0 дауыс
7.3k көрілді

Қазіргі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие

2 жауап

0 дауыс

Мамандық таңдау  - адам өміріндегі маңызды шешім.Мектеп ұясынан ұшып, жаңа өмірдің тұтқасын ұстаған  жас түлектерді  жиі толғандыратын мәселелердің бірі – мамандық таңдау. Сондықтан да жастарымыз «Кім боламын?» деген сұраққа  ұзақ жауап іздейді. Қазіргі заманғы экономикалық нарықтың ерекшеліктерін ескеріп, бүгінде елімізде талап етілетін мамандықтар жайлы біліп жүріңіз!

Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі  жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.Өз ісінің нағыз маманы атану екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Нағыз маман – өз ісінің қыр- сырын біліп қана қоймай, өз жұмысының патриоты болуы керек. Бүгінде жастарымыздың көпшілігі мамандық таңдауда қателесіп жатады. Бірі мамандықты өзі қаламай таңдаса,бірі грант үшін,ал енді бірі жалақысы жоғары мамандықтарды таңдағанды жөн көреді.Тез өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық озық, өнімді жұмыс күшін құру үшін адамғатұрақты жұмыс қажет. Білімге, дағдыға және адам қабілетіне байланысты мамандықтар болашақтың іргесін нық қалайды.Сол себепті болашақта да қажет етілетін мамандықтарды біле жүріңіздер! Бүгінгі таңда елімізде қажет етілетн мамандық тізімінде инженерлік мамандықтарбар.Мамандардың болжамы бойынша озық ұстанымдарға өндірістік шығарылымменинженерлік мамандықтар жатады. Қазіргі таңда ең қажет етілгендер құрылысшылар, техникалар мен технологиялық машиналарды құрастырушылар, сонымен қатар машина жасаушылар болып табылады. Олардан кейінгі керек мамандар қатарын  металлургтар, энергетиктер, мұнай және газ саласының, есептеу техникасының, электроника және телекоммуникация жұмысшылары алады екен. Заман секунд сайын өзгеру үстінде. Жаңа технология мен ақпараттың билейтін заманында керек мамандықтың бірі -  АТ және компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуді жасаушылар.Бұл мамандықтарға бағдарлама жасаушы, яғни білікті,білімді программистер жатады. Олар бағдарламалық жасақтаманы құратын және оның жұмысқа қабілеттілігін қолдаушы маман. Қазіргі таңда компьютер тілін жетік білетін мамандар сұранысқа ие.

Болашақтың іргесін қалайтын мамандық иелеріне осы сала жақын. Ол қала құрылысы.Жеріміз ауылдар емес, қалалар планетасы болып барады. БҰҰ ақпараты бойынша, 2009 жылы қалалықтар саны ауыл тұрғындарынан көп болған. 2025 жылы қала халқының үлесі 77% дейін артып,2025 жылға қарай ең үлкен мегаполистер саны 27% артады деп күтілуде . Жаңа, тез өсіп келе жатқан мегаполистерді жоспарлау, құру және қызмет көрсетуді қолайлы қалалық ортаны құра алатын мамандар қажет болады.  Кәсіп пен пысықтықты талап ететін сала  логисика. Логистика саласы кәсіпорынның қызмет етуінде бірінші кезекті маңыздылыққа ие. Логистика-корпорация,  компания, зауыт, фабрика секілді кәсіпорындардың жасап шығарған тауар өнімдерін бір нүктеден екінші нүктеге жеткізумен айналысатын  сала. Бұл саланың болашағы жыл сайын қарқынды өсуде. Білікті жастардың да осы салаға қызығушылығы артуда.

Бүгінде қоршаған ортаны сақтау мәселелері үлкен орынға ие . Атмосферада  зиянды қалдықтардың өсуі болашақ жаһандық әлемде бірінші орында экология мәселесін қояды. Сондықтан,кәсіби экологтарға сұраныс арта бастайды. Экология саласы ешқашан өлмейтін ,және үнемі талап етілетін мамандықтар қатарына жатады.

Сонымен қатар болашақта елімізде химия саласының мамандары,тағамдық өнеркәсіп,медициналық мамандықтар,болашақта біршама талап етілетін  нанотехнологиялар, сервиспен байланысты мамандықтар сұранысқа ие болады.

Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалап, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын білікті маман болу әрбір жанға бұйырсын!

Толығырақ: http://kazgazeta.kz/news/70099

0 дауыс
Негізінен мамандықты дұрыс таңдаған дұрыс. Жалпы әрбір адам өзіне жақын жұмысымен және кәсібібен айналысқан дұрыс. Көптеген кісілер 2,3 жоғарғы оқу орнының дипломдары бола тұра басқа жұмыстармен айналысып жүреді.
...