0 дауыс
429 көрілді
Тауарға-қызметке сұранысты бағалау үшін ақпараттың қандай қайнаркөздерін пайдаланған дұрыс?

1 жауап

0 дауыс

Нарықта сіздің тауарыңызды сату мүмкіндігі қаншалықты екенін түсіну үшін ең аз дегенде кәсіпорыныңыздың орналасқан жеріндегі ауданда, аймақта және жалпы сала бойынша сұраныс пен ұсынысты бағалау керек, содан соң сатып алу көлемін бағалау керек, яғни шағын зерттеуді жүргізу керек.

Ақпаратты қайдан алуға болады ?

Кез келген зерттеу ақпарат жинаудан басталады. Ақпараттың екінші қайнар көздері зерттеудің бастаушы нүктесі болып қызмет атқарады. Екінші қайнар көздердің қол жетімді және арзанға шығатынына қарамастан жақсы нәтижені ақпарат жинаудың аралас сызбасы қол жеткізеді: ақпараттың бір бөлігін ашық қайнар көздерден жинайды (ҚР Статистика жөніндегі агенттік, Министрліктердің, Ведомстволардың, Әкімдіктердің, қорлардың және т.б.), ал басқа бөлігі ақпарат жинаумен және тапсырыс бойынша өңдеумен кәсіби түрде айналысатын компаниялардан алынады. Егер Сіздің қызметіңіз белгіленген сатып алумен байланысты болса, онда ақпаратты мемлекеттік сатып алу және tender.kz («Самұрық Қазына» ӘАҚ компаниялары үшін) сайттарынан алуға болады. Жетістікке жету үшін басқаруға арналған жалпы ереже – ақпаратты тұрақты түрде бақылап отыру қажет, өйткені, тек мұндай жағдайда болып жатқан өзгерістерді бағалау мүмкіндігі бар.

...