+1 дауыс
Экстасенс дегеніміз не?
05.11.2014 672 қаралым
"Экстрасенс" деп дұрыстап жазсай.

1 жауап

+2 дауыс
Экстрасенс-көріпкел...Көріпкелдік – адамның қоршаған ортадағы объективтік құбылыстар жайлы бес сезім мүшелерінің қызметімен түсіндірілмейтін, ақылдан тыс ақпарат қабылдау мүмкіндігі. Осындай қабілетке ие адамдар құпия сыртқы және ішкі күштердің әсері арқылы және тікелей олармен байланысқа түсіп, болашақтағы оқиғалар туралы, жоғалған заттың немесе адамның мекені жайлы жекелеген ақпарлар бере алады. Адамның денсаулығы жөнінде ғыл. медицина әдіснамасы мен құралдарын пайдаланбай болжамдар жасайды. Осындай қабілет иелерінің өздері де, ғыл. зерттеулері де көріпкелділік жайлы әзірге нақтылы бір тоқтамға келген ғыл. тұжырымды түсінік бере алған жоқ. Көріпкелділіктің осындай құпиясы ашылмаған жұмбақ құбылыс болуына байланысты оны бүгінде әсіре мистификациялау мен алдаудың құралына айналдырушылар бар. Бұл жағдай көріпкелділікке әр түрлі көзқарас туғызады.
05.11.2014
127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы