+3 дауыс
4.3k көрілді

Алдында Нүкте деген бағдарлама болып жатты Хабар арнасынан,бағдарламада Арақ туралы,Араққа салынған адамдар туралы болып жатты,сосын үйдегілер көріп жатқан сон менде қосулы тұрғаннан кейін қарап отырдым,сол кезде бір дәрігер Кем дегенде 50 грамм ішу пайдалы дейді айына ма аптасына ма ол Адамның ішіндегі бірденелерді тазартады дейді.

Осы туралы сіздер не дейсіздер? 

Айтып отырғанының жаны бар ма? 

 

16 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жоқ түк те пайдалы емес, ол харам зат, ертеде ата-бабалырымыз өмір бойына 1 грамм да арақ ішпестен өмір сүрген. Барлығы да сол "тек 50 грамм асқазанды тазарту үшін" деп бастап, әрі қарай жалғасып кетеді,
яя солай айтты ау деймін  әйтеуір асқазан бірдене деп жатты.
ертедегі ата бабаларымыз өмір сүріп жатқанда, ауа райы деген таза болған, тек жаққан отындары мен тезектері болмаса, басқа ешкандай зиян болатындай болмаган, ал казир жан жағына қараңызшы: көліктердің, үлкен үлкен зауыттардын түтіні, күл қоқыстардың бықсып тұрған жері, айта берсең көп, Ата - бабаларымыз бен қазіргі біздің өмір сүріп жатқанмен салыстыруға келмейді
Ну олай да дұрыс ғой сенікі, сондада спиртнойсыз да организмді шлактн тазалауға болады. Мысалы жазда қарбызды көп жесе асқазан мен қоса бүйрек те тазарады, огурцы қан тазартқыш қасиеті бар, қатық айран екі бастан шлак қалдырмайты. Адамның нәпсісі ғой азғырып тұратын "бір 50 грамм ештене етпейді, микроб өлтіру үшін, жүр ғой кім де қанша жыл ішсе да өлмей, мен айына бір ақ реттен ештене болмаймын, өмірге бір рет келемін, бұны да көрейін" деген сияқты азғырып тұрады адамды нәпсісі. Сылтау ол микроб өлтіру үшін деген, ДДСҰ-да спиртноймен емдейді қолдамаған, ол шын пайдалы болса ДДСҰ да әлемдік дәрігерлер емдеуге қолданар еді.
+1 дауыс
Жоқ пайдалы емес шайтан су ғой! егер 50 грамм ішетін болса адамға есірткі ұқсап тартады ғой!
+1 дауыс
Айына, аптасына болмасада 7-8 айда  50 гр  арақ ішкен дұрыс деп ойлаймын. Себебі, біз күнделікті ет, фаст-фуд, халал деп қанаша тамақ жейміз . Мысалы, бір ғана етті алып қарайық, базардан етті сатып аламыз, біз оның қаншалықты таза екенин білмейміз, мүмкін ол енді ғана ауырып бастаған малдың еті болуы мүмкін делік. Одан тамақ, пісіреміз, қайнатамыз, қуырамыз сондада етте өте кішкентай микровирус қалып кетуі мүмкін. ал ол адам ағзасына түседі. ал егер 50 гр ішсек сол сияқты көптеген вирустарды өлтіруі мүмкін. Ия ол шайтан суы оған келісемін, бірақ сондада 50 гр ішкен дұрыс деп ойлаймын (50 гр артық болмауы керек)))).

Бұл менің өз пікірім.....
+1 дауыс
Атақты академик Амосов жасы 80-нен асса да күніне 3-5 км қиналмай жүгіреді, еденнен 50 серіппе (отжимание) жасайды. Жүрекке операция жасайды. Сол өзінің кітабында жазған: Күніне 50 грамм таза спирт (120 грамм арақ немесе 250 грамм шарап) ішкен жүрекке пайдалы. Бірақ, орыс халқы онымен тоқтамайды ғой, - деп.

Бұл жасөспірімдер мен жастарға қатысты емес. Жүрегі ауыратындарға айтылған.
0 дауыс
Адам ағзасына жылына 12литр спирт қажет...
қой ей))
+1 дауыс
Тұмау болып жатсаң да 100грамм ішіп жібер денеңдегі суықты алады деп жатады ғой. Жəне менің анамның алыс бір танысы қайтыс болыпты. Ол көшеден көп тамақтанған көрінеді, сондықтан асқазанына кері əсерін тигізген. Содан зерттеу нəтижесінде дəрігер белгілі бір мөлшерде арақ ішіп тұрғанда, ол кісі араларыңызда болатын еді депті. Негізі қандай жағдай болмасын араққа жоламаған жөн. Аллахтың алдына барар күннен қорқып.
+2 дауыс

Қайырлы күн Қуанышбек. Арақ пайдалы деген өтірік сөзді арақ өндірушілері ойлап тапқан. Арақтың пайдалы екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген жоқ, керісінші зияны көптеп табылып жатыр. Менің жауабымның жалғасы ретінде мына видеоларды қарауға кеңес беремін. 

Арақ пен темекінің адамды қаншалықты құртатынын білгілеріңіз келсе YouTube сайтындағы мына каналға назар салыңыз. Көптеген пайдалы нәрселер бар. Құрметті достар арақ пен темекіден аулақ болайық! 

Общее Дело

 

+3 дауыс
Жоқ Ал айтыңыздаршы Пайғамбарымыз 1 грамм да арақ ішпей өмір сүрді басқада адамдар өмір сүріп келе жатыр ғой 50 грамм арақ ішімізді тазартса қайта 2 есе зиян әкеледі.Арақ ең ауыр күнәнің бірі.Алла тағала спиртті тек денеге ғана ем қылып жаратқан ал ауызымызға 1 тамшы спирт кіруіне болмайды ол абайсызда кіруі мүмкін бірақ өз еркімізбен ішуімізге болмайды сондықтан арақ ішудің ешқанай пайдасы жоқ жүрекке 50% пайдалы шығар бірақ 50% зиянды.
+1 дауыс
Жалпы арақтың пайдасы жоқ
+1 дауыс
50 грамды білмеймін, негізі миға аз ғана түрде этил спирті керек дегенді оқып едім. Бірақ, арақ зиян, өте жаман негізі
+1 дауыс
Асқазанға пайдалы болса пайдалы шығар, бірақ бауырға зиян екенін білемін. Оның үстіне харам зат болғандықтан пайдаланбаған дұрыс. Егер асқазаның ауырса арақтың орнына басқа дәрілер пайдалануға болады ғой.
–1 дауыс
ҰМЫТПАҢДАР! бІР ЖАМАН НӘРСЕНІҢ  БІР ЖАҚСЫ ЖЕРІ БОЛАДЫ....
0 дауыс
Арақты көбінесе қара жұмыс істейтіңдер ішеді,қара жұмыс қиын суықта жақсы арақ ішкен оларға.Кішкене болса да пайдасы бар арақтың.
0 дауыс
Менің досымның айтуынша 1 грамм арақ ішсең 40 күн оқыған намазың қабыл болмайды. Ойланайық !
0 дауыс
Өтірік сөз шығар
...