа, Уәзипа, Жәзира, Әзімгүл, Әзірхан, Әзірбай  (адам есімдері), т.т. болып кете береді.
    ә. Аз (Әз ата), Ази (Аздың баласы), Азиа (Азия құрылығы),  Азақ, Азан, Азар, Азау (Азаулы елі мен Азау (Азов) теңізі, Азық, Қаз, Қазақ, Қазан, Қазар, Қазық, Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан біздің елдің әр кезеңдердегі атаулары; Таз - а. ру аты, ә. басына шаш шықпаған, немесе шашы аз адам, Тазша бала, Газ, Саз (әуен), Саз сырнай (музыкалық үрмелі аспап), Сазгер,  Баз (баз кешу), Наз (наздану), Назым, Қазым, Жазым (адам есімі), Азық, Қазық, Қазу, Қазына, Қазірет, Қазине, Қаз тұру, Қаз басу, Қаз-Қаз басу, Қаза (қаза болу), Жаза (жазалау), Таза (тазалау) т.т. Осы ұғымдардың барлығының авторы біздің Әз атамыздың ұрпақтары болып табылады. Бұл дауға жатпайды.
    -   Ежелгі жазбалардың бәрінде қазақ хандарының 40 уәзірі болатындығы айтылады. Қасиетті Қырық саны Құнанорыстардың лақап аты. Бұл жайлы мәліметті бірінші кітапта бергенбіз, сондықтан оның бәрін қайталап жатпаймыз. Бұл жерде өздеріңіз көріп отырғандай Уәзірдің сөз түбірі Әз, яғни Уә (Уа), Әз, Ір (бір, пір) деген біріккен сөздерден тұрады.  Үшеуі де бастау, яғни бірінші деген мағына береді. Мысалы, Уа, Халайық! Уа, Батыр! Уа, Жамағат!. Әзіміз сірә Әз, бүкіл әлем елдерінің Қаз ағасы. Бір (бірінші) мен Пірге (ұстаз) түсінік берудің өзі артық.
         «142. Әрі Біз Мұсаға отыз түн (белгілеп), уәде еттік. Кейін оны онмен толықтырдық. Оның Раббысы белгілеген уақыт қырық күнге толды. Мұса бауыры Һарунға: «Елде менің орныма қалып түзуле (туралыққа шақыр) және бұзушы-бүлдірушілердің жолына ерме», - деді (Әл-Аъраф сүресі). Тәпсір: 30 саны Нұқ пайғамбардың руы Қосайлардың сандық атауы. Ал, он саны Адай атаның қарашаңырағы Мұңалдардың (Монғолдардың) сандық атауы. Екеуі қосылып қасиетті Ғайып Ерен Қырық Шілтенді және сонымен қатар қазақ хандары мен қағандарының 40 уәзірін құрап отыр. Күні кешеге дейінгі бүкіл әлем елдерін жақсылыққа жетелеген, хан мен қағандардың Хақ жолдан ауытқымауына кепіл болған осы 40 уәзірлер болатын. Олар кезінде бүкіл әлем Әз тұтқан, Маңғыстаудың 360 әулиесінің бас әулиесі, яғни қазақ деген атаумен бүгінгі күнге жеткен ұлы елдің түп атасы Әз әулиенің ізін жалғаған, ұлы кемеңгерлер болды. Қасиетті Құран Кәрімнің тағы бір аятының сырын ашу маған бұйырған екен.
    -  Жоғарыда айтқанымдай, түп атамыз Әздің ең бірінші деген мағынасы  бар. Жыл басы Наурыз атамыздың есімінің алдында Әз атамыздың есімінің аталатыны Наурыздың да (Нұх пайғамбардың)  Әз атамыздың ұрпағы екендігін білдіреді. Наурыздың Нұх пайғамбардың лақап аты екендігінің айдай айғағы Маңғыстаулықтардың малға жем салатын, немесе су құятын астауды Науа деп атауы болып табылады. Науа (Наурыз) бұл жерде кеменің балама мағынасын беріп тұр.
      Сөзіміз дәлелді болуы үшін тағы да сандық жүйеге жүгінеміз. Әз (Аз) 2-9 (1-9) болса, Наурыз 16-1-24-21-29-9 сандық жүйені құрайды.
     -  Ежелгі аңыздардың бәрінде де Әз күнін тек қана жұмақтан шыққан қой, және оны бағып жүрген қойшы ғана естиді делінеді. Міне осы аңыз Қазақ деген атпен бүгінгі күнге жеткен елдің түп атасы Әз әулие атамыздың ғұмыр кешкен жері де, моласы да Маңғыстауда екенін айғақтай алады.  Ең алғаш даланың жабайы аңын қолға үйретіп, қойға айналдырған Шопан атаның моласы да осы өңірде.
     -  Әз әулие қорымы орналасқан Үстірт өңірі (қыр) аты айтып тұрғандай бүкіл жер бетіндегі ең үлкен құрылық Әз (Аз) атамыздың елі орналасқан Аз-ия құрылығының орталығы болып табылады. Үстірттің ежелгі атауы Сынды. Ол қазір шетел жазбаларында Синай тауы деп жазылып жүр. Кезінде осы жерде әлем астанасы Сион қаласы болған.
     - Нұқ пайғамбар заманында адам баласы азғындап, олар Алланың бұйрығымен топан суға қарық болғанда, сол апаттан Алланың қалауымен кемеге мініп аман қалған Аз (Әз) халық.
     - Әз әулие қорымы Маңғыстаудың қара ойы мен қырдың шекара биік ернеуіне жақын жерде. Ежелгі Есен-Қазақ хандығының астанасы болған өңірдегі Сисем ата қорымынан 24 км жерде орналасқан. Қорым төбе басындағы ескі тас үйіндісінен тұрады. Басына «Әз» деген жазбасы бар, тас белгі қойылған. Кейбірінде Адайдың «жебе» таңбасы салынған, аумағы 50 x 100 метр шамасында. Қорымның өте ескі замандардан қалған жәдігер екендігі айқын байқалады.
       Әз әулие қорымы орналасқан аймақты адамзаттың ең алғашқы ұлы мәдениетін дүниеге әкелген, бүкіл әлем елдері өз тектерін тарататын ежелгі МАД (Ман Адай) патшалығының астанасы болған деп те батыл тұжырым жасай аламыз. Себебі, Ман ата бейіті де, Адайлардың «Астана» қорымы Сисем ата да, Адайдың атақты пірі Бекет ата жатқан Оғланды (Оғыз) атамыздың қорымы да, ең ежелгі Бәйіті мен Қара Мөңке кешендері де, ең алғашқы архарды қолға үйретіп қойға айналдырған Шопан ата қорымы да, тіпті ең алғашқы ағын суға өзен деп өз есімін берген Өзен (Бұзау) атамыздың атындағы қала да  осы аймақта. Бұл аймақ ежелгі Бұзау (Жеменей) елі Бозашы мен Ақшымырау, Адайлардың қарашаңырақ иелері Мұңал Жарылардың мекені Қызанмен көрші. Ақшымырау да Бұзау-Жеменейлер, Қызанда Мұңал Жарылар күні бүгінде де мекендейді. Бұл өңірдегі ежелгі қорымдардың барлығы дерлік осы рулардың рулық қойымдары.
    -   Демек, МАД патшалығының негізін қалаған Ман Адайлар бұл жерде патшалық құра бастағанда Қас би теңізінің жағалау толқыны осы қырдың жиегіне соғып жатқан, яғни ол кезең де Маңғыстаудың қара ойында су болған. Ал Маңғыстаудың қара ойының суы тартылуы соңғы Нұх пайғамбар заманынан бергі  дәуірлер ішінде болған өзгерістер деп батыл тұжырым жасай аламыз.
   -    Маңғыстауды мекендеген ең алғашқы Адам Ата, Ман ата қауымы мен олардың қарашаңырағы Әз әулие атамыздың елі де, олар құрған әлемдік ұлы держава МАД патшалығы да осы біз сөйлеп жүрген қазақтың Ана тілінде сөйлеген.
        Қазақ халқы бүгінгі күнге басында Аз (Әз), Азақ, Азан, Азар, Азық, Азау, Азаулы, Азия (Әзиә) Қаз, Қазақ, Қазан, Қазар, Қазық, Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан болып бүгінгі күнге жеттік. Сан мыңдаған жылдардан бері қазақ халқы «мың өліп, мың тіріліп» осы түп атасының атынан айрылмай келеді. Жоғарыда көрсеткенімдей, Қазақ елінің түп атасы Әз әулие. Күні бүгіндегі тарихта аттары қалған Азаулы елі мен Азау (Азов) теңізінің аттары да солардан қалды. Әлемдегі ең үлкен құрылықтың Аз-ия (Иә, ежелгі Қият (Қиян) руы атауының сөз түбірі, бұл жерде сонымен бірге «Иә, дәл солай» деген мағынада қолданылып тұр) аталуы да осыдан. Ежелгі жыр-дастандардың бәрінде де, тіпті күні бүгінгі жергілікті қазақтардың сөзінде Манқыстауды мекендеген 360 әулиенің ішіндегі ең ерекше қастерлісі осы Әз әулие делінеді. Күні бүгінгі сөздік қорымызда да «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Неге сен оны соншама, Әз әулие қылып отырсың?», немесе «Тасташы әрі, Әз әулие қылмай?» деген сөз тіркестерін жергілікті халық жиі қолданады. Демек, осы әулиелердің ең біріншісі де, ең ұлысы да, ең қасиеттісі де Қазақ деген атпен бүгінгі күнге жеткен елдің негізін қалаған, түп атамыз осы Әз әулие. Қазақта осы атамыздың есімі данышпан, әзіз (ең аяулы) жан деген мағына да қолданылады. Қазақтың асыл ұлдарына халықтың құрметтеп берген лақап (мадақ) аты осы «ӘЗ» атамыздың есімі. Мысалы, Әз Наурыз, Әз Түрік, Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әзіреті Сұлтан (Қожа Ахмет Яссауи), Әзіреті Расул (Мұхаммед Пайғамбар), Баба Түкті Шашты Әзиз, Әбдул Әзиз Баб, Қарабура Әз әулие (Бурахан Әзі) т. б. болып жалғасып кете береді. Әз атамыздың әулеттері көбейіп ел аталып, мемлекетке айналған кезде олар өздерін енді «Аз» емес «Қаз» деп атап осы сөзге бүкіл елдің, мемлекеттің негізгі айрықша белгілерін сыйғызды. Ал, Аз-дың алдында тұрған «Қа» буыны Қар мен Қара деген мағына береді. Себебі,  біріншіден Қар (ақша қар) Аға мен Ақиқаттың балама атауы, екіншіден Қара (қар мен қара) аралас, ала деген мағынада қолданылады. Қазақтың  Алаш, Алты Алаш ұғымдарының бастауы осы. Міне осылайша, «Қазақ» деген бір ауыз сөзге осы сөзді ойлап тауып дүниеге әкелген елдің барлық болмысы, тарихы, мемлекеттік құрылымы:
     -      Қаз тұру, қаз басу, қаз-қаз басу, қаза болу (адам өмірі);
     -      Қазық (а. Қағылған орнынан қозғалмайтын қазық; ә. Орнынан қозғалмайтын қазық жұрт, яғни мәңгі ел);
     -      Түп қазық (Қазақ елі бүкіл әлем елдерінің түп қазығы);
     -    Темірқазық – а. Орнынан қозғалмайтын аспандағы жұлдыз. Қараңғы түнде адасқан жандар осы жұлдызға қарап жол табады. ә. Балама мағынасы, мәдениеті адасқан (азған) елдер қазық жұртқа қарап жол табады. Адамның (елдің) ұстанған бағыты (адам баласы бірігіп ел болуға тиіс. Мақал: «Жалғыз ағаш орман емес»);
    -     Қазы (мемлекеттегі әділ билік). Адасқан елдерге де, адамдарға да біздің аталарымыз ғана төрелік жасауға құқылы болған;
     -     Қази, қазірет (дін, ар, иман);
     -     Қазине (құдірет);
     -     Қазауат (мұсылман діні үшін жүргізілген қасиетті соғыс);
     -     Қазына (мемлекет мүлкі, байлығы);
     -    Қазу (елді сумен қамтамасыз ету);
     -    Қазбалау (өткен тарихқа үңілу);
     -    Қазғану (күресу);
     -   Қазір (уақыт өлшемі, қазірге дейін (өткен шақ), қазір (осы шақ), қазірден кейін (келер шақ); Қаз бір, Қаз пір деген екі біріккен сөзден құралған.
     -  Қаз-қатар (ең бірінші дүниеге келген қазақ елінің артынан қаз-қатар тізіліп өзге елдердің дүниеге келуі, қатардың басында өзге ел емес Қаздың тұруы тек қана осыны білдіреді);
     -   Қаз-қалпында (айнымайтын алғашқы бейнесінде. Қаз  елі әу баста қалай болды, күні бүгінде де сол қалпында);
     -   Қазақи (қазақ үлгісі бойынша жасалған);
     -  Қазар (а. Қаз – ар (Қаз ардың, яғни сөз түбірінде Ар деген ұғымы бар барлық рулар, тайпалар, елдер мен мемлекеттердің атасы. Мысалы, Ақ (аға) Арыс, Жан Арыс, Бек Арыс, Арап, Парсы, Қазар қағанаты, Қазар (Қас би) теңізі т.т. );
