Мемлекеттік тілге сұранысты арттыруда қазақ тіліндегі интернет ресурстардың рөлі

0 дауыс
654 қаралым
Менің диссертациямның тақырыбы: "Мемлекеттік тілге сұранысты арттырудағы қазақ тіліндегі интернет ресурстардың рөлі". неден бастарымды білмей жүрмін? қандай кеңес бере аласыздар?
• Санаты: Қазақ тілі | 654 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Алдымен әлемдік және орыс тіл біліміндегі зерттелуіне көңіл бөлгеніңіз жөн болар. Сосын жалпы мемлекеттік тілді дамыту мен қолдануға арналған бағдарламаларды, осы бағдарлама аясында атқаралып жатқан жұмыстарды шолып шығыңыз. Осы Бағдарламада мемлекеттік тілдегі интернет русурстарды пайдалану жағына назар аударыңыз. Қазақ тілінің ғаламтор кеңістігінде қолданылуына байланысты мәселемен айналысып жүрген ф.ғ.к. Назира Әміржановамен ақылдасуыңызға болады, қазақ тіліндегі интернет ресурстардың техникалық мәселелеріне қатысты біқатар мақалалар да бар. Осыларды қарап шыққаннан кейін тақырыпты ашудың жоспарын жасап алыңыз. Қазақ тіліндегі сайттардың мазмұны мен құрылымын бір тарау етуге болады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!

http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

Ұқсас сұрақтар

+6 дауыс
6 жауап
127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы