–2 дауыс
863 көрілді
Обрз дегеніміз ? Обрз дегеніміз ? Обрз дегеніміз ?
Мүмкін "образ" шығар ?
"Образ" деп дұрыс тап жаз, Мұғалім ))

1 жауап

0 дауыс
Образ, көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды. Мысалы: М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы халық Образы, Абай Образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-творчестволық бастау өзара бірлікте көрініс табады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан творчеств. тұрғыдан түсіндіруді мақсат етеді.
Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. Образдың мақсаты кез келген қарапайым құбылысқа немесе затқа жан бітіріп сөйлеу (Мысалы, Күлімсіреп аспан тұр, Абай). Кез келген образ заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және құрылымдық деп үш түрге жіктеледі.
Образдың заттылығы бір сөзбен ғана берілген сипаттамадан бастап, оқиғаны жіліктеп, оның жай-жапсарын тереңдете суреттеуге (пейзаж, портрет, көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің, әңгіменің, т.б.) негіз болып тартылуы да мүмкін. Жалпылама мағыналық образ іштей дербес ұқсас, типті және мотив-образ, топос, архитип болып бөлінеді. Мысалы, мәңгі типтік образ: Дон Кихот, Гамлет, Фауст, бұларға қазақ әдебиетіндегі: Шығайбай, Қарабай, Судырахмет, т.б. жатқызуға болады. Құрылымдық образ: автологиялық, металогиялық түрлерге жіктеледі. Тарихи даму барысында көркем образдылық ұғымы мен оның компоненттері үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Мысалы, Ертедегі Шығыста түспалдау, астарлау жиі қолданылса, антикалық әдебиетте - классикалық, қайта өрлеу дәуірінде - барокко, жаңа еуропалық әдебиетте романтикалық, реалистік образ қалыптасты.
Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге:

эпикалық;
лирикалық;
драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық, т.б. болып бөлінеді. Көркемдегіш сөздер (эпитет, теңеу, метафора, т.б.) ауыз әдебиеті шығармаларында мол кездеседі. Образ - әр дәуірге, әр әдебиетке сай үнемі дамып, жаңарып отыратын категория.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
Белгісіз 5.11.2014 Тұлға, Адам сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...