     -   Қазан (а. Күз айы: егіннің пісіп, малдың семіріп қоймаға, қазанға түсетін мезгілі, яғни адамның да, мемлекеттің де әл-ауқаты, ішер асы; ә. Отқа шыдамды ас пісіретін ыдыс; б. ел, жұрт (Қазан хандығы));
      -   Азан-Қазан – барлық әлем елдері, яғни Қаздың інілері мен ұрпақтары, бастау кезеңнен ғасырлар (100 жыл) мен дәуірлер (1000 жыл) өткен сайын аралары алшақтап, тілдері бөлектеніп бірін-бірі түсінбей, у-шу болып кеткен кезеңі);
      -   Қазақ (а. Қаз ақ (аға)- Әлем елдерінің ағасы; ә. Қаз ақ - Ақиқаттың атасы, Қазақ елі),
      -   Қазақ – Қаз ақ (Ақ Қаз – ең қасиетті, киелі құс);
      -   Ата Қаз – (Ақ Қаздың балама атауы, ал елге байланыстысы Қаз әлем елдерінің атасы);
      -  Қапқаз (Кавказ) – (а. Сөз түбірі Ап (апа) пен Аз (Қаз), яғни қазақтың апасы (анасы) мен атасының атындағы тау. ә. Жерді қоршап тұрған ұлы биіктік, Қазақтың ұлы тауы; б. Қапы, Қазақтың қақпасы) түгел сыйып тұр. Сөз түсінген адамға бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?! Жер бетіндегі қай елдің атауы осындай мән-мағынаға ие бола алады?! Жарайсыңдар, аталарым! Тарих жазсаң осылай жаз!
        Бұл жерде бізді ойландыратын басты бір мәселе бар. Ол қазақ халқының өз елінің орталығын Астана, Астана жұрт деп атайтындығы. Өздеріңіз көріп отырғандай, А-стан-а атауының құрамында, яғни қақ ортасында Стан деген түбір сөз тұр. Демек, «стан» біздің төл сөзіміз. Бұл атау кезінде қазақ даласының орталығы, яғни Орталық Қазақстан облысындағы Қазығұрт (Қазық жұрт) тауында дүниеге келген. Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Жуды тауының басы ең алғашқы «стан» (екі-үш күрке және уақытша тұрақ)  болды.
        Қазақта «Стан» деген түбір сөз тек қана екінші буында қолданылады. Астана, астан (ауру астан, дау қарындастан), дастан, жастан,  бастан (О, бастан-ақ), оқыстан, ұстану, ұстанбау, бостандық, ластану т.т. болып кете береді.  Яғни, адам баласының мынау тіршілігі қайдан? басталды деген сұраққа Нұқ пайғамбардың алғашқы тұрағы «Станнан» - Түркістаннан басталды жауап береді. Олардың сол кеме тоқтаған жерден кейінгі қоныстанған жері, яғни қос-қостан үй тіккен жері Қостанай. Сол қосты тіккендер Адайдың үшінші буын ұрпағы және екінші немересі Қосайлар. Бұл ұғымдардың барлығының сөз түбірі (өз түбі, атасы) Ос болатыны осыдан. Бұл дауға да, күмәнға да жатуға тиіс емес.
        Соған сәйкес, орыс тілінде «станица» (үй саны 2-3 үйден тұратын кішкентай  елді мекен)  және уақытша тұрақ «станция» (поездардың 5-10 минут аялдап өтетін жері), полевой стан (егіншілердің уақытша тұрағы), «охотничьи стан» (аңды бір жерде жатып мәңгі ауламайсың), «сенокосный стан» (бір жердің шөбін мәңгі шаппайсың, 2-3 күннен кейін басқа жерге ауып қонасың)  делінсе, бұл сөз парсы тілінде сол елдің шет аймағындағы көлемі кішкентай елді мекен (провинция) дегенді білдіреді.
        Осыған сәйкес ең алғашқы кеме тоқтап, кемедегілердің тұрақтаған жері мен елі Астана жұрт деп аталып келеді. Осы үлгіні басшылыққа алған бүкіл әлем елдері өз елдерінің басқару жүйесі орналасқан қаласын Астана немесе Бас қала деп атайды. Астанасы (бас қаласы) жоқ ел болмайды.
         Демек, келешек те Маңғыстау мен Түркістанды бүкіл әлем елдерінің рухани астанасына айналдыру және оны мойындату келер ұрпақтың абыройлы борышы болмақ.

               Тарих тағлымы:  «Қазақ» деген бір ауыз сөзге адамның да, осы сөзді ойлап тауып дүниеге әкелген елдің де барлық болмысы, мемлекеттік құрылымы: Қаз тұру, қаз басу, қаз-қаз басу, қаза болу (адам өмірі);  Қазық, түп қазық (Қазақ елі бүкіл әлем елдерінің түп қазығы), Темірқазық - ұстанған бағыты (адам баласы бірігіп ел болуға тиіс. Мақал: «Жалғыз ағаш орман емес»), Қазы (мемлекеттегі әділ билік), Қази, қазырет (дін, ар, иман), Қазине (құдірет),  Қазауат (мұсылман діні үшін жүргізілген қасиетті соғыс),   Қазына (мемлекет мүлкі, байлығы), Қазу (елді сумен қамтамасыз ету), Қазбалау (өткен тарихқа үңілу), Қазғану (қазақ болу үшін күресу), Қазір (уақыт өлшемі),   Қазан (а. Күз айы: егіннің пісіп, малдың семіріп қоймаға, қазанға түсетін мезгілі, яғни адамның да, мемлекеттің де әл-ауқаты,  ішер асы; ә. Отқа шыдамды ас пісіретін ыдыс; б.  ел, жұрт), Қаз-қатар (ең бірінші дүниеге келген қазақ елінің артынан қаз-қатар тізіліп өзге елдердің дүниеге келуі), Қаз-қалпында (сол алғашқы өзгермеген бейнесінде), Қазақи (қазақ үлгісі бойынша жасалған) түгел сыйып тұр. Сөз түсінген адамға бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?! Жер бетіндегі қай елдің атауы осындай мән-мағынаға ие бола алады?! Бүткіл жер бетінде атауы дәл осындай мағына беретін бірде-бір ел болып көрмеген, бола да алмайды.
       Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
                  Маңғыстаудан
Құрметті Қожырбайұлы мырза!
Жоғарыда жазғаныңыз  адамды ойландыратындай жақсы ойларыңыз көп екен.
 Бірақ:
1 Неге осы біздің ағаларымыз осындай қаншама тер төгіп, жасаған еңбектерінің арқасында "көрпені" өз руларына қарай тартуды қоймайды? Ау, аға! Осы біздің ұлттың түбіне осы "трайбализм" "руға бөліну" жетті емес па?
 Осындай бөлісудің арқасында біздің аталарымыз,қандастарымыз ашаршылықтан, отаршылдықтан миллиондап қырылды емес па?
 Әне, әлге дейін мүсәпір болып жүрміз, тәуелсіздік алсақта, орыстың, не қытайдың аузына қарап. Жүр әне қытайдың қыздары біздің қаракөз қызымызды қор қылып. (интернетте қараңыз)
 Әп-әдемі жазып келесіз да, бүкіл қазақты Адайдан шығарып қоясыз. Мен жеке басым Адай бауырларымды қатты сыйлаймын, көп достарымда бар сол Маңғыстаудан.
 Сіздей аталарыма, ағаларыма қарап біздер жастар қандай білім, үлгі аламыз?
 Тарихты тек кітапты көп оқитын адам емес, ұлтттық намысы бар, болашақты ойлайтындар жазу керек.
 Ау ондаайды қояйық, Ағайын!
Қазір көп "тарихшы сымақтар" үйінде отырып алып, өз руын бүкіл Қазақтың атасы етіп жазатын.
Ұят емес па?
Одан кейін айтарым, сөз жоқ Елбасымыздың елге жасаған еңбегі зор, бірақ көрінген жерде жағымпазданып ол кісінің атын қыстырмасаңыз.  Ондай әрекет жастарға көрсететіндей үлгі деп айта алмаймын.
0 дауыс
шыңғыс хан қазак емес ол туркі тайпасынан,ал туркілердің негізгі мурагері -ҚАЗАҚТАР!
+1 дауыс
Ұлтымыздың "білгіш",ақылды" антипатриоттарына арналады: 1. Хан (қаған) тек түркі тілдестерде болған. 2. Анасы есімі "Өлең" қоңырат руынан. Кім не деседе "қоңырат" сөзі қəзіргі Моңғол тілінен бола алмайды. 3. Əкесі Қият руынан. Қазақтың бірнеше ру ларында кездеседі. "Борджигин " деген біздіңше " Бөріжеген" немесе "Бөріжігіт" 4. Əкесі Есукей Қазақ есімі емес дейтіндер ге. Бұл лақап есім болуы мүмкін, "Абай " деген сияқты. 5. Ұлдарының есімдері "Жолшы", Үкітай", " Шағатай, "Төле" бəрінің есімдері біздің тілде тек барғана емес, оған қоса олардың біздің тілде мағынасы бар. 6. Қолбасшы Жебе, Сүбе тай, Мұқəлі - 5 тарамдағыдай. Үстінде жазылған бір есімді де Моңғол тілінде кездепейді да, мағынасы да Жоқ. Шыңғысхан, Темірші есімдерді айтпағанда. P.S. Қазіргі монғолдарға 30 жылдары (20 ғ) орыстар Шыңғысхан жайлы айтқанда. Олар таң қалған, себебі 1-ші естіген
Жарайсың бауырым, сен нағыз ақиқатты айтып отырсың.  Оны монғол қылып алғысы келетіндер шынында да моңғолдардық ұрпақтары.  моңғолдардың ұрпақтары біздің де араларымызда қазір де бар, көздері өте қатты қысық, аяқтары маймақ, бойлары тәпелтек.   
Шынғысханның 500 000 түркілерден құралған әскері болған , түркіше сөйлеген, оның ішінде 2 мыңға жуығы монғолдардан алынған сарбаздар болған, міне солардың ұрпақтары қазақ жерінде қалып қазақ болып кеткен,     бірақ қарашы бәрібір қандары монғолдарға қарай тартып тұр.
0 дауыс
Ниет дұрыс, бірақ талдаулар қате. "Ечге" -отче, отец, әке, әпше" деген сөз екені тура. "Шаға та"" бала-шаға деп қолданамыз қазір, "Үге" йоға" - біз жоға+ры "деп қолданамыз. (Хулағ)у "ұлақ" көлік" сөзі, "жалғастырушы" мағынасында. Темір+шің" шің" еліктеуіш сөз, "шыңдау" сөзі, т.б. "Олқұнұт" қоңырат емес.Әбілғазы баһадұр шежіресінде: Қияттан үш ұл 1.Қоңырат, 2.Олқұнұт, 3. Қоралас, Теміршің осы Қораластан тарайды.
0 дауыс
Жанболат Сақтегі мырзаға! Қазақтың рулық шежіресін тарқатуды "Ұят емес па?" депсіз. Рулық шежірені тарқату ұят емес, оны білмеу ұят.

АДАЙДЫҢ РУЛЫҚ ШЕЖІРЕСІ СӨЙЛЕЙДІ:   Шыңғысханды қазақ деп айтуымыз үшін, міндетті түрде атамызды 105 таңбалы (105 рулы)

қазақтың бір руынан шыққандығын дәлелдеуге тиіспіз. Егер біз мұны істей алмасақ, атамызды қазақ деп атауымызға ешқандай құқығымыз болмайды.

      -  Атамыздың тегі Қазақ, Кіші жүз, Алшын, Байұлы, Адай екені даусыз. Аспандағы ай менен күн қандай ақиқат болса, Шыңғыс қаған атамыздың тегі қазақ, Кіші жүз, Алшын, Байұлы, Адай екені де сондай шындық.

         -  Қазақ (Қазақ қаған, бүкіл әлемді билеген ұлы патша). Қазақтан Ақарыс (ұлы жүз), Жанарыс (орта жүз), Бекарыс (кіші жүз).

        Түсініктеме: Ақарыс – Аға арыс (ағасы), Бекарыс – Кіші жүз, деп аты айтып тұрғандай қазақтың ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі болып табылады.

     Бекарыстан алты ата Әлім, Жетіру және Он екі ата Байұлы қосылып 25 тақта (25 таңбалы) кіші жүзді құрайды.

     Байұлынан - Алаша, Байбақты, Қызылқұрт, Масқар, Есентемір, Шеркеш, Таз, Тана, Жаппас, Ысық, Беріш, кенжесі Адай.

           Адайдан екі бала – Құдайке (Ад-гу), кішісі Келінберді (Ад-лу).

           Құдайкеден екі бала – Тәзіке, кішісі Қосай.

             Келінбердіден алты бала – Құнанорыс (Рысқұл), Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Бұзау (Жеменей), Тобыш, кенжесі Мұңал.

             Мұңалдан - Әли, Бәйімбет, Жаулы, Шоғы, Алақұнан.

             Сонда Шыңғысханның шыққан Қиян (Қият) руы былайша өрбиді.

            Адайдан – Келімберді – Мұңал - Жаулы - Жары - Мұрат (Кеще) - Шортық - Бұхар - Құрым - Сүйіндік - Тұрнияз - Айытқұл – Қиян болып таратылады. Бұл дерек Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлы шежіресінен алынды (Алшын Меңдалыұлы «Адай шежіресі» Алматы-2002. 67 бет).

           Қазақ та «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» делінеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, Адай атауы сөз түбірінде Ада (Ата) деген атты иемденген және сонымен қатар Шежіренің де ең соңында тұр.

          Осы шежіре деректерінің төмендегідей бұлтартпас топономикалық айғақтары бар:

-   Адайдан - Қап (Кавказ) тауының ең биік шыңдарының бірі Адай шыңы, Мұңалияда (қазіргі Моңғолия) Адай атты көл, Адай атты өзен;

-   Мұңал мен Жарыдан - Арал мен Қас би (Каспий) теңізі ортасында Мұңалжары (Мұғаджар) тауы;

-   Мұңалдан - Шыңғыстаудың ең биік шыңы Мұңал шыңы; (Көңіл аударайық, Шыңғыстаудың ең биік шыңына Атасының аты қойылған).

-   Мұңалдан – Алтайдағы Мұңал (Моңғол) даласы;

-   Мұңалдан - қазіргі Монғолия мемлекеті;

-   Шыңғыстан - Сарыарқа да Шыңғыстау деген тау;

  -   Жарыдан -  тіпті сонау Америка құрылығының Амапа жерінде де Жары атты өзен, Жары атты көл бар. Өзіміздің елде де Жаркент (Жары кент қаласы), Жарбұлақ (Жары бұлақ), Жартас, Жарқұм, Жармыш, Жарма, Жарысу, Жарқұдық (Жары құдық), Жарты, Жаршеке (тау), Жарауыл, Жарын, Жарбөгет, Жарас атты топонимдер толып жатыр. Осы атаулардың барлығы дерлік Маңғыстауда орналасқан.

      Мұңал-Жары руы Манқыстауда Адай халқының үлкен бөлігін құрайды. Себебі, Манқыстауда  «Жарының мал іздегендері де бір үй толтырады», «Жары көп пе, тары көп пе», «Таяқ лақтырсаң Жеменейге тиеді, егер Жеменей бұғып қалса Жарыға тиеді» деген сөздер ежелден айтылып келеді;

-   Бұхардан - Бұхара қаласы (қазіргі Өзбекістан жерінде);

-   Шыңғыс қағанның арғы аталары Қаралардан (Түпқараған (Қарағантүп, Қараған түбек), Қараман Ата (бейіт, қорым, алқап), Қарақия (ойпат), Қарамандыбас (ежелгі шумерлер (маялар) өздерін Қарабастар деп атаған – Қарақұрым (Шыңғысхан қағанатының астанасы);

Құрымнан – Қарақұрым (Шыңғысхан қағанатының астанасы);

-   Мұңалдан –  Қияннан (Қият) – Қарақия (Қара Қия); Қият деген көптеген рулар мен қалалар;

-   Қияннан – Қиян (алқап), Қиянды (шатқал), Қияқты (тау) (Маңғыстауда).

-   Шортықтан – Шорым атты жер атауы (Маңғыстауда).

     Осы рулардан қалған топономикалық атаулар әлем картасында өте көп. Оның бәрін жазатын болсақ, оған арнайы кітап арнау қажет болатыны сөзсіз.

 

         Тарих тағлымы: Бүкіл ғаламды алсаңда, қаншама байлық жисаңда бәрі өзіңмен бірге кетеді. Артыңда өнегелі ісің мен ілім, өлмейтін сөзің, сөзің мен ісіңді өлтірмейтін саналы ұрпақ қалдыру барлық қазақ азаматының ең абыройлы парызы болып табылады. Бұл парызға соңғы екі мыңжылдықта Шыңғыс ханнан артық адал болған адам жоқ.
0 дауыс
Шынгысхан монгол болса неге 27 урпагына шейн казактын ханы болган неге Кенесарыхан барып монголияга барып хандык курмаган биздин тарихымызды курткан орыстар сол заманда Шынгыстын урпагы неге коныраттан алады айелди ойткени тили,дини адетгурпы бирдей болган тайпалардын мысалы сенсол кезде турсан кытайдан барып катын алмайсынго Шынгысханды казак екенин букилалемге мойындату керек.Кенесарыханнын басын орыстан алмай казактын рухы котерилмейди.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
7 жауап
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы